Орғау құралдарының классификациясы
формальды
физикалық |
Қорғау тәсілдері |
кедергі |
басқару |
кодалау |
регламенттеу |
ықтиярсыз |
қозғаушы |
Қорғау құралдары |
аппараттық |
ұйымдастыру |
заң шығарушы |
техникалық
адамгершілік-этикалық |
бағдарламалық |
формальды емес
Сур.1. Қорғау құралдарының классификациясы
Мәліметтерді тасымалдауға, бөлмедегі, аумақтағы қорғалған мәліметтерге қол жеткізудің физикалық кедергісі-бұл тосқауыл. Жүйе ресурстарын (техникалық, бағдарламалық) реттеу әдісімен қорғау арқылы пайдалану қол жеткізуді басқару болып табылады. МБ элементтеріне, тасымалдаушыға бағдарламалық құралдарды пайдаланудың техникалық тұлғасына, пайдаланушыларға арналған жұмыс кестесі белгіленеді.
Бұл үшін пайдаланушылардың жұмыс уақыты және қол жеткізу тәртібі мен ресурстар жүйесі тізімінің техникалық персоналға арналған түрін регламенттейді. Берілген, ұсынылған ресурстар тізбесімен пайдаланушылар тізімі жасалынады.
Пайдаланушы тізімінде МБ элементіне арналған қол жеткізуге болатын рәсімдер тізімі белгіленеді. Мәліметтерді тасымалдауға арналған тұлғалар үшін қол жеткізу құқығы бар тұлғаларжәне оны тұрақты сақтау орны анықталады.
Қол жеткізуді басқару қорғаудың мынадай қызметінен тұрады:
· ресурсты, дербес пайдаланушыны сәйкестендіру бесаспап идентификатор тағайындау және оны таңдау арқылы жүреді;
· өкілеттігі, яғни қабілеттігін тексеру іске қосқан уақытынан бастап ресурстарды сұрағанмен аяқталады;
· белгіленген регламент негізінде ақпаратқа қол жеткізуге рұқсат беру және жағдай жасау;
· сақталған ренсурстардың айналымын тіркеу;
· бекітілмеген жұмыстар түріне әрекет жасаудың нәтижесі.
Кодалау-бұл мәліметтерді криптографиялық түрлендіру әдісімен қорғаудың бір түрі. Қорғау әдісі пайдаланушы үшін тиімді болып саналса, онда ақпараттарды өңдеу және сақтау барысында, әрі мәліметті байланыс желісімен тарату кезінде пайдаланылып, ақпаратты қорғаудағы тиімді әдіс болып есептеледі.
Регламенттеу-мәліметтерді өңдеу және сақтаудың, бекітілмеген мәліметке қол жеткізудің мүмкіндігі болатындай жағдай туғызатын шаралар жиынтығын тарату және өңдеу болып табылады.
Мәжбүрлеу-бұл дербес және пайдаланушының мәліметтерді қылмыстық, әкімшілік, материалдық жауапкершілік қауіптен сақтаудың, өңдеудің ережесі, яғни пайдаланушыларды әкімшілік, құқықтық, материалдық жауапкершілік қаупінен ақпаратты қорғауға, сақтауға мәжбүрлеу.
Ұйымдастыру құралы дегеніміз – деректердегі ақпаратты өңдеу жүйесін пайдалану және оның қызметі барысында (жобалау, монтаждау,сынау, тексеру, пайдалану) жүзеге асатын ұйымдастыру-құқықтық және ұйымдастыру-техникалық шаралары.
Заң шығарушы құралдарға қол жеткізуді шектеуші мәліметтерді өңдеу, пайдалану ережелері және ережені бұзған жағдайдағы жауапкершілік шаралары қарастырылатын еліміздің құқықтық актілері жатады. Мысалы, Қазақстан Республикасының ақпараттандыру туралы заңы, Байланыс туралы заң, Интегралдық микросхемалар топологияларын құқықтық қорғау туралы заң, Қазақстан Республикасының патент заңы, Бұқаралық апарат құралдары туралы заң, және т.б.
Моральдық (адамгершілік)-этикалық құралдарға даму кезеңінде қалыптасқан және қоғамдағы ақпарат технологиясы таратқан дәстүрлік норма жатады. Бұл нормаларды сақтау міндетті емес, бірақ оны сақтамау телуге әкеліп соғады. Ұйғарымдама ережелер жинағы түрінде болады.
Барлық қорғау құралдары формальды және формальды емес болып бөлінеді. Қорғаудың формальды формаларына адамның қатысуынсыз алдын-ала жұмыста қарастырылған қорғау қызметін атқаратын құралдар жатады. Формальды емес қорғау құралдарына адамдардың мақсаткерлік қызметтері немесе сондай қызметті регламенттеу жатады.
Қорғау концепциясының (тұжырымдамасының) дамуын мынадай кезеңдерге бөледі:
1. Бағдарламалық құралдар дамуының артықшылығы.
2. Қорғаныс құралдарының барлық кластарының қарқынды дамуы.
