Дәріс. Дж. Берналдың тірішіліктің пайда болуы туралы казіргі теориясы.
Тірі организмнің анорганикалық материядан пайда болуы жайында тікелей экспериментті түрде алынған материал болмағандықтан мұны шешу ғалымдарға оңай түскен жоқ. Идеалистер ең алдымен діни ұғымдарды таратуға ұмтылды. Тірі организмдер құдайдың құдыретімен пайда болды деген терминді ұсынды. Өсімдіктерді, жан-жанурларды, адамдарды өлі инертті заттардан қазіргі біздің көріп жүргеніміздей толық бейнелі түрінде құдай жаратты деп соқты. Грек оқымыстысы Аристотель де тірі организм өзінен-өзі кенеттен пайда болады дегеннен саяды. Адамзат құрттар, молюскалар немесе шіріген заттардан пайда болды деп түсіндіреді. Бірақ Франческо Редидің жүргізген зерттеу жұмыстары, тірі организм өзінен-өзі кенеттен пайда болды деген ұғымды жоққа шығарды. Ол жас етті алып, оны стаканға салып, бетін дәкемен жауып қойды. Ешбір тірі заттың пайда болғаны болмайтынын дәлелдеп шықты.
Луи Пастер бактериялардың өршитін тұқымынан микроорганизмдер дамитынын бірден білді. Сонымен тірі организм ешқашан да өзінен-өзі дамимайтыны белгілі болды.
Ф.Энгельс : «Табиғат диалектикасында» материалистік тұрғыдан тіршіліктің пайда болуының жалпы сипатын берді. Материал еш уақытта да тыныштық қалыпта болмайтынын, ол үнемі қозғалыста болып, дамып отыратынын айтты. Материя өзінің дамуында әр уақытта жаңа күрделі түрге көшеді деп қорытынды жасады ол.
Биосфераның құрамында бұл айтылғандардан және олардың тікелей тіршілік әрекетінен пайда болған заттар, жанғыш пайдалы қазбалар – көмір мұнай, шымтезек, әктас шөгінділері т.б және «биожанама заттар» (әрі тірі ағзалардың, әрі тау жыныстарының өзара әсерінен пайда болған заттар – топырақ,ауа, т.б.) енеді. Бұлардың табиғаттың тарихи дамуында және биосферадағы тіршілік процесінде атқаратын өз орындары бар. Биосфераның құрамдас бөліктеріне табиғи түрде таралған атомдар және ғарыш кеңістігінде болатын шаң-тозаңдар, метеориттер жатады. Биосфераны құрайтын бұл аталған заттардың бәрі бір-бірімен өзара тығыз байланыстары, әрі бір-біріне тәуелді. Жер бетіндегі тіршілік процестеріне бейімделген бұл жағдай тарихи дәуірлерге бірте – біртен қалыптасқан. Табиғатта болатын мұндай жағдайды табиғи тепе-теңдік (кейде экологиялық үйлесімдік деп те) деп атайды.
Табиғи тепе-теңдіктің бұзылуына көбіне адамның алдын ала ойланбай жасаған іс-әрекеттер әсер етеді. Соның салдарынан табиғи тепе-теңдік немесе тіршілік тізбегі бұзылатынын көруге болады. Белгілі неміс ғалымы, әрі ақыны Гетенің «табиғаттағының бәрі ақиқат, бәрі шындық. Ол адасу мен жаңылысу тек адамға ғана болады»,-деп айтқан сөздері еріксіз еске түседі.
Қазіргі ұғым бойынша биосфера деп барлық тірі ағзалардың жиынтығын және сол ағзалар арасында үнемі үздіксіз зат пен энергия алмасуы болатын ғаламшарымыздың өзіне тән басқа заттары бар Жер аймағын айтамыз. Былайша айтақнда, биосфера – Жер ғаламшарының тіршілік таралаған аймағы.
Дата добавления: 2015-12-22; просмотров: 1848;