В.И. Вернадскийдың биосфера туралы ілімді құрастыру тарихы.
Биосфера туралы iргелi бiртұтас iлiмнiң негiзiн көрнектi орыс ғалымы В.И. Вернадский салды (1863-1945). Ол өзiнiң дарындылығы арқылы қазiргi жаратылыстану ғылымының барлық салаларында елеулi iз қалдырды. Оның шығармашылық шыңының бiрi 1926 ж. биосфера туралы iлiмiн жасауы болды.
Биосфера алғашқы тiршiлiк пайда болған кезден бастап үнемi өзгерiп келедi. Биология эволюциясының нәтижесiнде сан алуан түрлер пайда болды, олардың құрылысы да күрделенiп отырды және олардың биомассасы да артып отырды.
Жер тарихында көптеген геологиялық өзгерiстер болып тұрды, соның нәтижесiнде организмдердiң бiр тобы жойылып, бiр тобы жаңадан пайда болып отырды.
Биосфера эволюциясының нәтижесiнде негiзгi тiршiлiк ортасы бiрте-бiрте белгiлi бiр реттiлiкпен және заңдылықпен қайталанып тұрды. Қорыта айтқанда жердiң биосферасындағы негiзiнен ерекше 5 кезең айқын байқалады.
1 Сулы ортада тiршiлiктiң пайда болуы және дамуы.
2 Тiршiлiктiң жаңа ортасы селбесiп тiршiлiк ететiн гидробиоптар, симбиоттардың (паразит, мутуалистер т.б.) пайда болуы.
3 Оранизмдердiң құрлыққа таралуы арқылы жаңа тiршiлiк ортасын (құрлық, топырақ, ауа) игеруi.
4 Адамның пайда болуы және оның биологиялық түрден әлеуметтiк тiршiлiк иесiне айналуы.
5 Адамның ақыл-ой, санасының арқасында биосфераның жаңа сапалық - ноосфера деңгейiне ауысуы.
Биосфераның пайда болуы үшiн белгiлi бiр жағдайлар қажет. Ондай қажеттi жағдайлар мыналар жатады:
Судың болуы. Су – биосферада ең көп таралған затқа жатады. Су – бiрден-бiр ерiткiш зат. Тiрi организм үшiн су негiзгi iшкi ортаны құрайды. Тiрi оргнизмдердiң денесiндегi сан алуан реакциялардың бәрi де тек судың қатысуымен жүредi.
Күн сәулесiнiң болуы. Барлық тiрi организм пайдаланатын энергияның бастыпқы көзi – Күн энергиясы. Күн энергиясын жасыл өсiмдiктер фотосинтез үрдiсi кезiнде өзiне сiңiредi. Соның нәтижесiнде өз мүшелерiнде органикалық заттар түзедi және сiңiрген энергияның бiраз бөлiгi космос кеңiстiгiне жылу түрiнде таралады.
Сұйық, қатты, газ күйiндегi заттардың жиынтығының болуы. Оған бiр-бiрiмен тығыз байланысқан, әрi бәрi бiрiгiп бiртұтас қызмет атқаратын гидросфера, литосфера және биологиялық айналымдар жүзеге асады. Оған мысал ретiнде табиғаттағы судың айналымы.
Атмосфераның, гидросфераның және литосфераның өзараларын бөлiп тұратын шекараның болуы да биосфераның өзiне тән ерекшелiгi болып саналады.
