Созылмалы өкпетекті жүрек

Көптеген тыныс алу мүшелерінің аурулары созылмалы өкпетекті жүректің дамуына әкеліп соғуы мүмкін. Айтып кеткенде созылмалы өкпетектік жүректің дамуына бронхтық астма, өкпе қатерлі ісігі, созылмалы бронх обструкциялық сырқаттары себеп болады. Осы аурулар барысының нәтижесінде кіші қан айналым шеңберінде қысым жоғарылайды, жүректің оң бөлігіне күш түседі. Альвеоларда газ алмасу дәрісі бұзылып, артериялық қанда оттегі мөлшері азаяды. Кеуде қуысының қысымы артады, тыныс алу қиындайды.

Клиникалық бейнесі. Негізгі клиникалық белгілері жүрек жұмысының жеткіліксіздігімен сипатталынады. Созылмалы өкпетекті жүректің бастапқы кезеңінде жүрек қызметі жеткілікті. Аурудың клиникасы себепші сырқаттың белгілерімен сипатталынады. Тексергенде оң қарыншаның ұлғайғаны анықталынып, құрсақ үсті бұрышынан жүрек лүпілі көрінеді. Жүрек жұмысының жеткіліксіздігі дамыған жағдайда созылмалы өкпелік жүректің белгілері айқын көрініс береді.Науқастың тынысы тарылып, ентігеді. Жалпы диффузды цианоз білінеді. Мойын көк тамырлары қанға толып, айқын білінеді. Жүрек жиі қағады, аяқтары ісінеді. Бауыр ұлғайып ауырсынады.Қозғалыс қабілеті төмендейді. Жүрек жұмысының жеткіліксіздігінің соңында ағзаның бүкіл мүшелері зақымданады, гипоксия өршіп ацидоз дамиды. Қан анализінде эритроциттер мен гемоглобин мөлшері көбейеді, ЭТЖ 2-4 мм/сағ дейін бәсеңдейді.

Емі. Негізгі ем қағидалары кіші қан айналым шеңберінде қысымды төмендетіп жүрек жұмысын жақсарту болып табылады. Осы мақсатпен көк тамырға 2,4% –10 мл эуфиллин ерітіндісін жібереді. Жүрек жұмысын жақсарту мақсатымен жүрек гликозидтерін (строфантин, корглюкон ерітінділерін) тағайындайды. Сонымен қатар зәр айдайтын дәрі-дәрмектерді (гипотиазид, верошпирон) қолданған жөн. Гипоксияда оттегі берген тиіс. Оттегі тапшылығында қанда көмір қышқылығының мөлшері көбейіп ол тыныс орталығын қоздырады. Сондықтан оттегімен емдегенде фосфор қышқылы және сілтілердің ара қатысын мұқият қадағалап отыру қажет: газ қоспасындағы ылғалды оттегінің мөлшері 40-60% болуға тиісті. Бұл қоспа катетермен мұрын арқылы 6-9 л-мин көлемінде 15-20 минут жіберіледі. Тыныс орталығын тітіркендіру үшін әр 2-3 сағат сайын 2 мл кордиамин немесе камфора ерітінділері тері астына жіберіледі.

Алдын алуы. Созылмалы өкпелік жүректі алдын алу үшін тыныс алу мушелерінің сырқаттарын уақытында дұрыс емдеген жөн, жағымсыз қылықтардан аулақ болу керек. Физикалық күш түсіруге ағзаны бейімдету жөн.

Болжамы. Өкпетекті жүрек жеткіліксіздігінде ем уақытында жүргізіліп отырса науқас өзін қанағаттанарлық күйде сезінеді.

 

Бақылау сұрақтары

1. «Өкпетекті жүрек» деген терминді қалай түсінесіз?

2. Сырқаттың патогенезіне түсініктеме беріңіз.

3. Жедел өкпетекті жүректің дамуына әкеліп соқтыратын себептерді айтып шығыңыз. Клиникалық белгілеріне қысқаша сипаттама беріңіз.

4. Созылмалы өкпетекті жүректің дамуына әкеліп соқтыратын себептерді айтып шығыңыз. Клиникалық көрінісіне қысқаша сипаттама беріңіз.

5. Өкпетекті жүректің ем қағидасын айтып шығыңыз.

6. Алдын алу шараларына түсінік беріңіз.

 

Тыныс алу мүшелерінің ауруларында

мейірбикенің жұмыс ерекшеліктері

 

