Атеросклероздың алдын алуы.
Атеросклероздың алғашқы алдын алуы біріншіден сырқатқа әкеліп соғатын ауруларды (гипертониялық ауру, гипотиреоз, қант сусамыры, тұқым қуалайтын май алмасу дәрісінің бұзылыстары) дер кезінде анықтап емдеу, аурудың дамуын тежеу. Жоғарыда көрсетілген аурулармен ауратын науқастар жануарлар майы бар тағамдарды қолданудан өздерін шектеу қажет. Бұл дегеніміз – қолданылатын тағамның май құрауы 15% аспау қажет. Атеросклероздың алғашқы сатысын анықтау мақсатымен бұл адамдарда халықтың басқа топтарына қарағанда тамырлардың аспаптық тексерістері жиі өткізіледі.
Атеросклероздың емі және екіншілік алдын алуы байланысты, себебі қауіпті мәнбірлердің алдын алуынсыз ем нәтижелі болмайды. Емдік –алдын алу кешеніне кіреді: алғашқы алдын алу шаралары, емдік тамақтану, емдік дене шынықтыру, дәрі-дәрмектермен емдеу, санаторлы-курортты ем, физиоемі. Физио және санаторлы-курортық емдеу жағымды және жағымсыз көрсеткіштерге байланысты жүргізіледі. Көрсеткіштер атеросклероздың орналасқан жеріне және даму сатысына байланысты. Физиоемі аяқ тамырларының атеросклерозында кеңінен қолданылады. Аурудың қозу кезеңінде санаторлы-курорттық емін қолдануға болмайды. Атеросклероздың қауіпсіз сатысында науқастарды санаториялардың кардиологиялық бөлімшелеріне жіберуге болады. Климаттық қажетті жағдайлар және жыл мезгілі қатаң қадағаланып таңдалынады.
Емдік тамақтану атеросклероздың екіншілік алдын алуы болып табылады. Тәуліктік қабылдау тағам құрамы әр түрлі болу керек: ақуыз – 30-40% (балық, ет, сүт тағамдары), бірақ, тағам құндылығы 10-15% -пен шектеледі. Сонымен бірге тағам құрамында жануар майы бар тағамдарды және холестеринге бай заттарды (ми, бүйрек, жұмыртқа сарысы, майлы ет), ас тұзын, тез сіңетін көмірсуларды шектеген жөн. Ұсынылады: липотроптық затқа бай тағамдар, ірімшік, әр түрлі сүт тағамдары, сәбіз, қырыққабат, арахис, қытырлақ қартоп, жеміс-жидектер. Жеміс-жидектердің жетіспеушілігінде азықтық талшықтары тамақ құрамына қосымша рацион ретінде беріледі, атеросклероз дамуын шектейтін теңіз қырыққабаты, йодқа бай тағамдар пайдаланған жөн. Азық құрамына май қышқылы көп тағамдарды енгізген жөн: өсімдік май (жүгері, күнбағыс т.б.), балық. Балықты тағам ретінде күнделікті қолдану атеросклероздың ең нәтижелі алдын алуы болып табылады. Емдәм тәртібін сақтағанда атеросклерозбен ауратын науқастардың ерекшеліктерін бақылау керек: дене салмағын, асқазан-ішек жолдарының басқа ілеспелі ауруларын, бүйрек, жүрек ауруларын, тамақ аллергиясын, үйреншікті тағамдарын, ұлттық ерекшеліктерге және жергілікті жағдайларға байланысты.
Емдік дене шынықтыру атеросклерозбен ауратын науқастардың барлығына жасына байланыссыз белгіленген, бірақ оны белгілегенде науқастың жағдайына, атеросклероз даму сатысына, ауытқыларға, басқа қосымша ілеспелі ауруларға көңіл бөлу қажет. Атеросклероздың жасырынды кезеңінде гиподинамияға қарсы күресу үшін таңертеңгі жаттығулар жасау, гимнастика, туризм, спорттық ойындар, шаңғы тебу, таза ауада жұмыс істеу. Атеросклероздың клиникалық белгілерінің айқын білінуінде емдік гимнастика мен айналасу қажет. Атеросклерозбен зақымдалынған тамырлардың орналасуына және даму сатысына байланысты гимнастика құрамына демдік шынығу, ағзаға күш түсіру, ұлғайта жұмыс істеу белгілінеді.
Аяқ тамырлары зақымдалғандардан басқа атеросклерозбен ауратын науқастар амбулаторлық жағдайда жаяу жүруді ем ретінде қолданады. Біртіндеп ара қашықтықты ұлғайтуға болады. Жағдайына байланысты науқас күніне 5 - 15км жүреді. Жүріс кезінде науқастың адымдарын анықтау: науқаста ол төмен болуы керек, өйткені, шамадан тыс жүрсе, ол демікпеге, көңіл-күйінің нашарлауына әкеледі. Ауру асқынғанда жүріс және ара қашықтық азайтылады.
Оймен және отыра немесе еңкейе жұмыс істейтін адамдарға (тігіншілер, хатшылар, сағат жөндеушілерге) 60-90 минут сайын 3-7 минутқа демалу қажет. Сол 3-7 минут ішінде дене шынықтыру жаттығуларын жасау керек.
Дата добавления: 2015-11-26; просмотров: 1726;