Кайнозой дәуірі жэне антропоген. Адамның жаратылуы.

Үштiк кезең. Кайнозой бiрдей емес екi кезеңге бөлiнедi: үштiк және төрттiк. Үштiк кезеңнiң өзiнде сүтқоректiлер құрлық, су, ауаның әртүлi жағдайларына бейiмделiп, мезазойдағы бауырымен жорғалаушылардың орнын басты. Палеоцен мен эоценда жәндiкқоректiлерден алғашқы жыртқыштар түзiледi, ал олигоценде олардан қазiргi кездегi үлкен жыртқыштар: аюлар, мысықтұқымдастары, иттұқымдастары бөлiнiп шықты. Үштiк кезеңнiң бiрiншi жартысында жыртқыштар теңiзге өте бастады, олардың ұрпақтары – ескекаяқтылар мен киттәрiздiлер. Ежелгi палеоцендi жыртқыштардан алғашқы тұяқтылар шықты, кейiн олар: жұпаяқтылар, тақаяқтылар, пiлтұмсықтылар бұтақтарын бердi.

Үштiк кезеңнiң бiрiншi жартысында (әсiресе олигоценде) тропикалық және субтропикалық ормандар кең таралды, ал үштiк кезеңнiң соңына қарай (плиоценде) құрлықтың далалану процесi басталды. Венгриядан Монголияға қарай жайылған қоңыржай аймағында өскен тропикалық және саванналық ормандар климаттың құрғауына байланысты ашық ландшафтарға ауысты. Бұл өзгерiстер дәндi дақылды өсiмдiктердiң дамуына әкеп соқтырды, олар жабықтұқымдылардың жеке тобы және құрғақ, маусымды-қуаңшылық климатта тiршiлiк етуге бейiмделген. Дәндi дақылдардың пайда болуы мен таралуына байланысты далалар, саванналар, прериялардың үлкен аудандары да түзiлдi. Сонымен бiрге, шөптесiн дәндi дақылдардың жақсы қорытылатын және қорекке бай тұқымдары, жапырағы мен бұтақтары сүтқоректiлердiң тез дамушы топтарына тамаша қорек болды.

Құрлықтың далалануына байланысты сүтқоректiлер жабыны жоқ ортаға түстi. Сүтқоректiлердiң бiр тобы (тышқандар) эволюциясында күрделi iндер салу жолымен жүрдi, ал үлкен түрлерi (бөкендер және жылқылар) миграцияланған көшпендi тiршiлiк түрiне көштi. Бiртiндеп саусақ саны азая бастады. Мысалы, ашық кеңiстiкке көшу жылқылардың ата-тегiнiң үш саусақтылықтан бiр саусақты түрге өтуiнiң қарқынды эволюциясына мүмкiншiлiк жасайды. Далаларды басып алу, табының мөлшерiнiң өсуiне, жанұя — топтық тiршiлiк табынды — үйiрлiгi өтуiне әкеп соқтырды. Таулы — орманды бөкен — горалланың кiшкене табынын дала сайғағының мыңдаған табынымен салыстырыңыз. Орман бұғысы: асыл маралдар, тарғыл изюбрлар — ешқайдан 20-30 бастан көп табын түзбейдi. Сiбiр бұғысының орманды түрасты үшiн үлкен топтары да белгiсiз, ал ашық ландшафтың мекендеушiлерi — тундралы сiбiр бұғылары үлкен табын түзедi.

Бiр сигналдар орнына сыртқы дүниеден сезiм мүшелерi қабылдайтын басқа сигналдар келедi. Орманда желденетiн ашық кеңiстiктерге қарағанда, иiс ұзақ сақталады. Сондықтан орман мекендеушiлерiнде маңызды орын алатын иiс пен дәм, ашық кеңiстiкте жануарлар арасындағы арақашықтық алыс болатындықтан маңызды емес. Табындағы иiс, дәм, көру және қимылдар екiншi орынға көшедi, ал дыбыс сигналдар мен есту мүшесi бiрiншi орынға шығады.

