Ымаларды штангасыз сорапты қондырғылармен пайдалану

13.1. Штангасыз сораптардың классификациясы

 

Штангасыз сораптар бір-бірімен тікелей байланысқан ұңғыма сорабынан және сораптың ұңғыма жетегінен тұрады. Сорап жетегіне энергия кабель арқылы (электржетекте) және құбыр арқылы (гидро және пневможетекте) беріледі. Жетек және сорап арасындағы ұзын механикалық байланыстың болмауына байланысты, штангасыз сораптар штангалы сораптарға қарағанда едәуір үлкен қуатқа ие болады.

Мұндай сораптарға негізінен электржетекті ұңғымалы ортадан тепкіш сораптары жатады.

Қазіргі уақытта штангасыз сораптардың 10-ға жуық түрі кең қолданылуда немесе өндірістік сынақтан өтуде. Олардың ішіндегі негізгілері: ортадан тепкіш, винтті және поршенді (диафрагмалық) сораптар.

Мұнай өндіруші кәсіпорындар ұңғымадан үлкен мөлшерде сұйықты өндіру үшін тиімді сораптар қажет етуде. Үлкен беріліс үшін, қалақшамен жабдықталған сораптар қолайлы. Қалақшалы сораптардан жұмыс дөңгелектерінің ортадан тепкіш түріндегі сораптар тарау алды, себебі олар белгілі сұйық берілісінде үлкен ағынға ие болады, сонымен қатар пайдалы әсер коэффициенті жеткілікті және сенімді жұмыс істейді.

 

13.2. Электржетекті батырмалы ортадан тепкіш сорапты қондырғылар

 

Ұңғымалы ортадан тепкіш сорапты қондырғылары 146 және 168 мм шегендеуші құбырлары үшін, екі габаритті батырылған агрегаттар қолданылады [8].

Әр қондырғыда өзінің шифры болады, мысалы УЭЦН5А-500-800, мұндағы 5А – сорапты қондырғы түсірілетін шегендеуші тізбектердің ең кіші мүмкін ішкі диаметрін білдіреді, сәйкесті 5 саны – 122 мм, 5А – 140 мм, 6 – 144 мм, 6А – 148 мм, 500 – сораптың номинальды берілісі (м3/тәу), 800 − сорап ағыны (м).

Ұңғымалы ортадан тепкіш сорап қондырғылары қарапайым және тозуға, сонымен қатар коррозияға төзімді болуы мүмкін. Сораптың диаметрі және түйіндер құрамы негізінен барлық сораптар үшін бірдей.

Ұңғымалы ортадан тепкіш сораптар қарапайым орындалған дайындамасы ұңғымадан құрамында 99% дейінгі су бар сұйықты өндіруге арналған, өндірілетін сұйықта механикалық қоспалар және күкіртсутек 0,01мас% көп болмау керек. Зауыт – дайындаушылардың техникалық шарттары бойынша сорап қабылдауында еркін газ мөлшері 25 % − дан жоғары болмау керек.

Ортадан тепкіш сораптың жұмыс бөлшегі жұмыс дөңгелегінен және бағыттағыш аппараттан тұратын саты болып келеді. Дөңгелек және аппарат шойыннан жасалынған. Жұмыс дөңгелегі төменгі және жоғарғы бөліктерінде текстолитті тірек сақина болады.

Білікке түсетін осьтік күшті гидродинамикалық табан қабылдайды. Білік радиалды сырғанау подшипнигінде орналасады. Сораптың, ротордың барлық жиынтығы қорапқа орнатылған және жоғарғы жағынан подшипник корпусымен қысылған, ал төменнен – қабылдау торы орналасқан табанмен жабдықталған.

Үлкен ағынды ұңғымалы ортадан тепкіш сораптарды жасау үшін сорапта көптеген сатылар орналастыруға тура келеді (400-ге дейін). Сонда олар бір қорапқа орналаса алмайды, себебі мұндай сораптардың ұзындығы (15-20 м) тасымалдауды, ұңғымада құрастыру және қорапты дайындауды қиындатады. Үлкен ағынды сораптар бірнеше секциялардан тұрады. Әр секцияның ұзындығы 5,5м-ден үлкен емес. Секциялардың қораптық бөлшектері бір-бірімен болтпен флянец арқылы байланысады, ал біліктері – шлицті муфтамен. Әр бір секцияда біліктің жоғарғы остік тірегі, білік, біліктің радиальды тірегі және саты болады. Табан және қабылдау торы тек төменгі секцияда ғана болады да, ұстау басы тек жоғарғы секцияда болады.