3. Қорғау құралдарының 3 даму тенденциясы:
а) қорғаудың негізгі қызметін аппараттық тарату;
ә) қорғаудың бірнеше қызметін атқаратын қорғаныс құралдарының жиынтығын құру;
б) қорғаныс құралдарын бірыңғайлау және стандарттау.
Қорғаудың техникалық құралдарын қолдану өзіндік, яғни өз бетімен атқарылған шаралар сипатында болады. Көптеген бағдарламалық құралдар (ОЖ, МББЖ) қамтамасыздандарудың жалпы жүйелік компонеттері (құраушылары) құрамына кіреді. Ұйымдастыру компонеттерінің жиынтығы деректердегі ақпаратты өңдеу жүйесіндегі ақпараттарды қорғаудың жалпы ұйымдастыру жұмысынан тұрады.
Ақпаратты қорғау мәселесі заң шығарушы орындардан бастап нақты техникалық құрылғыға дейін кең ауқымды қамтиды. Бағдарламаны өңдеушілер ақпараттың жоғары деңгейде қорғалуын қамтамасыз ететін қорғаудың техникалық құралдары қажеттігін ұсынады. Бағдарламалық құралдарды пайдаланушыларға қорғау құралдары пайдалану тарихында қосымша қиындық туғызады. Бірден-бір қорғау құралы болып табылатын – авторлық құқықты мойындау – яғни бағдарламалық құралдарды сату экономикалық жағынан тиімсіз. Бұдан басқа сақтайтын ақпараттардың ашылу деңгейін көтеру және оны өңдеу әдісін (ноу-хау) жоғарылату тағы бар.
Сауда-саттық қатынасында қорғалатын ақпараттың көшірмесін алуға қол сұғуды азайту, пайдаланушымен сәйкестендіру, көшірме жасауға тиым салу, қорғау құралдарына қызмет көрсететін ЕЖ ресурстарынның бөлігін пайдалану шектеулі.
Қорғау құралдары пайдаланушыға ол көшірмесін жасағанша, орындағанға дейін белгісіз болуы керек.
Мұндай әрекет ету әдісін АҚШ-тағы өңдеу жүйесіне қызмет көрсетудің Ассоциациясы бойынша қорғау комитеті қабылдады, бұл комитет “үнді перне” атағын алған қорғау аппаратурасының стандартын ұсынды.
Қорғау әдістері деректер мен ЭЕМ-ді қорғаудың әдістері және бағдарламалық жабдықтарды (БЖ) қорғау әдістері болып бөлінеді.
Электронды есептеу машинасын (ЭЕМ) қорғау – аппаратураға физикалық қол жеткізуді шектеуге және парольдер пайдалануға негізделген. ЭЕМ-ді шағын бөлмеге орналастырып оның сақталу, қорғалуына мүмкіндік береді. Жекелей сатылатын бағдарламалық қамтамасыздандыруды поштамен салып, қорғау құралдарын меңгеретіндігін ұзақ мерзімде сынауға болады.
Қорғау құралдары төмендегі категорияларға ажыратылады:
· өзіндік қорғау;
· ЕЖ құрамында қорғау;
· сұрау салу арқылы ақпаратты қорғау;
· активті қорғау;
· пассивті қорғау.
Өзіндік қорғау құралдары
Өзіндік қорғау құралдарын төмендегідей сұлба арқылы бейнелеуге болады:
Өзіндік қорғау
құжаттау машиналық код сүйемелдеу шектеулі тапсырыспен авторлық
қолданыс жобалау құқық
Сур.2. Өзіндік қорғау
Бағдарламалық жабдықты сүйемелдеуші құжат авторлық құқық субъектісі болып саналып, қорғау функцияларын орындай алады. Бағдарламалық жабдық құжатсыз толық бағалы түрде қолданыла алмайды.
Бағдарламалық жабдыққа есептеуіш жүйенің бейімделуі қажет болған кезде бағдарламаны өңдеуші тарапынан сүйемелдеудің маңызы ерекше.
Шектеулі қолданыс пайдаланушылар шеңберін шектейді, бағдарламалық жабдық санаулы қолданушылар шеңберінде пайдаланылады.
Тапсырыспен жобалау – бағдарламалық жабдықты арнаулы мақсатқа өңдеу. Егер бағдарлама сирек қолданылатын болса, онда бағдарламаның коммерциялық мақсатта ұрлану қаупі де аз болады.
Стандартты бағдарламалық модульдер бағдарламаны сәйкестендіретін, авторлық құқық беретін ерекше белгімен жабдықталады. Жеке таңбалау құны сауда-саттық түсімінен күтілетін түсіммен шамалас болуы керек.
Сұрау салу арқылы ақпаратты қорғау
Қосымша ақпараттың жұмысына парольдер, нөмірлер, кілттер түрінде талап етілетін бағдарламалар сұрау салу арқылы ақпаратты қорғау түріне жатады.
