Бақылау сұрақтары. 1. Жүрек – қан тамыр жүйесінің атқаратын қызметінің басты маңыздылық ерекшелігі.
1. Жүрек – қан тамыр жүйесінің атқаратын қызметінің басты маңыздылық ерекшелігі.
2. Аталған тақырыпта кездесетін негізгі клиникалық белгілеріне қысқаша сипаттама беріңіз.
3. Артериялдық қан қысымының қандай түрлері бар?
4. Жүрек – қан тамыр жүйесінің ауруларында қандай зертханалық және құрал – жабдық аппарат тексеріс түрлерін қолданады?
Ревматизм
Ревматизм – жұқпалы – аллергиялық ауру. «Реумус» деген сөз –«жайылу», «ағылу» деген сөз. Ағзалардың бәрі дәнекер тінінен құралады. Дәнекер тініне коллаген талшықтары кіреді. Ревматизмде дәнекер тіні зақымданады: жүрек, тамырлар, буындар, көз, жүйке жүйесі, тері және т. б. Негізінде ревматизм мен көбінесе жастар ауырады. 1835 жылы Буйо және Сокольский ревматизмде буындардан басқа тамырлар және жүректе зақымданады деп жазып шықты. Ғалымдар Нестеров, Стражеско, Насонова, Кончаловский ревматизмнің зерттеуінде көп жұмыс істеді. Ревматизм 7 – 15 жас арасында жиі кездеседі, содан соң қайталанып отырады, мүгедектікке әкеп соғуы мүмкін.
Этиологиясы:Қоздырғышы – «А» тобынан B-гемолитикалық стрептококк болып табылады. 60 – 80% -те баспа, фарингит, скарлатина, қан құрт аурулары әкеліп соғады. Бірақ стрептококтың ғана әсері аз. Бұл адамның қорғаныш қызметінің төмендеуіне де байланысты (иммундық жүйенің әлсіздігі). Маңызды рольді тұқым қуалаушылық да атқарады.
Әсер ететін мәнбірлер: суық тию, ағзадағы жұқпа ошақтары қауіпті болады. ІІ- А, ІІІ – Б топ қандары бар адамдар жиі ауырады. (генде алтыншы хромосомның антиген сәйкестігіне байланысты).
Патогенезі: денеге түскен стрептококк қанмен бірге бүкіл денеге жайылады. Бұлшық етке еніп, оны зақымдайды. Зақымданған торшалар денеден бөлініп қанға шығады. Олар аутоантигендер болып саналады. Бұларға қарсы аутоантиденелар шығады. Антидене антигенмен байланысып кешен құрады. Осы кешендер тамырлардың қабырғаларына жабысып оларды зақымдайды, сөйтіп қабыну дәрісі басталады. Бұл дәріс бара – бара ұлғая береді, сөйтіп аутоагрессия басталып тоқтамайды.
Патоморфологиялық өзгерістері:1904 жылы ревматикалық гранулемдерді Ашов ғалымы жазып шықты. 1924 жылы Талалаев ревматизм 3 кезеңнен өтеді деп тереңірек зерттеді.
І – кезең – эксудативтік. Ісіну, қабыну кезеңі, 2 – 3 аптаға созылады. Ет талшықтары ісініп жуандайды.
ІІ – кезең – пролиферативтік. Фибрин талшықтары пайда болады. Қандағы фибриндер коллаген талшықтарына жабысып, оны ыдыратады.
ІІІ – кезең – склеротикалық. Гранулемдер ұзыңдап, өзгеріп, қатая бастайды. Сөйтіп склерозға әкеліп соғады, яғни қабыну болған жерде пайда болып бітеді.
Жіктемесі (А.И.Нестеров, 1964 ж). Дамуына байланысты белсенді кезеңі, белсенді емес кезеңі болады. Белсенді кезеңі үш түрмен өтеді:
· Алғашқы қабыну ғана байқалады.