Ортадан тепкіш сораптың жетегі ретінде қызмет атқаратын батырмалы электр қозғалтқыш – асинхронды, қысқа тұйықталған роторлы, май толтырылған. Тоқтың 50 Гц жиілігінде олардың біліктерінің синхронды айналу жиілігі 3000 мин-1 құрайды. Қозғалқыштар сораптар сияқты диаметрі 146 және 168 мм шегендеуші құбырлы ұңғымаларға арналған әртүрлі аз диаметрлі болады. Олардың қуаты 125 кВт жетеді. Тоқ кернеуі (400÷2000В) козғалтқыштың өлшемімен байланысты. Тоқтың жұмыс күші 20÷85 А.

Аз диаметр және үлкен қуат, қозғалтқыш ұзындығын үлкейтудің қажеттілігін тудырады, кей жағдайларда 8 м дейін жетеді.

Батырмалы электр қозғалтқыш статор және ротордан тұрады. Статор және ротор секциялы. Қозғалтқыштың оқшаулағышы құрғақ трансформатор майымен толтырылған. Электр қозғалтқыштың жылу тұрақтылығы 140 0С.

Электр қозғалтқыштың шифрында, мысалы ПЭДС-90-117В5 мұндағы С – секциялы, 90 – номинальды қуаты (кВт), 117 – қозғалтқыштың сыртқы диаметрі (мм), В5 – қозғалтқыштың орындалуы, климаттық пайдалану шарты (В – құрғақта және теңізде барлық макроклиматтық аудандарға арналған) және орналасу категориясы (5 – жоғары ылғалдылықта). Ұңғымалы ортадан тепкіш сорап батырылған электр қозғалтқыш көмегімен қозғалысқа келеді. Электр энергиясы қозғалтқышқа ұңғымада СКҚ тізбегімен бірге орналасқан арнайы кабель арқылы беріледі. Электр жетекті ұңғымалы ортадан тепкіш сораптардың (ЭЦН) кең қолданылуы көптеген факторларға негізделген. Ұңғымадан сұйықты көп мөлшерде өндіруде ұңғымалы ортадан тепкіш сорапты қондырғылар компрессорлы өндірумен және басқа типті сораптармен сұйықты көтеруде салыстырмалы түрде қызмет көрсетуде тиімді және еңбек шығыны аз [8].

Үлкен берілісте қондырғыға кететін энергетикалық шығын үлкен емес. Осы жұмыс істеу облысында оның ПӘК жеткілікті. Ұңғымалы ортадан тепкіш сорапты қондырғыларға қызмет көрсету қарапайым, яғни жер бетіне әрдайым қызмет көрсетуді талап етпейтін басқару станциясы және трансформатор орналасады.

13.1-сурет. Мұнай өндіруге арналған электржетекті батырмалы ортадан тепкіш сорапты қондырғының ұңғыма сағасында орналасуының жалпы көрінісі

 

Ұңғымалы ортадан тепкіш сорапты қондырғылардың жөндеу аралық жұмыс істеу мерзімі орта есеппен 320 тәулікті құрайды.

Ұңғымалы ортадан тепкіш сорабы көп сатылы және 80÷400 дейін сатыға ие болады. Сұйық сорапқа оның төменгі бөлігінде орналасқан тор арқылы келіп түседі де, ұңғымадан СКҚ тізбегіне беріледі. Батырылған электр қозғалтқышы – май толтырылып, саңылаусыздандырылған. Қозғалтқышқа қабат суының кірмеу үшін үшін гидроқорғау түйіні орналасқан.

Қозғалтқыш білігі гидроқорғау білігімен және сол арқылы сорап білігіне жалғасады. Біліктердің айналу жиіліктері 2500÷2950 мин-1. Электр энергиясы жер бетінен қозғалтқышқа кабель арқылы беріледі. СКҚ тізбегінің жанында көлденең қимасы дөңгелек, ал сорап маңында жалпақ кабель қолданылады.

Автотрансформатор және трансформатор кәсіпшілік желіден алына-тын кернеуді жоғарылату үшін қолданылады.

