Кпе іріңді аурулары

Өкпе іріңді сырқаттарына өкпе абсцесі, өкпенің шіруі, бронхоэктаздық ауруы жатады. Өкпе іріңді сырқаттарына әкеліп соғатын мәнбірлер: өкпе тінінің қабынуы, бронхтың өткізгіш қабілет қызметінің бұзылуы, зақымдалынған жердің қамтамасыз ету дәрісінің бұзылуы.

Кпе абсцессі

Бұл өкпеде іріңге толған қуыстықтың пайда болуымен сипатталынатын сырқат. Бұл сырқаттың дамуына әкеліп соққан себебіне байланысты өкпе абсцессінің келесі түрлері болады:

· пневмониядан кейінгі дамыған түрі - өкпе қабынуынан кейінгі пайда болатын түрі;

· гематогендік түрі – ағзаның белгілі бір жерінен ірің қан арқылы өкпеге келіп түсуі;

· аспирациялық түрі – құсықтың өкпеге түсіп іріңдікті туғызуы;

· жарақаттан кейін дамыған түрі – кеуде қуысының жарақаттанғаны өкпенің зақымдалуына әкеліп соқтыруы мүмкін;

Өкпе іріңдігінің жіктелу тәртіп ерекшелігі көпше және жекеше, бір беткейлі немесе екі беткейлі реттік жүйесімен сипатталынады.

Клиникалық бейнесі. Сырқаттың өту ағымы 3 кезеңмен сипатталынып өтеді:

1 кезең – өкпеде абсцесстің пайда болуы. Науқастың дене қызуы 400 С дейін көтеріліп, ( тұрақсыз ауыспалы түрдегі). Дене қызуы көтерілгенде пациент қалшылдап өзін - өзі ұстай алмайды, ал дене қызуы төмендеп, түскенде терлеп қиналады. Бұл кезеңде уыттану белгілері айқын түрде білінеді: әлсіздік, тамаққа деген тәбетінің тартпауы, қимыл - қозғалысының қиындауы, дұрыс тынығып ұйықтай алмағандығынан, мазасыздануы. Қараған кезде: өкпенің сау жағын алып қарағанда ауырған жағы тыныс алудан қалыптан тыс кеміп отырады. Перкуссияда өкпе абсцессі орналасқан жерінің дыбыс беру ырғақтылығы жәй шығады, аускультацияда бронхиалдық дем, крепитиция, ылғал сырылдар естіледі. Жалпы қан анализінде: лейкоцитоз байқалады, ЭТЖ артады. Рентгенде инфильтрация ошағы байқалады.

2 кезең –өкпедегі іріңдік жарылып, іріңнің сыртқа ағып шығуы. Сырқат барысының 5 – 10 күнінен кейін пациенттің ауызы бір мезетте көп мөлшерде іріңмен толып, жағымсыз иістегі іріңдікті сыртқа бөліп шығарады. Бұдан кейін науқастың жағдайы жеңілденей бастайды: уыттану белгілері тыйылып сабырсиды, дем алуы жақсарады, дене қызуы төмендейді, тамаққа деген тәбеті құмарланады. Жиналып бөлінген іріңді шығынды 3 қабаттан тұрады: іріңдік шығындының алғашқы бөлігінің қабаты көпіршікті болып келеді, іріңдік шығындының екінші орта бөлігі – сарғыш, бір түстік сипатта, ал іріңдік шығындының астыңғы үшінші қабат бөлігі өкпе тінінің элементтер үгіндісінің қалдығынынан тұрады. Өкпе қуысыннан бөлініп шыққан іріңдіктен кейін, перкуссияда өкпе дыбысы анық шығады. Аускультацияда амфорлық демі естіледі. Рентгенде тегіс денгейлі сұйықтығы бар қуыс анықталынады.

3 кезең – жазылу кезеңі. Сырқат барысының 15 –20 күнінен кейін науқастың жөтелі басылып, қақырық тастау мөлшері азайып, уыттану белгілері жойылады. Егер уақытылы ем көрсетілмеген жағдайда, сырқат ағымы созылмалы түріне көшеді. Өкпе абсцессінің бірінші кезеңіңдегі өткізілген рентген тексерісінде өкпе қуысына жиналған ірің көрінісі байқалады. Абсцесстің созылмалы түрінде сырқаттың саусақтары барабан таяқшалары тәрізді, тырнақтары дөмбекшіген түрінде болады. Науқастың тынысынан жағымсыз иіс шығады.

Асқынулары. Сырқаттың ең қауіпті асқынуы - өкпеден қан кету болып табылады. Іріңді қуыс жарылып өкпенің екі қабатының аралығына іріңнің кетуі мүмкін. Бронхоэктаздардың пайда болуы мүмкін. Сонымен қатар амилоидоздың дамуы да мүмкін, бұл жағдайда іш қуыс ағзалары зақымдалады. Ағзадағы қан арқылы дененің барлық бөліктеріне іріңідік шығының жайылуы мүмкін.

