айта өңдеудің қазіргі әдістері

1.1.Шаң және шлам жинау әдістері.

Барлық металлургиялық шектерде металл құрамынан алу және қоршаған ортаны қорғауда қажетті деңгейді қолдау мақсатында алынған және қайта өңделген шаңдардың нақты саны түзіледі. Майда дисперсті шаң алу үшін құрғақ және дымқыл шаң тұту жүйесі қолданылады; қайта өңдеудің соңғы процесінің нәтижесінде құрғақ және дымқыл шламдар түседі.

Шаң алу және шаң тұтуда қолданылатын негізгі типтердің әдістерін толығырақ қарастырайық.

•Гравитациялық сеперация шаң тұну камерасында шаңның ірі бөлшектерінің тұнуында аяқталады.

•Өлшенген қатты қоспалардың инерциялық сеперациясы кезінде бағыты өзгерген немесе аэродисперсті ағын жылдамдығы кезінде шыққан бөлшектің инерция күші пайдаланылады.

•центрден тепкіш сеперация

Центрден тепкіш шаң тұтқыштар (циклондар,батареялық циклондар,ротоклондар)ең үлкен таратылу құрғақ тазалау аппаратынан алынған. Бұл құрылғыларда шаңды алу газды ағынның айналу қозғалысы кезінде дамыған центрден тепкіш күштің қолданылуына негізделген.

•Газды дымқыл тазалау сұйық пен газдың контактісі нәтижесінде іске асады және өзімен инерциялық тұндырудың әр түрін ұсынады.

1.2.Фильтрация процесі.

Жіптен,талшықтан,түйіршіктен және тұндырылған шаңнан құрылған осы немесе басқа қатты кеуекті орта арқылы оларды өткізгенде тазалау мақсатында газдың фильтрация процесі аяқталады. Процесс инерциялық және гравитациялық күш, газды молекулалардың жылулық қозғалысы және т.б. әсерінің нәтиесінде бқлшектің тұндырылуы болатын контактілі әсердің әртүрлі фильтратының көмегімен іске асады. Өндірісті фильтрация құрылғылары жеңді маталы фильтр, талшықты қабат, қымтағыш және мат, керамикалық және металлкерамикалық арақабырға, тоқылған металдық елек, түйіршікті материалдан саптама түрінде жасалады.

1.3.Ұсату.

Ұсату операциясы ұнтақты ЖСО-дан алу технологиясында маңызды мағына береді.

Ұсату импульсті электрлі токпен материалға әсер еткен кезде іске асатын электроэрозиялық реакторлар агрегатты ұстаудың спецификалық түрлері болып табылады. Желілі индукциялық айналц базасына темір құрамды шлам аппараттарын ұстау үшін пайдалану мүмкіндігі қызықты. Бұл аппараттарды сонымен қатар, СОЖ-дан тазалауда, ЖСО-ның магнитті және магнитті емес компоненттерінің сепарациясы кезінде пайдалануға болады.

1.4.Жылулық өңдеу.

ЖСО-ң жылулық өңделуі оларды кептіруде, дегазацияда, деформациялық беріктендіруді жою, технологиялық морттыландыру, тотықсыздану, пеш атмосферасы компоненттерімен қанығу, күйежентектелу (спекание) үшін жұмсарту мақсатында өтеді.

Құрылғы өзімен бірге бірімен-бірі және шахталы жылуалмастырғышпен қосылған екі циклоннан тұратын аппаратты ұсынады.

1.5.Шламннан майдың жойылуы.

Илемдік орнақтан шаңды сарқынды су үшін тұндырғышқа тұндыру кезінде пайда боған шламдарда ылғалдылық 20-30%, майлау затының мөлшері 2-3% болады. Мұндай шламдар тек майлау затының жойылуынан кейін ғана қолданылау мүмкін. Оларды химиялық реагентпен немесе қарапайым сығыммен жуғанда жояды. Майлау затын жоюдың химиялық әдісі үнемі эффективті емес, ал күйдіру пешінің эксплуатациясы эоғары эксплуатациялық шығынмен байланысты. Одан басқа күйдіру кезінде (700-800°С) агломерация болады.

1.6.Брикеттеу.

