Бақылау сұрақтары. 1. Туберкулез сырқатына анықтама беріңіз.
1. Туберкулез сырқатына анықтама беріңіз.
2. Сырқаттың қоздырғышын атаңыз.
3. Сырқаттың жіктелу тәртібінің тізімін беріңіз.
4. Өкпе туберкулезінің клиникалық бейнесін айтып шығыңыз.
5. Өкпе туберкулез сырқатының соңы қандай асқынуларға әкеліп соғуы мүмкін?
6. Туберкулездің дерт анықтамасын жүргізу үшін қандай зертханалық және құрал – жабдық аппарат арқылы тексеру әдістері қолданылады?
7. “ВК +”, “ВК –” сынама белгілерін қалай түсінесіз?
8. Сырқаттың емдік қағидасының негізі.
9. Алдын алу шараларына түсініктеме беріңіз.
Кпе эмфиземасы
Дүние жүзі Денсаулық Сақтау Ұйымы қабылданған қаулысы бойынша өкпе эмфиземасы - өкпенің тінін ауа кернеп, өкпе альвеолардың іші кеңейіп, ауаға толып, өкпе көлемінің ұлғаюымен сипатталып өтетін патологиялық дәріс. Бұл сырқат өкпенің созылмалы обструкциялы сырқаттарына (ӨСОС) жатады.
Жіктемесі. (Н.В.Бутов, 1984ж) Өкпе эмфиземасы өту түріне қарай жедел және созылмалы болады, таралу ерекшелігіне қарай диффузды және шектелген болып бөлінеді, дамуына байланысты біріншілік және екіншілік болып анықталынады.
Этиологиясы және патогенезі. Эмфиземаның дамуына кеуде қуысындағы қысымның жоғарлауы, тыныс жолдарының зақымдалуы себеп болып табылады (созылмалы жөтел, сыртқы тыныс аппаратына күш түсу). Көбінесе өкпе эмфиземасы өкпенің созылмалы сырқаттарының салдарынан дамиды. Бронхылар тарылса дем шығару дәрісі қиындап, тыныс алуға қатысатын бұлшық еттерге қосымша күш түседі. Ауа алмасуы нашарлап, оттегі азаяды, ағзада көмірқышқылының мөлшері артады. Альвеолардың іргелері керіліп, серпімділігі төмендеп қан ағысы бәсеңдейді. Сонымен қан айналымы және газ алмасуы бұзылып, тыныс алу жеткіліксіздігі туындайды. Өкпе керіліп көлемінің ұлғайғаны анықталады. Осы өзгерістердің салдарынан тыныс алу дәрісі бұзылады, кіші қан айналым шеңберіне күш түседі, оң жақ жүрекше мен қарынша гипертрофияға ұшырайды. Соңынан созылмалы өкпе-жүрек жетіспеушілігі дамиды.
Клиникалық бейнесі. Өкпе эмфиземасында сырқаттарда тыныс алу жеткіліксіздігі байқалатындықтан, ағзаға оттегі жеткілікті түрде қамтамасыз етілмейді. Тыныс алу жеткіліксіздіктің ең алғашқы болып және тұрақты белгісі ретінде – ентігу болып саналады. Осымен қатар эмфиземаға әкеліп соқтырып отырған негізгі сырқаттың белгілері біліне бастайды. Эмфиземаның бастапқы І сатысында ентікпе күш түскенде ғана білінеді, ІІ-сатысында шамалап күш түскенде білінеді, ал соңынан ІІІ –сатысында тыныштықта да пайда болуы байқалады. Көбінесе ентігу экспираторлық түрде білінеді (ауа жұту кезеңі белсеңді, ал сыртқа шығаруы - белсеңсіз).
Қарағанда науқастың тыныс алуы әлсіреп, дем шығару кезеңі ұзақтығы артады. Науқас жөтелетіндігіне, ентігіне шағымданады. Көкірегінің алғы – артқы өлшемі ұлғайып («бөшке тәрізді көкірек») құрсақ үсті бұрышы кеңейген, бұғаналық ойыстар жазылып, тегістелген. Қабырға аралықтары кеңейген. Тықылдатқанда перкуторлық қорап тәрізді дыбыс естіледі. Өкпенің төменгі шегінің жылжымалдығы азайған. Тыңдағанда өкпеде құрғақ және ылғалды сырылдар естіледі, везикулярлық дем әлсізденген, жүректің үндері әлсірейді, ІІ-ші тон өкпе артериясында қатты естіледі. Кіші қан айналым шеңберінде қысымы көтеріледі.
Жалпы қан анализінде эмфиземаға әкеліп соқтырған сырқаттарға сәйкес өзгерістер білінеді, эритроцитоз дамиды, гемоглобин мөлшері көбейеді, ЭТЖ – 2-4 мм/сағ. Рентген сәулесімен зерттегенде өкпенің жалпы бейнесі айқын көрінеді (өкпе көрінісінің бейнесі жоғарылайды, диафрагма деңгейі төмендейді). Спирография, пневмотахометрия әдістері өкпенің сиымдылық көрсеткішінің төмендегенің анықтайды. Сыртқы тыныс аппаратының жұмысын тексергенде өкпеде қалдық ауа көбейіп, дем алу жиілеп, минуттық ауаның көлемі артқаны анықталады.