Басқару станциялар қондырғысын қолмен немесе автоматты түрде іске қосып, ажыратуға және апаттық режимде тоқтатуға мүмкіндік береді. Бұдан басқа станцияда ток күшін және кернеуді көрсететін аспаптар болады.

СКҚ тізбегі кері жіберу клапанымен жабдықталған. Кері клапан СКҚ тізбегіне орнатуға мүмкіндік беретін конус тәрізді арнайы муфта тәрізді болады. Кері клапан сорап тоқтаған жағдайда СКҚ тізбегінде сұйықты ұстап тұру үшін қажет. Жіберу клапаны егер тізбекте кері клапан болса, ұңғымадан агрегатты көтеру алдында құбыр тізбегін сұйықтан босатуға мүмкіндік береді.

Қондырғылар Ресей және ТМД елдерінің жетекші институттарында қазіргі заманғы деңгейде жасалған. Қондырғылардың конструкциясы әлемдiк деңгейдегі технология негiзінде және су астындағы жабдық үшiн қорғаныстық және ғарыштық техникада қолданылатын материалдарды пайдаланады.

Қондырғылар 2500 м-ге дейінгі тереңдіктегі қабат сұйығын тәулігіне 10м3-ден 1500м3 дейін айдауға мүмкіндігі бар, негізінен ол мұнай ұңғымаларындағы сұйықты айдауға арналған.

Электрортадан тепкіш сорапты қондырғылар (УЭЦН) келесі негізгі жабдықтардан тұрады:

- су астындағы ортадан тепкiш сорап;

- газ сепараторы;

- гидроқорғаныстар;

- су астындағы электр қозғалтқышы;

- кабель желi;

- жер бетiндегi электр жабдық (басқаруды станция, трансформатор т.б.);

- телеметрлiктiң жүйелерi;

- қажетті аспаптар;

- қосалқы бөлшектер.

Қондырғы екі түрде жасалынады:

– қарапайым;

– коррозияға төзімді.

Қондырғының шартты белгіленуінің мысалы:

– УЭЦНМ5-125-1200 ВК02 ТУ 26-06-1486-87;

– техникалық құжаты мен жазбаларында:

УЭЦНМ5-125-1200 ТУ 26-06-1486-87, мұндағы У – қондырғы (установка); 5 – сорап тобы; 125 – бергіштігі, м³/тәу.; 1200 – арыны, м; ВК – жинау нұсқасы (вариант комплектации); 02 – ТУ бойынша жинақтау нұсқасының реттік нөмірі.

Енді жоғарыда айтылып өткен ЭОТС-қа жалпы сипаттама бере кетсек. УЭЦНМ және УЭЦНМК модульді орындалған батырмалы электрлі сорап қондырғысы мұнай ұңғымаларынан, соның ішінде қисайған ұңғымалардан құрамында мұнай, су, газ және механикалық қоспалары бар қабат сұйығын айдауға арналған.

Коррозияға төзімді етіп жасалған қондырғы үшін сорап тобы белгісінің алдында «К» әріпі қосылады.

Техникалық және энергетикалық тиімділік көрсеткіштері 12.1−кестеде келтірілген. Қондырғы ПӘК-нің номиналды мәні қондырғының судағы жұмысы кезіндегіге сәйкес.

Айдау ортасы бойынша тағайындау көрсеткіштері төмендегідей:

- орта – қабат сұйығы (мұнай, ілеспе су мен мұнай газы қоспасы);

- арыны мен ПӘК өзгерусіз қалатын сораптың жұмысын қамтамасыз ету кезіндегі бірфазалы сұйықтың жоғарғы кинематикалық тұтқырлығы 1мм²/с;

- ілеспе судың сутектік көрсеткіші рН 6,0 ÷ 8,5;

- қатты бөлшектердің максималды массалық құрамы – 0,01% (0,1 г/л);

- бөлшектердің микроқаттылығы – МООС бойынша 5 балдан көп емес;

- ілеспе судың максималды құрамы – 0,99 %;

- қозғалтқыштың негізіндегі еркін газдың максималды құрамы – 25 %, сорапты модульді-газайырғыш қондырғылары үшін (жинақтау нұсқасы бойынша) – 55%; осымен қатар айдалатын сұйық: мұнай мен судың ара қатынасы мұнай ұңғымаларына ЭОТС жабдықтарын таңдаудың әмбебап әдісі келтіріледі (УМП ЭЦН-79);

- күкіртсутегінің максималды концентрациясы: қарапайым түрде орындалған қондырғы үшін – 0,001% (0,01 г/л), коррозияға төзімді етіп жасалған қондырғы үшін – 0,125 % (1,25 г/л);

- батырмалы агрегаттың жұмыс аймағындағы айдалатын сұйықтың температурасы – 90 ºС-тан көп емес.