 

 

7 суретОң жақ өпкенің жоғарғы

бөлігінің абсцессі.

Емі. Науқас міндетті түрде ауруханада емделеді. Төсек тәртібін сақтауы тиіс. Науқастың тағамдарының құнарлы болуы, емдәм тәртібін сырқат түріне нақты және қолайлы етіп тағайындаған маңызды болып табылады. Қабынуға қарсы антибактериалдық емін қолданады: антибиотиктер, сульфаниламидтер тобына жататын дәрілері. Бұл препараттарды ауыз арқылы, қан арқылы немесе жергілікті түрде бронхоскоп аппаратын қолдана отырып кеңірдектің тарамдарының ішіне тікелей жіберуге болады. Жиі қолданатын антибиотиктерге цефалоспориндер жатады: цефотаксим – тәулігіне 12 гр дейін, цефтазидим – тәулігіне 4 гр дейін т.б. Уыттануға қарсы ем жүргізіледі. Осы мақсатпен ағзаға көп мөлшерде дәрілік сұйықтықтарын жіберу керек: гемодез, полиглюкин, глюкоза ерітінділері. Міндетті түрде бронхтың ішін іріңнен тазарту үшін позициялық дренаж жүргізу қажет. Уақыты өте келе пациентті тәулігіне 40 – 60 минутқа төсектегі жағдайын өзгертіп отыру керек. Әр пациентте бұл жағдайды әртүрлі арнайы әдістерімен төсектегі қалып жағдайын өзгертіп, жүргізуге болады. Сонда қақырық бронхыға және кеңірдекке құйылып сыртқа ағып шығады. Сонымен қатар қақырықты сыртқа түсіретін дәрілермен қолданады: 3% йодид калий ерітіндісі, термопсистің тұнбасы (0,6 : 180), бромгексин, амброксал және т.б. Кеуде қуысына дірілдету уқалау түрін (вибромассаж) жүргізуге болады (қақырықтың сыртқа шығуына көмектеседі). Ағзаның иммундық қорғаныш жүйесін әлдендіреді. Шұғыл жағдайларда (өкпеден қан кету, қан аралас қақырық тастау) гемостатикалық ем қолданылады: 10% - 10 мл кальций хлор ер-ін көк тамырға, 5% - 100 мл аминокапрон қышқылын көк тамырға енгізеді. Консерватикалық ем нәтижелі болмаған жағдайларда отау жасайды. 10-15% өкпе іріңдігі созылмалы түріне ауысады.

Алдын алуы. Алдын алу мақсатпен іріңді процесске әкелетін мәнбірлерді шектеу. Осыған байланысты әр түрлі септикалық жағдайларды ерте табып, уақытында қолайлы ем жүргізген жөн. Тыныс алу жолдарына бөгде зат түсірмеу керек. Әсіресе жас балаларға, жұту қабілеті бұзылған қарт адамдарға көп көңіл бөлу керек. Сана сезімі бұзылған, ес түссіз жатқан пациенттерді дұрыс қадағалап, құсықта дифференциалды көмек көрсеткен жөн.

Бронхоэктаз ауру

Бұл өкпенің іріңді аурулар қатарына жататын сырқаттардың бірі болып табылады. Сырқаттың түпкілікті маңыздылық мағынасының негізі, бронх жапырақшаларының түбі кеңейіп, оларға қақырықтың жиналып, жұқпамен қоздырылып қабыну дәріс ағысының өтуін түсіндіреді. Осының салдарынан бронх қабырғасы мен бронх жанындағы жатқан тіндер де қабынады.

Этиологиясы. Созылмалы бронхит, өкпе қабынуы, көк жөтел, өкпе туберкулезі және тағы басқа да сырқаттардың әсерінен дамиды .

Патогенезі. Негізінің түсініктемесінде бронхының ішіне жиналып, кідіріліп қалған қақырық жөтелге әкеліп соқтырады. Жөтелген сайын бронхылардың қабырғаларына күш түскендіктен олар патологиялық өзгерістерге ұшырап, серпімділік қасиетін жоғалтады. Бронх қабырғаларының ұсақ тармақтарында әртүрдегі ауытқулар пайда болады. Осы ұсақ тармақтардың әртүрлі өзгерістік ауытқуларға ұшырауы салдарынан, қақырықты шығынның шамадан тыс көп жиналуы іріңді сырқаттар түрлерін тудырады.

Жіктемесі. (А.Н.Кокосов, 1999 ж)

І. Бронхоэктаздардың жүре пайда болған және туа пайда болған түрлері болады.

ІІ. Бронх ауытқулардың пішініне байланысты: қап тәрізді, ұршық тәрізді, аралас түрде болып кездеседі.

