А.И.ОПАРИННІҢ КОНЦЕПЦИЯСЫ ЖӘНЕ ОНЫҢ ТІРШІЛІК ПАЙДА БОЛУЫ МӘСЕЛЕЛЕРІН ШЕШУДЕП РӨЛІ
Тіршілік пайда болуы туралы әр түрлі концепциялар мен гипотезалар ішінде А.И. Опариннің концепцияның маңызы зор болды. Ғалымның жүргізген зерттеулерінің биікке көтерілген тусы 1950-1970 жылдар болды, ал оның негізгі еңбегі - «Тіршіліктің пайда болуы» 1924 жылдың өзінде-ақ жарық көрген болатын. Сол кездің өзінде бұл еңбекте Опарин гипотезасының негізгі идеясы қаланған болатын. Оның идеясының ең негізгісі - Жер бетінде тіршіліктің пайда болуы -тірі материяның өлі материя қойнауында қалыптасуының узақ эволюциялық процесі.
Опарин химиялық эволюцияның жаңа идеясын ұсынды - күшті әсер етуші физикалық-химиялық факторлардың (температураның, ультракүлгін және рентген сәулелерінің, үлкен қуатты электр разряд-тары мен атмосфералық қысымның) әсер етуінен кейбір бейорганика-лық қоспалар органикалық «тіршілік кірпіштеріне» - амин қышцылдарына, нуклеозидтер мен нуклеотидтерге, қарапайым поли-сахаридтер мен химиялық энергияны
сақтауға қабілетті АТФ молеку-лаларына өздігінен айналуы жүзеге асады. Клетка 70% оттегі, 17% көміртегі, 10% сутегі және 3% азоттан тұрады. Тіршіліктің негізін қурайтын бул химиялық элементтер әлемдегі ең тұрақты және көп таралған элементтердің қатарына жатады. Олар бір-бірімен оңай қосылыс түзеді және атомдық салмақтары да аз. Олардың қосылыстары суда жылдам ериді.
Ежелгі кембрийге дейінгі шөгінді жыныстарды химиялық және па-леонтологиялық жолмен зерттеу, әсіресе көптеген жобалық экспери-менттер күрделі органикалық қосылыстардың пайда болу жағдайын түсінуге көмектесті.
Тіршілік белгілі бір физикалық-химиялық жағдайларға байланы-сты (температура, судың болуы тағы басқа). Сонымен бірге тіршілік пайда болуы үшін температураның, ылғалдылықтың, цысымның, ра-диация деңгейінің, әлем дамуы мен уақыттың белгілі бір диапазоны болуы керек.
А.И.Опарин «Тіршілік пайда болуы» еңбегінде ол су буы, аммиак, циан, металл тағы басқа заттардан туратын газ қоспасына электр разряды, жылу энергиясы, ультракүлгін сәулелер әсер еткен кезде Жер гидросферасында коэцерваттық тамшылар деп аталатын коллоидты жүйе пайда болатынын экспериментті түрде дәлелдейді.
Бұл коэцерваттардың маңызды қасиеті - сыртқы ортадан әр түрлі органикалық заттарды сіңіруі болды, ал буның өзі қоршаған ортамен алғашқы зат алмасудың мүмкіндігін қамтамасыз етті. Ал қалыптасып келе жатқан «табиғи сұрыпталу» ең турақты коэцерваттардың сақталып қалуына әсерін тигізді.
Опариннің сипаттап жазған химиялық микроқурылымы алғашқы метаболизмге (зат алмасу) қабілетті болды, дегенмен гендік ақпарат беретін жүйесі болмады.
Табиғи сурыпталу жағдайында сақталып қалған жүйелердің белоктық және нуклеотиптік полимерлерден тұратын ерекше құрылымы болды, ал бұл тірі заттарға тән үшінші қасиетті - тұқым қуалаушылықты қамтамасыз етті.
А.И. Опариннің концепцияларының ғылыми маңызы өте зор, дегенмен кейбір күшті және сонымен бірге әлсіз жақтары да бар.
Оның концепциясының мықты жағы - оның химиялық эволюцияға нақты сәйкес келуі.
Бұл концепцияның тағы бір мызғымас дәлелділігі - оның негізгі жағдайларын эксперимент арқылы тексеріп көрудің мүмкін екендігі. Ал, концепцияның әлсіз тұсына келетін болсақ, ол генетикалық коды бар молекулярлық жүйелер болмағанда жасушаға дейінгі қурылымдардың өздігінен пайда болу мүмкіндігін жоққа шығармайды. Сондықтан амин-қышқылдарын зертханалық жағдайда синтездеу кезінде химиялық «блоктардың» «бірінші сорпасына», мысалы онсыз (реакция жүрмегенде), ферменттерді қосымша енгізуге жол берілді.
Кейіннен А.И.Опариннің ғылыми мектебінің өкілдері негізінде оның гипотезасының позицияларында қала отырып, бүкіл проблеманың басты сурауының шешілмегендігін мойындады - химиялық жүйелердің өздігінен дамуының және химиялық эволюциядан биоло-гиялық эволюцияға өтуінің қозғаушы күші нақты не болып табылатын-дығы анықталмады.
Дата добавления: 2016-02-04; просмотров: 11091;