Кен ұсақтарының утилизациясы және өндірісітің (аглофабрикті шаң, колошникті шаң,илемдік отқабыршық (окалина) және т.б.) әртүрлі металлқұрамды қалдықтары үшін бұл процестің перспективті қолданылуы шаңды,тазаланған шламды және ұсақ кендерді брикеттеу процесін кеңінен зерттеу нәтижесінде көрсетілген. Сонымен бірге әртүрлі байланыстырушылармен суық брикеттеу (сульфатты щелоктар,сульфит-спиртті барда,шойынды жоңқа,сұйық шыны және т.б.), байланыстырушысыз «ыстық» брикеттеу, әртүрлі тотықсыздандырғыштарпен термобрикеттеу процестері жасалды.

Кейбір көрсеткіштері бойынша брикеттеу процесі шекемтеа (окатыш) шикізаьымен соңғы күйдірілген қалдықтарды кесектеу процесіне қарағанда көбірек рентабальді болуы мүмкін.

Бұдан басқа брикеттеу процестері үнемң көбірек технологиялы, аз деңгейде брикет сапасы гранулометриялық құрамға және бастапқы материал (шихталар) ылғалдылығына тәуелді.

1.7.Қоспаның жойылуы.

Металлургиялық шаңды пайдалану кезіндегі негізгі міселелер оларда мырыштың, қорғасынның, әсіресе оттек конвертор өндірісінде мырышпен қапталған скрапты кеңінен пайдалану қатынасының жоғары мөлшері болып табылады.

ЖС шаңдарын мырыш және қорғасыннан тазарту, олардың утилизациясы және пайдалану мәселелері туралы әлемнің барлық мемлекеттері жұмыс істейді, бірақ бұл тапсырмалар әр түрлі шешіледі. Жалпы шешімдер аглошихта құрамында және басқа металлургиялық шекте пайдалануды ұсынатын шаңға ғана қатысты. ЖСО-ны тура пайдалану онда мырыштың,қорғасынның және сілтілік металдың жоғарылау мөлшерінен қиындатылады. Осы металдардың жоғарылау мөлшері доменді пештің футерлеу шыдамдылығын төмендетеді, агломераттың, шекемтас пен кокстың бұзылуына әкеледі, процестің газодинамикалық шарттарын жылдам нашарлатады және доменді пештің өнімділігін төмендетеді.

1.8.Электрлік тазатру әдісі.

Электрофильтрде газды майдадисперсті шаңнан электрлік тазарту әдісі электр өрісінде жоғары кернеуінің газды молекуланың ионизация құбылысына негізделген.

 

Ндірістік қалдықтарды бейорганикалық заттар, цементтер, гипстік тұтқыр материалдар, керамикалық бұйымдар, жылуизоляционды материалдар, шлакобетондар өндірісінде шикізаттық компоненттер мен шихта ретінде қолдану.

Химиялық және минерологиялық құрамы бойынша өндірілетін шикізаттардан әлдеқайда жоғары болып келетін өндірістегі көп тонналы қалдықтардың әртүрлілігі, ал техногенді ресурстарды жаңартушы ретінде перспективті түрде қолданылады.

Арнайы жабулар өндірісіндегі тұнба-шламды заттарды бөлудің технологиялық процестері күрделі болғандықтан, ал кей кездерде осы бөлу процестерінің экономикалық мақсатына байланысты, залалсыздандырылғаннан кейінгі шламдарды құрылыс индустриясында, цемент өндірісінде, керамика, кірпіш, керамзит, пигмент, бояғыштар тағы басқа да өндірістерде шикізат қоспаларының компоненті ретінде қолданады.

· Цемент өндірісінде. Күл және жағармайлық шлактар портландцемент клинкерінің шикізаттық компоненті мен активті минералдық қоспалар ретінде портландцемент өндірісінде қолданылады. Күл және шлакпен клинкер өндіру кезінде шикізаттық қоспа құрамын сары балшық және әктасты компоненттер мен алмастыруға болады. Кей жағдайларда бұл алмастырулар клинкердің химиялық – минерологиялық құрамын және оның жану жағдайын жақсартады.

Цемент өндірісіндегі технологиялық процестерде тұнбалы – шламдарды қолдану келесі нәтижелерге жетуге ықпал етеді:

- Цемент өндірісіндегі шикізат базасын кеңейту;

- Технологиялық процестердің интенсификациясы;

- Шикізат ресурстарының меншікті шығынының төмендеуі;

- Цемент клинкерінің сапасының жоғарлауы;

- Құрылыстық – техникалық құрамы жақсартылған жаңадан арнайы цемент түрін шығару;

- Қоршаған ортаның ластануының алдын алу.

