Мейірбикенің жұмыс ерекшеліктері. Жүрегі ауыратын науқастармен жұмыс істегенде олардың барлық шағымдарын жүрек маңайының ауруының

Жүрегі ауыратын науқастармен жұмыс істегенде олардың барлық шағымдарын жүрек маңайының ауруының сипатын, олардың пайда болусебептерін, ұзақтылығын, әсер ету аймақтарын, науқасқа жеңілдік әкелетін жағдайларды, науқастың өмір мен жұмыс істеу ерекшеліктерін білу керек. Науқасты қарағанда науқастың төсектегі жағдайына көңіл аудару керек: дем алу ерекшеліктеріне, ентігуі, тұншығуы барлығына; бетінің сипатына; тері мен кілегей қабаттың түсіне; ісіктің барлығына; буындардың өзгеруіне. Тамыр соғуды, артериалдық қысымды, дене қызуын, терінің құрғақтылығы немесе ылғалдылығын анықтау керек. Сырқаттың ағымымен науқастың жағдайы туралы толық түсіну үшін көзбен қарағандағы және қосымша зерттеулер әдістерінің нәтижелерімен танысу керек. Алынған нәтижелердің негізінде мейірбике науқастың жағдайын дұрыс бағалай алады. Мейірбике жүрек – тамыр ауруларындағы науқастардың негізгі шағымдары мен белгілерін, жүрек – тамыр жүйелерінің ауруларының емдеу негіздері мен алдын алуын, зақымдалған қызметтерді қалпына келтірудің негізгі қағидаларын және асқынудың алдын алуын білу; жүрек – тамыр жүйесінің ауруы бар науқастарды күте білу керек. Кіші қан айналым шеңберіндегітұрып қалу құбылыстарының белгілерін: ентігу, көгеру, жөтел, тұншығу, қан түкіруді нақты білу керек; үлкен қан айналым шеңберіндегі тұрып қалу құбылыстарының белгілерін: жүректің жиі соғуы, ісіктер, оң жақ қабырға астындағы ауырлықты сезіну, асцитті білу керек. Мейірбике жүрек – қан тамыр жүйелері ауыратын науқастарды емдеуді білу мен емдеуді жүргізе білу керек, шұғыл көмек көрсетуі, қалпына келтіру жұмысын жүргізіп және бақылай білу керек. Жүрек – қан тамыр жүйелері ауыратын науқастарды емдегенде дәрілік заттарды жиі көк тамыр арқылы тамшылатып енгізеді. Сондықтан мейірбике тамшылатып енгізу үшін инфузиялық құралды (системаны) дұрыс және тез жинай білу керек. Көк тамыр арқылы дәрілік заттарды енгізіп жатқанда науқастың жағдайын, ерітінді енгізу жылдамдығын бақылап отыру керек. Мейірбике құрал – жабдықты және зертханалық зерттеулердің мақсатын түсіндіру керек, керек болған жағдайда науқасты зерттейтінорынға алып баруы керек, жүрек – тамыр жүйелері ауыратын науқастар өзінің жағдайын бақылауда кінәшіл және өте сезімтал болып келеді, сондықтан мейірбике осындай науқастармен жұмыс істегенде шыдамды болу керек, өз ара сенімдік білдіріп, науқастармен жұмыс істей білу керек. Электрокардиограмма мен фонокардиографияны (жүректің жұмысынан пайда болатын дыбыстық құбылыстарды тіркеу) сағат 8 ден 10 – ға дейін (физиоемге дейін) жүргізеді. Мейірбике алдын ала пациентпен педагогикалық аспектіде жұмыс істей білу керек, пациентті тексеріске дайындау керек (аш қарынға жүргізеді, себебі тамақтанғаннан кейін жүрек жұмысы өзгереді). Қанның биохимиялық зерттеулерін аш қарында алады. Велоэргометрияны тамақ ішкеннен кейін 3 сағаттан кейін немесе аш қарында жүргізеді. Мейірбике жүрек – қан тамыр жүйесінің сырқаттарымен ауыратын науқастармен жиі жұмыс істейді, сондықтан ол осы жүйелердің ауруларында кездесетін шұғыл жағдайлардың себептерін, белгілерін білу керек және дәрігерге дейінгі көмекті көрсете білу керек. Жиі кездесетін шұғыл жағдайларға стенокардияның ұстамасы, миокард инфарктісінің өткір кезеңі, гипертониялық криз және тағы да басқа шұғыл жағдайлар жатады. Мейірбике дәрігер келгенше науқасқа ыңғайлы жағдай көрсетіп, қан қысымын өлшеп, тамыр соғуын анықтап, демін санап отыру керек.








Дата добавления: 2015-11-26; просмотров: 2316;


Поиск по сайту:

При помощи поиска вы сможете найти нужную вам информацию.

Поделитесь с друзьями:

Если вам перенёс пользу информационный материал, или помог в учебе – поделитесь этим сайтом с друзьями и знакомыми.
helpiks.org - Хелпикс.Орг - 2014-2024 год. Материал сайта представляется для ознакомительного и учебного использования. | Поддержка
Генерация страницы за: 0.003 сек.