· Жүрек зақымданып, жүрек ақаулары пайда болады.
· Жүректе өзгеріс болмауы мүмкін, бірақ басқа жүйелер зақымданады.
Белсенді кезеңі үш дәрежеде байқалады:
І – дәреже, минималдық. Клиникалық белгілер өте аз байқалады, тіндерге қабыну дәрісінің эксудативтік компоненттері жоқ.
ІІ – дәреже, орташа. Ревматизм белгілері орнынды. Қызба өте жоғары емес. Зақымданған ағзаларда қабыну дәрісінің эксудативті компоненті анық емес. Ревматизмнің белсенділік көрсеткіштері орташа.
ІІІ – дәреже, максималдық. Ревматизмнің бүкіл белгілері анық білінеді (клиникалық, зертханалық)
Ревматизм ағымына қарай келесі түрлерге бөлінеді:
Жедел түрі – 3 айға дейін созылады.
1. Жеделдеп өтетін түрі – 6 айға дейін созылады.
2. Созылмалы түрі – 6 айдан асып, қалыпты өтеді.
3. Үздіксіз қайталанып отыратын түрі (сырқаттың белгілері үстін-үстін қозып отырады)
4. Латенттік (жасырын) түрі. Сырқаттың белгілері білінбей қиындықпен сезіледі.
Зақымдануына байланысты ревматизм келесі клиникалық түрлерге бөлінеді: жүрек түрі; буын түрі; висцералдық түрі (іш ағзаларының зақымдануы); тері түрі (түйінді эритема); орталық жүйке жүйесінің зақымдануы (кіші хорея).
Ревматизмде осы айтылған ағзалардың бәрі зақымдалынады, бірақ олардың ішінде бір мүшенің ерекше зақымдалынғаны айқын білінеді. Сырқаттың ұзақтығы түріне байланысты. Ағымы 6 айдан 1 жылға дейін созылуы мүмкін.
Клиникалық бейнесі. Баспадан кейін (немесе басқа жұқпа аурудан соң) екі үш апта өтіп ревматизм дамиды. Уыттану белгілері білінеді: пациенттің жағдайы нашарлайды, дене қызуы көтеріледі, басы ауырады, әлсізденеді, шаршағыш келеді, жұмысқа деген қабілеті төмендейді. Бірнеше уақыттан соң жүрек маңайы шаншып ауырады.
Жүректің зақымдануы. 96 – 100% жүрек бұлшық еті зақымданады. Зақымдану екі түрде байқалады: ошақты және диффуздық түрде. Жүрек соғуы жиілейді, жүректің көлемі сол жаққа ұлғаяды (перкуссияда). Аускультацияда: бірінші дыбыс бәсең естіледі, нәзік систолдық шу байқалады. Екінші дыбыс акцент білдіреді (күшейеді). Пациенттің сырқаттануы жүректің зақымдануына байланысты. Ревматизмде жүректің ішкі қабаты қабынса оны эндокардит деп атайды. Бұнда жүректің қақпақшалары қисайып, тартылып қалады. Сөйтіп, жүрек ақауларына әкеп соғуы мүмкін. Жүректің ортаңғы ет қабаты қабынса оны миокардит деп атайды. Миокардтың зақымдалуы жүрек шекараларының кеңеюімен, жүрек дыбыстарының әлсіреуімен, жүрек ұшында систолдық шудың пайда болуымен сипатталынады. Жүрек жұмысының ырғақтылығы жиі бұзылады. Ал егер сыртқы қабаты қабынса, оны перикардит деп атайды. Бұнда перикардтың екі қабатының арасына сары су жиналып, жүректі қысып тастайды. Егер эндокардпен миокард қабынса, оны ревмокардит деп атайды. Егер жүректің бірдей үш қабаты қабынса, оны панкардит деп атайды («пан » - бүкіл деген сөз). Ревматикалық перикардит жедел түрде өтеді: 2 – 7 күн. Оның екі түрі бар: құрғақ және эксудаттық. Құрғақ түрінде: жүрек маңайы шаншып қатты аурады, ауырсыну сол иығына, сол қолға әсер етеді. Пациент ентігеді, жүрек соғуы жиілейді. Аускультацияда перикардтың үлкейген дыбысы естіледі (қар сықырлағандай дыбыс). Құрғақ перикардит екі – үш аптадан кейін басылады немесе эксудаттық түріне ауысады. Эксудаттық перикардит біртіндеп дамиды. Жүрек тұсы шаншып, қысып ауырады. Дене қызуы көтеріледі. Пациентте ентігу, құсу білінеді. Қарағанда: беті ісініп тұрады, көгеру пайда болады. Мойын көк тамырлары қан мен толып, ісініп кетеді. Жүрек соғуы әлсізденеді, жүрек баяу жұмыс істейді. Жүрек көлемі ұлғаяды. Аускультацияда сары су жиналғанынан жүрек дыбысы жөнді естілмейді. Тамыр соғуы жиі, әлсіз. Қан қысымы төмен. ЭКГ – ның вольтажы төмендейді.
