Дәріс №3. Тұлғаның тәрбиесі, дамуы мен қалыптасуы
1. Тұлға туралы ұғым. "Тұлғаны дамыту", "тәрбиелеу", "қалыптастыру" ұғымдарына сипаттама.
2. Әлеуметтік факторлар және тұлғаның қалыптасуы.Тұлғаның қалыптасуына тәрбиенің өскен ортасының әсері.
Бүгінгі таңда педагогика ғылымының өзекті мәселелерінің бірі – жеке тұлғаны жетілдіруде, жан-жақты дамытуда, білім беруде, ғылымның соңғы жетістіктерін қолданып, шығармашылық жұмыстарды жасауға қабілетті, дүниетанымдық көзқарасы кең, рухани бай азамат дайындау. Олай болса "тұлға"дегеніміз не осы мәселеге тоқталмас бұрын отандық ғалымдарымыздың ой-пікірлерін қарастырсақ.
Жеке тұлға атауын отандық ғалымдар “жеке адам”, “дара тұлға”, “даралық”,”жеке тұлға”, “адам”,”кісі” тағы басқа ұғым ретінде қарастырады. Біз ғылыми еңбегімізде “жеке тұлға” деп қарастыруды жөн көрдік. Сондай-ақ, “жеке тұлға” ұғымы көп мағыналы, біріншіден даралық қасиеттердің бірлігі және әлеуметтік рольдегі іс-әрекеттің субъектісі, екіншіден басқа адамдармен қарым-қатынасқа түсу үрдісінде еңбектің, танымның, қатынастың субъектісі ретінде сипатталады.
Мәселен, Т.Тәжібаев өз еңбегінде: “Жеке адам әлеуметтік қатынастар мен саналы іс-әрекетті жүзеге асырушы, нақты қоғамның мүшесі, өзін басқалардан ажырата білетін, өзінің кім екенін түсінетін есі кірген ересек кісі” - деп қарастырады.
Ә. Алдамұратов “Адам - табиғатта кемелденіп жетілген, ақыл ойы дамыған қоғамдық тұлға” деп анықтама берсе, Республикамызға танымал ғалымдарымыздың бірі Қ.Б. Жарықбаев: “Жеке тұлға дегеніміз - қоғам мүшесі ретіндегі адам. Әр адамның рухани байлығы оның басқа адамдармен байланысының алуан түрлігіне, өмірге белсене қатысуына байланысты болады”, - деп тұжырымдайды.
Ал, Ресейлік ғалым А.Н. Леонтьевтің пікірі бойынша “Жеке тұлғаның жетістіктері мен кемшіліктері, жақсы және әлсіз жақтарымен көрінетін тек өзіне ғана тән даралық белгілері оның өзгелермен қарым-қатынас жасауы, қайырымдылығы, мейірімділігі, тәкәппарлығы, жағымды және жағымсыз қасиеттерінің көрінуіне де байланысты. Олардың сыртқы ортамен қарым-қатынас жасауы, өмірдің алуан түрлі ерекшеліктерін тануға, танымдық қасиеттерімен, рухани байлығын арттыра түседі” деп қарастырады.
Белгілі психолог Б.Г. Ананьев еңбектерінде “Адам–физиологиялық, психологиялық жағынан қалыптасып келе жатқан тіршілік иесі. Адам еңбек ету нәтижесінде жануарлар дүниесінен бөлініп шығып, бір-бірімен тілдің көмегімен қарым-қатынас жасайтын, дүниені танып білетін оны өзгертетін және еңбек құралдарын жасайтын жағдайға біртіндеп ие болды. Оның өмірдегі көрінісі физиологиялық, психологиялық, әлеуметтік ерекшеліктеріне, даралық қасиеттеріне байланысты жеке адам немесе жеке тұлға екені көрінеді”-деп қарастырады.
Олай болса, А.Н.Тугаринов өз еңбегінде: “Жеке тұлғаны жауапкершілік пен саналылықты ішкі қасиеттерімен сәйкес құқық пен еркіндікке сай қолданған адам”, - деп көрсетеді.
Тұлғаның дамуы мен жан-жақты қалыптасу мәселесі, оның тарихы болашағы туралы көптеген ғалымдардың еңбектерінде зерттелген.
Жоғарыда аталған еңбектерді сараптай келе “жеке тұлға” ұғымына өзіндік тұрғыдан анықтама беруді жөн көрдік.
Жеке тұлға дегеніміз-сана сезімі, тұлғалық, ізгілік қасиеті қалыптасқан, өзіндік мақсаты мен өмір жолын таңдай білетін, тәрбиелі, білімді, іскер, танымдық қызығушылығы басым,барлық күш жігерін өзіндік игілігіне жұмсай алатын, саналы тіршілік иесі.
