Ыманың түп аймағына әсер ету әдістері
7.1. Әсер ету әдістерінің мақсаты мен міндеттері және олардың
Жалпы сипаттамасы
Қабаттан мұнайды алу және қабатқа әсер ету жұмыстары ұңғыма арқылы жүзеге асады. Ұңғыманың түп аймағы (ПЗС) – барлық процестер қарқынды жүретін облыс болып табылады. Бұл жерде, сұйықтың қозғалу жылдамдығы, қысым градиенті, энергия шығыны, сүзілу кедергісі өте үлкен болады. Кен орнын игерудің тиімділігі, өндіру ұңғымасының өнімі, айдау ұңғымасының тұтымдылығы және ұңғымамен сұйықты көтеруге арналған қабат энергиясы ұңғыманың түп аймағындағы жағдайына тікелей байланысты [1].
Қабаттан сұйықты алу кезінде немесе қабатқа сұйық айдау кезінде ұңғыма түбі аймағының сүзілу кедергісін жою үшін жұмсалатын энергияны бір қалыпта сақтап қалу өте маңызды. Шегендеу құбырларын перфорациялау жұмыстары ұңғыманың түп аймағына қысқа мерзімде әртүрлі жиелікпен қабатқа толқынмен соққылап әсер ететін кристалдардың көмегімен жүзеге асады.
Мұнай өндіру процесінде қабаттан өндірілетін сұйықтар - мұнай, су және газ өндіру ұңғымасының түп аймағы арқылы өтеді, ал қабатқа айдалатын барлық су көлемі су айдау ұңғымасының түп аймағымен өтеді.
Бұл процестер қабат ішінде қысымға және температураға байланысты жүреді. Нәтижесінде, ұңғыманың түп аумағын сүзгі есебінде қарастыратын болсақ, онда термодинамикалық теңесудің бұзылуы нәтижесінде әртүрлі көмірсутегі компоненттері (шайыр, асфальтендер, парафиндер және т.б.) және әртүрлі тұздар бөлінуі мүмкін.
Сүзілу кедергісін және қабаттың түп аумағындағы энергетикалық шығынды төмендету, сонымен қатар ұңғыманың түп аумағының өткізгіштігін және сұйық ағынының жылдамдығын жоғарылату мақсатында ұңғыманың түп аумағына әсер ету іс-шараларын жүргізу керек.
Ұңғыманың түп аумағына әсер ету әдістерін негізгі үш топқа бөлуге болады: химиялық, механикалық, жылулық.
Химиялық әдіспен әсер ету ұңғыма түп аумағында өткізгіштік нашарлап кеткен жағдайда, қабат жынысын немесе элементтерді еріту кезінде қолданылады, мысалы: тұз немесе темір шөгінділері және т.б. Мұндай әсер ету әдістеріне қарапайым тұз қышқылымен өңдеу әдісі жатады.
Механикалық әдіспен әсер ету қатты тау жыныстарға тиімді, яғни ұңғыманың түп аумағына қосымша жарықтар салып, қабатта сүзілу процесін жақсартады. Бұл түрге қабатты сұйықпен жару (ГРП) әдісі жатады.
Жылулық әдіспен әсер ету тек қана ұңғыманың түп аумағында қатты және тұтқыр көмірсутегілер, яғни парафиндер, шайырлар, асфальтендер қатып, тұрып қалған жағдайда, сонымен қатар тұтқыр мұнайдың сүзілуін жақсарту үшін қолданылады. Әсер етудің бұл түріне ұңғыманың түп аумағын тереңге арналған электр қыздырғыштармен, бумен және басқа да жылу тасығыштармен жылыту әдістері жатады.
Сонымен қатар ұңғыманың түп аумағына әсер етудің жоғарыда аталған үш әдіске ұқсас келетін басқа да әдістері бар. Мысалы: ұңғыманы термохимиялық өңдеуді қабат жынысына химиялық әсер ету әдісімен байланыстыруға болады, сол сияқты арнайы енгізілген заттардың химиялық реакциясы кезінде үлкен көлемде жылудың бөлінуінде жатқызуға болады.
Сол себептен, қабатқа әсер ету әдісін таңдамас бұрын, толық кен орны бойынша қабаттың термодинамикалық шарттарын, ұңғыманың түп аумағының жағдайын, сонымен қатар тау жынысының және сұйықтың құрамын мұқият түрде зерттеп алу қажет.
Бақылау сұрақтары:
1. Ұңғыма түбіне әсер етудің негізгі мақсаты?
2. Химиялық әдіспен әсер ету қандай кеніштерге тән?
3. Жылулық әдіспен қандай мұнай кеніштеріне әсер етеді?
Дата добавления: 2015-12-22; просмотров: 5073;