Туберкулезге қарсы күресті ұйымдастыру

Біздің елде туберкулезге қарсы күресу үшін орталықтары ашылған: диспансерлер, санаториялар, санаторий-профилакториялар, арнайы мектепке дейінгі балалар орталықтары. Туберкулезге қарсы жұмыстарды жалпы емдеу-профилакториялары да жүргізеді. Түберкулез диспансерлерінің міндеті – туберкулезді қарсы алу, ауруды ерте шағында анықтау, туберкулезбен ауратындарға санақ жүргізу, науқастарды ауру сатысына байланысты диспансерлік топтарға бөлу, науқастарды белсенді бақылау, диспансерлік тізімдегі пациенттерге арнайы ем және алдын алу шараларын жүргізу. Ем шараларын жаңа түрмен жүргізу, зақымдалған ағзалар жазылып, өз қызметін атқарғанша емдеу. Жыл сайынғы анализдерді қарастырып, анализдер қорытындысын қадағалап, туберкулезді емдеу және алдын алу шараларын ойластыруға қолдану керек.

Алдын алу шараларын туберкулез диспансерлері және басқада емдеу мекемелері бірге жүргізеді. Түберкулезді алдын алу үшін санитарлық шаралар мен арнайы алдын алу шаралары қолданылады, сонымен бірге туберкулез туралы мәліметтер таратқан жөн, ағзаның иммунитетін көтеріп жұқпаға қарсы күш беру де маңызды роль атқарады.

Арнайы алдын алу: туберкулезге қарсы егу шараларын жүзеге асыру, ағзаның иммунитетін көтеру, БЦЖ вакцинасын және туберкулезге қарсы химиялық заттарды қолдану. Егілгендер арасында егілмегендерге қарағанда туберкулезбен ауратындардың саны 4-10 есе аз. БЦЖ-менегілген адамдарда туберкулез жеңіл тұрде өтеді. Біздің елде жаңа туған нәрестелерге міндетті түрде вакцинация жүргізіледі. Вакцинация және ревакцинация медициналық қарма-қарсылықтарға байланысты қолданылады. Туберкулезді алдын алу шараларының ішінде ерекше орынды химиялық заттармен алдын алу болып табылады. Көбнесе ол үшін изониазид 10мг/кг 2 – 3 ай қолданылады, бірақ тәулігіне 0,6г аспау керек.

Санитарлық алдын алу шаралары біріншіден ауру ошақтарында жүргізілу керек, ол күнделікті және қорытынды зарарсыздандыру жұмысы болып табылады. Сонымен бірге туберкулез ауруымен ауратын науқастармен қарым-қатынас жасайтындарды қадағалау, оларға тексерістер жүргізу, туберкулезбен ауратын науқастарды және отбасы мүшелерін санитарлық тазалық ережелеріне үйреткен жөн. Алдын алудың тағы бір түрі – туберкулезбен ауратын науқастарды медициналық, балалар оқитын, тамақ жасау орталықтарында, коммуналдық жүйе, фармацевтика орталығында, жалпы көліктерге жібермеу. Негізгі алдын алу шарасы - адамдар топтары арасында туберкулез туралы мәлімет тарату. Туберкулез ошағын жоюдың ең негізгі тәсілі, ол ерте шағында тауып емдеу болып табылады. Туберкулезді ерте табу үшін медициналық мекемелер халық арасында алдын алу тексерістер жүргізеді. Балалар мен жас өспірім арасында жылсайы туберкулин сынамалары қойылады.

Флюрография - ол кеуде ағзаларының туберкулезін анықтау және алдын алудың ең басты құралы болып табылады. Бұл тәсіл 15 жастан жоғары адамдарға қолданылады. Эпидемиологиялық қауіпсіз жағдайда 3 жылда 1 рет қолданылады. Балалар орталығы және тамақ істеу орталықтарында қызмет ететіндерге жылына 1 рет өту қажет.

Туберкулезге қарсы емдеу және алдын алу шараларын жүзеге асыруды жеңілдететін тәсілдердің бірі - науқастарды диспансерлік топтарға бөлу. Науқастарды топтап емдеу - эпидемиологиялық шараларды және фтизиатр дәрігерге топтарды толық және нақты қадағалауға мүмкіндік береді, емдеу тәсілін бақылауға, сырқатты алдын алу және емдеуді ұйымдастыру, оларды бір топтан екінші топқа ауыстыру туралы және диспансерлік тізімінен алу туралы шешімдерді жеңілдетеді. Туберкулез ауру мәселесімен арнайы ғылыми зерттеу институттары айналысады.

Туберкулезге қарсы күресу – ол халықаралық мәселе. 1920 ж туберкулезге қарсы халықаралық орталық құрылды, оның құрамында 100 мемлекет әліде қызмет етуде, біздің елде олармен бірге күресуде.

 








Дата добавления: 2015-11-26; просмотров: 2391;


Поиск по сайту:

При помощи поиска вы сможете найти нужную вам информацию.

Поделитесь с друзьями:

Если вам перенёс пользу информационный материал, или помог в учебе – поделитесь этим сайтом с друзьями и знакомыми.
helpiks.org - Хелпикс.Орг - 2014-2024 год. Материал сайта представляется для ознакомительного и учебного использования. | Поддержка
Генерация страницы за: 0.004 сек.