Ұзартқыш ретінде КФСБ маркалы жылуға төзімді кабель орнына КПБП маркалы кабельді ұзартқыш, қолданылатын К43 кабельді желілерімен жабдықталған қондырғылар үшін температураның мәні:

− 32 кВт қуатты қозғалтқышты УЭЦНМ5 және УЭЦНМК5 үшін – 70ºС;

– 45÷125 кВт қуатты қозғалтқышты УЭЦНМ5, 5А және УЭЦНМК5, 5А үшін – 75 ºС;

– 90÷250 кВт қуатты қозғалтқышты УЭЦНМ6 және УЭЦНМК6 үшін –80ºС.

Сумұнайлы қоспаның максималды тығыздығы 13.1-кестеде көрсетілген. Сораптың ПӘК-і мен сорапты агрегаттың ПӘК-тері тығыздығы 1000 кг/м³-қа тең судағы жұмысына сәйкес келеді.

 

13.1− кесте – ЭОТС-тың техникалық және энергетикалық көрсеткіштері

  Қондырғы маркасы Номиналды бергіштігі, м3/тәу Номиналды арыны, м Қуаты, кВт ПӘК % Сораптың ПӘК, % Сумұнайлы қоспаның максималды тығыздығы, кг/м3 Сипаттаманың жұмысшы бөлігі
Бергіш тігі, м3/тәу Арыны, м
УЭЦНМ5-50-1300 33,5 25 ÷ 70 1400 ÷ 1005
УЭЦНМК5-50-1300 33,5 - - 1400 ÷ 1005
УЭЦНМ5-50-1700 28,8 - - 1780 ÷ 1275
УЭЦНМ5-80-1200 26,7 51,5 60÷115 1290 ÷ 675
                   

 

Сорап және сорапты агрегаттың салмағы мен габариттік өлшемдері 13.2 - кестеде келтірілген.

 

13.2-кесте. Сорап және сорапты агрегаттың салмағы мен габариттік өлшемдері

Қондырғы Сорапты агрегаттың ұзындығы, мм, көп емес Сораптың ұзындығы, мм, көп емес Салмағы, кг, көп емес
Сорапты агрегаттың Сорап тың
УЭЦНМ5-50-1300
УЭЦНМК5-50-1300
УЭЦНМ5-50-1700
УЭЦНМК5-50-1700
УЭЦНМ5-80-1200
УЭЦНМК5-80-1200
УЭНЦМ5-80-1400
УЭЦНМК5-80-1400
УЭЦНМ5-80-1550

Ескерту: шегендеуші құбырлар тізбегінің ішкі диаметрі сәйкесінше кем емес және сорапты қондырғының кабелімен бірге көлденең габариті артық емес: УЭЦНМ5 қондырғысы үшін – 121,7 және 112мм; УЭЦНМ5А үшін – 130 және 124 мм; бергіштігі 500 м3/тәу-ке дейінгі УЭЦНМ6 үшін – 144,3 және 137 мм; бергіштігі 500 м3/тәу-тен жоғарылары – 148,3 және 140,5 мм.

Клапанды сораптың жоғарғы жағына орнатуға сораптың кіріс модулінің торындағы газқұрамына байланысты рұқсат етіледі. Мұндай кезде клапандар ұзартқышы бар негізгі кабельден төмен орналасуы керек, ал кері жағдайда сорапты агрегаттың көлденең өлшемі (габариті) 13.2-кестеде көрсетілген рұқсат етілетін мәннен артық болады. Кіріс модулінің қабылдау торындағы 25 %-дан жоғары, 55 %-ға дейін еркін газы бар қабат сұйығын айдау үшін сорапқа сорапты газайырғыш модулін жалғайды.