Биосфера туралы iлiмде биосфераның негiзгi қасиеттерiне де ерекше қөңiл бөлiнiп, арнайы ұғымдар қалыптасқан:
Биосфераның негiзгi қасиеттерi | Олардың басты ерекшелiктерi |
1. Биосфера – орталықтандырылған жүйе. | Биосфераның орталық жүйесiне барлық тiрi орг. жатады. Қазiргi кездегi биосфераның дәл осындай қалыпқа келуi тiкелей тiрi организмдердiң тiршiлiк әрекетiне байланысты. Биосфераның кейпiн тiрi организм белгiлейдi. Бiрақ та адамзат биосфераның бұл қасиетiне мән бермей келедi. Қазiргi кезде биосфераның орталық жүйесiне тек адамды ғана қою өрiс алып келедi, бұл қате пiкiр. |
2. Биосфера – ашық жүйе. | Кез келген ашық жүйе сырттан энергия қабылдайды. Биосфераға космостық күштер әсер етедi, әсiресе күн белсендiлiгiнiң әсерiнен Жердiң магниттiк өрiсi өзгередi де, ол өз кезегiнде тiрi организмдердiң тiршiлiк әрекетiнiң өзгеруiне әсер етедi. |
3. Биосфера - өзiн-өзi реттеушi жүйе. | Бұл тiрi организмдердiң құрылымдық ерекшелiгiнен байқалады. Бұл қазiргi кезде ғылымда гомеостоздық қасиет деп аталады. Ол әр бiр организмнiң тiршiлiгiне қажеттi қалпын сақтаумен ерекшеленедi. Биосферада болатын күрт ауытқулардың нәтижесiнде организмдердiң iшкi ортасы бұзылып, оларға зиянды әсер етедi. Ғалымдардың пiкiрi бойынша биосферада болған осындай ауытқулардың әсерiнен жалпы тiрi организмдердiң 80 жуығы Жер бетiнен мүлде жойылып кеткен. |
4. Биосфера сан алуан түрлiлiк сипаттағы жуйе | Кез келген табиғи жүйе өзiнiң сан алуан түрлiлiгiмеен ерекшеленедi. Биосферадағы сан алуан түрлер бiр бiрiмен күрделi әрi тұрақты қоректiк тiзбектер арқылы және т.б. жағдайлармен байланысты. Сондықтан да биосферадағы сан алуан түрлiлiк кез-келген бiрлестiктiң және биосфераның бiртұтастығын сақтауының негiзгi көрсеткiшi болып саналады. Қазiргi кезде ғылымға белгiлi түрлердiң саны 2 млн. деп есептелiнедi. Ал әлi де ғылымға белгiсiз түрлердiң саны Жер бетiндегi қазiргi белгiлi түрлерден 2-3 есе көп деген пiкiрлер бар. |
5. Биосфера – кейбiр элементтердiң тұрақты айналымы жүзеге асатын жүйе. | Көптеген химиялық элементтер мен қосылыстардың айналымы арқылы биосферадағы үрдiстердiң үздiксiз жүруi қамтамасыз етiледi. |
2.В.И.Вернадскийдьщ очерктері: «Ғарыштағы биосфера» және "Өмірдің аймағы".
1926 ж. Вернадский Ленинградта, 3 жылдан соң Парижде және бiрнеше жылдан кейiн Берлинде “Ғарыштағы биосфера”, “Биосфера” деген аса құнды ғылыми еңбектерiн жазды. Ол жер бедерi кездейсоқ құбылыстардың нәтижесiнде пайда болмаған, оған керiсiнше өз шекарасы бар, жердiң геологиялық қабағы болып саналатын биосфераның ерекше әсерi болғанын атап көрсеткен. Ол өмiрiнiң соңғы жылдарын биосфера қабығының құрылымдық ерекшелiктерiн талдауға арнады. Осындай ғылыми зерттеулерiнiң нәтижесiнде “Жердiң және оны қоршаған ортаның бисферасының химиялық құрылысы” деген iргелi еңбегiн жазды. Бiрақ оны шығаруға үлгере алмады. Оның бұл еңбегi 1965 ж. жарық көрдi. Бұл еңбегiнде ғалым биосфера эволюциясы туралы өз ойын қысқаша тұжырымдай келе: “Адамзат жалпы алғанда, өте ықпалды геологиялық күшке айналуда. Ол, ақыл-ойы мен еңбегiнiң алдына еркiн ойлай алатын адамзаттың қажетi үшiн бiртұтас биосфераны қайта құру мәселесiн қойып отыр” деп, аса көрегендiкпен ескерткен болатын.
Дата добавления: 2016-02-04; просмотров: 2708;