Протерозой заманында тіршіліктің дамуы

Қандауырша Протерозой заманында тіршілік еткен

— Жердің тарихи дамуындағы ең ұзаққа созылған заман. Архейде пайда болған прокариоттар — көк-жасыл балдырлар және бактериялармен қатар бір жасушалы жасыл балдырлар пайда болды. Бұлар нағыз эукариотты организмдер болып саналады.Протерозой заманында тіршілік еткен организмдердің басым көпшілігі — теңіз ішекқуыстылары, буылтық құрттар, ұлулар болды. Бұл заманның соңында хордалылар пайда болды. Олардың бір өкілі қандауырша (ланцетник) осы күнге дейін тіршілік етеді. Протерозой заманындағы хордалылардың пайда болуы ең ірі ароморофоздық құбылыс, өйткені ароморфоздың ерекшеліктері:

· бұлшық еттері бекіну үшін тірек болатын хорданың пайда болуы;

· түтік тәрізді орталық жүйке жүйесінің болуы жануарлардың белсенділік қабілетін арттырады;

· суда тыныс алатын желбезектің дамуы.

Бұл күрделі ароморфоздық белгілер хордалылардың жаңа кластарының пайда болуына себепші болды. Протерозой заманында табылған жыныстардан фотосинтез процесінің нәтижесінде су мен атмосферада оттектің көп жиналғандығы анықталды. Бактериялар мен бір жасушалы балдырлардың тіршілік әрекетінен су жағалауларында топырақ түзілу процестері байқала бастады.

Тіршіліктің кұрлыққа шығу жағдайын жасауда тірі организмдердің рөлі.

Тас көмір кезеңі — жерде тас көмірдің қалың қабаты болғандықтан солай аталған. Бұл кезеңде ауа райы ылғалды, жылы болып, батпақты жерлердің көлемі арта бастады. Биіктігі 30—40 м ені 1-2 м ағаштектес плаундар-лепидодендрон мен сигиллярия, каламиттер қалың орман болып өскен. Тас көмірдің орта кезінде жер бетінде өсімдіктер кеңінен таралды. Тұқымды қырықжапырақтардан ашықтұқымдылар таралып, эволюцияда өсімдіктердің тұқыммен көбею жолы пайда болды. Девонның соңында пайда болған стегоцефалдар (сауытбасты қосмекенділер) кең тарала бастады. Стегоцефалдардың дене пішіні қазіргі тритондар мен саламандраларға ұқсаған әрі олар уылдырық шашып көбейген. Олардың итшабақтары суда дамыған әрі желбезекпен тыныс алғандықтан қосмекенділердің дамуы осы күнге дейін сумен тікелей байланысты.

Пермь кезеңі

Пермь кезеңінің аты сол кезеңнің тау жыныстары табылған қаланың атымен аталған. Пермь кезеңінде тау сілемдері түзіліп, құрлықтың көлемінің ұлғаюы ауа райының өзгеруіне де әсер етті. Экваторда ылғалды тропиктік, одан солтүстікке қарай ыстық әрі құрғак ауа райы болғандықтан, батпақты, ылғалды жерде өскен ормандар, кырықбуындар, қырықжапырақтар, плаундар біртіндеп азайып жойылды. Олардың орнын тұқымды өсімдіктер басты. Ең алғашқы тұқымды өсімдіктер — ашықтұқымдылар болды. Жануарлар дүниесінде де едәуір өзгерістер байқалды. Трилобиттер, палеозой маржандары, құрғақ ауа райына төзе алмаған қосмекенділер де жойылды.

Тритон

Тек бақа, құрбақа, тритон, саламандра, аяқсыз космекенділер ғана сақталып қалды. Жойылған қосмекенділердің орнына құрлықка жақсы бейімделген терісі мүйізді қабыршақпен немесе сырты қатты кабықпен қапталған, сары уызға бай жұмыртқа салып көбеюге бейімделген, тыныс алуы, қан айналымы жақсы жетілген бауырымен жорғалаушылар пайда болды. Олар жер бетіне кең тарала бастады. Бауырымен жорғалаушылардың ішінде қосмекенділер мен бауырымен жорғалаушылардың аралық формасы ұзындығы 25 см, денесі кесірткеге, басы бақаға ұқсаған балықпен қоректенетін бақакесірткелер тіршілік етті.








Дата добавления: 2016-02-04; просмотров: 4676;


Поиск по сайту:

При помощи поиска вы сможете найти нужную вам информацию.

Поделитесь с друзьями:

Если вам перенёс пользу информационный материал, или помог в учебе – поделитесь этим сайтом с друзьями и знакомыми.
helpiks.org - Хелпикс.Орг - 2014-2024 год. Материал сайта представляется для ознакомительного и учебного использования. | Поддержка
Генерация страницы за: 0.004 сек.