Тақырып 5. Бағдарламалық қамтамасыздандырылуды рұқсатсыз қолданудан қорғау.
Пайдаланушыларды идентификациялау және аутентификациялау. ДЭЕМ-ді идентификациялау. Рұқсатсыз қолданудан және көшіруден қорғаудың бағдарламалық құралдары. Электронды кілттер көмегімен көшіруден бағдарламалық қамтамасыздандыруды қорғау. Қорғауды құру сызбалары.
Қорғаудың техникалық құрылғысы – бұл деректер мен ақпараттарды қорғауға тағайындалған негізгі және қосымша құрал – жабдықтар.
Ол келесі түрге бөлінеді:
• электрондық қорғау құрылғылары (ЭҚҚ);
• оптикалық. қорғау құрылғылары.
Ақпаратты қоғаудың техникалық құрылғыларын құру (АҚТҚ) - аз танымал физикалық құбылыстағы қорғау кілтіне нақты негізделген. Мұндай кілтті жаңғырту өте қиын, сондықтан оны тек лицензиясын төлеген иемденушілер ғана пайдалана алады.
ЭҚҚ пайдалану барысында көшіруден қорғау үшін қосымша шара қажет емес. Қорғау кілтінің болуы бағдарламалық өнімді өндірумен қатарлас жетілген кілттің бар болуын тағайындайды. Жүйе бір ғана жалғыз құлыппен және қос кілтке ажыратылады. Қорғау деңгейі санының артуына байланысты жүйенің қорғалу дәрежесі артады. Бір кілт қорғаудың қарапайым құрылғысының кілтін алу үшін, екіншісі бағдарламаны шифрдан шығаруға немесе жүйеде жасырулы ІІІ кілтті алуға негізделген. Қосымша қорғау деңгейлері көшірмелеу жұмысын қиындатады.
Жоғарыда аталған қорғау құрылғыларының міндеті - деректер базасын, компютерлік бағдарламаларды рұқсатсыз пайдаланудың алдын алу. Қызметкерлердің сенімділік дәрежесін әртүрлі қорғау кілттері арқылы қамтамасыз етуге болады.
ЭҚҚ-на қойылатын талаптар:
• қорғау кездейсоқ көшіруден және ниеттенген қол жеткізуден сақтау керек;
• кілтті көшіру мүмкіндігінің болмауы;
• қорғау негізгі жүйе жұмысына кедергі келтірмейтіндей немесе басқа бағдарламалық құралдарды қолдануға қиындық тудырмайтындай болуы керек;
• бір уақытта әртүрлі қорғау кілттері бар бағдарламалық құрылғыларды қолдану мүмкіндігінің болуы.
Қорғаудың бірде-бір әдісі сенімді болып табылмайды.
ЭҚҚ-ның түрлері
Белсенді ЭҚҚ – бұл құрылған қисынды логикасы бар және энергияны пайдаланатын ЭҚҚ. Бұл кәдімгі - ұсақ сұлбалар(микросхемалар). Қазігі заманғы ЭҚҚ стандартты кристал таймерін ЭҚҚ бөлігі түрінде пайдаланады. Құлыпқа таймер тест жібереді, оның көрсеткішін берілген уақыт аралығында есептейді; ол ЭҚҚ қосқанда ғана дұрыс болады. Бұл бір деңгейлік қорғау жалғыз кілтті пайдалану арқылы жүреді.
Жұмыс барысында қорғалған бағдарламада бастапқы мән тұрады және ат беру барысында ЭҚҚ-на мән беріледі: ЭҚҚ-нан қорғау кілттері есептеледі. Осыған ұқсас қағиданы INTRA-LOKK қорғау жүйесі пайдаланады. ДК-дің бос слотына арнаулы плата қондырылып, оған әр пайдаланушыға арналған көпсанды қорғау қондырғысы қосылады. Плата – дешифрленген деректерді қамтиды.
