Ндірістік процестер кезінде өрт қауіпсіздігін қамтамасыз ету шаралары

 

Мұнай нысандарында өрт негізінен мұнай қондырғыларының, өлшегіш аспаптарының дұрыс орналаспауы және қызмет көрсетілмеуі, мұнай газ өнімдерін дұрыс тасымалдамау, ұшқын сөндіргіштердің жоқтығы, қондырғыларды, аппаратураларды бақылаусыз қалдыру салдарынан орын алуы мүмкін. Өрт шығуына мұнымен қатар өндірістік қондырғылардың және технологиялық процестердің бұзылуы, оттықты ретсіз пайдалану, желдету жүйесінің дұрыс орналаспауы және бұзылуы да әсер етеді. Өрт осымен қатар электр тораптарының артық жүктелуі әсерінен оқшаулатқышының тозып, фазалардың бір-бірімен қысқа тұйықталуы нәтижесінен де орын алуы мүмкін. Мұнай және газ саласындағы өрт қауіпсіздігі ережесінде осы жәйттердің барлығы ескеріліп, қажетті іс-шаралар келтірілген [17].

Технологиялық процестерді механикаландыру және автоматтандыру деңгейін жоғарылату басқа да негізгі мәселелер сияқты (еңбек өнімділігін арттыру) қол жұмысын механикалық жұмысқа ауыстыру процестері өрт қауіпсіздігін төмендетуге едәуір ықпал жасайды.

Оларға мысал ретінде бұрғылау қондырғысына, ұңғыманы шаю сұйығын автоматты түрде құюды, ұңғыма сағасындағы превентор қондырғысының жабдықтарын, сондай-ақ сазды ерітіндінің тығыздығын, тұтқырлығын үздіксіз жазып отыратын құралды келтіруге болады. Бұрғылау процесі кезінде өрттің пайда болу қауіпін азайту үшін топтық өлшеу қондырғыларын, сорапты бекеттерін және басқа станциялар мен нысандарды автоматтандыру мен механикаландыру да маңызды роль атқарады.

Сұйық айдалатын құбырда манометр, кері клапан, ысырмалар (задвижкалар) орнатылады. Ұңғымаға сұйық айдамас бұрын айдау құбырына күтілетін қысымнан 1,5 есе артық қысым беріліп сыналады. Жұмысшы қысымның айдау желісіндегі қысыммен сәйкес келмеуі немесе ысырманы қателесіп жабу және тағы сол сияқты себептерге байланысты бұл процесс ажырап кетуі мүмкін.

Айдау құбырына ауа немесе газ айдау арқылы игеру кезінде де сұйықты ауыстыру әдісіндегідей айдау құбырына манометр, кері клапан, ысырмалар орнатылады. Құбырларды жоғары қысымда сынақатан өткізеді. Жылжымалы компрессор ұңғыма сағасынан кем дегенде 25м қашықтықта болуы керек.

Ұңғыманы аэрация әдісімен игергенде ұңғымаға сұйық (мұнай немесе су), ауа немесе газ бірден айдалады. Бұл ұңғыманың түп қысымын төмендетеді, бітелудің және көтеру құбырының ұстасуының, пайдалану тізбегінің ілінуінің және басқа да қиындықтардың алдын алады. Компрессорға сұйық кірмеу үшін су құбырына кері клапан орнатылады. Сондай-ақ сораптар алдында айдау желісіне де кері клапандар орнатылады. Ауа және сұйық құбырлары максималды жұмыс қысымынан 1,4 есе артық қысыммен сыналады.

Мұнай және газ өнеркәсібіндегі өртті сөндіру жөніндегі іс-шаралар Қазақстан Республикасы мұнай газ өнеркәсіптеріндегі қауіпсіздік Ережесі және ҚР энергетика, индустрия және сауда министрлігінің 6 сәуір 1998 жыл «Мұнай газ өндіруші кәсіпорындарындағы өрт қауіпсіздігі ережесіне» сәйкес жүргізіледі [17, 18].

Бақылау сұрақтары:

1. Мұнай кеніштерінде өрттің шығуы қандай жағдайларда орын алуы

мүмкін?

2. Өрт қауіпсіздігіне байланысты қандай шаралар жасалуы мүмкін?

3. Мұнай және газ өнеркәсібіндегі өртті сөндіру жөніндегі іс-шаралар

қандай ережеге сәйкес жүргізіледі?








Дата добавления: 2015-12-22; просмотров: 2448;


Поиск по сайту:

При помощи поиска вы сможете найти нужную вам информацию.

Поделитесь с друзьями:

Если вам перенёс пользу информационный материал, или помог в учебе – поделитесь этим сайтом с друзьями и знакомыми.
helpiks.org - Хелпикс.Орг - 2014-2024 год. Материал сайта представляется для ознакомительного и учебного использования. | Поддержка
Генерация страницы за: 0.003 сек.