· Бетон өндірісінде. Шлакты және күлді қалдықтар бетонның ауыр және жеңіл кеуекті құрамаларын өндіруде байытылған шикізат базасын құрайды. Құраманың негізгі түрлері болып металлургиялық шлак негізінде шлакты щебень мен шлакты пемзаны атап айтуға болады. Жағармайлық шлактар мен күлден кеуекті құрамаларды, соның ішінде аглопорит, Зольді гравий, саз балшықты керамзитті дайындайды.

Ауыр құрамды бетондардың эффективті түріне физико-механикалық құрылымы жағынан басты орынға шығатын, құрамында тығыз табиғи тасты минералдар қосылған өнім – құйылған шлакты щебень жатады.

Құйылған шлакты щебень жоғары аязға және ыстыққа төзімділігімен сипатталады. Оның құны табиғи тасты щебеньге қарағанда 3...4 есе аз.

· Жол – құрылыстық материалдар өндірісінде. Жағармайлық күл мен шлактың көп тонналы тұтынушылары болып жол – құрылысы табылады. Онда күл мен күлшлакты қоспаларды негізгі қабат астына төсеніш ретінде салады (грунтты цемент және әктасты алмастыруда, асфальтті бетон мен ерітінділерде ұнтақ ретінде, жолдағы цементті бетонның қоспалары ретінде).

· Изоляционды материалдар өндірісінде. Көмір және жанғыш сланцтарды жағу арқылы алынған күлдер кровель мен гидроизоляционды мастиктарда толықтырғыш ретінде қолданылады.

Шлакты мақта – минералды мақталардың әртүрлілігі, шығарылу көлемі мен құрылыстық – техникалық құрылымы жағынан басты орын алатын жылу изоляционды материал.

· Шыны өндірісінде. Гальваникалық өндірістердегі хром құрамды қалдықтарды шыны бояғыш ретінде қолдану қымбат тұратын және көп кездеспейтін материалды – хромпик бояғышты үнемдеуге мүмкіндік береді.

Шлакоситаллдар – шыны кристаллизациясына бағыттау арқылы алынатын, шыны кристаллдық материалдардың әртүрлілігі. Басқа ситаллдардан айырмашылығы, олар үшін шикізат материалы ретінде қара және түсті металлургия шлактары және тас көмірді жағудағы күл қолданылады.

· Керамика өндірісінде. ЖЭС-ғы күл шлакты қалдықтар керамикалық бұйымдар өндірісінде және күлді керамика дайындауда негізгі қоспа болып табылады. Қабырғалы керамикалық бұйымдар өндірісінде қоспа ретінде жағармайлық күл мен шлакты кеңінен қолданады.

Минералдардың және т.б. материалдардың минералды шикізатын өнеркәсіптік қалдықтармен толық немесе бөлшектей алмасуымен өндірісінің карьерсіз технологиямын өңдеу.

Өнеркәсіптік қалдықтарды қолдану карьерлі әдіспен алынған шикізатты қолдануды қысқартады., бұл карерьсіз технология деп аталады. Карьерлерді өңдеумен көптеген шығындар байланысты болады. Олардың қажеттілігі карьерсіз технологияларды қолданғанда жойылады:

1) сазды және әкті карьерлер қажеттілігі жойылады.

2) Шатырлы жұмыстарды орындау қажет емес, алу туралы және шикізатты тасмалдауды уайымдамауға болады.

Портландцемент жасауда карьерсіз технологияларды қолдану. Карьерсіз технологияларды қолдану әкті екі сатылы ұсақтау, шаңаулау, ұсақтау, шикізатты аунату үрдісінсіз цемент шығаруда жол береді. Сонымен қатар, өндіруші карьерлер жерінде қвмбат бағалы рекульвитациялы жұмыстардан басталады.

Өнеркәсіптік қалдықтарды қолднғананда шикізат шығыны төмендейді, яғни клинкер өндірісіне кететін шығындар да. Шикізат диірмендерінде, қауыздарда аз материал өңдеуге, шламнасостармен аз материал айдауға тура келеді бұл өндірістік үрдістің барлық кезеңдерінде энергия өнімі болып табылады. Тіпті өндірістік қалдықтардың бөлшектей пайдалануында шығындардың мәнді қысқаруын байқауға болады: карьерлер санын қысқартуға немесе істегі карьерге жүктеуге төмендетуге болады. өндірісте қолданылған қалдықтар санына байланысты бұрғылау, жару, шатырлау, тасымалдау жұмыстарына кететін шығындар қысқарады.