Дербес компьютердің қосарлы портына жалғанатын ЭҚҚ өнімі бар. Плата драйвері құрылғымен бірге қойылады. ЭҚҚ – сын бір – бірімен жалғау әртүрлі бағдарламалық өнімдер үшін ЭҚҚ – сын жөңдеуге, пайдаланушы жұмысын реттеуге мүмкіндік береді;
ЭҚҚ негізіндегі қайта бағдарлайтын тұрақты есте сақтау құрылғысы
Қорғау кілті бар арнайы кристалдар– әскери жүйеге қолдану үшін тағайындалған құрал – жабдық түрінде жобаланған. Оны пайдалану аппаратқа қосылуға қиындық туғызады. Кристалл тұрақты есте сақтау құрылғысында жазылған процессор және бағдарламадан тұратын 128 Кбитті қайта бағдарлайтын есте сақтау құрылғысын құрайды. Негізінен жадыда сақталған бір қорғау кілті бар бағдарланған екі кристалл пайдаланылады. Жадыдан кілтті тек кристалл процессоры көмегімен ғана таңдауға болады. Сондықтан бағдарланған кілт жүйе құрамында пайдаланушы қол жеткізу үшін тиімді болмайды. Операциялық жүйе жүктелу барысында басқару екі кристалда орналасқан бағдарламаға беріледі.
Кристаллдарды сәйкестендіру төмендегі түрде жүреді:
– Қабылдағыш ұзындығы 64 биттік кездейсоқ сандарды елемейді;
– сан жүйелік шина арқылы қабылдағышқа беріледі;
– қабылдағыш сандарды құпия кілтпен кодалайды;
– қабылдағыш шифрлеуді аяқтауды тексереді: кодаланған сандардың берілуін сұрайды; эталондық сандарды кодалайды, алынған санмен нәтижесін салыстырады және жұмысы қайталанады;
– сәйкестендіру кезеңі орындағаннан кейін екі бағытта да оперативті жадыға енуге жол ашылады.
Екі жақты сәйкестендіру талап етілген қорғау дәрежесін қамтамасыз етеді.
Бір жолғы парольдер генераторы
Бір жолғы парольдер генераторы - WATCHWORD қорғау жүйесі. Бір жолғы парольдер генераторын – алыстан бақылау пульті түрінде және есептеуіш жүйе желісінде көмекші ЭЕМ түрінде пайдаланады. Есептеуіш жүйесіне кірудің бастапқы кілті- пайдаланушының N сәйкестендіру кілті болып табылады. Генераторда есептеуіш жүйе әкімшілігі орнатқан екінші кілт болады.
Көмекші ЭЕМ негізгі қорғалынған байланыс жолымен қосылған. Жүйе төмендегідей жұмыс істйді:
– пайдаланушы қол жеткізуді шектеуші бағдарламаға сұраныс жасайды;
– сәйкестендіру N кілтін көрсететін есептеуіш желісіне тіркеледі;
– егер идентификатор дұрыс болса, қол жеткізуі шектеуші ЭЕМ құпия кодты іздейді және 7 саннан тұратын кездейсоқ парольды тіркейді;
– пайдаланушы парольды пульт арқылы енгізеді және екінші қорғау кілтімен түрлендірілген пароль түріндегі жауап алады; пайдаланушы жүйеге түпкілікті пароль енгізеді;
– бақылау ЭЕМ – і басты жүйе қол жеткізетін, бірақ таратылмайтын дұрыс парольге ие болады;
– басты ЭЕМ парольдерді салыстырады немесе пайдаланушының қол жеткізуіне тиым салады.
Қорғаудың оптикалық құрылғылары
Оптикалық қорғау құралдары аппараттық құралдарды пайдаланбайды. Бағдарлама (пароль) кодтар тізбегімен қорғалған. Пайдаланушы бұл парольды кейбір кілт көмегімен алып тастауы керек.
Оптикалық кілт дегеніміз- полярлану құрылғысымен бірігетін сәуленің екіге сыну қасиеті бар пластмассалық пластина. Сәуленің екіге сыну қасиеті пластина арқыл жүретіндіктен сәуле екіге жарықшақтанады, әрі қарай қосылып сәйкестенеді. Пластинаның өзара орналасуы кодпен жүреді. Түстер жиынтығын ажырату мүмкін емес. Бағдарлама түстер гаммасы бойынша парольді тексереді. Оптикалық кілт кодталған (түс жиынтығымен беріледі) болуы мүмкін.
Дата добавления: 2015-11-28; просмотров: 4094;