Қосымша ақпаратты сұрау салу арқылы қорғау
Пароль |
Дербес деректер |
Шартты сөз эл. |
Бір жолғы блокнот |
Шифр |
Алгроитм |
Кілттер |
Деректерді шифрлеу стандарты |
Ашық кілт |
Сигнатура |
Каталогтар |
Көшірмелеу |
Аппаратурааа |
ТЕҚ |
Ақпаратты қайта жасақтаушы |
Қорғаудың электронды құрылғасы |
Интелект құрылғысы |
МП |
Оптикалық құрылғы |
МП басқару |
Баяу |
Белсенді |
N құрылғы |
Басты диск |
Тікелей қорғау құралдары |
Чипті пайдалану |
Маман архитектор |
Троян аттары |
Соңғы нөмірлер |
ПСЧ |
Сур.4. Ақпаратты сұрау салу арқылы қорғау
Парольдер – жүйеге ену үшін қажетті кілттер ретінде қарастырылады және ақпарат тұтастығын сақтауды қамтамасыз етеді бірақ, олар басқа мақсаттар үшін де қолданылады, мысалы, дискіенгізгіште жазуды бұғаттауда, мәліметтерді шифрлеу командаларында, т.б.
Парольдерді 7 негізгі топтарға бөледі:
- қолданушы орнататын парольдер;
- жүйемен генерацияланатын парольдер;
- енудің кездейсоқ кодтары;
- жартылай сөз;
- кілттік фазалар;
- “сұрақ -жауап” түріндегі интерактивті тізбек;
- “қатаң ” парольдер.
Шифрлер - ақпаратты түрлендіруге арналған криптографиялық әдістерді пайдалану. Шифрлер криптоаналитиктер үшін қарапайым болу керек, бірақ кәдімгі пайдаланушылар үшін файлға қол жеткізуді қиындатады. Бағдарламаларды, идентификациялық белгілерді шифрлеуге болады. Бағдарламаны қорғауға арналған шифрдың негізгі сипаттамасы - кілттік шифрдың үзындығы болып саналады.
Сигнатуралар – қорғаныс үшін пайдаланылатын және бағдарламалық тәсілмен тексерілетін электронды есептеуіш машинаның бесаспап сипаттамасы.
Қорғау аппаратурасының көмегімен бағдарламны қорғаудың негізгі принципі – тұрақты есте сақтау құрылғысымен оперативті есте сақтау құрылғысынан бағдарламаларды рұқсатсыз көшіру кезінде бағдарламның өздігінен жойылып кетуіне арналған сигналдарды өндіру.
Арнайы микропроцессорлар (МП) – арнайы оптикалық құрылғы, стандартты интерфейс арқылы қосылады, сұрау салуға кейбір сандық реттілікпен үндеседі. Кемшілігі – бағдарламамен басқарылады.
Электр интеллектісімен қорғау – күрделі қорғаныс алгоритмін таратушы арнайы микропроцессоры бар электронды қорғаныс құрылғыларының бірі.
Тікелей қорғау құралдары-егер құпия ақпараттардан тұратын модульды бұзатын болса, тікелей қорғау динамикалық жады қорегін бұғаулайды да, құпия ақпараттарды жояды.
Активті қорғау құралдары
Активті қорғау құралдары екі топқа бөлінеді: компьютер құрамындағы және оған қатысты емес ішкі және сыртқы активті қорғау құралдары. Ішкі құралдар бағдарламаны бұғаулайды немесе жояды. Активті қорғаудың ішкі құралдарына уақытқа, күннің жадына құрылған қорғау кілттері жатады немесе рұқсатсыз қатынас құруға қарсылық, ескерту, еске салу немесе бақылауды ұйымдастыру түрінде болады. Активті қорғаудың сыртқы құралдары - жалпы қабылданған дабыл сигналдары, авторлық этикетті басып шығару, дыбыстық ескертулер, бақылау, иемденуші жөнінде деректерді басып шығару сияқты белгілерден тұрады.
Пассивті қорғау құралдары
Пассивті қорғау құралдарына сақтандыру, алдын-ала ескерту, бақылау, сондай-ақ қолайсыз жағдайды болдырмау үшін көшіруді дәлелдейтін және айғақ іздейтін бағыттағы әдістер жатады.
Бақылау құрылғысы-деректерге жол ашу, оқиғаларды тіркеу немесе қатынас құру құрылғыларын қорғаудың жалпы бөлігі ретінде қолданылады. Қолданушы түпнұсқадан айыра алмайтындай дәл көшірмені құруға бөгет жасайтын болғандықтан «сулы белгілерді» қолдану жасанды әдістерді қолдану сияқты ерекше орын алады. Қорғаудың психологиялық әдістері ұрланған бағдарламалық өнімде қорғау құрылғылары сақталуы мүмкін деген ойды есіне сақтауға мұқтаж етіп, бұзушыға сенімсіздік тудырып, психологиялық күш салуға негізделген. Сондықтан бағдарламалық қамтамасыз етуге қорғау механизмдері тұрғызылған деген хабар жіберу тиімді. Бағдарламаға айрықша таңбалар енгізудің көтеген қулық әдістері таралған және осының нәтижесінде өзінің барлық кілттер мен қорғау механизмдерін жойғандығына көз жеткізе алмайды, сенімсіздік пайда болады.
Дата добавления: 2015-11-28; просмотров: 3205;