УЭЦНМ және УЭЦНМК қондырғылары келесі жабдықтардан тұрады (13.2−сурет):

– батырмалы сорап агрегатынан, жиналған кабельмен;

– жер үсті электроқондырғысынан – трансформаторлы жинақталған бекеттен (дара КТППН немесе тармақты КТППНКС).

Бекет орнына трансформатор және жинақталған құрылғыны қолдануға болады. Батырмалы ортадан тепкіш сораптан және қозғалтқыштан (гидроқорғағышы бар электрқозғалтқыш) тұратын сорапты агрегат ұңғымаға сорапты компрессорлы құбырлар тізбегі арқылы түсіріледі. Сорапты агрегаты ұңғымадан қабат сұйығын СКҚ тізбегі арқылы жер бетіне айдайды.

Электрқозғалтқышқа электр энергиясын беруді қамтамасыз ететін кабель сорап құрамына кіретін металл белбеушелер арқылы гидроқорғағышқа, сорапқа және сорапты компрессорлы құбырларға бекітіледі.

Жинақталған трансформатор бекеті (трансформатор және жинақталған құрылғы) кабельдегі кернеу шығынын есепке ала отырып кәсіпшілік желісінің кернеуін, электроқозғалтқыш қысқыштарындағы тиімді (оптимальды) кернеудің мәніне дейін қалыптастырады және де қондырғы сорапты агрегатының жұмысын басқарады, аномальді режимдерде оны қорғайды.

13.2-сурет. Электржетекті батырмалы ортадан тепкіш сорапты қондырғысының технологиялық схемасы

 

Сорап – батырмалы ортадан тепкіш, модульді.

Кері клапан тоқтап қалу кезінде СКҚ тізбегіндегі сұйық бағанының әсерінен сорап роторының (турбиналық режим) кері айналуын болдырмау үшін және де сорапты агрегатты қайта қосқан кезде сорап роторын жеңілдетуге арналған. Кері клапан модульге бұралған – сораптың басында, ал жібергіш клапан – кері клапан тұлғасына (корпусына) орналастырылған. Жібергіш клапан (2) ұңғыдан сорапты агрегатты көтеру кезінде СКҚ тізбегінен сұйықты ағызуға арналған.

Қозғалтқыш – батырмалы асинхронды, үшфазалы, қысқа тұйықталған, екі полюсті, маймен толтырылған. Қондырғылар қабат сұйығының температурасы мен қысымын бақылау жүйесімен жабдықталған 1ПЭД типті қозғалтқышпен жиналады.

Мұндай кезде қондырғылар жинақталған ШГС5805-49ТЗУ1 құрылғысымен жабдықталуы керек.

Сорапты агрегаттың жиналу бірлігін қосу – фланецті (болттармен және шпилькамен), біліктің жалғануы – шлицті муфталар көмегімен іске асырылады.

Қозғалтқышты қосқандағы кабельдің қосылысы кабельді енгізу муфтасының көмегі арқылы жалғанады.

Қосқыш шығармалы пункт КТППН (КТППНКС) немесе жинақтау құрылғысында кабель бойынша газды өтуін ескертуге арналған.

Ұңғыма сағасының жабдығы шегендеу тізбегінің фланецінде жиналған сорапты агрегат және кабельмен СКҚ тізбегін көтеріп тұруды және құбыраралық кеңістіктің саңылаусыздығын, қабат сұйығының лақтыру (шығару) құбыр желісімен алып кетуді қамтамасыз етеді.

 

13.3 сурет – Батырмалы сорап

1 – модуль – басы; 2 – секция модулі;

3 – кіріс модулі.

Батырмалы ортадан тепкіш модульді сорап көп сатылы тік орындалады. Сорап екі түрде жасалады: қарапайым ОТЭС (ЭЦНМ) және коррозияға төзімді ОТЭС (ЭЦНМК).

Сорап кіріс-модулінен, секция-модулінен, кері және жібергіш клапандардан тұрады (13.3−сурет).

Газайырғыш кіріс-модулі мен секция-модулінің арасына орнатылады. Газайырғыштардың екі конструкциясы кеңінен танымал:

– кері токты газайырғышы;

– ортадан тепкіш немесе роторлы газайырғыш.

