Дәріс. Жер бетінде тіршіліктін пайда болу тарихы.

 

Биосфера теңіз деңгейінен бастап, тау жоталарының шыңдарына дейін бүкіл құрғақ жерді алып жатыр. Атмосферадағы биосфераның жоғары шегі 20 км биіктікке дейін жетеді. Онда микробтардың споралары (өршігіш тұқымы) кездеседі. Бактериялар атмосфералардың азон қабатында да өсіп-өніп өнеді. Биосферада мол кездесетін микроорганизмдер жер бетінен 50-70 метрге дейінгі биіктікке ғана тарайды. Литосферадағы биосфераның төменгі шегі 2000-3000 м-ге дейін тереңдікке жетеді. Олар онаэробта бактериялар. Гидросферадағы бисофераның шегі 11 км-ге дейінгі тереңдікке жетеді. Теңіз жануарлары және өсімдіктері (қызыл,жасыл, қоңыр балдырлар) үшін су өте қолайлы орта. Таза, мөлдір болғандықтан күн сәулесі оның 200 метр тереңдігіне дейін тарайды. Бұдан кейінгі судың қабаттарын мәңгілік қараңғылық басып тұрады. Мұндай қабаттарда да тіршілік ететін организмдер болады.

Жерден бірде-бір тірі ағза еркін күиде болмайды. Барлық ағзалар оларды қоршаган материалдык-энергетикалық ортамен, ең алдымен қоректену мен тыныс алу арқылы, үздіксіз және тығыз байланыста Одан тыс табиғи жағдайда тіршілік ете алмайды.

XIX ғасырдың басында ғылымға «биосфера» түсінігігін енгізген француз жаратылыстанушысы ЖБ.Ламарк (1744—1829) болған.«Биосфера» терминін тіршілік бар жердің қабықшасын анықтау үшін «гидросфера», «литосфера» ұғымдарымен бірге XIX ғасырдьң аяғы атақты австрия геологы Э. Зюсс (1831—1914) ұсынады.

В.И. Вернадский биосфера деп планетаның тіршілік бар немесе болған, үнемі тірі ағзалардың ұшырайтын не ұшыраған бөлігін айтады (литоссфераның жоғарғы бөлігі, гидро және тропосфера). Ағзалардың маңызы олардың алуантүрлілігімен, барлық жерлерде таралуымен, Жер тарихындагы тіршілінің үзақтыгымен, биохимиялық қызметінің таңдамалы сипатымен және табиғаттың басқа компоненттерімен салыстырганда химиялық белсенділігінің жоғары болуымен анықталады.

Планетадағы ағзалардың барлық жиынтығын В.И. Вернадский тірі зат деп атады. Оның негізгі сипаттамасы ретінде массаның, химиялык құрамы энергиясының жиынтығын қарастырды. В.И. Вернадский тұжырымдаған константалық заңы бойьнша: сфераның тірі затының мөлшері (берілген геологиялық кезең үшін) тұрақты (константа) шама болып табылады.

Жердің бетін өзгертуші маңызды фактор тіршілік болып табылады. Оның ерекшелігі тек химиялық реакциялардың жылдамдығына ғана байланысты емес, кейбір реакциялар қалыпты температура мен кысымда, агзадан тыс жүрмейді. Л.С. Берг былай деген: «Ағзалар физикалық тұрғыдан мумкін емес нәрселерді жүзеге асырады». Майлар мен көмірсул ағзада 37°С шамасында тотығады, ал ағзадан тыс 400—500°С жүреді. Молекулалық азоттан аммиактың синтезі өнеркәсіптік жағдайда 500°С температура 300-500 атм. қысымда жүзеге асырылады. Ал микрооганизмдер бүл реакцияны қалыпты температурада және атмосфералық қысымда жүзеге асырады. В.М. Вернадский биосфераның Жердің ғаламдык тұтас жүйесі ретіндегі көзқарасты жасады. Бүл жүйеде геохимиялык. және энергетикалық өзгерістердің жүруі гіршілікпен аныкталады. В.И. Вернадский тірі ағзалардың геологиялық рөлі туралы ілімнің негізін қалады.

Жердің биосферасы галамдық ашық жүйе болып табылады. Оның «кіруі» — бүл космостан келетін күн энергиясының ағыны, ағзалардың тіршілік қызметінде түзілген заттар. Биосфера өздігінен реттелетін кибернетикалық жүйе. Оған геомеостаз касиеті тән.

Жер планета ретінде табиғат жағдайларының алуантүрлілігімен сипатталады. Бүл оның шар тәрізді пішінімен, Күнді және өзінің өсінен айналуымен анықталады. Өз кезегінде бұлар күн белсенділігінің және маусым бойынша интенсивтілігінің өзгеруін қамтамасыз етеді. Табиғат жағдайларының түрлілігі Жердің күрделі рельефінің әсерінен де түзіледі. Бірақ Жер биосферасының негізгі көптүрлілігін тірі агзалар жасайды. Ғалымдардың болжамы бойынша қазіргі биосферада тірі ағзалардың шамамен 2 млн. түрі бар (биосфераның өмір сүруі барысы 1 млрд.-тан кем емес). Биосфераның динамикалық жүйе ретіндегі ерекшелігі оның біртегіс болмауы (тепе-теңсіздігі) және оның тірі затпен жұмысы Күн энергиясыньщ ағынының нәтижесі болып табылады.








Дата добавления: 2015-12-22; просмотров: 2028;


Поиск по сайту:

При помощи поиска вы сможете найти нужную вам информацию.

Поделитесь с друзьями:

Если вам перенёс пользу информационный материал, или помог в учебе – поделитесь этим сайтом с друзьями и знакомыми.
helpiks.org - Хелпикс.Орг - 2014-2024 год. Материал сайта представляется для ознакомительного и учебного использования. | Поддержка
Генерация страницы за: 0.003 сек.