Созылмалы бүйрек шамасыздығы

Созылмалы бүйрек шамасыздығы дегеніміз баяу, біртіндеп нефрондардың санымен жұмыс істеу қабілетінің төмендеп, ұлғаюымен сипатталатын жалпы бүйрек ауруларының қалпына қайтып келе алмайтын асқынулық жағдайы. Осы аталған жағдайдың әсерінен ағзадағы зат алмасу дәрісі қышқылмен сілті тепе – теңдігін өзгертіп, уыттану белгілерінің пайда болуын тудырады. Созылмалы бүйрек шамасыздығының қарқынды түрде дамуы, ағзадағы басқа жүйелердің қызметтерінің бұзылуына да кері әсерін тигізеді.

Этиологиясы. Созылмалы бүйрек шамасыздығының себебіне біріншіден созылмалы гломерулонефрит орын алса, ал екіншіден созылмалы пиелонефрит ауруы болып саналады. Басқа да себептерінің ішінде қант сусамырлы гломерулосклероз, амилоидоз, бүйректің жылауықтары және зәр шығару жолдарының ауруларын назардан тыс қалдырмау керек екендігін ескерген жөн.

Патогенезі. Созылмалы бүйрек шамасыздығының даму барысы ол бүйректің ағзадағы атқаратын жалпы қызметтерінің бұзылып және де қайтадан қалпына келмейтін күйге ұшырайтын асқынулық жағдай. Оның негізіне тоқтала кетсек, қан тазарту дәрісі бұзылып, зәрдің аз бөлініп, қанда мочевина, креатинин, аммиак т. б. бүйрек арқылы ағзадан улы заттардың шықпай қалып, ағзадағы жүйелердің жұмысын уландыруы болып табылады. Метаболизмдік ацидозды дамытытын қышқыл – сілтілік жағдай бұзылады, анемия дамиды.

Клиникалық бейнесі. Бұл сырқат негізінен үш кезеңмен өтеді. Созылмалы бүйрек шамасыздығы біртіндеп басталады. Алғашқы кезеңінде (латентті) полиурия және никтурия байқалады. Науқастар әлсізденіп, жұмысқа деген қабілеті бұзылып, ұйқысының қашуы, тамаққа деген тәбетінің төмендеуі байқалады. Бет пішінінде існуі таңертеңгі уақыттарда және ісіктің білінуі беттен басталып, айқын түрде көрінеді. Науқастың сергектік қасиетінің төмендеуі, ұйқының басуы, қоршаған ортаға қызығушылығы жоқтығы байқалынады. Біртіндеп улану белгілері ұлғайып, диспепсия белгілері қосылады: лоқсу, құсу, нәжісінің өзгеруі, азоттың қалдықтары тері арқылы шығып, терінің қышуын тудырады. Осы өршу кезеңінде (азотемиялық) орталық жүйке жүйесінің өзгерістері байқалады: ұйқышылдық, бұлшық етерінің жиырылып қалуы, денесінің құрысып – тырысуы. Денедегі сүйек буындарының ауырсынуы, ураттардың буын қалтасына жиналуынан пайда болады. Кеуде қуысында ауырсыну сезімі, өкпеде сырылдар және жүрек шамасыздық белгілері байқалады. Бұл кезеңде қан қысымы тұрақты түрде, үнемі болады. Қан ұю дәрісі бұзылып, анемия белгілері дамиды. Созылмалы бүйрек шамасыздығының келесі бір белгілеріне қатысты ауыз қуысында жағымсыз иіс болуы және құрғауы, тамаққа бет қаратпауы, лоқсу, құсу жатады. Сырқаттың соңғы терминалды кезеңінде (уремиялық) олигурия, анурия белгілері білінеді. Бүйрек сүзу жұмысын доғарады. Осы кезеңде ісіктер көлемі ұлғаяды. Сутегі иондардың шығуы бұзылуымен қанда ацидозға қатысты белгілері біліне бастайды. Урикемия белгілері тұрақты түрде сақталынып қалады. Қанда көп мөлшерде азоттың керексіз қалдық заттары көбейеді. Науқастың ауызынан зәрдің иісі шығады, құсу, лоқсу, тамаққа деген тәбетінің болмауы, іштің өтуі, шулы демнің естілуі, қызыл иектен, мұрыннан қанның кетуі, сіңірлерінің тартылуы және денесінің құрысып тырысуы білініп, есінен танады.