Reda сораптарының бірінде қолданылатын бірінші тип үшін газайырғышқа сұйықтың келіп түсуі кезінде оның қозғалыс бағытын күрт өзгертуіне тура келеді. Кейбір газ көпіршіктері сорапқа кіре-берісте айырылады. Қалған бөлігі газайырғышқа келіп түсіп, оның ішімен жоғары көтеріліп корпустан шығады. Батырмалы агрегаттың қажетті қуатты қозғалтқышының жиналуына сәйкес сораптың секция-модулінің санын азайтуға рұқсат етіледі. Сораптың кіріс-модулінің торында 25 %-дан жоғары еркін газы (көлемі бойынша) бар қабат сұйығын айдау үшін сорапқа сорапты модуль орнатқан жөн (13.4−суретке қараңыз).

Ресейлік қондырғыларда, сонымен қатар СENTRILIFT және Reda фирмаларының сораптарында центрифугаға ұқсас жұмыс жасайтын роторлы газайырғыштары қолданылады.

 

13.4 сурет – Газайырғыш:

1 – бас; 2 – радиалды подшипниктің төлкесі; 3–білік; 4– айырғыш; 5 – бағыттаушы аппараттар; 6–жұмысшы дөңгелек; 7 – тұлға; 8– шнек; 9 – негіз.

3500 айн/мин жиілікпен айналатын центрифуганың қалақшалары анағұрлым ауыр сұйықты периферияға дейін және одан әрі өткізгіш арна арқылы жоғары қарай сорапқа ығыстырады, ал анағұрлым жеңіл сұйық (бу) шамамен ортада қалып қояды да өткізгіш арна және шығарушы арналар арқылы ұңғыға кері қайтады.

Модульдердің өзара және кіріс-модулінің қозғалтқышпен жалғануы – фланецті.

Қосылыстар (кіріс-модулінің қозғалтқыш-пен және кіріс-модулінің газайырғышпен қосылысынан басқа) резиналық сақинамен тығыздалады.

Секция - модулі білігінің өзара қосылысы, секция-модулінің кіріс-модулінің білігімен, кіріс-модулі білігінің қозғалтқыштың гидроқорғағышының білігімен қосылысы шлицті муфталармен жалғанған.

Газайырғышының білігі, секция-модулі және кіріс-модулі өзара шлицті муфталар көмегімен қосылған.

Тұлға ұзындығы бірдей (2, 3 және 5) барлық сорап топтарының секция-модулінің білігі ұзындығы бойынша жетілдірілген.

Қарапайым орындалған сораптың секция-модулі мен кіріс-модулінің білігін әдетте калибрленген коррозияға төзімді, беріктілігі жоғары 03Х14Н7В маркілі болаттан жасайды және шетінде «НЖ» деген маркілеу белгісі болады, ал коррозияға төзімділігі жоғары сораптар үшін калибрленген Н65Д29ЮТ-ИШ К-монель болаттан жасалынады және бір шетіне «М» деген маркілеу белгісі болады.

Қарапайым орындалған сораптар үшін жұмысшы дөңгелектер мен бағыттаушы аппараттар модифицирленген сұр шойыннан жасалады, ал коррозияға төзімді етіп орындалған сораптар үшін «нирезист» типті модифицирленген ЧН16Д7ГХШ шойынынан орындалады. Қарапайым орындалған сораптар үшін жұмысшы дөңгелектерді радиациялы-модифицирленген полиамидтен жасауға болады.

Модуль-басы (модуль-головка) бір жағынан кері клапанға жалғауға арналған ішкі конустық бұрандасы бар да, екінші жағынан секция-модуліне екі қабырға мен резиналық сақинаны жалғауға арналған фланецті тұлғадан тұрады. Қабырғалар модуль-басқа болттар мен серіппелі шайбасы бар гайкамен бекітіледі. Резиналық сақина модуль-бас пен секция-модулінің жалғанған жерін саңылаусыздандырады.

5 және 5А тобы сорабының модуль-басында сорапты компрессорлы тегіс құбырлардың муфтасының жалғауға арналған бұрандасы болады.

6-шы топ сорабының модуль-басы екі түрде орындалады: 73 мм және 89 мм (ГОСТ 633-80) муфталы бұрандамен.

73 мм-лік бұрандалы модуль-бас номиналды бергіштігі 800 м³/тәу-ке дейінгі сораптар үшін, ал 89 мм-лік бұрандалы модуль-бас үшін 800 м³/тәу-тен жоғары.