Үштiк кезеңнiң бiрiншi жартысында сүтқоректiлердiң қазiргi отрядтары түзiлдi, ал ортаңғы кезеңiнде адамтәрiздi маймылдар мен адамдардың жалпы ата-тегi кең тарады.

Құрлықтың далалануы мен орман аудандарының қысқаруына байланысты адамтәрiздi маймылдардың бiр түрi орманға кеттi, екiншiлерi ағаш басынан жерге түсiп, ашық кеңiстiкте орын тептi. Соңғыларының ұрпағы үштiк кезеңде пайда болған адамдар болып табылады.

Төрттiк кезең; қазiргi кездегi ландшафтардың түзiлуi. Төрттiк кезең шамамен 1-1,5 млн жылға созылды. Уақыттың көп бөлiгi мұздық ғасырға- плейстоценге келедi. 12000- 20000 соңғы жылдарда соңғы ғасыр — голоцен болады. Плейстоценнiң басында Европа және СССР фаунасы жылу сүйгiш болды, көптеген субтропикалық түрлердi сақтады. Плейстоцен барысында Евразия және Солтүстiк Америка территориясы төрт рет мұздануға ұшырады. Мұздың тiлшесi Скандинавиядан басталып, Киевке, Харьковск және Воронежге жеттi. Антарктида, Исландия, Солтүстiк Жер, Франц-Иосиф Жерi, Памир және Тянь-Шянь мұздығы төрттiк мұзданудың қалдықтары.

Төрттiк кезең барысында мастодонттар (ежелгi пiлдер), мамонттар, қылыштiстi жолбарыс, үлкенмүйiздi бұғылар жойылды. Үлкен сүтқоректiлердiң жойылуына ежелгi аңшылар себеп болды. Олар мамонт пен Евразиядағы жүндi мүйiзтұмсықты, мастодонттарды, жылқыларды Америкадағы теңiз сиырларын құртып жiбердi. Үлкен жыртқыштардың жойылуы (үңгiр арыстаны, үңгiр аюы) адамның олардың жемтiгiн – үлкен тұяқтыларды жойып жiберуiмен байланысты.

Мұздану аймағындағы жылудың терiс балансы су буының қар түрiнде конденсациялануына әкеп соқтырды, ал мұздар мен қардың еруi жыл сайын түскен қардан аз су бердi. Құрлықта мұздың үлкен қорының жиналуы дүниежүзiлiк мұхиттың деңгейiнiң түсуiне әкеп соқтырды. Нәтижесiнде континентальдi Европа мен Британдық аралдар, Азия мен Солтүстiк Америка, Приамурье мен Сахалин арасында Үндi Қытай жартылай аралы мен Зонд архипелагының аралдары арасында құрлықтық көпiр түзiлдi. Құрлықтың бұл бөлiктерi арасында жануарлар мен өсiмдiктер арқылы алмасу жүрдi.

Құрлықтағы жануарлар мен өсiмдiктер арасындағы жолдар болатын құрлықтық көпiрлер бұрын араласатын теңiздер арасындағы фауна және флора алмасуына кедергi жасады. Азия мен Австралия арасында құрлықтық көпiрдiң болмауы, қарапайым сүтқоректiлер — клоакалы және қалталыларға өмiрiн сақтап қалды, олар үштiк кезеңде басқа континенттегi плацентарлы сүтқоректiлермен ығыстырылған.

Ескi дүниеде (Мадагаскардан басқа) адам 500 мың жыл бұрын мекендей бастады,. Соңғы мұзданудан бұрын (шамамен 35-40 мың жыл бұрын) қазiргi Беринг бұғазы арқылы өтетiн құрлықтық көпiр арқылы ежелгi аңшылар Азиядан Отты жерге дейiн қоныстанған Солтүстiк Америкаға өттi. Мұздықтардың еруi барысында мұздықтан босатылған территорияларға адамдардың екiншi қоныстануы жүрдi.

Шамамен 10000 жыл бұрын Жердiң жылы аудандарында (Орталық теңiз, Таяу Шығыс, Индия, Қытай) жануарларды үйге үйретiп, өсiмдiктердi мәдени түрге айналдыра бастады.