Өнеркәсіптік және азаматтық құрылыстар көтеруде, жерасты коммуникацияларын жүргізуде шығындардың оптимизациясы қәзіргі құрылыс трендісі. Жерасты коммуникациялары құрылғыларының технологияларында көлденең бағытталған бұрғылау әдістемесін ойлап табу төңкеріс әкелді. Өнеркәсіптік қалдықтарды пайдалану цемент өндірушіге ғана пайда әеклмейді. Егер өндірісті толықтай қалдықьарға ауыстырса, яғни карьерлерді өңдеуден бас тартса, онда карьеллер өңдеуде табиғатқа міндетті түрде келетін шығынды болдырмауға да болады.

Карьерсіз технологиялар шикізатты өңдеу бойынша жұмыс көлемін мәнді қысқартады, яғни, қоршаған ортаның ластануы да қысқарады.

Карьерсіз технологиялар НЦ 10 және НЦ 20 жүктеуші цементке жеткізу бағасын төмендетуге мүмкіндік беретінін ұмытпау керек. Егер цемент өндірісінде өнеркәсіп қалдықьарының мәнді көлемдері де қосылса, онда бұдан қалдық өндірушілер де пайда табады. Олар үшін тасмалдау, қалдықтарды сақтау, қалдықтар үшін жаңа жинақтаушылар құрлысының қажеттілігі жойылады. Өнеркәсіп қалдықтарын қолдану тек артықшылықтарға ғана ие еиес: қалдықтар қоймасын өңдеуде цемент өндірісінің ресурссақтау технологиясы күрделенеді, бірақ бұл қоршаған ортаның сауығуымен өтеледі. Экологиялық сұрақтардың күрделенуін, техногенді ластанулардан қоршаған ортаны қорғау бойынша нормативтендіру қатарын ұмытпаған жөн Бұл өнеркәсіп қалдықтарын қолдануды өте тиімді әдіс етеді.

Цементті ұнтақтау өндірістегі ең күрделі сатылардың бірі болып табылады. НЦ 10 және НЦ 20 жүктейтін цементтердің бір тоннасын ұнтақтау 40-60 кВт сағ электрэнергияға шығады. Тарту интенсияикаторлары энергия шығынын 15-20% төмендетуге көмектеседі. Бұл кезде портландцемент беріктілігі тек ұлғаяды, басқа сипаттары да жақсарады. Цемент зауыттарында қолданылатын, түзетудің жартылай ағымды сызбасы бар. Ол шылам даярлануын тездетуге, шикізатты шламды араластыруға қолданылатын, сығылған ауа шығынын 20-30% ға төмендетуге мүмкіндік береді. Жоғарыда аталған оптимизация жолдары энергошығындарды төмендетуге, өндірушілікті ұлғайтуға, соңында, өндіріс тиімділігін төмендетпей, өндіріс қалдықтармен алмастырып, айналыстан шикізатты карьерлерді шығаруға жол береді.

Цемент өндірісінде карьерсіз технологияларды қолдану шикізат ретінде технологиялық жолдан зауытқа жеткізілетін күламмиакты, фосфорлы түйіршіктелген шлакты, карбидті әкті техногенді өнімдерді қолдануға мүмкіндік береді.

Цемент өндірісінде карьерсіз технологияларды қолданғанда карьерлерде әкті және сазды шикізат қажеттілігі жойылады. Бұрғылау жару жұмыстарын, шикізатты алуды орындау қажет емес. Ұнтақтағыштарда әкті ұнтақтаудың екі сатылы үрдісінің, шаңбасудың, ұсақтаудың, табиғи шикізатты тасмалдаудың керегі жоқ.

Табиғи шикізатты өнеркәсіп қалдықтарына алмастырғанда шикізат шығыны клинкердің бір тоннасына азаяды. Бұл шикізатты шламды түзету үрдісінде шламнасостармен айдалатын, шламды қауыздарда, диірмендерде өңделетін материал массасын төмендетуге жол береді. Сондықтан цемент өндірісінің барлық кезеңдерінде энергия шығындары төмендейді. Шикізат материалдарын өнеркәсіп қалдықтарымен жартылай алмастыруда пайдаланудан шыкізат карьерлерінің бірін шығарады немесе карьерде алуды төмендетеді. Бұл кежде бұрғылау жару, шатырлау, тасмалдау жұмыстарына өндірушілкр жұмсайтын шығындар және шикізаттың ұсақталуы технологияда қолданылатын қалдықтар санына пропорционал түрде төмендейді.

