Тұз қышқылын өңдеуге дайындау
Концентрленген тұз қышқылының ерітіндісін дайындау кәсіпшілік зертханаларында, ғылыми зерттеу институттарында немесе тікелей ұңғыманы өңдеу алдында дайындалады.
Зауыттан келетін тұз қышқылы, әртүрлі концентрацияда болуы мүмкін, сол себептен қышқыл мен судың ара қатынасын есептеуіміз қажет.
Есептеу жұмыстары 150С температурада тұз қышқылы ерітіндісінің тығыздығына және НCL құрамына байланысты арналған кесте бойынша жүргізіледі.
1 м3берілген концентрациядағыжұмыс ерітіндісін алу үшінқажетті VТтауарлы қышқылдың бірлік көлемін келесі формуламен есептейді:
немесе кез-келген n куб метрдегі
Мұндағы VТ – тауарлы қышқыл көлемі, м3; ρТ – тауарлы қышқыл тығыздығы, кг/м3; ρз – дайын ерітіндінің берілгін тығыздығы, кг/м3; ρз – жұмыс ерітіндісіндегі берілген HCL пайыздық мөлшеріне байланысты 7.1-кестеден алынады.
7.1-кесте. 150С температурада тұз қышқылы ерітіндісінің тығыздығы және НCL құрамы
№ | 150С тығыздығы кг/м3 | массалық үлесі HCL, % | Салмақтық үлесі HCL 1л, кг | № | 150С тығыздығы кг/м3 | массалық үлесі HCL, % | Салмақтық үлесі HCL 1л, кг |
5,15 | 0,053 | 20,97 | 0,232 | ||||
7,15 | 0,074 | 21,92 | 0,243 | ||||
8,16 | 0,084 | 22,85 | 0,255 | ||||
9,16 | 0,096 | 23,82 | 0,267 | ||||
10,17 | 0,107 | 24,78 | 0,279 | ||||
11,18 | 0,118 | 25,75 | 0,291 | ||||
12,19 | 0,129 | 26,70 | 0,302 | ||||
13,19 | 0,140 | 27,66 | 0,315 | ||||
14,17 | 0,152 | 28,61 | 0,328 | ||||
15,16 | 0,163 | 29,57 | 0,340 | ||||
16,15 | 0,174 | 30,55 | 0,353 | ||||
17,13 | 0,186 | 31,52 | 0,366 | ||||
18,11 | 0,197 | 32,49 | 0,379 | ||||
19,06 | 0,209 | 33,46 | 0,391 | ||||
20,01 | 0,220 | 35,39 | 0,418 |
Мысалы:HCL пайыздықмөлшері 12% болатын 35 м3 тұз қышқылын дайындау қажет. Тауарлы қышқылдың тығыздығы 1150 кг/ м3 тең болды. Кесте бойынша 12% қышқылдың тығыздығы 1060 кг/м3. Сонда келтірілген теңдеу бойынша
Ерітінді дайындауға қажетті судың көлемі 35-14=21 м3.
Алынған ерітінді концентрациясы мен есептелген тығыздық қорытындысын тексереміз:
кг/м3
Кесте бойынша бұл тығыздықтар HCL 12,19 % концентрациясына сәйкес келеді, және есептеу үшін қолданады.
НCL берілген концентрациядағы ерітінді дайындау үшін тауарлы қышқылды арнайы ыдыста дайындайды.
HCL ерітіндісіне келесі қоспалар қосылады:
1) Ингибиторлар - қышқылдармен әсер еткенде қондырғылардың коррозияға ұшырауын төмендетуге арналған зат.
Негізінен ингибиторлар түріне және концентрациясына байланысты 1%-ға дейін қосылады. Ингибитор ретінде:
- формалин (0,6%), қышқылдың коррозиялық белсенділігін 7÷8 есе төмендетеді;
- уникол (0,25÷0,5%) (мысалы, уникол ПБ-5) қышқылдың коррозиялық белсенділігін 30÷42 есе төмендетеді. Бірақта, уникол суда ерімейді, ол қышқылдан нейтралданғаннан кейін тұнба есебінде шөгіп қалады, сол себептен оның концентрациясын 0,1 %-ға дейін төмендетеді және оның коррозиялық белсенділігін 15 есе төмендете алады.