Адамның жинау мен аңшылықтан егiншiлiк пен мал бағуға өтуiмен байланысқан, «неолитикалық революция» басталды.

Адамның белсендi қызметi: жер жырту, ормандарды сиретiп, өртеу, жайылымдарды жасап, үй жануарларымен шөптердi таптау, тiкелей жою- көптеген дала жануарлар ареалының қысқаруы мен жойылуына (тур, тарлан), шөлдер ауданының кеңеюiне (Сахара, Қарақұм), қозғалғыш құмның пайда болуына әкеп соқтырды.

Ескi дүниедегi бүкiл төрттiк кезең адамның қатысуымен жүрдi. Бұл органикалық дүниенiң қазiргi кездегi түрлiк құрамын анықтады, организмдердiң қазiргi биогеоцендарды түздi және қазiргi аймақтылыққа әкеп соқтырды. Түртүзiлу мен таралуында құрлықтық көпiрлер, мұздықтармен изоляциялану үлкен роль атқарды. Төрттiк кезең бойы көптеген түрлер мен түрастылар дамыды.

Рамапитек Австралопитек Питекантроп



Адам эволюциясын антропология ғылымы зерттейді. Антропология Х1Х ғасырдың екінші жартысында Дарвиннің эволюциялық теориясы ашылғаннан соң күрт дами бастады.

 

 

Археологиялық қазба кезінде табылған Ramapіthecus миоцен – плиоценде тіршілік еткен адам тәрізді маймылдың қалдықтары, гоминидтер тармағының бастапқы түрі, яғни олар адам мен оған туыстастардың арғы тегі деп саналды. Бұл маймылдың қалдықтары ндістан мен Пәкістаннан, Таяу Шығыс пен Неандерталдық Кроманьондық Homo sapіens Балканнан, тіпті Африкаға дейінгі континенттерден табылды (“рамапитектер” алғаш рет Үндістаннан табылып, Рама құдайының құрметіне соның атымен аталған).


1960 жылы ағылшын археологы Л.Лики Шығыс Африкадан миының көлемі 670 см3, болып табылатын 18 – 2.5 млн жылдар арасында тіршілік еткен “шебер адамның” қалдықтарын тапты.

 

Осы қабаттардан олардың өзен тастарынан жасап шығарған, ұштары үшкір еңбек құралдары да табылды. Осыған байланысты қазіргі ғылымда бұдан 2.5 млн жыл бұрын Шығыс Африкада адам мен адам тәрізді маймылдар тармақтары бөлінген, яғни адам мен шимпанзенің эволюциялық линиялары екіге бөлінген деген көзқарас бар. Бұл тұжырымдар “молекулалық сағаттар” деп аталатын өлшемдер арқылы дәлелденді. Нүктелік мутациялар әсерінен гендердің өзгеру жылдамдығы (ДНК негіздерінің кейбір жұптарының өзгеруі) ұзақ уақыт бойына тұрақты болып, оны осы эволюциялық тармақтың негізгі түбірінен бөліну мерзімін анықтау үшін қолдануға болады.

Ғалымдар дәл осы Шығыс Африкада адамдардың пайда болу себебі ретінде, осы аймақта уран кен орындарынан бөлініп шығатын радиацияның жоғарғы дозаларының әсерінен болған мутациялық үрдістерді көрсетеді. “Шебер Адамды” австралопитектерге (“оңтүстік маймыл”) жатқызады, олардың қалдықтары 1924 жылы Африкадан табылған. Австралопитектердің миының көлемі адам тәрізді маймылдардың миының көлемінен үлкен емес, бірақ олар еңбек құралдарын жасай білген. Ява аралынан 1891 жылы табылған қалдықтар питекантроп деп аталды. 0.5 млн жыл бұрын өмір сүрген питекантроптардың бойы 150 см, ми көлемі 900 см3 болып, олар пышақ, бұрғы, т.б. қолдан жасалған кескіш құралдарды пайдаланған.

ХХ ғасырдың 20 жылдарында Қытайдан “синантроп” (“қытайлық адам”) табылды, оның миының көлемі питекантропқа жақын болып және олар от жағып, ыдыстарды пайдалана білген, бірақ түсінікті сөз сөйлей алмаған.

