Сынылатын әдебиеттер

 

1. Педагогика /Абай атындағы Алматы мемлекеттiк педагогикалық университетi, педагогика кафедрасының авторлар ұжымы, Алматы, 2003.

2. Гребенюк О.С., Рожков М.И. Общие основы педагогики, Москва, 2003.

3. Дайрабаев Е.Б., Дайрабаева А.Е. Педагогика пәнінің негіздері. Алматы, "Қазақ университеті", 2005.

4. Лихачев Б.Т. Педагогика, Москва, 2001.

5. Әбиев Ж., Бабаев С., Құдиярова А. Педагогика, Алматы,2004.

6. Краевский В.В. Методология для педагога: теория и практика. М., 2001.

 

Дәріс №2 Ғылыми педагогикалық зерттеу әдістері

 

1. Педагогика ғылымының негізгі әдіс-тәсілдері туралы жалпы түсінік.

2. Педагогикалық зерттеу әдістердің түрлері

 

Кез келген ғылым зерттеу әдістері негізінде дамып, жетіліп отырады. Зерттеу әдісі нақты нәтижеге жету тәсілі. Педагогикалық зерттеулер білім берудің заңдылықтары, құрылымы, тетіктері, мазмұны, ұстаным және технологиялары туралы жаңа білімдер алуға бағытталған ғылыми әрекет үрдісі мен нәтижесі.

Педагогикалық зерттеулерді үшке бөлеміз:

Іргелі зерттеулер: бұл нәтижесі қорытындылаушы тұжырымдамалар болатын зерттеулер.Ол педагогиканың теориялық және практикалық жетістіктерін немесе педагогикалық жүйелердің даму моделін жобалаушылық негізде ұсынады.

Қолданбалы зерттеулер: педагогикалық үрдістің жекелеген қырларын терең зерттеуге педагогикалық практиканың заңдылықтарын ашуға бағытталған зерттеулер.

Өңдемелі зерттеулер: ғылымда белгілі болған қағидаларды ескеретін нақты ғылыми практикалық ұсынылымдарды (рекомендация) негіздеуге бағытталған.

Кезкелген ғылыми зерттеу белгілі әдіснамалық өлшемдерді анықтауды білдіреді. Яғни, бұл зерттеу тақырыбы, нысаны, пәні, мақсаты, міндеттері, ғылыми болжамы және ұсынылатын қағидалары.

Ғылыми зерттеудің сапасын бағалау өлшемі оның тақырыбының өзектілігі, ғылыми аппаратының дұрыс анықталуы, ғылыми жаңалығы және теориялық және практикалық мәнділігі.

Ғылымдардың бәріне ортақ әдістермен қатар, қоғамдық ғылымдар саласындағы педагогика ғылымын зерттейтін зерттеу әдістері бар. Олар теориялық, эмпирикалық.

Теориялық зерттеу әдістері: талдау, жинақтау, модельдеу, салыстыру, классификациялау, тұжырымдау.

Эмпирикалық зерттеу әдістеріне: бақылау, анкета, әңгімелесу, тест сұрақтарын жүргізу.

Математикалық әдістерге: шкалалық көрсеткіш, регистрациялық тіркеу және т.б. жатады.

Зерттеу әдістерін үшке бөлеміз.

Қатысушылар сипатына қарай активті және пассивті;

Өткізу уақытына қарай бір сәттік және ұзақ;

Өткізу орнына қарай лабораториялық және мектептік.

 

Зерттеу нәтижесінде алынған мәліметтерді өңдеу түрлері:

Эксперименттік: табиғи, модельдік, зертханалық.

Диагностикалық: сандық, сапалық, шкалалау.

Эксперименттік емес.








Дата добавления: 2016-01-30; просмотров: 6438;


Поиск по сайту:

При помощи поиска вы сможете найти нужную вам информацию.

Поделитесь с друзьями:

Если вам перенёс пользу информационный материал, или помог в учебе – поделитесь этим сайтом с друзьями и знакомыми.
helpiks.org - Хелпикс.Орг - 2014-2024 год. Материал сайта представляется для ознакомительного и учебного использования. | Поддержка
Генерация страницы за: 0.004 сек.