Пайдаланудан карьерлерді толық шығару табиғатты сақтауға, жыныстармен қоршаған орта ластануын төмендетуге мүмкіндік береді. Цементтің нақтылы өндірісіне ағымды өнеркәсіптік қалдықтарды қосу қалдықтарды өндірушілерді жаңа қоймалар құрылысы, сақтау орнына қалдықтарды тасымалдау қажеттілігінен басталады. Техногенді қалдықтар қоймасын өңдеуге жүктеуші портландцемент өндірісінің ресурссақтайтын технологиясы күделенеді. Бірақ, қоршаған орта ластануы төмендеу дәрежесі есебімен қалдықтарды алуға және жүктеуге кететін шығындар қоршаған ортаны қорғау бойынша нормативті талаптар күшейуде, қалдықтар шығарылуының жарамды нормалары төмендеуде, үйінділер құрамы қымбаттауда екенін ескеру керек. Сондықтан өндіріс қалдықтарды тотальді қолдану көбірек тиімді болып отыр. Цемент үгітілуі ең күрделі операциялардың бірі. НЦ 10 және НЦ 20 жүктеуші цеметтің бір кубын үгітуге электрэнергияның 40-60 кВт сағ жұмсалады. Үгітудің арнайы өңделген интенсификалпрлары портландцемент үгітілуіне кететін электрэнергия шығынын 15-20% төмендетеді. Бұл кезде портландцеметтің үлестік беті өседі, түйіршікметрлі құрамы төмендейді, портландцемент беріктілігі ұлғаяды. Портландцемент үгітіндісі интенсификаторларын қолданғанда портландцемент үгітуге кететін бронефутерлердің үлестік шығыны түседі.

Жүктеуші цемент өндірісіндегі қосымшалар шикізаттың үгітілу үрдісін тездетуге, диірмендерде электрэнергия шығынын төмендетуге жол береді. Цемент зауыттарында жүретін түзетудің жартылай ағымды сызбасы шламды жасауды тездетуге, түзетудегі шикізат шламдарын араластыруға кететін энергия шығынын және шикізат шламын араластыруға сығылған ауа шығынын 20-30 төмендетуге көмектеседі. Жүктеуші цемент өндірісінің өзіне кететін электрэнергияны және клинкерді күйдіруге кететін энергошығындарды төмендетудің көрсетілген жолдары НЦ 10 немесе НЦ 20 новалді жүктейтін цемент кубіне кететін энергошығындарды төмендетеді, шатырлау жұмыстарын, табиғи шыкізатты ұсақтауды жойып, өндіріс қалдықтарға алмастыра отырып, шикізат карьерлерін технологиялық айналыстан шығарып, диірменді агрегаттар өндірушілігін ұлғайтады. Осының бәрі цнмент өндірісінің тиімділігін көтеріп, цементтің өздік құнын азайтып, табиғатты сауықтыруға жол береді.

Бақылау сұрақтары:

1. Табиғатты қорғау шараларының негізгі бағыттары қандай?

2. Өндіріс қалдықтары қалайша пайдаға асырылады?

3. Табиғи ресурстардың жіктелуі.

4. Екінші реттік шикізаттардың жіктелуі.

Әдебиеттер:1. Арустамов Э.А. и др. “Природопользование” –М; “Недра” 2006 жыл. 2. Колесников С.И. «Экология» - М; «Недра» 2007 жыл.

Лекция 10Қалдықтарды жоюдың негізгі ұстанымдары

Мақсаты:Өнеркәсіп салаларының шикізат ресурстары мен қалдықтарын кешенді пайдалану шараларымен таныстыру

Өндірістік және улы қалдықтардың қоршаған ортаға әсері.

