Науқастарды тексеру әдістері 10 бейнелеме

Науқастың шағымдары  
1. Ауырсыну (тамақ ішумен байланысты, кезеңді, қарқынды, жайылмалы). 2. Лоқсу. Құсу. 3. Кекіру. Қыжылдау. 4. Тәбетінің бұзылуы.

Ауру сыртартқысы  
1. Қауып қатер мәнбірі. 4. Қозғалысы. 2. Себебі. 5 Жүргізілген ем. 3. Бастамасы

Өмір сыртартқысы
1. Ұлты. 2. Жағымсыз қылықтары. 3. Тамақтану тәртібі 4. Тұрмыс жағдайы.

Науқасты тікелей тексеру

Қарау Сипалау Тықылдату
-дене салмағының азаюы; -тіл өзгерістер; -іштің пішіні; -терінің түсуі. 1.бауыр 2.көк бауыр 3.асқазан. асқазанның төменгі шегін анықтау    
Қосымша тексерістер
Зертханалық аспаптық
1.жалпы қан анализі 2.асқазан сөлі 3.асқазан жуынды суының анализі. 4.құсық анализі 5.нәжіс анализдері 1.асқазан рентгеноскопиясы 2.асқазан рентгенографиясы 3.фиброгастроскопия 4.биоптат алу
       

 

(асцит), бауыр ісінгенде, ішке ауа жиналғанда - іш көлемінің үлкейгенін байқауға болады. Осымен бірге күре тамырдың солқылдауына, тері астындағы, іш маңайындағы көк тамырдың варикозды кеңеюіне назар аудару керек. Сипалау арқылы патологиялық өзгерісті анықтауға болады. Бұның екі түрі бар: бетті және терең. Сипалау В.П. Образцов және Н.Д. Стражеско тәсілі бойынша жүргізіледі. Бетті сипалау арқылы ауырсыну аймағын анықтайды, ал терең түрімен мүшенің орналасуын, тығыздығын, көлемін анықтайды. Ішті сипалағанда науқас төсекте көлденең жатады, кейде түрегеліп тұрады. Сипалау әдісінің көмегімен қабырға астында пайда болған ауырсынуды, құрсақ тітіркенуін анықтауға болады. Кейбір жағдайларда дерт анықтама жүргізгенде тыңдау әдісімен қолданады. Бірақ асқазанды тыңдаудың аса мәні жоқ. Тыңдауды сипалаумен бәрге асқазанның төменгі шекарасын анықтау ретінде пайдаланады. Бұл қарапайым әдіс болғанымен кейде дұрыс емес нәтиже береді. Қалыпты түрде іш қуысында тықылдату арқылы тимпанит дыбысы анықталады. Бауыр, көк бауыр ауруларының қатерлі ісіктерінде, іш шеменінде топас дыбыс естіледі.

Зертханалық тексеру әдістерін қолдана отырып ас қорыту мүшелерінің ауруларының белгілерін анықтауға болады. Нәжісті әртүрлі зерттеулерге тексеріп, асқазан және ішек қызметін анықтауға болады.

Мысалы, ішек қабыну ауруларында нәжістің құрамында сілекей, ірің болады, асқазан ойық жара ауруында нәжістің құрамында қан білінеді. Асқазан және ұлтабар сөлін тексере отырып, ас қорыту мүшелерінің сөл шығару қызметін бағалайды. Сөлдің түсіне, құрамына, иісіне, қоюлығына көңіл аудару керек. Асқазан ауруының түріне байланысты асқазан сөлінің қышқылдығы әртүрлі болып кездеседі. Ас қорыту мүшелерінің ауруларында құрал – жабдық аппарат арқылы тексеру әдістері міндетті түрде қолданылады. Іш қуысы мүшелерінің орналасуын рентген сәулесі, ультрадыбыспен, сканирлау әдісі арқылы анықтауға болады. Эндоскопия әдісі арқылы асқазан және ішектің ішкі кілегейлі қабатының жағдайын, қатпарлардың, шырышты қабаттардың бұзылысын, жараларды, ісіктерді анықтауға болады. Бояу заттарды қолдана отырып өт қалтасының өзгерістерін көруге болады (холецистография). Ішек жолдарын тексеру үшін ирригоскопия (тоқ ішекке бояу зат енгізіп, рентген сәулесімен қарау), колоноскопия (колоноскоп құралымен тоқ ішектің ішкі кілегей қабатын тексеру) әдістерін қолданады. Ас қорыту мүшелерінің қатерлі ісігін анықтау үшін тіннің гистологиялық тексерісін жүргізеді (биоптат алу).








Дата добавления: 2015-11-26; просмотров: 2902;


Поиск по сайту:

При помощи поиска вы сможете найти нужную вам информацию.

Поделитесь с друзьями:

Если вам перенёс пользу информационный материал, или помог в учебе – поделитесь этим сайтом с друзьями и знакомыми.
helpiks.org - Хелпикс.Орг - 2014-2024 год. Материал сайта представляется для ознакомительного и учебного использования. | Поддержка
Генерация страницы за: 0.003 сек.