Дәріс. Тірі заттың функциялары.
Тірі заттың негізгі биологиялық функциялары :
1. Энергетикалық функциясы. Биосфералық-планеталық құбылыстардың космостық сәулеленуімен негізінде жасыл өсімдіктердің фотоантелитикалық қызметі жатыр. Фотосинтез процесінде күн энергиясының жинақталуы және оның биосфераның жеке компоненттері арасында таралуы жүзеге асырылады.
2. Газдық функциясы. Газдардың миграциясы мен өзгерісін жүзеге асыра отырып, биосфераның газдың құрамын қамтамасыз етеді. Жердегі газдардың басым бөлігінің шыгу тегі – биогенді тірі заттың тіршілік процессінде негізгі газдар, азот, оттегі, көмірқышқыл газы, күкірт сутек, метан және т.б. түзіледі.
3. Концентрациялық функция. Қоршаған ортаның биогенді элементтерін тірі ағзалардың жиналуынан көрінеді. Тірі заттың құрамында жеңіл элементтердің атомдары H, C, N, O, Na, Mg, K, Si, S, Cl , Al басым болады.
4. Тотығу дәрежесі өзгермелі атомдар бар заттардың химиялық өзгерістері. Жер бетінде тотығу мен тотықсыздану биогенді процестері басым болады.
5. Деструктивтік функция. Өлімнен соң ағзалардың ыдырауымен байланысты процесстер. Оның нәтижесінде органикалық заттың минерализациясы жүреді. Нәтижесінде биосфераның биогенді және биогостық заттары түзіледі.
6. Орта түзуші функция. Тіршілік процестерінің нәтижесінде ортаның физико-химиялық өлшемдері де өзгереді. В.И. Вернадский : «Ағза ортаға тек өзі бейімделіп қана қоймайды, ол да ағзаға бейімделеді» - деді.
7. Тасымалдауша функциясы. Ауырлық күшіне қарсы, горизонтальды бағытта заттардың тасымалдануы жүзеге асырылады. Тірі заттардың кері – төменнен жоғары, мұхиттан континенттерге тасымалдануын қамтамасыз ететін бірден-бір фактор. Осының нәтижесінде олар биохимиялық циклдың «жоғары» бұтағын жүзеге асырады.
Биосфераның шекаралары. 1926 жылы В.И.Вернадский биосфераның шекаралары туралы мәселені қойды. Қандай физико-химиялық жағдайлар тіршілікке анағұрлым қолайлы табылады.
Қазіргі кезде тіршілік жер қыртысының жоғарғы бөлігінде (литосфера) және жердің сулы қабатында (гидросфера) таралған. Литосферада тіршілікті ең алдымен тау жыныстары мен жерасты суларының температурасы шектейді. Ол треңдікке байланысты артады да, 1,5-15 км тереңдікке +100 С-тан асады. Жер қыртысында бактерияларды табуға болатын тереңдік – 4 км. Мұндай кен орнында 2-2,5 км тереңдікте бактериялардың саны біршама көп болады.
Биосферадағы тіршіліктің таралуы біртекті емес. Тірі заттың шоғырлануы, негізгі орталардың бөліну шекарасында – топырақта , яғни литосфера мен атмосфераның арасында, мұхиттың жоғарғы қабаттары су қоймаларының түбінде, әсіресе литоральды толысу кезінде су астында қалатын және қайту кезінде құрғайтын теңіз түбінің белдеуінде және эстурацияларда – өзен жағалауларында өте көп жоғары болады. Тірі ағзалар ортаның химиялық жағдайлары кең диапазонында тіршілік ете алады. Жердегі алғашқы тіршілік иелері оттексіз өмір сүрген.
Анағұрлым зат алмасу қазіргі ағзаларға , соның ішінде көпжасушалы ағзаларға тән. Бірқатар микроорганизмдер тұздардың концентрленген ерітінділеріне де тіршілік ете алады. Кейбір тұрақты түрлер иондаушы радияцияның әсері жағдайында да мысалы, бірқатар инфузориялар жер бетіндегі радияциялық фонның табиғи деңгейінен 3000000 есе жоғары сәулеленуді көтере алады. Кейбір бактериялар ядролық реакторлардың қазандықтарынан да табылған.
Дата добавления: 2015-12-22; просмотров: 4945;