Ымаларды тұз қышқылымен өңдеудің түрлері

Карбонатты коллекторларды ашу кезінде ұңғымаларды тұз қышқылымен өңдеудің бірнеше әдісі қолданылады, мысалы:

- қышқыл ваннасы;

- қарапайым қышқылмен өңдеу;

- ұңғыма түп аумағына қысыммен әсер ету.

Қышқыл ваннасы барлық ұңғымаларда бұрғылаудан кейін түпті ашу кезінде, меңгеру кезінде, түптегі қалдықтарды жоғарыға шығару кезінде және т.б. жағдайларда қолданылады. Ұңғыманың түп аумағы тізбектелген және перфорацияланған болса, онда ол ұңғымаларда қышқыл ваннасын қолдану ұсынылмайды. Қышқыл ерітіндісінің көлемі ұңғыма түбінен бетіне дейінгі өндірілетін аралықтағы көлемге тең болуы керек, ал ерітінді айдалатын сорапты компрессорлық құбырдың башмагы ұңғыма түбіне дейін немесе қабатқа дейін түсіріледі.

Қышқылды нейтралдау үшін қолданылатын уақыт тәжірибелі жолмен сорапты компрессорлық құбыр арқылы жоғары шығарылатын қышқыл концентрациясы арқылы анықталады. Негізінен қышқылды ұстау уақыты 16÷24 сағат аралығында болады.

Қарапайым қышқылмен өңдеу кеңінен таралған әдістердің бірі және тұз қышқылын ұңғыманың түп аумағына айдау арқылы қолданылады (6.2-кесте). Көп қайтара өңдеуде әрбір операция кезінде айдалатын қышқыл ерітіндісінің көлемін жоғарылатып отыру қажет және айдау жылдамдығын көтеру қажет. Ерітіндінің берілген концентрациясы - 12%, ең жоғарғысы - 20%.

Қабаттың 1 м ұзындығына есептегендегі тұз қышқылы ерітіндісінің ұсынылатын көлемі 7.2 - кестеде көрсетілген.

Қарапайым қышқылмен өңдеу бір сорапты қондырғының көмегімен жақсы өңделген және қысымды қолданбайтын ұңғымаларда қолданылады. Сорапты-компрессорлық құбырда және ұңғыма түбінде парафин және шайыр тұрып қалған жағдайда оларды сәйкесінше ерітінділермен өңдейді (керосинмен, бутан фракциясының - пропанымен және т.б. мұнай-химия өндірісінің өнімдері).

 

7.2-кесте. Қабаттың 1 м ұзындығына есептегендегі тұз қышқылы ерітіндісін айдау көлемі

  Тау жынысы HCL ерітіндісінің көлемі, м3
Бірінші өңдеу кезінде Екінші өңдеу кезінде
Аз өткізгішті жұқа қабаттар үшін Жоғары өткізгішті Жарықшақты 0,4÷0,6 0,5÷1,0 0,6÷0,8 0,6÷1,0 1,0÷1,5 1,0÷1,5

 

Ашық түп аумағы кезінде қышқылмен өңдеу, қышқыл ваннасынан кейін қолданылады. Сорапты-компрессорлы құбырға есептелген көлемдегі қышқыл ерітіндісінін айдап болғаннан кейін сорапты-компрессорлық құбырдың көлеміне тең болатын жуу сұйығы айдалады. Ұңғыманың түп аймағын қарапайым тұз қышқылымен өңдеу процесі 7.2- суретте көрсетілген.