Секция-модулі тұлға, білік, сатылар пакетінен (жұмысшы дөңгелектер мен бағыттаушы аппараттардан), жоғарғы подшипник, төменгі подшипник, жоғарғы өстік тіректен, бастан, негізден, екі қабырға және резиналық сақинадан тұрады. Секция-модулінің саты саны 13.3-кестеде көрсетілген.

 

13.3 кесте – Секция-модулінің саты саны

  сорап көрсеткіштері секция-модулінің саны саты саны
Бергіштігі м3/тәу. Арыны, м Қуаты, кВт Сораптың ПӘК % Жалпы № 2 № 3 № 5 Жалпы Секция-модулінде
№ 2 № 3 № 5
ЭЦНМ5-50-1300 17,94 - -
ЭЦНМК5-50-1300   17,94   - -
ЭЦНМ5-50-1700   22,76   - - - -
ЭЦНМ5-80-1200 21,77 51,5 - -
ЭЦНМК5-80-1200   21,77   - -

Ескерту. Секция нөмірі тұлға ұзындығын білдіреді, м.

Секция-модулі өзара, сонымен қатар бұрандалы қосылыстар және тұлға мен саты пакетінің арасындағы кеңістік резиналық сақина көмегімен саңылаусызданады.

Кіріс-модулі қабат сұйығын өткізуге арналған тесіктері бар тұлғадан, подшипникті төлке мен тордан, модуль білігін гидроқорғағыш білігімен қосуға арналған шлицті муфта және де білікті қорғағыш төлкелерден тұрады.

Кабельді бекітетін белбеуше болат сымнан және оған бекітілетін болат жолақтан тұрады. 13.4-кестеде әртүрлі жабдықтарға кабельді бекітуге арналған белбеушелердің ұзындығы көрсетілген. Белбеушені тек бір рет қана қолдануға болады.

 

13.4-кесте – Бекіткіш белбеушелер

Жабдық Белбеуше коды Белбеуше ұзындығы, мм
Сорапты компрессорлы құбыр 60 және 48мм ЭН-21/1
Сорапты компрессорлы құбыр 73мм ЭН-21/2
Сорапты компрессорлы құбыр 89мм ЭН-21/3
5, 5А және 6 тобының сорабы ЭН-21/4

 

Батырмалы қозғалтқыштар электроқозғалтқыш пен гидроқорғағыштан тұрады (13.5−суретте келтірілген).

Қалыпты және коррозияға төзімді етіп жасалынған ПЭД сериялы жетілдірілген, үшфазалы асинхронды, қысқа тұйықталған, екі полюсті, климаттық орындалуы – В, орналасу категориясы 5-ке тең батырмалы қозғалтқыш жиілігі 50 Гц айнымалы токпен жұмыс істейді және де мұнай ұңғыларынан қабат сұйығын айдау үшін модульді орындалған батырмалы ортадан тепкіш сораптың жетегі ретінде қолданылады.

Қозғалтқыштар температурасы 110ºС-ге дейінгі қабат сұйығы (мұнай мен ілеспе судың кез-келген мөлшерінде) ортасында жұмыс жасауға арналған және төмендегідей шарттар орындалғанда:

– МООС шкаласы бойынша бөлшектердің салыстырмалы қаттылығы 5 балл механикалық қоспалар – 0,5 г/л-ден көп емес үшін;

– күкіртсутегі: қалыпты орындалған түрі үшін – 0,01 г/л-ден көп емес; коррозияға төзімдісі үшін – 1,25 г/л-ден көп емес;

– еркін (бос) газ (көлемі бойынша) – 50%-дан көп емес. Қозғалтқыштың жұмысы аймағындағы гидростатикалық қысым 20 МПа-дан үлкен емес.

 

13.5−сурет. Бір секциялы электрқозғалтқыш:

 

1 – қақпақ; 2 – бас; 3 – өкше; 4 – өкше асты; 5 – тығын; 6 – статор орамасы; 7 – төлке; 8 – ротор; 9 – статор; 10 – магнит; 11 – сүзгі (фильтр); 12 – колодка (негіз); 13 – ұшты кабель; 14 – сақина; 15 – тығыздаушы сақина; 16 – корпус; 17, 18 – тығын.