Ревматикалық полиартрит. Буындар ісінеді, қызарады, қозғалуы қиындайды. Ревматизмде буын қабыну дәрісінің ерекшеліктері: көбінесе қос буындар зақымдалынады (екі иық, екі шынтақ, екі тізе); ірі және орташа буындар зақымдалынады; буынның ауырғаны ауыспалы түрде білінеді; соңыңда буындағы дәріс ізсіз тарқалып кетеді.
Ревмоваскулит деп тамырлардың қабынуы аталады. Әсіресе бас тамырлары қабынады. Сол себептен мидың қөректік дәрісі бұзылады. Пациенттің басы қатты ауырады. Қарағанда: цианоз білінеді. Науқастың мұрыны, еріні, саусақтары көгереді. Дем алуы 20 – 25 рет минутына. Тамыр соғуы минутына 100 – 120 рет. Қан қысымы сәл төмендейді.
тері ревматизмі. Жалпы уыттану белгілерімен бірге тері үстінде түйінді бөртпе, эритемалар пайда болады; кейде дөңгелек тәрізді, содан кейін басылады. Көбінесе буынның үстінде пайда болады (тізе, шынтақ). Басқанда ауырады. Түйіншіктер терінің үстінде де астында да болуы мүмкін.
Ревматикалық хорея. 1 – 2 аптадан кейін жүйке жүесінің ревматизмі (ревматикалық хорея) клиникалық белгілерімен сипатталады. Ревматизмнің бұл түрі жиі балаларда және жас өспірімдерде байқалады, әсіресе қыз балаларда. Негізгі белгісі – жүйке жүйесінің қызметінің бұзылуы. Баланың психикалық жағдайы күрт өзгереді, көңіл-күйі төмендейді, бұлшық еті әлсізденеді, қозады, агрессия байқалады.
Ревматизмнің дерт анықтамасы. 1940 жылы А. А. Кисель ревматизмнің 5 нақты белгілерін көрсеткен:
1. Кардит
2. Полиартрит
3. Хорея
4. Тері астындағы эритема
5. Ревматикалық анамнезі және қосымша белгілерінде айтып шыққан: дене қызуы, терінің бозаруы, мұрыннан қан кету, адинамия.
1960 жылы Нестеров “кардит” мағынасын толтырды: жүрек маңайының ауырсынуы, жүрек жұмысының ырғақтылығының бұзылуы, шудың естілуі, жүрек дыбысының төмендеуі. Ревматизмде жалпы қан анализінде лейкоцитоз, ЭТЖ артады. Биохимия қан анализінде гаммаглобулиндердің мөлшері көбейеді, ақуыз мөлшері азаяды (альбуминдер 30 – 40% дейін азаяды), ревмосынамалар жағымды болады (Дар – Мален қалыпты жағдайда болмау керек). Сиал қышқылдары да көбейеді. Кеуде қуысының рентген суретінде жүректің сол жақ көлемінің үлкейгені білінеді. Ревматизмнің асқынулары. Жиі кездесетін асқынуларға жүрек ақаулары, созылмалы жүрек жеткіліксіздігі жатады.
