Жер бетінде тіршіліктің пайда болуы туралы қысқа тарихы. А. Опаринның ілімі.
Тірі табиғаттың пайда болуы мен тіршіліктің мәніадамзаттың өзін қоршаған ортаны түсініп білуінде, өзінің табиғаттағы орнын анықтауында үлкен қызығушылық тудырды.
Жалпы, ғылымда тіршілік пайда болуы туралы 5 концепция бар:
1) креационизм, немесе тіршілікті құдай жаратуы;
2) тіршіліктің өз-өзінен пайда болуы туралы концепция;
3) стационарлық күй концепциясы;
4) панспермия концепциясы;
5) жер бетінде тіршіліктің өткен тарихи кезеңдерде физикалық және химиялық процестердің нәтижесінде пайда болуы туралы концепция.
1-ші концепция діни тұрғыда болғандықтан, ғылымға тікелей қатысы жоқ. Ежелгі гректің атақты ғұламалары, философтар Платон мен Аристотель осы көзқарасты устанған адамдар болды. Сонымен қатар, бүл сұраққа басқаша жауап берген философтар мен ғалымдар болды. Олар тірі табиғат және басқа да обьективті дүниені түсініп, та-нып білу үшін ешқандай қупия рух бастамасы қажет емес деп тапты. Дәл осындай көзқарасты натурфилософтар, Милет мектебінің өкілдері де қолдады.
Осы екі түрлі көзқарас жаңаланған түрде қазіргі кезде де ғылыми дүниетанымда орын алған. Осы уақытқа дейін ғалымдар мен теологтардың кейбір топтары тіршіліктің мәнін жоғарғы материалды, тәжірибе арқылы қолжеткізуге болмайтын бастаудан іздейді.
Сонымен бірге, тіршілік ерекшеліктері туралы сұрақтарға механистикалық тәсіл де қанағаттанарлықтай жауап бере алмайды.
Сонымен, XIX ғасырға дейін ғалымдардың көпшілігі тіршіліктің әр турлі материалды дүниеден, атап айтқанда, шіріген топырақтан, қалдықтардан тағы басқа өздігінен пайда болғандығы туралы идеяны ұстады.
Бұл көзқарасты ұстанған ірі ғалымдар мен ойшылдар: Аристотель, дәрігер Парацельс, эмбриолог Гарвей, Коперник, Галилей, Гете, Декарт, Шеллинг тағы басқа. Олардың ғылыми дүниетанымдағы бе-делі бул көзқарастың ұзақ уақыт қалыптасып тұруына әсерін тигізді. XVII ғасырда Ф.Редидің жасаған тәжірибесі бұл көзқарасты дәлелдей алмады.
XIX ғасырдың 60-шы жылдарында нақты ғылыми турғыдан бул концепцияның дурыс еместігіне көз жеткізілді.
Луи Пастердің жасаған тәжірибелері де организмнің кездойсоқ жағдайларда пайда бола алмайтынын дәлелдеді. Бірақ тіршіліктің қайдан пайда болғаны туралы сұрақтарға нақты жауап бере алмады.
Мөлшермен осы уақытта (1865 ж.) космогония мен физиканы уштастыра отырып неміс ғалымы Г.Рихтер жер бетіне жанды заттар-дың космостан енуі туралы панспермиялық теорияны жасады. Бул идея бойынша тірі организмдердің ең алғашқы урығы жер беріне ме-теориттер мен космостық шаңдар арқылы түсіп, тіршілік эволюциясы-ның бастауын берді. Панспермия концепциясын қолдағандардың ішінде ірі ғалымдар С.Аррениус, Г.Гельмгольц, В.И.Вернадский болды.
Бірақ бұл гипотеза да әлі ғылыми тұрғыдан негізделген жоқ. Өйткені, тірі организмдер өмір сүру үшін қажетті жағдайлардың спектрі кең болғанымен, космостағы тірі организмдерді ультракүлгін және космостық өткір сәулелер жойып жіберген болар еді. Оның үстіне бұл гипотеза тіршілік пайда болуының мәселелерін шеше алмайды, тек қана оны жерден тыс космосқа алып шығады. Ал бұл жағдайда ондағы тіршіліктің бастауы неде? Бұған байланысты тіршілік космоста мәңгілік деген тағы бір гипотеза бар.
Панспермия гипотезасымен қатар, қазіргі ғылыми әдебиеттерде жер бетінде тірі молекуланың кездейсоқ жағдайда (бір-ақ рет) пайда болу туралы гипотеза тірі молекуланы тәжірибелік жағдайда қайтадан алу мүмкіндігін жоққа шығарады.
Бұл гипотеза туқым қуалаушылық қубылысындағы ДНК-ның рөлі анықталғаннан кейін генетиктер арасында кеңінен таралды. Көп уақты бойы «тірі молекула» жобасы ретінде темекі мозаикасы нуклепротеид вирусының бөлшегі саналып келді, бірақ кейін белгілі болғандай, ал-дымен тіршілік қалыптаспай, вирустардың өмір сүруі мүмкін емес.
Сондықтан, тіршілікті материя қозғалысының ерекше формасы ретінде және оның белгілі бір даму сатысында пайда болдатындығы туралы көзқараспен қарастыру дурысырақ болады. Әрине, тіршілік пайда болуында кездейсоқтың элементі бар, дегенмен, оның езі бір қажеттіліктен, заңдылықтан туындаған қубылыс.
Осыған байланысты, бүгінгі күнде жаратылыстануда ең бір бола-шағы бар ғылыми бағыт болып тіршіліктің біздің планетамызда өлі материядан өзіндік уйымдасу процесі кезінде пайда болуын зерттеу саналады.
Дата добавления: 2016-02-04; просмотров: 8405;