1856 жылы Германиядағы Неандерталь жазығында 150-40 млн жыл бұрын өмір сүрген тіршілік иелерінің қалдықтары табылды, олар неандерталдықтар деген атқа ие болды. Неандертальдықтардың миының көлемі қазіргі заманғы адамдардың миына жақын, бірақ маңдайы шығыңқы, қас үстіндегі доғасы, бас сүйегі төмен болып, мамонттарды аулап, үңгірлерде тіршілік еткен.

Ең соңында, 1868 жылы Францияның Кро-Маньон үңгірінен бас сүйегінің формасы мен көлемі (1600 см3) қазіргі заманғы адамдарға жақын, бойы 180 см, 40-15 мың жыл бұрын өмір сүрген тіршілік иелерінің қалдықтары табылды. Бұлар нағыз “саналы адамдар” болып саналды. Осы дәуірде нәсілдерге бөлінушілік пайда болғандығы белгілі. Жекелеген бөлек топтарда ерекше белгілер (ақ нәсілділерде –ашық түсті тері, т.б.) қалыптаса бастаған.

Біздің заманымыздың жаратылыстану ғылымы тұрғысынан алғанда, қазіргі адамдардың арғы тегінің тізбегі төмендегідей көрсетіледі: адам мен жоғары сатыдағы маймылдардың ғылымға белгілі ең ертедегі тегі – рамапитек – шамамен 14 млн жыл бұрын ндістаннан Африкаға дейінгі аумақта өмір сүрген. Олардан 10 млн жыл бұрын орангутангтің арғы тегі, Азияда тіршілік еткен – сивапитек бөлінген. Ғылымдағы мәліметтер бойынша, адам тәрізді тіршілік иелері басқа приматтардан 4 млн жыл бұрын бөлінген. Горилла, шимпанзе және адамның ортақ тегі – австралопитек – Африкада 2-4 млн жыл бұрын тіршілік еткен. Австралопитектер зинджантроптың арғы тегі болуы мүмкін. Африкада қабілетті адамның қалдықтары – зинджантроп табылды, ол 2-2.5 млн жыл бұрын өмір сүрген, осы жерлерде 2.5 млн жыл бұрын пайдаланылған ертедегі еңбек құралдары және тұрмыстық заттардың қалдықтары табылды. Зинджантроптарадамдар сияқты тік жүріп, олардың қол сүйектері жақсы дамыған. “Шебер” деп аталуының себебі, олар алғашқы рет тастан жасалған еңбек құралдарын пайдаланған. Осыдан кейін, қазіргі заманғы адамдардың дамуы төмендегідей жүрді: 1.9-0.65 млн жыл бұрын питекантроп; 400 млн жыл бұрын синантропжәне түрлі мәліметтер бойынша 150-40 млн жыл бұрын өмір сүрген (Homo sapіens – тің ертедегі түрі) неандерталдықтар. Homo sapіens 100 млн жыл бұрын ғана пайда болып, оның қазбалары кроманьондықтар деп аталды.

Бұл жерде, антропогенездің – түп түзу сызық бойынша жүретін үрдіс еместігін көрсету керек. Адам эволюциясының жануарлардан адамға дейінгі өту сатылары түзу сызық бойынша жүрген жоқ. Табиғатта гоминидтердің бір ғана емес, бірнеше тармақтары болған және олардың көпшілігі конкуренцияға шыдай алмай жойылып кетуі әбден мүмкін.

Кейбір ғалымдар адам эволюциясының белгілі бір тармағында пайда болған неандерталдықтар гибридтену процесінің немесе олардан гөрі күштірек жетілген тіршілік ортасына жақсырақ бейімделген қарсыластарымен тіршілік үшін күрес нәтижесінде жойылып кеткен деп жорамалдайды.

Ғалымдардың екінші бір тобы түрлі генетикалық зерттеулер нәтижесінде дәлелденген пікірді жақтап, үстін жүн басқан неандерталдықтардың арасында мутацияның әсерінен аналық адам - алғашқы Ева пайда болған, неандерталдық осы алғашқы Евадан және бірнеше аталық адамдардан қазіргі адам баласы пайда болды да, қалған неандерталдықтар эволюция процесінің барысында жойылып кетті деп түсіндіреді.

