Ымаларды жөндеу жұмыстарына арналған техникалар

 

Ұңғымаларды жер асты жөндеу үшін көтеру жабдықтары және механизмдері, сонымен қатар арнайы құралдар қажет. Өндірісте негізінен екі түрлі көтеру жабдықтары қолданылады: жылжымайтын және жылжымалы. Жылжымайтын көтергіш жабдықтары - бұл арнайы пайдалану вышкалы (мұнара) және жылжымайтын мачталар [7, 8].

Мұнаралар (ВЭТ22х50 - пайдалану құбырларға арналған мұнара биіктігі 22 м, жүк көтергіштігі 500 кН) құбырлардан дайындалады, және ұңғымада бұрғылау мұнарасының орнына орнатылады. Мұнаралар қимасы бойынша төртбұрышты төрт тіректі аяқты, яғни бұл берік тұруын қамтамасыз етеді. Бұл рамалы конструкция бірнеше белдікті. Бірнеше белдіктерден жердегі якорға бекітілген троспен төрт жаққа керілген. Бұл көлбеу күштерден мұнараның беріктігін қамтамасыз етеді (жерден және басқа да көлбеу күштерден). Төменгі белдіктерде құбырлар түсіретін мостиктер болады. Жоғарғы белдікте таль жүйесінің кронблогына алаң арналған. Пайдалану мұнарасы бұрғылау мұнараларына қарағанда төмен, оның биіктігі 22 ÷ 24 м.

Мачталар екі аяқты, екі тіректі болады. Тік тұру жағдайын тартулармен қамтамасыз етеді. Мачталардың көтергіштігі мұнараларға қарағанда едәуір аз, бірақ ұңғымаларды жер асты жөндеуге жеткілікті. Көтеру салмағы 150 және 250 кН, тіректің жоғарғы бөлігі кронблокпен жалғасқан құбыр форма түрінде жасалынады. Мачталар жүру үшін баспалдақтармен жабдықталған, кей кездері штанг ілетін құрылғылар және жоғарыда жұмыс істеу үшін алаңдармен жабдықталады.

Жылжымайтын мұнаралар мен мачталар календар уақытының 2-3% ғана қолданады, сондықтан олардың орнатылуы ұңғыманы өте жиі жөндеуде ғана өз шығынын ақтайды. Басқа жағдайларда бұлар металл және ақшалай ресурстарды есепсіз шығынға әкеліп соқтырады. Сондықтан кәсіпорындарда телескопиялық мачталы және жиналатын вышкалы (мұнара) жылжымалы агрегаттар, жылжымалы мачталар қолданады [7, 8].

Мысалы ПТМТ-40 телескопиялық мачта (жылжымалы телескопиялық құбырлы мачта) бір секциясын көтерудегі биіктігі - 15м, көтеру салмағы 450кН, екі секциясын көтерудегі биіктігі – 20 м және көтеру салмағы 250 кН.

Мұнара және мачтаның таль жүйесінде жоғары бөлігінде орналасқан кронблок және крюк ілінген таль блогы болады. Кронблокта роликті подшипникте шкивтер орналасқан ось болады. Шкивтер канат ролик ойығынан жылжып кетпес үшін катамамен жабылған. Ось кронблок рамасына бекітілген тілекте орналасады. Подшипниктерді майлау осьте орналасқан каналдар арқылы жүзеге асады. Таль блогынан құрылысы кронблок құрылысына ұқсас, бір ерекшелігі таль блогында крюкті ілетін ось және серьга болады. Кронблок және таль блоктың роликтер саны таңдап алынған таль жүйесінің жабдығына тәуелді. Әдетте қолданылатын жабдықтар кронблок және таль блогының шкивтер сандарының қатынасы 2×2, 4×3 немесе 5×4.

Таль канаттары алты өрімді болады. Әр өрім өз алдына диаметрі 19мм сымнан өрілген. Алты өрім органикалық материалды өзекшеге өріледі.

Кейбір жерасты жөндеу агрегаттарында крюк таль блогына конструктивті қосылған.

1КПШ-10 крюгі штанга элеваторларын ілу үшін арналған. 1КН-15 крюгі-бір штропалы құбыр элеваторымен жұмыс ітеуге арналған, КН-25 және КУ-50 екі штропалы құбырлы элеваторымен жұмыс істеуге арналған.

Таль жүйесін қозғалысқа түсіретін жетек ретінде шығырлар қолданады. Шығырлар мачтасы жоқ машинада орнатылуы мүмкін. Бұл комплексті көтергіш деп атайды. Егер автомашинада немесе тракторда таль жүйесімен жабдықталған лебедка және мачта орнатылған болса, онда бұл комплексті агрегат деп аталады. Көтергіштерді ұңғымада жылжымайтын вышка немесе мачта болғанда немесе жылжымалы мачталарда қолданады.

Канаттың (арқан) керілу күші 75 кН. Көтергіш механизмін басқару трактор кабинасына жинақталған. Жер асты жөндеу агрегаттарының түрлері: «Азинмаш-37А» А509, КОРО-80, УПТ1-50 (15.1-сурет).

15.1-сурет. УПТ1-50 көтергіш қондырғысы:

1 – беріліс қорабы; 2 – бір барабанды лебедка; 3 – ауа компрессоры; 4 – мұнараның алдыңғы тірегі; 5 – жарық түсіру фары; 6 – таль жүйесінің мұнарасы; 7 – басқару тетігі; 8 – машина жүргізушісінің кабинасы; 9 – гидро көтергіш домкрат; 10 – мұнараның артқы тірегі

 

ЛПТ-8 көтеру шығыры-жер асты жөндеудегі құм пробкаларын жууда штанга құбырларымен түсіріп-көтеру операцияларын жүргізуге арналған. Шығыр Т-140-1-3 тракторында жабдықталған.

