Жүрек ырғақтылығының бұзылуы
Жүректің бір қалыпта соқпауы жүрек ырғақтылығының бұзылуы деп аталады. Ырғақтылық уақыт бойынша бір реттік немесе ұзақ уақытқа созылған болуы мүмкін. Жүректің ырғақтылығының бұзылуы жүректің жиі соғуымен – тахикардиямен байланысады, бірақта жүректің сирек ритмі кезінде де кездесуі мүмкін. Ырғақтылықтың бұзылуының әртүрлі түрлері болуы мүмкін: экстрасистолия – жүректің кезексіз жиырылуы, аритмия – жүрекшенің бір қалыпты жиырылуының бұзылуы әсерінен жүректің аритмиясы, сонымен қатар өткізгіш жүйесі қызметінің және жүрек бұлшық еттерінің әр түрлі бұзылыстары байқалады.
Жүрек маңайының ауырсынуы
Бұл симптом қан айналу ағзаларының сырқаттарында жиі кездеседі, бірақ әртүрлі болады. Кейбір ауруларда (жүрек ишемиялық ауруында) бұл симптом негізгі белгі болып табылады, ал басқа ауруларда ең шешуші орын алады. Жүрек ишемия ауруларында ауырсыну аса маңызды. Мұндай аурудың себептері жүрек бұлшық еттерінің қан мен қамтамасыз ету жетіспеушілігі дамуына байланысты. Ишемиядан пайда болған аурулар былай сипатталады: қысып ауырады, қысқа уақыт ( 3 – 5 минутқа дейін) ауырады, ұстама түрінде пайда болады. Жиі физикалық күш түскен кезде білінеді. Ауру көбінесе қозғалысты тоқтатқаннан кейін және нитроглицерин қабылдағаннан кейін басылады. Мұндай ұстама түрінде ауыратын сырқат жүрек қыспасы (стенокардия) деп аталады. Осындай ауру түнде ұйықтап жатқанда да пайда болуы мүмкін. Негізінде науқас ұйқыдан оянғаннан кейін отырады, сол кезде ауру біртіндеп тарайды. Бұл ұстаманы тыныштықтағы стенокардия деп атайды. Қарастырылған аурудың ұстамалары кейбір жүрек ақауларында да кездесуі мүмкін. Басқа ауруларда ауырсынудың белгілі бір сипаттамасы жоқ. Негізінде олар сыздап ауырады, олардың ұзақтығы әртүрлі (бірнеше минуттан бірнеше сағатқа дейін), белгілі бір дәрілік заттарды қабылдағаннан ауырсыну басылмайды. Мұндай ауырсыну өте көптеген жүрек сырқаттарында кездеседі: жүрек ақаулары, миокардит, перикардит, артериалдық қысым көтерілнгенде және т. б. Жүрек – тамыр жүйесі қатысы жоқ сырқаттарда да жүрек маңайының ауырсынуы пайда болуы мүмкін. Міне осылай жүрек маңының ауырсынуы сол жақ өкпе қабынуында, омыртқа жотасының, мойын кеуде бөлігінің остеохондрозында, асқазан ауруларында, қабырға және қабырға шеміршегі, қабырға аралық невралгияда, миозит және т. б. Ауруларда кездесуі мүмкін.
Демікпе
Жүрек ауруларында жиі кездесетін белгі – демікпе. Демікпенің себебі – жүректің жиырылу қызметінің төмендеуі және сол себептен кіші қан айналым шеңберінің тамырларында қан тұрып қалуы. Яғни, демікпе жүрек жетіспеушілігінің алғашқы белгілерінің бірі болып табылады. Жүрек бұлшық еттері аздап әлсірегеннің өзінде тек қана физикалық күш түскенде, баспалдақпен көтерілгенде, кез келген қозғалыстықтан демікпе пайда болады. Ауыр жағдайда демікпе тіпті төсекте жатқан науқаста да байқалады. Жүрек бұлшық еттерінің кенеттен әлсіреуі жүрек демікпесі деп аталатын тұншығу ұстамасы түріндегі кенеттен пайда болатын демікпені шақыруы мүмкін. Егер тұншығу ұстамасының уақытында әртүрлі емдік шараралар көмегімен тоқтатпаса, онда өкпе ісігі дамуы мүмкін: тұншығуға жөтел қосылады, жөтелгенде қызғылт түсті көпіршікті қақырық бөлінеді. Бұл ұстамалар өте қауіпті, өйткені мұндай ұстама кезіңде науқастар өліп кетуі мүмкін.
Ісіктер
Бұл жүрек жетіспеушілігіне тән белгі. Дәлірек айтқанда – оң жақ қарыншаның шамасыздығы. Оң жақ қарыншаның жиырылуы қызметі төмендеуі, оның қуысында қанның тұрып қалуына және қан қысымының көтерілуіне әкеліп соғады. Біртіндеп барлық жүйеде қан тұрып қалады. Қанның тұрып қалу нәтижесінде оның сұйық бөлігі тамыр қабырғалары арқылы қоршаған тіндерге ағып шығып, ісіктер пайда болады. Жүрек шамасыздығындағы ісіктердің өзіне тән бірнеше белгілері бар: аяқта пайда болады (өкпе, сан яғни жүректен алыс жерлерде). Егер төсек тартып жатқан болса, онда ісіктер алғашқы рет сегізкөз бен белде пайда болады. Жүректің жұмысының әрі қарай әлсіреуінде сұйықтық қуыстарда (өкпеқапта - гидроторакс, іш қуысында – асцит) жиналады. Шетті ісіктер пайда болғанға дейін қанның тұрып қалуы бауырда дамиды, ол ісініп, көлемі ұлғаяды да ауырсыну сезімі пайда болуына әсер етеді, содан кейін оң жақ қабырға астында аурысыну пайда болады.
Көгеру (цианоз)
Еріннің, мұрын ұшының, аяқ пен қолдың саусақтарының көкшіл түсті болуы цианоз деп аталады. Әдетте цианоз ісіктен бұрын пайда болады және жүрек шамасыздығына тән. Көкшіл түске боялу құрамында көп мөлшерде тотықсызданған гемоглобині бар қанның тері саңылаулары арқылы шығуы деп түсіндіріледі. Қалыпты жағдайға қарағанда тіндер гемоглобиннің оттегіні көп мөлшерде даму себебіне тотықсызданған гемоглобин көбейеді, бұл дәріске жүректің жиырылу қызметінің төмендеуі әсерінен капиллярлардағы қан ағымының азаюы да әсер етеді. Жүрек шамасыздығында цианоз жергілікті түрде байқалады.
Дата добавления: 2015-11-26; просмотров: 2122;