Қалдықтар- адам баласының кез келген шаруашылық іс-әрекеті әртүрлі қалдықтар мен биосфераны ластайды, бұл халықтың денсаулығы мен өміріне, флора мен фауна түрлерінің қысқарылуына, қоршаған ортаға тепе-теңдікке қауіп-қатер тудырады. Қазіргі кезеңдегі ғылым мен техниканың даму деңгейіне сәйкес әбден жетілдірілген технологияның жоқтығына байланысты. Оларды өңдеп құнды өнімдер алу әзірше жолға қойылмаған. Сондықтан бұларды сақтауға,жоюға,тасуға, көмуге,зиянсыз түрде айналдыруға көптеген қаражат, энергия жұмсалып жатыр. Қалдықтар шығаратын негізгі көздерге өнеркәсіп, ауылшаруашылығы,үй-жай шаруашылығы жатады. Осыған байланысты қалдықтар үш топқа- өнеркәсіптік, ауылшаруашылық, тұрмыстық болып бөлінеді. Өнеркәсіп қалдықтарының мөлшері бір адамға шаққанда тұрмыс қалдықтарынан 20 еседен артық келеді.

Тұрмыстық қалдықтар- тұрмыстық жағдайда пайда болатын әр текті қатты қалдықтар мен қоқыстар жиынтығы. Олар қағазды, шыныны, металды, азықтық қоқысты және т.б енгізуі мүмкін. Ірі қалаларда тұрғынға шаққанда жылына 300-350 кг. Тк пайда болады. Дамыған елдерде бұл көрсеткіш жоғары; Америка-744, Австралия-681, Канада-653, Нидерланд-599 кг\жыл. Т.қ-дың алып кету және жою табиғатты қорғаумен, қала ортасының тазалығын және халықтың денсаулығын сақтау мен байланысты шар-ның маңызды мәселелерінің бірі болып саналады.

Энергетика өндірісінің қоршаған ортаға тигізетін әсерін қарастыратын болсақ, оның зиянды әсері отынды жер қойнауынан шығарғаннан бастап электр энергиясына айналдырған және тұтынушыларға берген кезеңдердің бәрінде орын алады. Ластаушы компонеттердің түрі мен мөлшері қолданылған отынның табиғатына, химиялық құрамына және жағу технологиясына байланысты.

Қатты отынды (көмір,жертезек,ағаш,қамыс, т.б) жаққанда күл, смола, күкірт пен көміртек оксидтері, шаң бөлінеді. Екібастұз көмірін қолданғанда шығатын күлдің мөлшері Қарағандының шығатын күл көлемінен анағұрлым жоғары, оның себебі сапасының төмендігінде. Орта есеппен ЖЭО сағатына 5 тоннадай күкіртті ангидридпен және 16-17 т күлмен ауаны ластап отырады.

Сұйық отынды (мұнай мен оның өңделген өнімдерін) қолданғанда ауаға бөлінетін заттар күкірт пен көміртектің қосылыстары. Ал газды отынды (табиғи немесе сұйылтылған газ) жаққанда қоршаған орта тек азот оксиді мен ластанады.

Отынның химялық құрамында қандай элементтердің қосылыстары болса, жаққанда солардың оксидтері мен басқа да қосылыстары қоршаған ортаға таралады. Отын жаққанда табиғи ортаның ластануын азайту үшін шаң-газ ұстайтын қондырғыларды қолданған орынды. Осындай қондырғылар зиянды заттардың 90-95% ауаға жібермеуге мүмкіндік туғызады. Оттықтан алынған күл мен шлактардың үйінділердің сақтау біраз жер көлемін қажет етумен қатар желмен ұшып литосфераның аумақты көлемін ластайды.

Қоршаған ортаға қош пен күлдің тигізетін әсері оларды оттықтан алуға қолданылған әдіске де тәуелді келеді. Шаң мен қатар қоршаған ортаны ластайтын заттардың бірі отынды тасығанда, жинағанда оның тотығу салдарынан пайда болған қосылыстар.

Атмосфераға тасталған зиянды заттардың таралуы сол жердің адыр-бұдырлы бедеріне, желдің жылдамдығына, ауаның температурасына, бұлттылықтың биіктілігіне байланысты болады. Мысалы; ЖЭС конденсаторларының салқындату жүйесіндегі ірі сусалқындатқыштар станция аймағының микроклиматындағы судың мөлшерін жоғарлатып, тұманның пайда болуына, кейде сіркіреп жаңбыр жаууына, ал қысты күні қырау мен көк мұздың болуына себебін тигізеді. Ауаға тасталған зиянды компоненттер және тұман бір-бірімен әрекеттесу нәтижесінде тұрақты қатты ластанған ұсақ дисперсті бұлт, яғни тұмша (смог) түзіледі. Тұмшаның адам денсаулығына тигізетін залалы айтарлықтай.