Көтергіш «Азинмаш-43П» Т-100МБ және қарапайым Т-100м тракторында жабдықталады.

Жер асты жөндеу агрегаттарының мачталары жұмыс істеу барысында канаттармен бекітіліп қойылады. «Азинмаш 37А» жүк көтеру салмағы 280кН 18 метрлі телескопиялық вышкалы, КРАЗ-2555 үш осьті автомашинада жабдықталған (15.2-сурет).

 

15.2-сурет. АзИНмаш-37А көтеру қондырғысы:

1 – таль жүйесі; 2 - мұнара; 3 – күштік беріліс; 4 – алдыңғы тірек; 5 – оператор кабинасы; 6 - лебедка; 7 – мұнараны көтеруге арналған гидроцилиндр; 8 – артқы тірек.

 

Бақылау сұрақтары:

1. Ұңғымаларды жер асты жөндеу үшін қандай техникалар қолданылады?

2. Жылжымайтын мұнаралар мен мачталар қандай операцияларды

жүргізуде қолданылады?

3. Жылжымалы көтеріп-түсіру қондырғылары қайда жабдықталып

орнатылады?

 

15.3. Түсіріп-көтеру жұмыстарына арналған құралдар

және механизмдер

 

Ұңғымада құбырларды және штангаларды түсіріп-көтеру жұмыстары барысында құбырларды және штангаларды ұстап тұру үшін элеваторлар, құбыр және штанг резбаларын бекітуге және босату үшін кілттер қолданылады [7, 8].

Элеваторларды - блокты және төлкелі деп бөлуге болады.

- Блокты элеваторларға ЭТАД және ЭХЛ жатады. Олар екі штропада ілінеді.

- Төлкелі бір штропалы элеваторлар келесі түрде дайындалады: ЭГ, ЭЗН, ЭГА және т.б. Мұндай элеваторлардың салмағы екі штропалы элеваторлардың салмағына қарағанда бірнеше есе төмен.

ЭГ түріндегі элеваторлар соңы ұлғайтылған және тегіс құбырлардың барлық өлшемдері үшін арналған жүк көтергіштігі 16, 50, және 80 тонна, ЭЗН-өлшемі 48, 60, 73, 89 және 114 мм соңғы бөлігі ұлғайтылған құбырлар үшін 15, 25 және 50т. ЭТА түрлі элеваторлар СКҚ барлық өлшемдері үшін жүк көтергіштігі 32, 50 және 80 тонна.

Штангалы элеваторлар ЭШН және ЭШУ түрінде дайындалады және олар 12÷25 мм өлшемді штангаларды көтеруге арналған. Элеваторлардың жүк көтергіштігі 5 ÷ 20 тоннаға дейін. Кілттер құбырларға және штангілерді қолмен босатуға және бекітуге және механикаландырылған жұмыстарға арналған. Құбырлы кілттер қолмен жұмыс жасау үшін келесі түрлерде дайындалады: КТН, КТНМ, КТД, КТГУ және шынжырлы.

Автоматты кілттер түрлері КТМ, КСМ, КТГУ. КТМ кілттері құбырларды ұстауға және құбырларды бекітуге және босату үшін автоматты құбырға айналу моментін беруге арналған. Штангаларды бекітуге және босату үшін негізінен КШН кілттері қолданылады. Бұл штангалардың квадратының белгілі өлшемде квадратты пазасы болатын қолды кілттер.

Резьбаларды бекіту және босату механизмі АПР автоматымен жүзеге асады. АПР автоматы корпустан тұрады. Корпусқа электр қозғалтқышының білігі червякты берілістің білігіне қосылады. Червяк қалақшасы квадратқа отырғызылған.

Бір элеватормен жұмыс жүргізуді автоматта болатын спайдермен жүзеге асырады. Спайдердің сыналы ұстағышы құбырды ұстау алдында жоғары жағдайда болады.

Ортадан тепкіш сорапты қондырғылармен түсіріп-көтеру жұмыстары барысында әдетте құбырларды бекіту және босатуға арналған қарапайым автоматтарды қолдану мүмкін емес, себебі құбырмен бірге кабель жүреді. Кабельді құбырды көтеру үшін 470-00А арнайы механикалық кілттер дайындалған.

АПР автоматтан басқа СКҚ бекітуге, ал босату үшін көбіне КМУ-32 және КМУ-50 механикалық кілттер қолданылады [7].

АШК-ТМ электржетекті штангалы автоматты кілттер штангалы бекітуді және босатуды механикаландырады. АШК-ТМ кілттер диаметрі 16, 19, 22 және 25мм штангалармен жұмыс жасауға арналған. Жоғары айналу моменті 980Н∙м, айналу жиілігі 11,5с-1, салмағы 170 кг.

Бақылау сұрақтары:

1. Элеватордың негізгі түрлері мен атқаратын қызметі қандай?

2. Ұңғымада құбырларды және штангаларды түсіріп-көтеру жұмыстары

қалай жүзеге асады?

3. Автоматты кілттердің басқа кілттерден айырмашылығы қандай?

 

 








Дата добавления: 2015-12-22; просмотров: 3205;


Поиск по сайту:

При помощи поиска вы сможете найти нужную вам информацию.

Поделитесь с друзьями:

Если вам перенёс пользу информационный материал, или помог в учебе – поделитесь этим сайтом с друзьями и знакомыми.
helpiks.org - Хелпикс.Орг - 2014-2024 год. Материал сайта представляется для ознакомительного и учебного использования. | Поддержка
Генерация страницы за: 0.009 сек.