ІІІ.Бронхоэктаздар бір жақты немесе екі жақты, жеке және көпше түрде байқалады.

ІҮ.Ауырлығына байланысты: жеңіл, орташа, ауыр түрлері бар.

Ү.Асқынулары: амилоидоз, қан кету, өкпе және өкпе-жүрек жетіспеушілігі.

Клиникалық бейнесі. Сырқаттың өту ағымы 3 кезеңмен сипатталады. Аурудың 1 кезеңінде созылмалы бронхиттің клиникалық белгілері байқалады. Бұл кезеңде пациент жөтеліп, кеудесі ауырсынады. Қақырығы кілегейлі немесе іріңді болып келеді. Науқас әлсізденеді, ауру қайталанып келген кезеңде уыттану белгілері айқындалынады: дене қызуы көтеріледі, басы ауырады, тамаққа тәбеті тартпайды. Сырқаттың ерекше белгісінің бірі – науқас жыл бойына үздіксіз жөтеліп шығады. Әсіресе таңертеңгі уақытта ауызы толып, көп мөлшерде жағымсыз иісті қақырықтың білінуі. Қақырықтың мөлшері тәулігіне 0,5 литрға дейін болады. Көп тұрып қалған жағдайда қақырық шығыны үш қабатты бөлікті құрайды: алғашқы бөлігінің қабаты көпіршікті болып келеді, екінші орта бөлігі – сарғыш, бір түстік сипатта, ал астыңғы үшінші қабат бөлігі өкпе тінінің элементтер үгіндісінің қалдығынынан тұрады.

Тыңдаған кезде, тықылдатқанда сырқаттың белгілерін анықтау қиынға түседі. Өкпенің төменгі бөліктерінде дымқыл сырылдар естіліп, жөтелгенен кейін сырылдар саябырсиды. Аурудың 2 кезеңінде бронхоэктаз сырқатының белгілерінің көрінісі айқын білінеді. Пациент жөтелгендегі шығарған қақырығы іріңді болып келеді. Сырқат қозу кезеңің қайталануында дене қызуы көтеріледі, әсіресе қақырық сыртқа шықпай қалғанда уыттану белгілері өрши түседі. Ал қақырық бөлініп сыртқа шыққанда дене қызуы төмендеп, науқас жағдайы жеңілдей түседі. Сырқаттың жалпы клиникалық белгілеріне тез шаршағыштық, әлсіздік, басының ауырсынуы жатады. Науқас жағымсыз қақырықты иісті бөлгендігінен өз - өзін қоршаған ортада қолайсыз сезініп, психикалық күйі өзгереді.

 

 

8 суретБарабан таяқшалары тәрізді саусақтар

 

Науқастың бет әлпетінің келбетінде көгеру (цианоз) білінеді, беті домбыққан, саусақтары барабан таяқшасы тәрізді, тырнақтары дөмбекшіген тәрізді болып байқалады. Бұл белгілер ағзаға іріңнің жайылып, уыттану дәріс белгілерінің дамуына ықпал жасайтының түсіндіреді. Перкуссия кезіңде анық белгілерді анықтау мүмкін емес. Кеуде қуысының қозғалыс қимылы төмендейді. Аускультацияда зақымдалынған жерлерде әр түрлі сырылдар естіледі, жөтелгеннен кейін сырылдар мөлшері азаяды. Бронхоэктаз сырқатының 3 кезеңі ауыр өту ағым көрініс сипатымен мінезделеді.

Науқаста созылмалы өкпе – жүрек шамасыздығы байқалып, ентігу, көгеру үдей түседі. Уыттану белгілерінің көрінісі нақты түрде байқалады. Тәулігіне 0,5 – 1 литр жағымсыз иісті қақырық шығуы мүмкін. Кеуде қуысы бөшке тәрізді түрде сипатталынады. Жұмысқа деген қабілеті жойылады. Бронхоэктаз сырқаты көктем – күз мерзімінде қайталанып қозып отырады.

Жалпы қан тексерісінде: лейкоцитоз білініп, ЭТЖ артады, қан аздық белгілері байқалады. Биохимиялық қан анализінде сиал қышқылдары көбейіп, диспротеинемия байқалады.

Жалпы қақырық анализінде: көп мөлшерде лейкоциттер және эритроциттер, әр түрлі жұқпалар айқындалынады.

Аспаптық тексерістерде: Бронхография және бронхоскопия тексеріс түрлерінің қорытынды нәтижесінде бронх жапырақшаларының кеңейгендігін, өзгергендігін көріп байқауға болады. Тиффно индексінің көрсеткіші төмендейді (ауа шығуы мен өкпе сиымдылығының қатынасы). Спирографияда өкпе сиымдылығының мөлшерлік көрсеткіші төмендегенін анықтауға болады. Рентген тексерісінде бронхтардың пішіні өзгеріп, кеңейгенің байқауға мүмкіндік береді. Сонымен қатар эмфизема мен пневмосклероз белгілері де байқалады.