Энергетика салқын судың көп мөлшерін жұмсайтын салаға жатады, судың 99% электр мен жылу энергиясын өндіруге жұмсалады. Негізінде ЖЭС мен АЭС-ларында суды көп мөлшерде пайдаланушы турбина конденсаторлары. Конденсаторларды салқындатуға ЖЭС-да 1 кВт\сағат энергия алу үшін 120 кг, ал АЭС-на 220 кг су қажет. Судың біразы басқа да әртүрлі агрегаттарды салқындатуға қолданылады,осыған байланысты жылу электростанциялары қоршаған ортаны жылумен ластандыратын көзге жатады.

Электростанциялардың ақаба сулары арқылы суаттар мұнай өнімдерімен, әртүрлі қалқыған бөлшектермен, хлоридтермен, сульфаттармен, ауыр металдардың тұздарымен, күкірт сутекпен, т.б заттар мен ластанып отырады.

Атом электростанцияларына келетін болсақ, оны дұрыс қолданса, атмосфераға тигізетін әсері органикалық отынмен жұмыс істейтін ЖЭС-ның әсерінен анағұрлым зиянсыз. Себебі АЭС жұмыс істегенде атмосферадағы оттек пен көмір қышқыл газының мөлшерін өзгертпейді, оның басқа химиялық құрамына да әсері жоқ. Қоршаған ортаны ластайтын негізгі фактор болып радиация көрсеткіші саналады. Радиацияны қоршаған ортаға шығару үшін ядролық реакция жүретін реактор көп жүйелі қорғау жүйесімен қамтамасызданады. Ең қауіпті жағдай АЭС апатқа ұшыраған сәтте орын алады, себебі қоршаған ортаға бақылауға көнбейтін радация таралады.

Кәсiпорындардың және тұтынудың қалдықтар

Облыста қатты қалдықтардың көбіне кәсiпорындардың қалдықтары құрайды, 2009 ж. І ж/ж күтілудегі көлемі 552,801 мың тонна, оның ішінде 469,633 мың тонна (85% қалдықтардың жалпы санынан) «СолтҚазЭнерго Петропавл» ЖШС күл-қожат құрайды, 77,336 мың тонна (14 %) ашылған тұқымдар. Өндіріс қалдықтардың 2009 жылы қайта өндеуі өткізілген жоқ. Облыста қатты қалдықтардың көбіне кәсiпорындардың қалдықтары құрайды, 2009 ж. І ж/ж күтілудегі көлемі 552,801 мың тонна, оның ішінде 469,633 мың тонна (85% қалдықтардың жалпы санынан) «СолтҚазЭнерго Петропавл» ЖШС күл-қожат құрайды, 77,336 мың тонна (14 %) ашылған тұқымдар. Коммуналдық-тұрмыстық қалдықтар 2009 ж. І ж/ж –76,229*мың тонна құрайды, ал 2008 ж. І ж/ж –76,545 мың тонна, тұрғындардың кетуіне байланысты 0,316 мың тоннағаазайды. ҚТҚ негізгі массасы компоненттерге бөлмей ашылып тұрған үйінділерге шығарылады, олардың көбі ҚР экологиялық заңнамасының талаптарына сәйкес келмейді. Сонымен, ҚТҚ баланысты басты мәселе оларды елдімекендерден шығарып жою (қайта өндеу, кәдеге жарату) немесе қауіпсаздандыру керек. «2005-2007 ж.ж. арналған СҚО бойынша қоршаған ортаны қорғау» бағдарламасына сәйкес облыс орталығында қалдықтарды басқару бағдарламасы әзiрленді. Бағдарламада ҚТҚ реттеп жинауды көздейді. Қазіргі уақытта қоқысты бөліп жинау жүйесін енгізу бойынша жұмыс өткізіліп жатыр. Оны үш түрге бөледі: әртүрлі ыдыстар, астың қалдықтары мен қалған қоқыстар. 2005 жылдың аяғынан бастап Петропавл қ. өтелген сынабы бар шамдарды жинап демеркуризацияға Лисаковск қ. апаратын пункт бар. Есепті кезенде кәсіпорындар мен ұйымдардан 4601 шам және 126 градусник қабылданды, демеркуризацияға (2008 ж. қалдықтарын есептегенде) 6513 шам, 2 градусник апарылды. Солтүстік Қазақстан облысы денсаулық сақтау басқармасының мәліметі бойынша кәдегежаратылған медициналық қалдықтардың көлемі 85146,62* килограмм құрады, соның ішінде Петропавл қ. бойынша – 55392,64* кг, облыс аудандары бойынша – 29753,98* кг. Биоорганикалық және медициналық қалдықтарды жинап кәдеге жарататын ұйымдар: «Экомедзертхана» ЖШС, Солтүстік Қазақстан облысы Тайынша ауданында орналасқан; «3-і қалалық аурухана» КМК, Петропавл қ. 2008 ж. жергілікті бюджеттен медициналық қалдықтарды кәдеге жарату үшін «NEWSTER – 10» қондырғы сатып алынды; «Урал-К-Тред» ЖШС, Петропавл қ., бекітілген келісім шарттарға сәйкес облыс және қаланың медициналық ұйымдардан қалдықтарды жинап кәдеге жаратуға «Металлқұрылыс базасы» ЖШС, Ақмола облысы көкшетау қаласында орналасқан, апарады. 01.07.09ж. жағдай бойынша қауіпті қалдықтар дың 5981 паспортытіркелді. Паспорттарды 594 кәсіпорынұсынды, соның ішінде Петропавл қ. бойынша – 150 кәсіпорын.

