түрлері мен міндеттері

 

Мұнай және газ өндіретін кен орындарындағы жұмыс барысы кезінде пайда болатын қауіпті және зиянды факторлар адам өмірі мен денсаулығына кері әсер етеді. Бұл құбылыстардан құтылу үшін еңбек пен өндірістің дұрыс ұйымдастырылуын қамтамасыз етумен қатар, қорғаныс құралдарын міндетті түрде пайдалану керек. Жұмыскерлердің қорғаныс құралдары қауіпті және зиянды өндірістік факторлардың әсерлерін жояды немесе азайтады.

Пайдалану әсеріне қарай қорғаныс құралдары ұжымдық және жеке қорғаныс құралдары деп екіге бөлінеді [17, 18].

Қорғаныс құралдары:

-қауіпті және зиянды өндірістік факторлардың көзі болмауы керек;

-техникалық эстетика мен эргономиканың талаптарына сай болуы қажет.

Бірінші кезекте жұмыскерлерді қорғайтын ұжымдық қорғаныс құралдары жұмыс орынында орналастырылған кезде, оның жұмысы байқалып тұратын жерде болуы керек, қажет кезінде тез арада іске қосылуы тиіс.

Егер жарақаттану қауіптілігін, улану және кәсіби аурудың алдын алу ұжымдық қорғау құралдарымен, санитарлы-техникалық іс-шаралармен, технологияны жақсартумен, механикаландыру және автоматтандыру құралдарын пайдалану негізінде мүмкін болмаса, онда жеке қорғаныс құралдары пайдаланылады.

Мұнай өндіруші мекемелердің еңбек қауіпсіздігі мен еңбекті қорғау қызметі қызметкерлерді жеке қорғаныс құралдарымен қамтамасыз етуге қатысты жұмыстарды ұйымдастыру кезінде төмендегідей шараларды орындайды:

-жеке қорғаныс құралдарының өндіріс жағдайларына, стандарттарға, санитарлы-гигиеналық талаптарға және өндірістік эстетиканың талаптарына сәйкестігін анықтайды;

-жеке қорғаныс құралдарын жетілдіруге және олардың жаңа түрлерін жасауға, енгізуге қатысты техникалық талаптар мен шарттарды әзірлейді;

-арнайы киімдерді, арнайы аяқ киімдерді және басқа да жеке қорғаныс құралдарын тегін берудің типтік ведомствалық нормаларын өзгерту және толықтыру жөнінде негізделген ұсыныстарды дайындайды;

-арнайы киімдерді, арнайы аяқ киімдерді және басқа да жеке қорғаныс құралдарын қолдану жөнінде әдістемелік ұсынымдарды, нұсқауларды, көмекші құралдарды әзірлейді;

-жеке қорғаныс құралдарының дұрыс берілуін, сақталуын, күтіп ұсталуын және пайдаланылуын бақылайды.

Жеке қорғаныс құралдары, жұмыс қауіпсіздігінің қондырғылар конструкциясы, өндіріс процестерін ұйымдастыру, сәулетті-жоспарлау шешімдерімен және ұжымдық қорғану құралдарымен қамтамасыз етуге болмайтын кезде пайдаланылады.

Жеке қорғаныс құралдары:

-жуған, химиялық тазалау және залалсыздандырудан кейін өзінің қасиеттерін жоғалтпауы керек;

-қорғаныс, физиолого-гигиеналық және пайдалану көрсеткіштеріне байланысты бағалаудан өту керек;

-белгілі бұйымның міндеті және қызмет ету уақыты, оны пайдалану және сақтау ережелері туралы нұсқаулығы болуы керек.

Мақсатына қарай жеке қорғану құралдары төмендегі кластарға бөлінеді:

-жабық костюмдер (пневмокостюмдер, суөткізбейтін костюмдер, скафандрлар);

-тыныс алу органдарын қорғайтын құралдар (газқағарлар, шаңқағарлар, пневлошлемдер, пневмомаскалер, пневмокүртешелер);

-арнайы қорғаныс киімдері (тұлыптар, пальтолар, тондар, жамылғылар, плащтар, халаттар, костюмдер, күртелер, көйлектер, шалбарлар, комбинезондар, күртешелер, алжапқыштар және т.б.);

-аяқты қорғау құралдары (етіктер, бәтіңкелер, туфлилер, галоштар, тәпішкелер, сандалдар, унттар, шұлғаулар және т.б.);

-қолды қорғау құралдары (әртүрлі мақсаттағы әртүрлі матадан жасалған бес саусақты, төрт саусақты, үш саусақты, екі саусақты және алақанды қорғауға, білезікті, шынтақты және қол терісін қорғауға арналған қолғаптар);

-басты қорғау құралдары (каскалар, шлемдер, құлақшын, береттер, және т.б.);

-көзді қорғау құралдары (көзілдіріктер, жапқыштар және т.б.);

-бетті қорғау құралдары (бетті қорғау жапқыштары)

-есту органдарын қорғау құралдары (шуға қарсы шлемдер, құлаққаптар және т.б.).








Дата добавления: 2015-12-22; просмотров: 2638;


Поиск по сайту:

При помощи поиска вы сможете найти нужную вам информацию.

Поделитесь с друзьями:

Если вам перенёс пользу информационный материал, или помог в учебе – поделитесь этим сайтом с друзьями и знакомыми.
helpiks.org - Хелпикс.Орг - 2014-2024 год. Материал сайта представляется для ознакомительного и учебного использования. | Поддержка
Генерация страницы за: 0.004 сек.