Сонымен адам эволюция процесінің нәтижесінде адам тәрізді приматтардан пайда болған. Адам организмінің клеткалық құрамы жануарлардағы сияқты нуклеин қышқылдары мен белоктардан тұрады. Адам организмінің көптеген құрылымдары мен функциялары да жануарлардағыдай.

Эволюциялық шкалада жануарлар неғұрлым жоғары сатыда болса, олардың адаммен ұқсастықтары да соғұрлым жақын. Барлық жануарлардың ішінде генетикалық аппараты жөнінен адамға ең жақыны шимпанзе. Адамның ұрықтық даму стадиялары басқа организмдердің эволюциясындағы даму стадияларымен бірдей. Адамдардың жануарларда өте маңызды функциялар атқаратын кейбір органдары рудимент түрінде сақталып қалған (мысалы, соқыр ішек, шаш, жүн). Дегенмен, адамның жануарлардан айырмашылығы ерекше.

Олардың ішіндегі ең маңыздысы – ақыл-ой. Жануарларда да қуану, ренжу, қайғыру сияқты сезімдер мен қызығушылық, көңіл аудару, есте сақтау сияқты қасиеттер бар. Бірақ, ең жоғарғы сатыдағы жануарлардың түсінікті ойлау қабілеті жоқ, яғни олардың белгілі бір заттар мен олардың негізгі қасиеттері туралы түсініктері жоқ. Адамның түсінікті ойлау қабілеті неғұрлым жоғары болса, соғұрлым оның санасы да жоғары болып саналады.

Адамның екінші ерекшелігі – оның сөйлеу қабілеті. Жануарларда өз кезегінде басқалармен қарым-қатынасты белгілердің көмегімен жүзеге асырады. Бірақ адамдарда, И.П.Павлов “белгілердің екінші жүйесі” деп атаған (жануарларда бірінші белгілік жүйе) сөз арқылы қарым-қатынас жүзеге асырылады. Адамзат қоғамы жануарлардан осы арқылы ерекшеленеді.

Үшінші ерекшелік – еңбек ету қабілетілігі. Әрине, барлық жануарлар белгілі бір жұмыс атқарады, ал жоғары сатыдағы жануарлар болса, оладра тіпті біршама күрделі жұмыс түрлеріне де қабілетті болады. Мысалы маймылдар ағашта өсіп тұрған жемісті таяқтың көмегімен түсіреді. Жалпы еңбек құралдарын жасай білетіндер тек қана адамдар. Жануарлар қоршаған ортаға бейімделе алады, ал адам оны өзгертеді, яғни адамдаы адам еткен еңбек деген тұжырымдарға осы негіз болады деуге болады. Адамның еңбек ету қабілетіне байланысты қалыптасқан тағы да басқа ерекшеліктері бар. Олар – тік жүру, соның нәтижесінде қолдың босанып дамуы, әсіресе бас саусақтың жақсы жетілуі және отты пайдалану.

Адамның жануарлардан ең басты ерекшектері: еңбек, түсінік бойынша ойлау мен сөйлеу – адамның жануарлардан бөліну жолдарында қалыптасқан ең маңызды белгілер болды.

Жер қатты деген түсінік адамдардың санасында берік орын тепкен, сол себепті болар материктердің алып мұздар секілді ағып жүретінін және үнемі қозғалыста болатындығы түйсіну қарапайым сана үшін әлі де өте күрделі.

Дүние жүзінің географиялық картасына қарайтын болсақ, континеттердің жағалаулары үлкен су кеңістіктерімен қоршалғандығын және континенттерді бір біріне жақындатқанда жағалаулары дәлме – дәл келетінін байқауға болады. Шынымен де, жердің тарихының өте ертедегі кезеңдерінде бұл континенттер біртұтас болған деп айту да негізсіз емес. Кейінірек олар бөлініп, әлі күнге дейін Атлант мұхитын кеңейтіп жан-жаққа қарай жылжу үстінде.

