Бақылау сұрақтары. 1. Бүйрек шамасыздығына жалпы түсініктеме беріңіз.

1. Бүйрек шамасыздығына жалпы түсініктеме беріңіз.

2. Сырқатта бүйректің қандай қызметі бұзылады?

3. Сырқаттың әр кезеңінің клиникалық көрінісіне сипаттама беріңіз.

4. Әр кезеңнің клиникалық айырмашылықтарын айтып беріңіз.

5. Ағзада уыттану белгілері немен айқындалады?

6. Уыттану синдромы не себептен пайда болады?

7. Бүйрек шамасыздығының негізгі емдік қағидасы не болып табылады?

8. Бүйрек ауруларында тағайындайтын емдәм тәртібіне түсініктеме беріңіз.

9. Симптомға қарсы емге түсініктеме беріңіз.

10. Сырқаттың болжамы қалай болады деп ойлайсыз?

Бүйрек және зәр шығару жолдарының ауруларында

Мейірбикенің жұмыс ерекшеліктері

Мейірбике бүйрек және несеп шығару жолдарының ауруларындағы негізгі шағымдары мен белгілерін білу керек, бүйрек ауруларындағы зәр шығуының бұзылысы туралы түсінігі болу керек, бүйрек ауруларының негізгі емдеу жолдары мен алдын алуын білуі тиіс. Мейірбике науқасты мұқият тыңдап, аурудың барлығына назар аудырып немесе бел маңайыныңы

 

Бүйрек шаншу ұстамасының негізгі белгілері

Және мейірбикенің іс-әрекеттері

Бейнелеме

Науқастың шағымдары
1. Бел маңайындағы ауырсыну сезімі және ауырсынудың басқа мүшелерге әсер беруі 2. Дизуриялық әртүрлі бұзылыстардың болуы 3. Зәр түсінің өзгеруі 4. Құсу, лоқсу 5. Қалшылдау  

 

Қарағанда
1. Терінің бозаруы, суық тердің білінуі 2. Өзіне ыңғайлы жағдайды жасай алмау 3. Бел маңайын сипалауында ауырсынудың қарқынды білінуі 4. Пастернак белгісінің оң нәтижесін беруі  

Мейірбикенің әрекеттері
1. Дәрігіерді шақыру 2. Науқасқа тыныштық жағдайын туғызу 3. Бел маңайына жылы ем шараларын қолдану, жылы ваннаны қабылдатқызу 4. Жиырылуды басу үшін спазмолитик және жансыздандыру дәрілерін әзірлеп қою  

 

ауырғанына, зәрдің түсінің өзгеруіне, зәр шығуының бұзылуына (полиурия, олигурия және т.б.) назар аудару керек. Бүйрек ауруымен ауыратын науқастарда бастың ауыруы, тұншығу ұстамасы, ісіктер, жағымсыз өзгерістер, дене қызуының көтерілуі жиі байқалады. Науқастан тоңу, улану болған жоқ па екенін және науқастың жұмыс жағдайы мен өмір сүру жағдайы туралы сұрап білу өте маңызды. Нәсілдік аурулары мен жағымсыз қылықтары барлығына көңіл аудуару қажет. Мейірбике егде адамдарда бүйрек ауруларының ағымының ерекшелігін білу керек. Науқасты қарағанда терінің түсіне, серпімділігіне, ылғалдығына, ісігі барлығына, қасынулар барлығына назар аудару қажет. Бел маңайының ауырғанын білу үшін бел маңайын ұрғылау керек, ол Пастернак белгісі мен анықтайды. Мейірбике құрал – жабдықты және зертханалық зерттеу әдістері жайлы түсінігі болу керек. Мейірбикенің міндетіне науқастарды бүйрек және несеп шығару жолдарын әртүрлі зерттеулерге дұрыс дайындау алынатын нәтижелердің сапаларына әсерін тигізеді. Рентгенологиялық зерттеулерді аш қарынға өткізеді. Науқастың ішегінде жиналған газдар болмау керек, ол үшін мейіркеш науқастың іш кетіретін тағамдар ішпеуін қадағалау керек. зерттеу жүргізудің алдында науқасқа түстен кейін 30 г кастор майын беру керек. кешке және зерттеу жүргізуден 2 сағат бұрын науқасқа тазарту клизмасын жасайды. Зерттедің алдында науқас кіші дәретке отыру керек. Мейірбике жалпы анализге және Зимницкий, Нечипоренко т.б. бойынша сынамаларға зәрді жинай білу керек. Мейірбике бүйрек және несеп шығару жолдарының ауруларындағы зерттеулерінің нәтижелерін түсіне білу керек. Мейірбике бүйрек және несеп шығару жолдарының ауруы бар науқастар жиі кездесетін мәселелерінің шығу тегін білу керек. Науқастар күнделікті өмірінде тәуелсіздігін жоғалтуына байланысты күйзелісте болады. осындай жағдайларда мейіркештік араласулар сыпайы түрде болуы керек, науқасты қолпаштап, ол өзі орындай алатын, өз - өзін күту әдістеріне үйрету керек. Несеп шығару жолдарында жұқпалы аурудың дамуының алдын алуға бағытталған іс - әрекеттерді дұрыс орындау керек. Мейірбике дер кезіңде және дұрыс науқасты тазалап, өңдей білу керек, пациентті дұрыс жуынуға үйрету және дағдылату; науқасқа сұйықтықтың мөлшерін жеткілікті түрде ішу керектігі жайлы ескертіп отыру; зәр түтік сүңгісін дұрыс күту; дер кезіңде дренаж қапшықтарын босату. Зәр шығару кезіңде науқасты жалғыз қалдыру арқылы, психологиялық мәселелерді шешуге болады. Егер науқас өзінің мәселелерін мейірбикеге ашық айта алатын болса, мейірбике күтімі нәтижелі болатын еді. Науқасты күте жүріп, мейірбике оның жүрек – тамыр жүйесінің жұмысын бақылап, құсуда, лоқсуда алғашқы көмек көрсете білу, гигиеналық күтім жасай білу, науқастың күн тәртібіндегі ережелерді уақытылы орындап және оны сақтауын қадағалау, емдәм терапиясын сақтату, дер кезіңде дәрігердің тағайындағандарын орындап отыру. Науқас терлегенде дер кезіңде іш – киімін ауыстырып, терісін күту. Улы заттар тері арқылы бөлінгендіктен терісі қышынып, қасынған жерлер жарақатанады, сол себептен теріні үнемі күту ойықтың алдан алуы болып табылады. Мейірбике науқасты емдәм терапиясы ерекшелігімен таныстырып, алдын алу шараларын, мысалы, суық тиюден сақтану керек екендігін түсіндіреді. Осымен қатар мейірбике бүйрек шаншуында пациентке дәрігерге дейін көмек көрсете алу керек.








Дата добавления: 2015-11-26; просмотров: 2599;


Поиск по сайту:

При помощи поиска вы сможете найти нужную вам информацию.

Поделитесь с друзьями:

Если вам перенёс пользу информационный материал, или помог в учебе – поделитесь этим сайтом с друзьями и знакомыми.
helpiks.org - Хелпикс.Орг - 2014-2024 год. Материал сайта представляется для ознакомительного и учебного использования. | Поддержка
Генерация страницы за: 0.006 сек.