Емі. Біріншіден эмфиземаны тудырып отырған негізгі сырқатқа бағытталған ем жүргізіледі, сол сырқатты емдеп, тыныс алу жеткіліксіздігінің алдын алған жөн. Қабыну дәрісін басу үшін антибиотиктерді тағайындап, бронхтардың өткізгіш қызметін жақсарту үшін бронхыларды кеңейтетін дәрі – дәрмектерді қолданады (эуфиллин, эфедрин, теофедрин). Қақырықты жұмсартып түсіретін емде тиімді болып келеді. Өкпе – жүрек жеткіліксіздігінде денедегі артық сұйықтарды зәр айдайтын дәрілер арқылы шығарып, жүректің жиырылу жұмысын жүрек гликозидтерімен күшейтіп, барынша қалпына келтіруге тырысу керек. Симптомға қарсы ем ретінде оттегіні алмастырушы терапиясының әдістерін қолданады.
Алдын алуы. Тыныс алу ағзаларының сырқаттарын дер кезіңде анықтап, қажетті емін жүргізуі тиіс, әсіресе созылмалы бронхитте. Дене шынықтыру, жағымсыз қылықтардан арылуға дағдыланған жөн. Ағзаның физикалық белсенділігін көтерген дұрыс. Егер ауру маманына байланысты болса, жұмыс орнын ауыстырған жөн. Эмфиземасы бар науқастарға физикалық күш түсіруге болмайды. Бұлар диспансерлік бақылауда тұрып, сыртқы тыныс қызметін зерттеп отырады. Көп уақыт бұл науқастар тыныс жеткіліксіздігіне қарамай еңбекке жарамды болып келеді. Бірақ оларға шаңмен, газбен, әртүрлі зақым келтіретін зиянды заттармен қарым-қатынасуға болмайды.
Пневмосклероз
Бұл өкпе мен бронх тармақтарында дәнекер тінінің шамадан тыс көбеюімен сипатталатын патологиялық жағдай. Нәтижесінде өкпе тінінің қызметі нашарлағандықтан, газ алмасу дәрісін өзбетінше атқара алмай, қабілеттік қасиетінен біртіндеп айырылады.
Себептері. Созылмалы бронхит, жедел және созылмалы пневмониялар, өкпенің абсцессі, өкпе туберкулезі және басқа да тыныс алу мүшелерінің сырқаттары осы патологиялық жағдайдың дамуына әсер етуі мүмкін.
Патогенезі. Өкпедегі іріңді ошақтар орнында, қабыну дәрісі дамыған аймақтарда грануляция тіні дамуы мүмкін. Дәнекер тіні өкпенің паренхиматозды тінің жауып, капиллярлар қысылғандықтан өкпеде қан айналысы қиындап, тыныс алу дәрісі бұзылады.
Пневмосклероздың даму көлеміне байланысты жергілікті және диффузды түрлері болады.
Клиникалық бейнесі. Пневмосклероз белгілері біртіндеп біліне басталады. Науқас ентігеді, әсіресе күш түскенде, кейіннен тыныш отырғанда да ентігеді. Науқасты қарағанда бүкіл денесінің тері жамылғысы көгеріп тұрады (диффузды цианоз), беті ісінеді. Пневмосклероздың айқын түрінде кеуде торшасын тықылдатқанда перкуторлық дыбыс топастанады. Аускультацияда дем алу дыбыстары сәл естіледі, кейбір жерлерде мүлдем жоғалады. Өкпенің пішіні солып, кішірейеді. Сыртқы тыныс алу көрсеткіштері төмендейді. Негізінде пневмосклероздың клиникалық бейнесі осы жағдайға әкеліп соқтырған сырқаттың белгілерімен сиппаталады. Пневмосклерозда диагноз қоюға рентгеноскопия және рентгенография әдістері көмектеседі. Рентгенограмманың суретінде өкпенің деформацияға ұшырағаны көрінеді (өкпе тінінің зақымданған жерлері кішірейген). Пневмосклероз – созылмалы дәріс қатарына жатады. Өтуіне қарай пневмония мен бронхоэктаз сырқаттарына ұқсас болады және осы сырқаттармен қабаттасып бірге жүреді. Пневмосклероз соңында жүрек жеткіліксіздік асқынуына әкеліп соқтыруы мүмкін.
Емі. Пневмосклерозбен қоса жүретін өкпе қабынуының қозу кезеңінде антибиотиктермен сульфаниламид тобының препараттарын қолданады. Егер бұның көмегі болмаса, ауыр жағдайларда бұларға қоса преднизалон 15 – 20 мг тәулігіне береді. Ентікпеде және өкпе жүрек жеткіліксіздігінде бронхолитик тобының дәрі-дәрмектерін, жүрек гликозидтерін, зәр айдайтын дәрілерін қолданады.
Алдын алуы. Бронхит, пневмония, бронхоэктаз ауруын және басқа да тыныс алу мүшелерінің сырқаттарын уақытында емдеген жөн. Темекі шегуден бас тарту. Емдік жаттығуларды жүргізу. Шаңды және газды өнеркәсіп жердегі жұмыс орнындарында қауіпсіздік шараларын қолдану.
Дата добавления: 2015-11-26; просмотров: 1925;