 

7.2-сурет. Ұңғыманың түп аймағын тұз қышқылымен өңдеу процесі

Жуу сұйығы ретінде өндіру ұңғымалары үшін мұнай, ал айдау ұңғымалары үшін беттік активтік заттар қосылған ОП-10 түріндегі су қолданылады. HCL ерітіндісін айдау кезінде құбыр аралық кеңістіктегі қабат жабынында сақталады. Қышқылды ұстау уақыты бірнеше факторларға байланысты болады. Зертханалық тәжірибелер көрсеткендей, қышқылдар карбонаттарға жақсы әсер етеді, әсіресе кеуекті ортада. Температураның жоғары болуы реакцияны тездетеді, соған байланысты түп аумағында қышқылды ұстау уақытын азайтады. Түп аумағы ашық және қышқыл көлемі сақталған өңделетін аралықта температура төмен болған жағдайда, қышқылды ұстау уақыты 8÷24 сағат аралығында болады, егер қабат температурасы 15÷300С болғанда қабатқа барлық қышқылды айдағанда 2 сағатқа дейін, қабат температурасы 30÷600С болса 1-1,5 сағат.

7.2.4. Қысым беріп қышқылмен өңдеу

Қарапайым тұз қышқылымен өңдеу кезінде қышқыл жақсы өткізетін қабатшаларға сіңеді, және олардың өткізгіштігін жоғарылатады. Ал нашар өткізетін қабатшалар қамтылмай қалады. Біртексіз қабаттардағы осындай кемшіліктерді болдырмау үшін қабатқа қышқылды қысыммен айдау әдісі қолданылады. Бұл жағдайда жақсы өткізетін қабаттар пакермен саңылау-сыздандырылады немесе алдын ала бұл қабатшаларға буфер арқылы жоғары тұтқырлы эмульсия айдалады. Осындай әдіспен әрі қарай қышқыл ерітіндісін айдау қалың қабаттарды толық қамтуға алып келеді.

Қысым беріп тұз қышқылымен өңдеу қышқыл ваннасы мен қарапайым тұз қышқылымен өңдеуден кейінгі үшінші операция болып саналады.

Алғашқы кезде ұңғымада алдын-ала дайындау жұмыстары жүргізіледі: түптегі тығынды алып тастау, парафин қақтарын жою, суланған қабаттарды саңылаусыздандыру немесе түптегі ауыр сұйық бағанын болдырмау.

Негізінен қысым беріп тұз қышқылымен өңдеу жұмыстарын бастамас бұрын, өнімді қабаттың қалыңдығы және жұтылу қабатшаларының орналасу деңгейі толық зерттеліп алынады. Шегендеу құбырын жоғары қысымнан сақтандыру үшін қабат жабынында сорапты-компрессорлық құбырға якорлы пакер орнатылады. Өткізгіштігі жоғары қабатшалардың жұтылу қасиетін төмендету үшін немесе оларды саңылаусыздандыру үшін қабатқа эмульсия айдалады.

Эмульсияны дайындау - тұз қышқылының 10÷12%-ды ерітіндісіне мұнайды ортадан тепкіш сорап арқылы бір ыдыстан екінші ыдысқа айдау арқылы жүргізіледі. Эмульсия құрамы 70% тұз қышқылынан және 30% мұнайдан тұрады.

Қарапайым жағдайда 1 м өткізгіштігі жоғары қабаттарға 1,5÷2,5 м3 көлемдегі эмульсия қажет. Эмульсияны сорапты-компрессорлық құбырмен ашық түпке саңылаусыздандырылмаған пакермен айдайды.

Бақылау сұрақтары:

1. Қышқыл ваннасы дегеніміз не?

2. Қарапайым қышқылмен өңдеу процесінің қысым беріп өңдеуден айырмашылығы қандай?

3. Өткізгіштігі жоғары қабатшалардың жұтылу қасиетін төмендету үшін қандай шаралар орындалады?

 

7.2.5. Ұңғыманы тұз қышқылымен өңдеудің








Дата добавления: 2015-12-22; просмотров: 4730;


Поиск по сайту:

При помощи поиска вы сможете найти нужную вам информацию.

Поделитесь с друзьями:

Если вам перенёс пользу информационный материал, или помог в учебе – поделитесь этим сайтом с друзьями и знакомыми.
helpiks.org - Хелпикс.Орг - 2014-2024 год. Материал сайта представляется для ознакомительного и учебного использования. | Поддержка
Генерация страницы за: 0.006 сек.