Жоғары температура және жоғары қысым үшін ингибитор - реагент И-1-А (0,4%) уротропин (0,8%) қосындысымен дайындалған, оның коррозиялық белсенділігі (t = 870С және р =38МПа) 20 есеге дейін төмендетеді.
Сонымен қатар, тұз қышқылының коррозиялық белсенділігін төмендететін басқада реагенттер де қолданылады.
2) Интенсификаторлар – беттік активті заттар (БАЗ), мұнай мен нейтралданған қышқыл шекарасындағы беттік керілуді 3-5 есе төмендетеді. БАЗ-ды қосу қышқылмен өңдеудің тиімділігін жоғарылатады. Кейбір ингибиторлар, мысалы- капатин А, катамин А, мервелан К (О), бір уақытта интенсификатордың қызметін атқарады және белсенді БАЗ болып табылады. Интенсификаторлар есебінде ОП-10, ОП-7, 44-11, 44-22 және т.б. БАЗ қолданылады.
3) Тұрақтандырғыштар (стабилизаторлар) - тұз қышқылының ерітінділері темірмен, цемент тасымен реакцияға түскен кезде кейбір өнімдердің еріген күйін тұрақты сақтап қалу үшін және тұз қышқылының құрамындағы зиянды күкірт қышқылы ерітіндісін бөліп алып, барий тұзының еріген күйіне айналдыру үшін қолданылатын зат.
H2SO4+BaCL2=BaSO4 +2HCL
Бұл жағдайда HCL ерітіндісі ұңғымаға айдалар алдында барий хлоры ерітіндісімен (BaCL2) өңделеді. Түзілген барий күкіртқышқылы (BaSO4) ерітіндіде жеңіл ұстап алынады және басқа өнімдермен бірге реакция кезінде тау жынысынан сұйық күйінде бөлініп шығады.
Жұмыс ерітіндісін дайындау үшін, есептелген көлемдегі суға алдымен ингибитор және тұрақтандырғыш енгізіледі, содан кейін техникалық тұз қышқылы енгізіліп араластырылады да, барий хлоры қосылып араластырылады. Енді интенсификатор қосылады да, тағыда араластырылады және ерітіндіні толық ақшыл түсті болғанша тұндырып қояды.
Тұз қышқылының ерітіндісін дайындау кезінде техника қауіпсіздігі толығымен сақталады (арнайы киімдер, резина қолқаптар және көзілдірік киіледі). Тұз қышқылын тасымалдауда арнайы цистерналар қолданылады. Олардың ішін бірнеше қайталап химиялық төзімділігі мықты эмальмен (ХСЭ-93) қапталады.
Қышқыл ерітіндісін дайындау жұмыстары:
Қышқыл ерітіндісін дайындау жұмыстары қышқыл сақтау қоймаларында арнайы келесі тәртіптер бойынша жүргізіледі:
- АзИНМАШ-30А қышқыл агрегатына қажетті ерітінді концентрациясын дайындауға қажетті мөлшерде таза техникалық су құйылады.
- Концентрленген тұз қышқылы сумен бірге агрегатпен қышқыл сыйымдылығына айдалады.
- Егер тұз қышқылының орнына бензолсульфатқышқылы қолданылатын болса, онда қышқыл агрегатына белгілі мөлшерде техникалық суға ұнтақталған кристалды бензолсульфатқышқылы себіледі және сораппен жақсылап араластырылады.
- Дайындалған қышқыл ерітіндісіне қажетті мөлшерде БАЗ және сірке суының қышқылы құйылады.
Дата добавления: 2015-12-22; просмотров: 3471;