Нақтылы диагнозын қойғанда келесі сырқаттармен ажырату керек:
· ревматикалық емес миокардит
· тонзилло – кардиалдық синдром
· реактивтік артрит
· ревматоидтық артрит
· созылмалы жұқпа эндокардит
· тиреотоксикоз
· жүрек неврозы
Ревматизмнің емі. Ауруханада 1-1,5 ай емделеді. Тыныштықты сақтау тиіс. Ауырған мүшелерге тыныштық берген жөн, осы мақсатпен 5 – 6 апта науқас төсек тәртібін сақтау керек. 10 емдәм, көмірсулардың мөлшерін 25 граммға дейін азайтады. Ал ақуыздың мөлшерін көбейтеді: сүзбе, жұмыртқа беру жөн. Этиологиялық ем қолданады: 2 аптадай пенициллин 500000 БІ бұлшық етке 4-6 рет егеді. 2 апта өткен соң пациентке бициллин – 3, немесе бициллин – 5 егіледі. Патогенетикалық ем жүргізіледі: аспирин 2 – 3 ай; салициламид 1 – 3 ай; вольтарен 1 – 3 ай; индометацин 1-3 ай; бруфен 0,2 мөлшерде ұзақ уақыт. Ауыр жағдайларда гормон препараттарын қолданады: преднизалон 20 – 40 мг тәулігіне. Әр 5-7 күнде оны жарты таблеткадан азайтып отыру керек. Сонымен бірге келесі гормон препараттарын қолдануға болады: полькортолон, метипред, дексаметазон, метилпреднизалон. Антигистаминдер қолданылады: 2-3 апта супрастин, тавегил, пипольфен, димедрол және т.б. Сонымен қатар қабынуды басу мақсатымен иммунодепрессивтік ем жүргізген жөн, 6 – меркатопурин, лейкеран, делагил 0,25 мг (қанды тексеріп отыру керек). Симптомдық ем қолданады: жылы емшаралар (дене қызуы басылған соң), жүрек гликозидтері, аритмияға қарсы ем т.б.
Аурудың алдын алуы. Науқастарды диспансерлік нұсқауы бойынша ревматолог бақылайды. Аурудың ағымына байланысты жылына 1-2 рет қарап отырады. Қажет болған жағдайда басқа маманды дәрігерлер тексереді: кардиолог, отолариноголог, стоматолог. Қаралған сайын қан, зәр анализдері тексеріледі, ЭКГ, ЭХО-КС жүргізіледі.
Алдын алу шаралардың екі түрі бар:
1. Біріншілік - әсер ететін ауруларды уақытында емдеу, санация жүргізу. Баспа, отит, фронтит, гайморитпен ауырған пациенттер диспансерлік бақылауға тіркеліп, инструкция бойынша қаралады. Сонымен бірге ағзаның физикалық белсенділігін көтеру, дене шынықтыру, салауатты өмір салтын бағыттау маңызды роль атқарады.
2. Екіншілік алдын-алу – ол көктемде және күзде ревматизммен ауыратын пациенттерге 6 аптаның ішінде бициллин -3, 600 000 ХБ бұлшық етке аптасына 1 рет салып отырады, немесе бициллин - 5, 1 500 000 ХБ айына 1 рет бұлшық етке 5 жыл бойы салады. Бақылау қағазына тексеріс нәтижелері, алынған емі көрсетіледі.
Аурудың болжамы. Алғашқы кезде уақытында дұрыс емделсе, жазылып шығады немесе мүгедектікке әкеп соғуы мүмкін.
Дата добавления: 2015-11-26; просмотров: 2132;