Ауруларын алдын алу

Бүйрек және несеп шығару жолдары ауруларының алғашқы алдын алуы ағзаға суық тигізбеу, дымқыл жерде болмау, ошақты жұқпаны жою, бүйрекке жағымсыз әсер ететін заттармен қатыспау, физиологиялық жағдайды күшейту, иммун жүйесін нығайту, салауатты өмір салтын сақтау. Ағзаның иммундық қызметін көтерудің маңызы зор. Осы мақсатта дәрумендерді қолданады.

Екіншілік алдын алу – қауіпті мәнбірлерді жою және аурудың рецидивін болдырмау. Бүйрек ауруларының ішінде жиі кездесетін түрі – созылмалы пиелонефрит. Пиелонефриттің жиі қозуында ауруды алдын алу мақсатымен ай сайын антибактериалды ем жүргізеді. Пиелонефриттің антибактериалды емі этиотропты болуы керек, осыны біле отыра табылған қоздырғыштың антибиотикке сезімталдығын анықтаған жөн. Осыған орай пиелонефритке арналған материал микробиологиялық зерттеу әрқашанда қолайлы және лабораториялардың дұрыс ұйымдастырылуымен басты қоздырғышты бөліп алуға болады, антибиотиктерді емнің бастапқы кезінде пайдаланған дұрыс. Микробиологиялық зерттеудің қортындыларын алғаннан кейін ем қайта өзгертілуі мүмкін. Антибактериалды препараттарды таңдағанда антимикроб белсенді және сезімталдығы белгілі пиелонефрит қоздырғышына бағытталуы тиіс. Пиелонефритті емдеуде антибактериалды препараттардың әсері фармакоэпидемиологиялық зерттеумен анықталынады. Бірақ пиелонефритте қолданылатын антибактериалды препараттардан сақ болған жөн. Қазіргі кезде нақты антибактериалды препараттардың емдік қасиеті пиелонефритке дұрыс нәтиже беретіні толық анықталмаған. Сонымен бірге антибиотиктерді алдын алу үшін жиі қолданғанда ол микроорганизмдердің тұрақтылығын тудырады.

Көбірек сенім ақтайтын дәрі-дәрмексіз жүргізілетін пиелонефритке қарсы шаралар. Соның бірі – күнделікті су режимін қолдану (тәулігіне 1,2 1,5 литр), бірақ жүрек ауруларында абайлау керек. Ауырсыну синдромында түйілуді басатын жансыздандыру дәрілер,стероидтық емес қабынуға қарсы препараттар және ректалды балауыздар қолданылады. Алдын алу ретінде фитотерапия кең жүргізіледі, оның нақты көмегі тиетінің дәлелі жоқ, бірақ оған жақсы ниетпен қарауымыз керек, өйткені зәр шығуына жақсы әсері бар және ешқандай қарсы, жағымсыз көріністері байқалмайды. Фитотерапияны таңдағанда шөп өсімдік дәрілердің әсерін белгілейміз: зәр айдайтын әсерін, қабынуға қарсы әсерін және антисептикалық әсерін. Үшіншілік алдын алу шаралары жағдайына байланысты: санаторлық-курорттық ем қолдану, жылы физиоемін жүргізу. Созылмалы пиелонефритте, гломерулонефритте науқастар урологқа, терапевтке және стоматологқа жылына 2-4 рет қаралады. Пациенттерден анамнез жинап шағымдарын, жағдайын анықтайды. Қан қысымын өлшейді, зәрді жалпы анализге, бак.өсімдікке, Нечипоренко және Зимницкий сынамаларына тексереді. Қанда мочевина және креатинин мөлшерлерін анықтайды. Аспаптық тексерістерден УДЗ жүргізеді. Сауықтыру шараларын кең қолданады: №7 емдәм тәртібі, жұқпаларға санация жүргізу, дәрумендер қолдану, санаторлы-курортты ем жүргізу.

VІІІ –ТАРАУ








Дата добавления: 2015-11-26; просмотров: 4056;


Поиск по сайту:

При помощи поиска вы сможете найти нужную вам информацию.

Поделитесь с друзьями:

Если вам перенёс пользу информационный материал, или помог в учебе – поделитесь этим сайтом с друзьями и знакомыми.
helpiks.org - Хелпикс.Орг - 2014-2024 год. Материал сайта представляется для ознакомительного и учебного использования. | Поддержка
Генерация страницы за: 0.003 сек.