Бақылау сұрақтары. 1. Жедел жүрек жеткіліксіздігінің қандай түрлері бар?
1. Жедел жүрек жеткіліксіздігінің қандай түрлері бар?
2. Сырқатқа әкеліп соқтыратын себептерді айтыңыз.
3. Кіші қан айналым шеңберін еске түсіріңіз.
4. Осы жағдайда газ алмасу дәрісі не себептен бұзылады?
5. Жүрек демікпесінің клиникалық бейнесіне сипаттама беріңіз.
6. Өкпе ісінуінің ерекше клиникалық белгілеріне не жатады?
7. Жедел жәрдем қағидасы не болып табылады?
8. Жүрек гликозидтерінің әсерін айтып беріңіз.
- Жедел жүрек жеткіліксіздігінде оттегіні қандай мақсатпен қолданады?
Жедел тамыр шамасыздығы
Естен тану. Естен тану бұл жүрек және дем алу жүйелерінің әлсіздігімен және бас ми тамырының жедел шамасыздығынан болатын естің қысқа уақытқа айырлуы. Естен тануға әкелетін себептер: психикалық әртүрлі күйзелістер, аяқ астынан пайда болатын аурулардың салдары, ұзақ уақытқа созылған селқостық, жанұясының жалпы әлеуметік жағдайы, әртүлі жұқпалы аурулар, әртүрлі уланулар, көп мөлшерде қан жоғалтқанда, сонымен қатар жүрек қан тамырлар жүйесінің аурулары. Бұл жағдайдың түпкі себебі миға толық түрде қысқа уақыт ішінде оттегінің жетіспеушілігі.
Клиникалық бейнесі. Аяқ астынан жалпы жағдайы бұзылып, басы айналып, құлағы шулайды, көзі қарауытып, бұлдырлайды. Әртүрлі психикалық мәнбірлердің әсерінен науқас бірнеше секундтан бірнеше минутқа дейін есін жоғалтады. Науқастың терісі боз, суық. Көз қаршығы кішірейген, жарыққа серпілісі жоқ. Тамыр соғуы әлсіз, брадикардия білінеді. Қан қысымы қалыпты немесе сәл төмендейді.
Шұғыл көмек. Науқастың аяғын сәл көтеріп, басын төмендетіп, қысып тұрған киімін шешіп, бөлмеге таза ауа жібереді. Бетке және кеудеге салқын су сеуіп, нашатыр спиртімен самайын және кеудесін ысқылайды. Сонымен қатар нашатыр спиртін иіскетуге болады. Аяғына рефлекторлы әсер ету үшін жылытқыш қояды. Егер естен тану ұзақ уақытқа созылған болса, тері астына 2 мл - 10% кофеин ерітіндісін немесе 2 мл кордиамин ерітіндісін енгізеді. Науқастың есі орнына келген соң физикалық және психикалық жағдайын туғызған жөн.
Есенгіреу.Бұл жедел тамыр шамасыздықтың ауыр түрінің бірі. Есенгіреуде шеткі қан қысымының бұзылуынан қан қысымы күрт төмендеп, бүкіл ағзадағы мүшелер қан мен қамтамасыз етілу дәрісі бұзылады. Есенгіреуге әкеліп соқтыратын себептерге өткір миокард инфарктісі, жұқпалы аурулар, улану жағдайлары, қанның көп мөлшерде бірден жоғалуы, дене қызуының күрт төмендеуі жатады.
Клиникалық бейнесі. Әуелі әлсіздік, содан соң бастың айналуы, басының ауыруы, құлағының шулауы білінеді. Науқастың көзінің алдында елес пайда болады, көзінің көруі төмендейді, аяқ қолдары мұздайды. Негізінде науқастың есі сақталады, бірақ науқастар тежелгіш болып келеді, қоршаған ортаға араласпайды, аяқ қолдары мен бет бұлшық еттерінде дірілдеу байқалуы мүмкін. Рефлекстері бастапқыда төмендеп, содан соң жоғалып кетеді, көз қарашығы кеңейеді, жүрек жұмысының қабілеті әлсізденіп, науқас өліп кетуі мүмкін. Терісі және көзге көрінетін шырышты қабаттары бастапқыда ақшыл түсті, ал содан соң жабысқақ тер білінеді. Науқастың еріні қолдың саусақтары, аяқтары көгере бастайды. Бет әлпеті өзгеріп, көз қарашығы кішірейеді. Тері асты көк тамырлары босап, анықталуы қиындайды. Білек артериясында тамыр соғуы жиі және әлсіз. Дем алуы беткей, жүректің жұмысы әлсізденіп, дыбысы жөнді естілмейді, қан қысымы төмендейді.
Шұғыл көмек.Ең әуелі осы есенгіреуге әкеліп соққан себептерді анықтап, оларды табу. Бір мезетте қан тамырларының тонусын, қан қысымын, жүрек жұмысының қабілетін және қан жоғалтуға қарсы бағытталған шараларды өткізілуі тиіс. Науқастың аяғын сәл көтеріп, көлденең қалыпта төсеке жатқызып, науқасқа толық тыныштық жағдайын туғызу. Науқасты жылылап орап, аяғына жылытқыш қойып, бөлмеге таза ауаның енуін қамтамасыз ету, оттегіні беру. Қан тамырының тонусын көтеру үшін бұлшық ет арқылы 2мл кордиамин, тері астына 2мл 20% камфора ерітіндісін енгізеді. Осы дәрілер ешқандай әсер бермесе онда бұлшық ет арқылы 1мл - 1% мезатон ерітіндісін жібереді. Ауыр жағдайда науқастың көк тамырына 0,1% - 0,5 мл норадреналин ерітіндісін 5% - 200мл глюкоза ерітіндісімен қосып тамшы ретінде жібереді. Қан қысымын 5 – 10 минут сайын қадағалап отыру керек. Көк тамырға тамшылатып жіберу кезіңдегі тамшының 1 минуттағы көрсеткіш саны 20 рет болу керек. Сонымен қатар көк тамырға 60 – 90 мг преднизалонды тамшы ретінде жібереді. Геморрагиялық есенгіреуде ең алдымен қанды тоқтатып, шоктың алдын алу үшін көк тамыр арқылы 300 –500 мл сұйықтықты жібереді. Сонымен қатар қан алмастырулар ерітіндісін (сары су, полиглюкин, реополиглюкин) гемодез және т.б. қолданады. Есенгіреуге ұшырыған науқасқа арнайы мамандандырылған кардиологиялық топты шақырады.
Дата добавления: 2015-11-26; просмотров: 1905;