Мейірбике дем алу ағзаларының ауруларындағы негізгі шағымдары мен симптомдарын білу керек, аурудың басталуы мен дамуын айыра білу керек, өкпе ауруларының емдеу қағидалары мен алдын алуын, өкпе ауруымен ауыратын науқастарды күту мен бақылау ерекшеліктерін білу керек. Өкпе ауруларымен ауыратын адамдар жиі дем алу ағзаларының функцияларының бұзылыстарымен байланысты мәселелермен кездеседі. Олар ентігеді, жиі дем шығара алмай қиналады, құрғақ немесе іртүрлі қақырықты жөтел, жөтелгенде, түшкіргенде күшейетін кеуде қуысының ауруы, қан түкіру мазалайды. Сонымен қатар уыттану белгілері байқалады: әлсіздік, немқұрайлық, бастың ауруы, дене қызуының көтерілуі, тәбетінің төмендеуі және тағы басқа. Өкпенің іріңді ауруларымен ауыратын науқастарда көп мөлшерде жағымсыз иісті қақырық бөлінуі мүмкін, сол себепті өзін ыңғайсыз сезініп ұялуы мүмкін. Науқастар тітіркенгіш, қозғыш, қобалжығыш болады. Мейірбике науқастың жағдайын түсініп оған қажет көмек көрсету керек. Мейірбике жедел дем жетіспеушілігінің белгілерін білу керек, науқаста ентігу пайда болып, мазасыз, көп сөйлегіш, қозғыш, көгеру дамиды. Ауыр жағдайда науқас біртіндеп есін жоғалтып комаға ауысады. Тахикардия, қан қысымы біресе көтеріліп, содан кейін төмендейтіні байқалады. Жиі науқастың мәселесі ентігуде немесе кеуде қуысында ауру пайда болғанда ауруды азайтатын ыңғайлы жағдайды білмеуі, тұншығудағы өлім қорқынышы, ингалятормен және түкіргішті қолдана алмауымен байланысты сонымен қатар темекі тартудан бас тарта алмауы. Бар мәліметтерді пайдалана отырып, мейірбике алдына қойған мақсаттарын жоспарлайды. Жұмыс жоспарын құра отырып, мейірбике пациентпен бірігіп әрбір мәселенің мақсаттарымен нәтижесіне жету және мейірбикенің сол іске араласу көлемін анықтайды. Жұмыстың мақсаты міндетті түрде тек қана нақты науқасқа ғана бағытталған болу керек. Науқасты күтудін жоспарын құрғанда пациент қандай нәтижеге жеткісі келетінін анықтап алу керек. Пациенттің мәселелерін шешуге бағытталған медбикенің қандай да бір араласуын жүзеге асыру алдында мейірбике оларды науқасқа айтып беріп және оларды не үшін орындау керек екенін түсіндіру керек. Тез арада орындалатын мақсаттар (тұншығуды басу, қан түкіруді азайту, құрғақ жөтелді басу, қақырық түсіруді жақсарту). Болашақта орындалатын мақсаттар (пациент жөтелдің себебін біледі, позициялық дренаж жүргізе алады, шылым шегуін қояды және т.б.). Бұл мақсаттарды жүзеге асыру үшін мейірбике келесі істерді атқарады. Тәуелді мейірбикелік араласулар. Дер кезінде дәрілік ем жүргізеді, ем жүргізіп, оның тиімділігін бағалап, дәрігерге дәрінің қосымша әсерлері туралы хабарлайды. Дәрігердің тағайындауы бойынша мейірбике ентігуді азайтады, қақырықтың бөлінуін жақсарту үшін оттегі беріп, бронхолитикті ингаляция жүргізеді. Тәуелсіз мейірбикелік араласулар. Бұл өмірге маңызды функцияларды өткізіп және медициналық құжаттарды толтырады. Мейірбике науқастың жалпы жағдайымен төсектегі қалпын бақылап, тері қатпарларының түсін, дем алуын, жөтелін, қақырығын белгілейді, термометрия жүргізеді. Мейірбике пациентке ауруының дамуы барысы жайлы, клиникалық белгілері, емдеу принциптері мен болуы мүмкін асқынулары жайлы хабарлап тоыру керек. Мейірбике әрбір аурулардағы күтім ерекшелігі жайлы білу керек. Мысалы, бронхоэктативті ауруы бар науқастың төсектегі жағдайы біршама ерекше, төсектің аяқ жағы 20 – 30 см – ге көтерілген болуы тиіс. Мұндай жағдай бронхоэктаздарда жиналған қақырықтың жақсы шығуына әсер етеді (бұны позициялық дренаж деп атайды). Оны мүмкіндігінше таңертең дем жаттығуларынан кейін және кешке ұйқының алдында 15 – 20 минут бойы жасау керек. Мейірбике науқасқа қақырықтың дұрыс шығуы үшін жөтелу тәсіліне, тұншығу ұстамасы кезінде өзіне - өзі көмек беру әдістеріне, ингалятормен қолдану тәсілін үйрету керек. Өкпенің іріңді ауруларын күте жүріп, мейірбике науқасты аузы жабылатын ыдысқа жиналуын үйрету керек, өйткені қақырықта патогенді микрофлора көп болады. Бір – бірімен байланысып жұмыс істеу мейірбике науқасты физиотерапевтік емшараға дайындап, жүргізуге көмектеседі. Мейірбике науқасқа бұл қол әрекеттерінің мақсатын түсіндіріп, оны жүзеге асыруға келісімін алу керек. Соңынан мейірбикенің қатысуымен болған шаралардың нәтижелерін бағалайды. Егер алдыға қойған мақсатқа жетпесе немесе толық орындалмаған жағдайда, онда мейірбикенің іс әрекетінің жоспары қайтадан құрылуы тиіс.

АМСК-гі мейірбике жұмысының негізінің бірі – педагогикалық аспектіде жұмыс істеу, ауруларды алдын алу. Мейірбике науқасты, оның туыстарын күтім шараларына үйретіп, қауіпті мәнбірлерді жойып, ағзаның физиологиялық жағдайын күшейту, ағзаны шынықтыру тәсілдеріне үйрету керек. Төменде осы педагогикалық жұмыстың негіздері беріліп отыр.








Дата добавления: 2015-11-26; просмотров: 5578;


Поиск по сайту:

При помощи поиска вы сможете найти нужную вам информацию.

Поделитесь с друзьями:

Если вам перенёс пользу информационный материал, или помог в учебе – поделитесь этим сайтом с друзьями и знакомыми.
helpiks.org - Хелпикс.Орг - 2014-2024 год. Материал сайта представляется для ознакомительного и учебного использования. | Поддержка
Генерация страницы за: 0.006 сек.