Тақырып 9: Биосферанын әрекет етуінін заңдылыктары

1. Биогеоценоздар биосфераның негізгі кұрылымдық элементтері ретінде.

2. Биогеоценоздар үлгілері.

3. Заттың, энергияның (күн сәулесі, жарыкгьщ буландыруға жэне атмосфера турбуленциясына шығысы, органикалық заттың фотосинтезі, инфрақызыл сәулелену, микроорганизмдердің тыныс және редуценттік эрекеті) таскындары орманның биогеоценоздар үлгілері ретінде.

4. Бірегей "автотрофсыз" биогеоценоз үңгірлері.

5. Биосферадағы Ле Шательенің кағидасының әрекеті.

6. К. Бэрдің сақталу (үнемділік) заңы.

7. Биотикалық айналымның негізгі буындары.

8. Заттың биотикалык айналымының моделі.

1.Биогеоценоз (био..., гео... және гр. koіnos — жалпы) — тіршілік ету жағдайлары ұқсас, белгілі аумақта өсетін өзара байланысты түрлердің (популяциялардың) тыныс-тіршілік ортасы.

Биогеоценоз терминін 1940 ж. орыс ғалымы В.Н. Сукачев ұсынған. Ғылыми әдебиетте биогеоценозды экологиялық жүйе деп те атайды. Дара бастың зат алмасу және энергия қабылдау процестері биогеоценоз популяциялары арасындағы байланыстардың негізін құрайды. Қоректену әдісіне қарай барлық тірі организмдер автотрофты организмдер және гетеротрофты ағзалар болып бөлінеді.

Биогеоценоздағы зат айналымы тіршіліктің пайда болу процесінде қалыптасып, тірі табиғат эволюциясының дамуы нәтижесінде күрделене түседі. Сондай-ақ, биогеоценозда зат айналымы болу үшін экожүйеде анорганикалық заттардан органикалық заттар түзетін және Күн сәулесінің энергиясын басқа түрге өзгертіп, сол органикалық заттарды пайдаланып, оларды қайтадан анорганикалық қосылыстарға айналдыратын организмдер болады. Биогеоценоздың негізін продуценттер, консументтер, редуценттер құрайды.

Биогеоценозды және онда өтіп жатқан процестерді сипаттайтын көрсеткіштер:

-түрдің алуан түрлілігі (осы биогеоценозды құрайтын өсімдіктер мен жануарлардың түрлерінің саны);

-популяция тығыздығы (бір түрдің аудан немесе көлем бірлігіне келетін дара бастар саны);

биомасса

Биогеоценоз 2-ге бөлінеді.

Табиғи биогеоценоз (тоған, орман, т.б.) — табиғи сұрыпталу нәтижесінде қалыптасатын өздігінен реттелетін күрделі де тұрақты биологиялық жүйе.

Жасанды биогеоценоз — түрлі агрономиялық әдістерді қолдану нәтижесінде алынған агроценоздар. Бұған қолдан жасалатын шалғындықтар, егістіктер мен жайылымдар, қолдан отырғызылатын ормандар жатады.

Биогеоценоз құрылысын барлық уақытта төртке бөлуге болады:

1) абиотикалық орта, яғни өлі табиғаттың барлық факторларының комплексі, одан биоценоз тіршілікке қажетті нәрселерді алады және айырбас өнімдерін сол ортаға бөліп шығарады;

2) жасыл өсімдіктер комплексі, осы биогеоценозда тіршілік ететін барлық организмдерді қажетті органикалық заттармен және энергиямен қамтамасыз етеді. Бұл әрине продуценттер немесе түзушілер, олардың арасында хемосинтездеуші организмдерде бар;

3) консументтер немесе тұтынушылар, бұлар продуценттер жасаған қоректік заттардың есебінен күн көрушілер;

4) редуценттер немесе ірітушілер. Бұларға микроорганизмдер – бактериялар, саңырауқұлақтар немесе қарапайымдар жатады. Редуценттерге жататын организмдер органикалық қосылыстарды минералдік күйге дейін ірітеді. Бұл төрт буынының арасында тығыз байланыс бар (3 сурет).

3 – сурет.Биогеоценоз құрылысы








Дата добавления: 2016-02-04; просмотров: 3637;


Поиск по сайту:

При помощи поиска вы сможете найти нужную вам информацию.

Поделитесь с друзьями:

Если вам перенёс пользу информационный материал, или помог в учебе – поделитесь этим сайтом с друзьями и знакомыми.
helpiks.org - Хелпикс.Орг - 2014-2024 год. Материал сайта представляется для ознакомительного и учебного использования. | Поддержка
Генерация страницы за: 0.006 сек.