Жеке тұлға түсінігі - тек адамзатқа арналған. Жеке тұлға - жеке даралық, психикалық қасиеті және әлеуметтік қызметі бар нақты қоғамның мүшесі.
Жеке тұлғаның қалыптасу ерекшеліктерін педагогикалық-психологиялық еңбектерді жүйелей келе оның төмендегідей бағыттарға бөлеміз:
· Психологиялық бағыт жеке тұлғаның белсенділігін, қалыптасу
жағдайларына жауап іздейтін, белгілі бір нәрсеге ұмтылып, оны керек ететін, тіршілік етуде белсенділік танытатын бағыт.
· Жеке тұлғаның іс-әрекетін зерттейтін бағыт.
· Жеке тұлғаның ерекшеліктерін зерделейтін бағыт.
· Жеке тұлғаның ішкі психологиялық құрылымын зерттеу бағыттары.
Демек, жеке тұлға өзіне тән ерекшеліктері арқылы дараланады. Ондай ерекшеліктерге сенім, дүниетаным, мұрат, бейімділік, қызығу, түрткі, қабілет, талғам, көзқарас т.б. қасиеттер жатады. Бұл қасиеттер адам бойында танымдық қасиеттерді қалыптастырады.
Осы тұрғыдан келгенде жеке тұлға мәселесін зерттеу жүйесінде сана-сезімін, адамзат психикасының күрделі мәселелерінің пайда болуын зерттеуде философия, психология, педагогика, этика, физиология, әлеуметтану, құқықтану, жаратылыстану, медицина т.б. ғылымдармен тығыз байланыстыруда өмір бойы әртүрлі өзгерістерге ұшырайтын жеке тұлғаның даму үрдістерінің заңдылықтарын педагогика ғылымдарымен тығыз байланыста зерттеуде әртүрлі ғылыми жаңалықтар енгізіліп отыр.
Жалпы айтқанда әрбір жеке адам қоғам тұлғасы ретінде жеке тәрбие жұмысына, жеке өзіндік өмір бейнесіне, жеке құқыққа, танымдық қасиетке, жеке түрткі күшіне ие болатын жан. Адам белгілі бір қоғамның мүшесі, ол қандай да болмасын бір іспен айналысады, оның азды-көпті тәжірибесі, білімі өзіне тән ерекшеліктері болады. Осы айтылғандардың жиынтығы оны “жеке тұлға” етеді.
Жеке тұлғаның өзіндік ерекшелігі оның дүниетанымынан, сенімінен, талғам, мұратынан, бағытынан, қабілет қызығушылығынан жақсы байқалады. Адамның айналасын қоршаған дүние үнемі өзгеріп отырғандықтан оның түрлі ерекшеліктері, танымдық қызығушылықтарын да дамып өзгеріп отырады. Танымдық іс-әрекеттер адам мақсаттарымен ұмтылыстарының негізі болатын, білімін қалыптастыратын, шығармашылық қызметінің тарихи үрдісі. Ой еңбегімен дене еңбегі арасында танымдық іс-әрекет шығармашылық қабілетін арттыруда жаңалық ашушы мен тудырушы болып табылады.
Осы тұрғыдан келгенде жеке тұлға мәселесін зерттеу жүйесінде сана-сезімін, адамзат психикасының күрделі мәселелерінің пайда болуын зерттеуде философия, психология, педагогика, этика, физиология, әлеуметтану, құқықтану, жаратылыстану, медицина т.б. ғылымдармен тығыз байланыстыруда өмір бойы әртүрлі өзгерістерге ұшырайтын жеке тұлғаның даму үрдістерінің заңдылықтарын педагогика ғылымдарымен тығыз байланыста зерттеуде әртүрлі ғылыми жаңалықтар енгізіліп отыр.
XX ғасырдағы психолог ғалым А.Н.Леонтьев: “Менің өмірімде нені меңгере алдым, я болмаса соны ұғына алдым ба, жоқ па, егер ұғынсам, меңгерсем, қаншалықты, қандай дәрежеде ұғындым, оның мен үшін, менің жеке тұлғам үшін, маңыздылығы қандай …” –деп “мән” мен “маңыз” ұғымдарының мағынасын зерттеген. Бұл арқылы біз, оқушылар мен студенттерге берілген білім мен тәрбиенің қаншалықты меңгерілгендігін үнемі бақылап отыруымыз қажеттігіне мән берілуі арқылы жеке тұлға болып қалыптасуына мән берілуі тиіс деп ұғынамыз.
Дата добавления: 2016-01-30; просмотров: 13434;