Асқынулары. Сырқаттың ауыр түрлерінде созылмалы демікпелік бронхит, бронх демікпесі, іріңді өкпе қаптың қабынуы, пневмоторакс дамуы мүмкін. Кейде өкпеден қан кетуі де байқалады. Созылмалы өкпе іріңді ауруларында өкпелік жүрек, қан аздық, амилоидоз дамиды

9 суретСол жақ өкпенің бронхоэктаздары

Дерт анықтамасы. Пациенттің шағымын сұрастырған кезде жиі жөтелетінің, жағымсыз иісті қақырық бөліп шығаратындығын, әсіресе таңертеңгі уақытта, уыттануға қатысты белгілерін анықтауға болады. Науқастың саусақтары барабан тәрізді және тырнақтары томпайған қалыпта болуы сырқаттың дерт анықтамасын өткізуге жеңілдік туғызады. Бронхография әдісі бронх жапырақшаларының кеңейіп өзгергенің көрсетеді.

Емі. Сырқаттың емі консерватикалық немесе хирургиялық түрде жүргізіледі. Емдәм терапиясы бойынша қолданылатын тағамдардың құрамы жоғары коллорияда, құнарлы болуы тиіс.Тағам құрамында ақуыз мөлшері тәулігіне 100-120гр дейін көбейеді, ал майлар 70-90 гр шектеледі. Қабынуға қарсы антибиотиктер мен сульфаниламид тобына жататын препараттарын қолданады. Бұл препараттарды кеңірдекке шприц арқылы жергілікті түрде қолдануға болады. Антибиотиктерді қолдану алдында қақырықты антибиотик сезімталдығына тексеріп алу қажет. Көбнесе цефалоспориндер (цефотаксим, цефпиром) және пенициллиндер (ампициллин 4-6 гр тәулігіне, амоксициллин 2-3 гр тәулігіне) тағайындалынады. Бронхоспазмның болу мүмкіндігіне байланысты бронхолитиктер тобының дәрілерін қолданады. Кеңейіп, өзгерген бронхэктаздарда тұрып қалған іріңді қақырықты сыртқа шығару мақсатымен постуралдық (позициялық) дренаж жүргізіледі: қақырықты ыңғайымен шығару жағдайын туғызу – науқасты намаз оқығандай етіп еңкейтеді немесе басын төсектен төмен түсіріп жатқызады, төсектегі науқастың қалыпын жиі – жиі ауыстырып отырады. Сонымен қатар қақырықты жібітіп сыртқа шығарып, түсіретін дәрі – дәрмектерді береді.Ағзаның иммундық жүйесін нығайтып, күшейту үшін анаболикалық гормондарын (неробол, ретаболил), В,С тобының дәрумендерін береді. Науқастарды бірте – бірте шынықтырып емдік жаттықтыру тағайындап, қолданған жөн. Физиотерапиялық емі (УВЧ, УФО) жүргізіледі. Егер консервативтік ем көмектеспесе хирургиялық емін қолданады.

 

10 сурет. Постуралдық дренаж

 

Алдын алуы. Біріншілік алдын алу ағзадағы жұқпаларды алдын алып, санация жүргізу болып табылады. Сонымен бірге тыныс алу мүшелерінің ауруларын уақытында емдеп отырған жөн. Қызмет көрсету орнына байланысты келтіретін зиянды мәнбірлерді және шылым шегу, ішімдікті қолдануды шектеу керек. Екіншілік алдын алуда диспансерлік нұсқау бойынша пациенттер учаскелік терапевтпен жылына 2 рет тексеріліп отырады. Қаралған сайын қан, қақырық анализдерін тапсырады. Аспаптық тексерістерден өтеді: бронхография, спирография, компьютерлік томографиядан. Бронхитті, өкпе қабыну сырқаттарын, тұмауды асқындырмай уақытында емдеу керек. Әр адам өзін - өзі шынықтыратын жаттығу түрлерін өткізуге дағдылатып, қалыптасу керек. Міндетті түрде пациенттерге позициялық дренаж жасау ережелерін үйреткен жөн.

 








Дата добавления: 2015-11-26; просмотров: 5963;


Поиск по сайту:

При помощи поиска вы сможете найти нужную вам информацию.

Поделитесь с друзьями:

Если вам перенёс пользу информационный материал, или помог в учебе – поделитесь этим сайтом с друзьями и знакомыми.
helpiks.org - Хелпикс.Орг - 2014-2024 год. Материал сайта представляется для ознакомительного и учебного использования. | Поддержка
Генерация страницы за: 0.012 сек.