Биосфераның тірі заты туралы концепция.
В.И. Вернадский өзiнiң биосфера туралы iлiмiнде биосфера құрамына беретiн заттарды бiр-бiрiнен ерекше айырмашылығы бар 7 топқа бөлiп қарастырады.
Биосфера құрайтын зат | Оның ерекшелiктерi |
1. Тiрi заттар (организмдер) | Жеке даралардан тұратын барлық тiрi организмдердiң жиынтығы. Оған адам да жатады. |
2. Биогендi заттар | Тiрi организмдердiң тiкелей тiршiлiк әрекетiнiң нәтижесiнде пайда болған және күрделi өзгерiске ұшыраған заттар (тас-темiр, мұнай, тақтатас, атмосферадағы кейбiр газдар) |
3. Жанама заттар | Тiрi организмдердiң қатысуынсыз түзiлетiн қатты, сұйық және газ күйiндегi заттар (вулкан атқылаудан пайда болған немесе Жер қойнауындағы қысымның, температураның әсерiнен түзiлетiн жыныстары) |
4. Биожанама заттар | Әрi тiрi организмдерден, әрi қоршаған ортаның бейорганикалық қосылыстарының қосылуынан пайда болған заттар. Бұл кезде тiрi организм басты рөл атқарады. Оған топырақ жатады. |
5. Радиоактивтi заттар | Табиғи түрде кездесетiн кейбiр радиоактивтi элементтердiң изотоптары жатады. |
6. Шашыранды күйiндегi атомдар | Космостық сәулелерлердiң үздiксiз әсер етуiнен түзiлетiн әрi тек биосфераға ғана тән заттар. |
7. Шығу тегi космосты заттар | Метеориттер, космостық шаң-тозаңдар. |
В.И.Вернадский биосфераның пайда болу, даму және қазіргі кездегі жағдайында тірі заттардың рөлін өте жоғары бағалады. Ол «Жердің сыртқы қабатында үнемі өзгеріс енгізетін тірі организмдерден басқа құдіретті химиялық күш жоқ» деп жазды өзінің «Биосфера» атты еңбегінде. Әсіресе тірі организмдер оған қоса адамзат баласының іс- әрекеттерінің биосфера шетіндегі биогеохимиялық фактор ретіндегі рөлін бағалай келіп биосфера өзін-өзі реттеп отыратын биологиялық-экологиялық және химиялық жүйе екенін дәлелдейді. Бір сөзбен айтқанда біздің жер деп аталатын планетамыздағы ең жоғарғы сатыдағы өсіп-дамыған жер бетіндегі барлық тіршілікті жүргізуші ұлы күш. Сондықтан да жер бетіндегі неше түрлі құбылыстар осы тірі ағзалармен байланысты екенін толық түсіндіре білді. Шынына келетін болсақ, тірі ағзалар ғарыштық энергияны биосферадағы химиялық элементтер мен қосылыстардың миграциясы болып табылады. Бұл үрдістер биосферадағы зат және энергия айналымдарымен шектеліп, биосфера шегіндегі бүкіл дүние жүзілік зат пен энергияның алмасып отыратынына ең себепші құдіретті қозғаушы күш.
Тірі зат қоршаған ортаға белсенді әсер етуде маңызды орын алады және тірі материяның өліден ерекшеленетіні сияқты, ол жер шарының басқа қабықшаларынан айрықшаланады.
В.И.Вернадский айтып кеткендей, тірі зат ол – Бүкіләлемдік материялардың ең белсенді түрі. Ол өзінің туындауы барысында Жердің жоғарғы қабықшаларын түзе отырып, биосферада ауқымды геохимиялық іс жүргізеді. Тірі зат Жер қыртысы массасының 1/11000000 бөлігін алады. А.П.Виноградов (1975), В.Лархер (1978) т.б. дәлелдеулері бойынша тірі заттың басты құрал бөлігін табиғатта (атмосфера, гидросфера, ғарыш) өте кең тараған сутегі, көміртегі, оттегі, азот, фосфор және күкірт сияқты элементтер құрайды. Биосфераның тірі заты ғарышта өте кең тараған және өте қарапайым атомдардан тұрады.
Тірі зат орташа элементарлы құрамы бойынша жер қыртысы құрамынан көміртегі элементінің көп болуымен ерекшелденеді. Тірі ағзалар басқа элементтер құралы бойынша өзінің ортасындағы құралды қайталамайды. Олар ұлпаларының құрылуына қажетті элементтерді таңдаулы түрде шығылыстырады. Тірі ағзалардың өмір сүру процесінде тұрақты химиялық байланысты түзуге қабілетті атомдар қолданылады. Сутегі, көміртегі, оттегі, азот, фосфор, күкірт жер шарындағы заттардың негізгі химиялық элементтері болып табылады, оларды «биофильмді» деп атайды. Олардың атомдары тірі ағзаларда су және минералды тұздармен біріккен күрделі молекулаларды түзеді. Бұл молекулярлы түзілістер көміртегі, мепид, блок, нуклейн қышқылдарымен көрінеді.
Дата добавления: 2016-02-04; просмотров: 10533;