Дерт анықтамасы. Науқастану сыртартқысына, клиникалық белгілеріне, зертханалық тексерістердің көрсеткіштеріне сүйене отырып анықталынады. Зәрді тәулікті диурезге, құрамы мен салмағына, бактериологиялық тексеріске анықтайды. Қанда мочевина, креатинин, фосфаттардың мөлшері маңызды болып табылады.

Емі.Этиотроптық емі жоқ. Негізінде сырқаттың кезеңіне байланысты симптомға қарсы ем қолданылады. Қатаң төсек тәртібін сақтау және бүйректі жылы қалыпында сақтау керек. Сол себептен беліне, аяғына жылытқыш қойылады. Науқасқа №7а емдәмі тағайындалады. Тағам құрамында ақуызды шектеп, тұздың мөлшерін тәулігіне 1,5 г – ға дейін азайтады. Ацидозға қарсы улану белгілерін жою мақсатымен көк тамырға 5% глюкоза, 4% натрий гидрокарбанат ерітінділерін, гормон дәрілерін жібереді. Ағзадағы зат алмасу дәрісін жақсарту үшін ретаболил, нерабол дәрілерін қолданады. Ісікті басу үшін зәр шығаратын дәрілерді пайдаланады: фуросемид, урегит, верошпирон. Қан қысымы қатты көтерілген жағдайларда гипотензиялық дәрілерін қолданады: энам, эднит, және тағы басқалары. Қансырауды басу үшін кальций хлорид ерітіндісін, кальций глюконатын, аминокапрон қышқылымен қолданады. Қан аздықта салмақтық эритроцитті құяды. Ауыр жағдайда асқазанды жуып, гемодиализді қолданады. Іс жүзінде гемодиализ ғана бірқатар жағдайларда науқастың өмірін бірнеше жылға ұзартуға мүмкіндік береді.

Болжамы. Созылмалы бүйрек шамасыздығына әкеліп отырған негізгі аурудың өту ағымына байланысты. Сондықтан бүйрек ауруларын уақытында толық емдеп, алдын алған жөн. Созылмалы бүйрек шамасыздығы дамыған жағдайда науқастың өмірін тек қана гемодиализді немесе жасанды бүйрек аппаратымен қолдану арқылы ұзартуға болады.

Алдын алуы. Біріншілік алдын алу бүйрек ауруларын уақытында толық емдеу. Екіншілік алдын алуда диспансерлік нұсқау бойынша пациенттер жағдайына байланысты жалпы тәжірибелік дәрігерде қаралып тұрады. Дұрыс тамақтану, физикалық күш түсіруге ағзаны бейімдету маңызды роль атқарады. Сонымен қатар ағзаны жұқпадан тазалау. Суық тигізбеуге, салқын жерде жұмыс істеуге тыйым салу керек. Жағымсыз қылықтарды доғаруға және олардың тыйылуына ат салысу керек.








Дата добавления: 2015-11-26; просмотров: 2126;


Поиск по сайту:

При помощи поиска вы сможете найти нужную вам информацию.

Поделитесь с друзьями:

Если вам перенёс пользу информационный материал, или помог в учебе – поделитесь этим сайтом с друзьями и знакомыми.
helpiks.org - Хелпикс.Орг - 2014-2024 год. Материал сайта представляется для ознакомительного и учебного использования. | Поддержка
Генерация страницы за: 0.005 сек.