Дәріс. В.И.Вернадский - биосфера туралы ілімнің негізін калаушы. Биосферада тірі заттың әлемдік ролін аныктау.
Тірі организмнің анорганикалық материядан пайда болуы жайында тікелей экспериментті түрде алынған материал болмағандықтан мұны шешу ғалымдарға оңай түскен жоқ. Идеалистер ең алдымен діни ұғымдарды таратуға ұмтылды. Тірі организмдер құдайдың құдыретімен пайда болды деген терминді ұсынды. Өсімдіктерді, жан-жанурларды, адамдарды өлі инертті заттардан қазіргі біздің көріп жүргеніміздей толық бейнелі түрінде құдай жаратты деп соқты. Грек оқымыстысы Аристотель де тірі организм өзінен-өзі кенеттен пайда болады дегеннен саяды. Адамзат құрттар, молюскалар немесе шіріген заттардан пайда болды деп түсіндіреді. Бірақ Франческо Редидің жүргізген зерттеу жұмыстары, тірі организм өзінен-өзі кенеттен пайда болды деген ұғымды жоққа шығарды. Ол жас етті алып, оны стаканға салып, бетін дәкемен жауып қойды. Ешбір тірі заттың пайда болғаны болмайтынын дәлелдеп шықты.
Луи Пастер бактериялардың өршитін тұқымынан микроорганизмдер дамитынын бірден білді. Сонымен тірі организм ешқашан да өзінен-өзі дамимайтыны белгілі болды.
Ф.Энгельс : «Табиғат диалектикасында» материалистік тұрғыдан тіршіліктің пайда болуының жалпы сипатын берді. Материал еш уақытта да тыныштық қалыпта болмайтынын, ол үнемі қозғалыста болып, дамып отыратынын айтты. Материя өзінің дамуында әр уақытта жаңа күрделі түрге көшеді деп қорытынды жасады ол.
Планетадағы ағзаның барлық жифнтығын В.И.Вернадский тірі ағза деп атады. Оның негізгі сипаттамасы ретінде массаның химиялық құрылымы мен энергиясының жиынтығын қарастырады.
В.И.Вернадский биосфера заттекті геологиялық жағынн кездейсоқ емес әр түрлі 7 бөлшектен тұратынын атап өтсе : тірі заттек, тіршілікті заттегі, өлі заттегі, биологиялық енжан заттек және т.б.
В.И. Вернадский анықтамасы бойынша өлі енжан заттек деп түзілуіне тірі организмдер қатынасын биосферадағы заттектер жиынтығы заттектер.
В.И.Вернадский биосфераның жердің ғаламдық біртұтас жүйесі ретінде көзқарасты жасады. Бұл жүйеде геохимиялық және энергетикалық өзгерістердің жүруі тіршілікпен анықталады. В.И: Вернадский тірі ағзалардың геологиялық рөлі туралы ілімнің негізін қалады.
Тірі зат бірқатар өзіне тән қасиеттерге ие бола отырып, биосферада белгілі бір биогеохимиялық функциялар атқарады.
Тірі затқа тән қасиеттер :
1. Биосфералық тірі заты энергияның үлкен қорымен сипатталады.
2. Тірі және өлі заттың айырмашылығы химиялық реакциялардың жылдамдығынан көрінеді.
3. Тірі затты құрайтын химиялық қосылыстар-ақыздар, ферменттер және тағы басқалары тек ағзаларда ғана тұрақты болады.
4. Ерікті қозғалу биосферадағы кез-келген тірі затқа тән белгі.
5. Тірі зат өлі затқа қарағанда біршама жоғары морфологиялық және химиялық көп түрлілікпен сипатталады.
6. Биосферадағы тірі зат мөлшері әр түрлі жеке ағзалар түрінде болады. Ең ұсақ вирустардың мөлшері 20 нм-ден аспаса, ең ірі жануар – киттердің ұзындығы 33 м-ге , ең биік ағаш секвойя 100 м-ге жетеді.
Дата добавления: 2015-12-22; просмотров: 3070;