Материктердің қозғалатындығы туралы идеяны Х1Х ғасырдың екінші жартысында А.Снайдер-Пеллегрини, америкалық геолог Ф.Тейлор (1910) және неміс геофизигі А.Вегенер (1912) ұсынды. Жер эволюциясы теориясының ішінде мобилизм теориясының пайда болуы А.Вегенердің есімімен байланысты, ол бұл теорияны 20 жылдардың соңына дейн толыққанды зерттеп қалыптастырды. Мобилизм теориясының қазіргі кезде төрт түрлі – геоморфологиялық, геологиялық, палеонтологиялық және палеоклиматологиялық фактілер тобына негізделіп, дәлелденген.

Қазіргі кезде, Жердің қабығы алты негізгі литосфералық плиталардан – Евроазиялық, Африкалық, Индо-Австралиялық, Тынық мұхиттық, Америкалық және Антарктикалық плиталардан тұратыны анықталды. Олардың араларында кішігірім плиталар орналасқан. Бұл плиталар салыстырмалы түрде тұрақты. Себебі олар тұтқыр жабысқақ мантияның үстінде сырғып қозғалады. Мантияның заттары терең қабаттардағы жоғары температуралардың әсерінен болатын конвекциялық ағыстардың нәтижесінде үнемі қозғалыста болып тұрады.

Плиталар арасындағы шекаралар геологиялық белсенді аймақтар болып саналады. Олардың біреулері бір-біріне қарама-қарсы бағытта қозғалып жатса, екінші біреулері бірінің үсітіне бірі шығып, үшіншілері жан жаққа жылжып, тағы да басқалары бір - біріне қарама қарсы бағыттарда қозғалып жатады. Тап осы

Пангеяның палеозой эрасынын соңындағы құрлысы литосфералық плиталардың шекараларында жер сілкінулер мен вулкандар атқылауы байқалады.Литосфералық плиталардың ажырау жылдамдықтары әртүрлі, мысалға: Атлант және Тынық мұхиттың солтүстік бөліктерінде бұл жылдамдық жылына 2-2.5 см. болса, Тынық мұхиттың шығыс бөлігінде 10-12 см – ге тең.

Геологтардың мәлімдеуі бойынша, осы тектоникалық белсенділіктің жоғары кезеңдерінде магматизм де жоғарылайды. Вулкандардан бөлінген жыныстардың жастарын анықтау арқылы қысқа миллиондаған жылға ғана созылған тектоникалық-магмалық кезеңдердің анағұрлым ұзақ, 150-500 млн жылға созылған салыстырмалы тыныштық күйдегі эралармен кезектесіп отыратындығы дәлелденді. Жердің алғашқы миллиард жылындағы тіршілігі (катархей эрасы) туралы ешқандай геологиялық мәліметтер жоқ. Болжамдар бойынша, катархей эрасында базальтты лавалар атқылаған күшті вулкандар нәтижесінде алғашқы атмосфера, мұхит және мұхитқа ұқсас жер қабығы пайда болған. Шөгінді жыныстардың граниттену процестері бұдан 3.5-2.7 млрд жыл бұрын болашақ континенттердің ядроларының түзілуіне себеп болған.

 

Тақырып 7: В.И. Вернадский - биосфера туралы ілімнің негізін салушы

1.В.И. Вернадскийдың биосфера туралы ілімді құрастыру тарихы.

2.В.И.Вернадскийдьщ очерктері: «Ғарыштағы биосфера» және "Өмірдің аймағы".

3.Биосфераның тірі заты туралы концепция.

4.Биосферадағы тірі заттың глобальды рөлін аныктау.








Дата добавления: 2016-02-04; просмотров: 6012;


Поиск по сайту:

При помощи поиска вы сможете найти нужную вам информацию.

Поделитесь с друзьями:

Если вам перенёс пользу информационный материал, или помог в учебе – поделитесь этим сайтом с друзьями и знакомыми.
helpiks.org - Хелпикс.Орг - 2014-2024 год. Материал сайта представляется для ознакомительного и учебного использования. | Поддержка
Генерация страницы за: 0.023 сек.