Німді қабатты ашу
Өнімді газ қабатын ашу – ұңғыманы бұрғылаудың соңғы процесі.
Өнімді қабатты ашу технологиясы ұңғыманы меңгеру шарттарына әсер етіп, өнімділіктің сипаттамасын анықтайды. Өнімді қабатты ашу әдістері қабат қысымына, өнімді қабаттың сипаттамасына және басқа да факторларға тәуелді болады.
Өнімді қабатты ашу кезінде ашық фонтандаудың алдын алып, түп аумағы жыныстарының табиғи сүзілу қасиеттерін сақтау қажет. Егер, қабаттың өткізгіштігі төмен болса, онда газ ағынының қарқындылығын жоғарылату мақсатында ұңғыманың түп аумағының сүзілу қасиетін жақсартатын әртүрлі әдістерді қолданады. Одан бөлек, қабаттың газ бөлігін, сүзілу кедергісінің төмен коэффициенті мен ұзақ уақыт сусыз газ ағынын алу мақсатында ашу әдісін қолдануға болады. Сонымен бірге ол ең жоғарғы газ бергіштік коэффициентін қамтамасыз етуі керек.
Ашық апаттық фонтандаудың алдын алуда түп аумағында қысымға қарсы саз ерітіндісінің бағаны қамтамасыз етеді. Ол үшін әдетте ұңғыма бағанындағы саз ерітіндісінің қысымы, түптегі қысымнан 10÷15%-ға жоғары болуы қажет, яғни оған бірлік салмағы сәйкес келетін жуу ерітінділерін (барит немесе гематит қосылған бор ерітіндісін) қолдануға болады. Егер, жуу сұйығының сапасы төмен болса, онда бағанада саздың тығыз қабатшалары пайда болады. Ескере кету керек, саз қабатының өткізгіштігі қабаттың өткізгіштігінен екі есе төмен болады. Яғни ол ұңғыма түбінің өнімділігін бірден төмендетіп жібереді. Сол себептен, өнімді қабатты ашу кезінде жуу ерітіндісінің сапасына көңіл аудару қажет: су бергіштігі кем дегенде 30 минут ішінде 2÷3 см3 жоғары; тұтқырлық стандартты қондырғыда (вискозиметр) 18÷25 сек аралығында болуы керек. Көп жағдайда КМЦ (карбоксил-метил-целлюлоза) және басқада қоспалары бар ерітіндіні қолданады.
Қабатты ашу кезінде қабатқа қашауларды өте ұқыптылықпен түсіреді, әсіресе бұрғылау қондырғыларын жоғары көтеру кезінде ұңғыманы жуу сұйықтарымен ұңғыма сағасына дейін толтыру міндеттеледі. Бұл төтенше апаттардың болуынан сақтану, атқылаудың алдын алу мақсатында жүргізіледі.
Өнімді қабат аралығында сазды қабатшалардың бар болған жағдайында, саз балшықтың ісінуінің алдын алу шараларын қолдану қажет, олай болмаған жағдайда ұңғыманы пайдалануда қиыншылықтар туындап, ұңғыманың өнімділігі нашарлайды.
Гидростатикалық қысымнан қысымы төмен қабаттарды ашу кезінде, саздануы мен қабатқа судың сіңуінің алдын алу мақсатында, мұнайдың негізінде дайындалған сазды ерітінділерді, беттік активті заттарды және әртүрлі қоспаларды қолданады.
Одан бөлек, өнімді қабатты ашу кезінде түпке газ айдауды қолдануға болады. Ұңғыма сағасы лақтыруға қарсы қондырғымен (превентормен) жабдықталуы керек. Айналатын превенторды қолдану жақсы нәтиже береді. Газ ұңғымаларында өнімді қабатты ашуға дейін, аралық тізбекті немесе кондукторды тереңге түсіру қарастырылады.
Өнімді қабаттарды толық немесе бөлек ашады. Егер, игеру процесі кезінде берілген аралық пен қабатта табан және нұсқалық сулар кездеспесе, және олардың келуі болмаса, онда қабатты толық ашады, егер керісінші болғанда бөлек-бөлек ашады. Қабатты ашу мен жұмыс өнімін таңдау тапсырмалары техника-экономикалық болып табылады, және ол әртүрлі тиімді варианттарды бағалау әдісімен шешіледі.
Қабаттың түп аумағындағы тау жыныстарының сипаттамасына байланысты (алдағы күтілген өнімділік дәрежесіне, табан және екі қабатшаны байланыстыратын қабаттардағы суларына, қабат қысымына және т.б. байланысты) газ ұңғымасының түп аймағына сәйкесінше жабдықтар таңдалады.
Егер түп аумағы орнықты жыныстардан құралған болса (құм тастардан, әк тастардан, ангидридтен), онда өнімді қабаттағы ұңғыма ашық түпті болады. Бұл жағдайда пайдалану тізбегін өнімді қабаттың жабынына дейін түсіреді де, сағаға дейін цементтейді.
Орнықты тау жыныстарынан құралған коллекторлар болғанның өзінде, түп аумағы сүзгімен және аралық құбырмен (хвостовик) жабдықталады. Бұл жағдайда сүзгілерді құмның фракциялық құрамына байланысты фрезормен тігінен кесілген (0,75 ÷ 3мм шамасында) стандартты құбырдан дайындайды. Егер сүзгінің және пайдалану құбырының диаметрі бірдей болса, ондай жағдайда сүзгіні тізбекпен бірге ұңғыманы ашқаннан кейін толық тереңдігіне дейін түсіреді. Цементтеу өнімді қабаттың жабынынан бастап жоғары қарай жасалады. Егер сүзгінің диаметрі пайдалану құбырының диаметрінен кіші болса, онда пайдалану тізбегін өнімді қабаттың жабынына дейін түсіріп цементтейді және осыдан кейін ұңғыманы жобаланған тереңдікке дейін бұрғылап, аралық құбыр сүзгісімен жабдықтайды. Мұндай сүзгіні ұңғымаға конусты резбасы бар арнайы муфтамен бұрап кигізілетін, солға бұралатын резбасы бар аударғымен бірге бұрғылау құбырлары арқылы түсіріледі. Ұңғыма түбіне сүзгіні түсіріп және орнатқаннан кейін, бұрғылау құбырын босатып ұңғымадан шығарады.
Егер, түп аумағы тез бұзылатын құм немесе құмтастардан құралған болса, онда түп аумағы арнайы қиыршық-тасты сүзгілермен жабдықталады. Түп аумағына сонымен бірге, арнайы сүзілгіштік қасиеті бар шайырлар немесе пластмассалар айдауға болады. Соның ішінде сулы қабаттарда құрылған газды жер астында сақтау кезінде ұңғымалар арқылы шайырды айдау әдісі кеңінен таралған.
Бақылау сұрақтары:
1. Өнімді қабатты ашу технологиясы қалай жүргізіледі?
2. Газ ұңғымасы түп аймағына жабдықтар қалай таңдалады?
3. Орнықты тау жыныстарынан құралған коллекторлар қандай
жабдықтармен жабдықталады?
Дата добавления: 2015-12-22; просмотров: 2993;