Қоршаған ортаны ластау учаскелерінің 548 паспортытіркелді, 18 – Петропавл қ. бойынша.

Қалдықтар туралы ақпарат 2009 ж. І ж/ж 2008 ж. І ж/ж
ЖЭО қалдықтары (есептiк кезенде), мың тонна 469,633* 449,898
ЖЭО қалдықтары (бүкiл қызмет уақытында), мың тонна 38800,83 37933,689
Екiншi рет шiкi зат ретiнде қолданылды, мың тонна - -

 

Есепті кезеңде тұрмыстық және тұтыну қалдықтарды басқару мәселесі бойынша 41 бұзушылық анықталды, 41 жазбаша өкім берілді, айыппұл түрінде әкімшілік шаралар қолданылды. 43 айыппұл 1163,727 мың теңгеге салынды, 23 айыппұл 588,874 мың теңгеге өтелді, 3 талап 61835,195 мың теңгеге қойылды.

Біздің міндетіміз- экологиялық жағдайды тұрақтандыруды қамтамасыз ету. Бұл үшін:

Аймақтық деңгейде мемлекеттік басқарманың табиғатты қорғау жұмысын жүзеге асыру ауқымында:

5. Өндіріс қалдықтарымен оны тұтынуды басқару жүйесін енгізу, бұрыннан келе жатқан ластануды жоюды жалғастыру;

6. Келешекте аймағымыздың экологиясы мен қоршаған ортаны қорғау облысында ғылыми жұмыстар жүргізу; Табиғи ресурстарды қолданудың рациональдық сызбасын әзірлеу.

7. Экологиялық мәліметтердің сараптамасы мен жинақтау үрдістерін автоматтандырудың аймақтық мониторингтік жүйесін жүзеге асыру. Қоршаған орта компоненттерінің жай-күйі мониторингінің автоматтық бекеттері мен бақылаудың телеметриялық жүйесін дамыту.

8. Қоршаған ортаны қорғау жөніндегі шаралардың қаржыландырылуы ұлғайса, экологиялық мәселелердің шешілуіне қаражат бөлінсе.

Аймақтың экономикасының экологиялануы бойынша:

1. Өндіріс облысындағы энергиялық - ресурстық тиімділікті арттыру, қуаттың альтернативті көздерінің дамуына ерекше көңіл бөлу;

2. Қоршаған ортаны қорғау облысындағы кәсіпорындардың экологиялық қарқындылығына шаралар әзірлеу, өндірістің экологиялық сенімділігінің деңгейін арттыру, экологиялық аудит процедураларын енгізу;

3. Экологиялық нейтральды өндіріс пен жергілікті экологиялық бағдарланған және қорғау айналасындағы технологияларды дамыту, шағын және орта бизнес жұмысына экологиялық қауіпсіздікті қамтамасыз ету.

4. Экологиялық туризмнің дамуына белсенді түрде қолдау жасау.








Дата добавления: 2015-12-22; просмотров: 3182;


Поиск по сайту:

При помощи поиска вы сможете найти нужную вам информацию.

Поделитесь с друзьями:

Если вам перенёс пользу информационный материал, или помог в учебе – поделитесь этим сайтом с друзьями и знакомыми.
helpiks.org - Хелпикс.Орг - 2014-2024 год. Материал сайта представляется для ознакомительного и учебного использования. | Поддержка
Генерация страницы за: 0.043 сек.