В.И. Вернадский ілімінің эмпиризмдік жинакталуы.

Жер ғаламшарындағы органикалық дүние эволюциясының бірнеше кезеңдерін ажыратады.

Бірінші кезең-заттардың биологиялық айналымы пайда болып,биосфераның қалыптаса бастауы. Екінші кезең-тіршіліктің күрделе түсіп,көп жасушалы организмдердің пайда болуымен ерекшеленеді. Бұл екі кезеңді ғылымда биогенез, яғни тіршіліктің толық мәнінде пайда болу кезеңі деп атайды.

Биосфера эволюциясының үшінші кезеңі адамқоғамының пайда болуымен ерекшеленеді.

Биосфера эволюциясының келесі жаңа кезеңі-қазіргі деңгейі. Мұны ғылымда носфера кезеңі деп атайды. Грекше “noos”-“ақыл”, “ой”, “сана”, “sphaira”- “шар”деген ұғымды білдіріп, “саналық қабық” деп аталады. Ноосфера-адамның санасы, ақыл-ойы шешуші рөл атқаратын биосфераның жаңа эволюциялық деңгейі.

“Ноосфера”ұғымын ғылымға 1927 жылы француз ғалымдары Э.Леруа мен П.Тейяр де Шарден енгізді. Олардың ұғымы бойынша ноосфера биосферадан да жоғары деңгейдегі,бүкіл ғаламшарды қамтитын “ойлау қабығы”.

1930-1940 жылдары В.И.Вернадский ноосфера туралы ілімді дамытып тереңдете түсіндірді. Ол ноосфераны биосфера эволюциясының жаңа сапалы деңгейі,биосфера мен адам қоғамының байланысында пайда болған деп қорытында жасады.

В.И.Вернадский пікірі бойынша “ноосфера – табиғат пен қоғам заңдылық-тары өзара бірігіп әсер ететін біртұтас жоғары жүйе” Биосфераның ноосфераға ұласуы кезінде бүкіл адамзат бірігіп шешетін мәселелерге ерекше көңіл бөлу қажеттігін ғалым атап көрсетті.

Ноосфера кезінде бүкіл адам баласының ақыл-ойы, санасы,ғылымы және әлеуметтік еңбегі бір арнаға түсу керек. Адам мен табиғат арасындағы қарым-қатынасты адамның саналы ақыл-ойы басқарған кезде ғана жеңіске жетеді деп атап көрсетті. Ноосфера кезінде табиғат пен қоғам арасындағы өзара байланыс айқын байқалады. Бұл кезде бүкіл адамзат үшін ғылымды дамытып, табиғаттың да, қоғамның да бір-бірімен үйлесімді өркендеуіне жол ашылуы керек. Бұл кезде әрбір жеке тұлғаның да өсуіне көңіл бөлінеді.

Биосфераның ноосфераға ауысу кезеңіне орыс ғалымы М.И.Будыко терең талдау жасаған. Ол биосфераның қалыптасуында адамзат қоғамының бір тұтас екендігін ұмытпау керек тігін ерекше ескертті. Қазіргі кезде ғылыми-техникалық прогресс бүкіл Жер шарын қамтып отыр. Энергияның жаңа көздерін бүкіл адамзат бірлесе отырып пайдалануға басты назар аудару көзделуде.Ноосфера кезінде жер бетіндегі барлық халықтың тіршілік деңгейін және қоғамның қажетін көтеру үшін биосфераның қалыпты жағдайын сақтауға айырықша көңіл бөлінеді.

Қазіргі кезде Қазақстанның көптеген өңірі экологиялық апатты аймақ деп аталады. Соның мысалына Семей полигонын атауға болады. Оның аумағы шамамен 18 мың км алқапты қамтиды. Семей полигонында 1949-1989 жылдар аралығында шамамен 500-ге жуық жарылыс болып,сынақтар өткізілген. Осындай жойқын жарылыстардан Семей өңірінің табиғаты да,халқы да өте ауыр зардап шегуде. Мұндай әр түрлі деңгейде жүргізілген сынақтар мен арнайы жарылыстар Қазақстанның 34 жерінде жүргізілгені белгілі болып отыр.

Қазақстанда атом энергиясын халық игілігі үшін пайдалану мақсатында 1963 жылдан бастап Ақтау қаласында Каспий теңізінің суын тұщыландыру қондырғысы жұмыс істейді. Ол қондырғы “БН-350” деп аталады. Онда тәулігіне 120-150 мың м теңіз суы тұщыландырылады.

Көрнекті ғалым В.И.Вернадскийдің айтуы бойынша,адам қуатты геологиялық күшке айналып отыр. Ноосферадағы табиғат пен қоғам арасындағы өзара үйлесімділікті сақтау,биосфераны жасампаздықпен көркейту жер бетіндегі барлық адамдардың бірлесе отырып,жұмыла жұмыс атқаруын қажет етеді.








Дата добавления: 2016-02-04; просмотров: 2378;


Поиск по сайту:

При помощи поиска вы сможете найти нужную вам информацию.

Поделитесь с друзьями:

Если вам перенёс пользу информационный материал, или помог в учебе – поделитесь этим сайтом с друзьями и знакомыми.
helpiks.org - Хелпикс.Орг - 2014-2024 год. Материал сайта представляется для ознакомительного и учебного использования. | Поддержка
Генерация страницы за: 0.005 сек.