 

ПЭДУСК-125-117ДВ5 ТУ 16-652.029-86 қозғалтқышының шифрында келесі белгіленулер қабылданған: ПЭДУ – батырмалы электроқозғалтқыш, жетілдірілген; С–секциялы (егер әріп болмаса, секциялы емес); К–коррозияға төзімді (егер әріп болмаса – қарапайым дегенді білдіреді); 125 – қуаты, кВт; 117 – корпус диаметрі, мм; Д – гидро-қорғағыштың жаңартылу шифры (егер әріп болмаса – негізгі түрі); В5 – климаттық орындалуы мен орналасу санаты (категориясы).

ЭДК45-117В электроқозғалтқышының шифрында келесі атаулар қабылданған: ЭД – электроқозғалтқыш; К – коррозияға төзімді (егер әріп жоқ болса – қарапайым дегенді білдіреді); 45 – қуаты, кВт; 117 – тұлға диаметрі, мм; В – жоғарғы секция (егер әріп болмаса, онда секциялы емес); С – ортаңғы секция; Н – төменгі секция;

ПК92Д гидроқорғағышы үшін келесілерді білдіреді: П – протектор; К – коррозияға төзімді (егер әріп болмаса – қалыпты орындалған); 92 – корпус диаметрі, мм; Д – диафрагма мен жаңартылған (егер әріп болмаса – онда негізгі модель (түрі) барьерлі сұйықтықпен).

Қозғалтқыштың типі, номиналды параметрлері 13.5- кестеде келтірілген. Қозғалтқышты қосу, жұмысын басқару және оны апаттық режимдерден қорғау арнайы жинақталған құрылғылар арқылы жүзеге асырылады. Электроқозғалтқыштар кернеуі 30 кВ-тан кем емес МАПЭД майымен толтырылады.

13.5 кесте – Қозғалтқыштың типі және номинальді параметрлері

Қозғалтқыш Номиналды қуаты, кВт Номиналды кернеу, В Номиналды ток, A
ПЭДУ16-103В5; ПЭДУ16-103ДВ5; ПЭДУК16-103В5; ПЭДУК16-103ДВ5
ПЭДУ22-103В5; ПЭДУ22-103ДВ5; ПЭДУК22-103В5; ПЭДУК22-103ДВ5
ПЭДУ32-103В5; ПЭДУ32-103ДВ5; ПЭДУК32-103В5; ПЭДУК32- 103ДВ5 27,5

ТМС-3 термоманометриялық жүйе. ЭОТС-пен жабдықталған ұңғымалардың кейбір технологиялық параметрлерін бақылауға және де батырмалы агрегатты аномальді жұмыс режимі (электроқозғалтқыштың қызып кетуі немесе сораптың қабылдауындағы сұйықтың рұқсат етілетін қысымынан төмендеу) кезінде қорғауға арналған.

ТМС-3 жүйесі қысым мен температураны трансформациялап жиілікті манипулирленген электр дыбысына айналдырушы ұңғымалық айналдырушыдан және қысым мен температура бойынша батырмалы электросораптың жұмыс режимін басқару құрылғысы мен дыбыс күшейткіш – қалыптастырғыш қорек блогының қызметін атқарушы жер үсті құралынан тұрады.

Қысым мен температураны қалыптастыратын электроқозғалтқыштың төменгі бөлігіне орналастырылатын және оның статор орамасының нөлдік нүктесіне жалғанған саңылаусыз цилиндр тәрізді контейнер түрінде жасалған ШГС жинақталған құрылғысына орнатылатын жер үсті құралы сорапты қысым мен температура бойынша оның қосылуы және ажырауының дыбысын қалыптастыруды қамтамасыз етеді.

Байланыс желісі мен ПДТ электр қорегі ретінде батырмалы электроқозғалтқыштың қорек желісі қолданылады.








Дата добавления: 2015-12-22; просмотров: 5842;


Поиск по сайту:

При помощи поиска вы сможете найти нужную вам информацию.

Поделитесь с друзьями:

Если вам перенёс пользу информационный материал, или помог в учебе – поделитесь этим сайтом с друзьями и знакомыми.
helpiks.org - Хелпикс.Орг - 2014-2024 год. Материал сайта представляется для ознакомительного и учебного использования. | Поддержка
Генерация страницы за: 0.055 сек.