Орташа қабаттық қысым.
Орташа қабаттық қысым бойынша ұңғыманы пайдаланудың тәсілдерімен мүмкіншіліктеріне себепші болатын қабаттың жалпы жағдайын және оның энергетикалық сипатын бағалайды. Кен орнының түрлі аймақтарында орналасқан және жергілікті қабаттағы қысымды сипаттайтын ұңғымадағы статикалық қысым қабат аудандарының түрлі деңгейде өңделуі, оның біртекті еместігі және бірқатар басқада себептерден бірдей болмауы мүмкін. Сондықтан орташа қабаттық қысымды , жекелеген ұңғымалардағы статикалық қысымды өлшемдері бойынша есептеп шығарады.
Жекелеген ұңғымалар бойынша m өлшемінен орташа арифметикалық қысым
(2.1)
Бұл шама шынайы орташа аралықтағы қабат қысымын дәл сипаттамайды және одан көп ерекшеленуі мүмкін. Мысалы: ұңғымалардың кен орнының қандай да бір бөлігінде топтасуы кезінде.
Алаң бойынша орташа алынған қабаттық қысым
(2.2)
мұндағы - і ұңғымаға келетін алаң,
- і ұңғымадағы статикалық қысым,
n – ұңғымалар саны.
Бұл қысым қабаттың энергетикалық жағдайын толығырақ сипаттайды, алайда қабаттың қалыңдығы әртүрлі ауданда бөлек болатынын ескермейді. Сондықтан көлемі бойынша орташа алынған қабаттағы қысым туралы ұғым енгізіледі.
Қабаттың көлемі бойынша орташа алынған қысым әрбір ұңғымаға келетін алаңды ғана есептеп қоймайды, ұңғыма аумағындағы қабат қалыңдығын да ескереді. Осылайша,
(2.3)
Орташа қабаттық қысымды изобар картасы бойынша (тең қысымдар сызықтары) анықтайды.
Бақылау сұрақтары:
1. Сұйықтың динамикалық деңгейі қалай анықталады?
2. Орташа қабаттық қысым қалай анықталады?
3. Алаң бойынша орташа алынған қабаттық қысым қалай анықталады?
Дата добавления: 2015-12-22; просмотров: 2622;