Иілген темірбетон элементтердің конструкциялық ерекшеліктері

Иілген элементтерге әр түрлі плиталар мен арқалықтар жатады. Плиталар деп қалыңдығы ұзындығы мен еніне қарағанда көп есе кіші жазық элементтерді айтады.

Арқалықтар дегеніміз ұзындығы көлденең өлшемдерінен (биіктігі мен енінен) едәуір үлкен сызықтық элементтер.

Плиталар мен арқалықтар қабатаралық жабын конструкциясы, жабын конструкциясы жиналады. Жабын конструкциялары құрастырмалы немесе құрастырмалы тұтас болады.

 

 


ПЛИТА

 


арқалық

 

 

13.Сурет. Темірбетон конструкциялары

Плиталар көлденең қимасының түріне қарай қуысты және қырлы болып бөлінеді. Құрастырмалы конструкциялардағы плиталардың қалыңдығы 25¸60мм, ал тұтас конструкциялардағы плиталардың қалыңдығы 5¸100мм.

Плиталар біраралық және көпаралық болады.Плиталарды дәнекерленген торлармен арматуралайды. Торларды иілу момент эпюрасына сәйкес қойылады. Жұмыс өзектер иілу моменттін қабылдайды осы моменке есептелінеді, ал таратып тұратын өзектер күшті қабылдамайды, олар торды жинау үшін керек. Торлардың маркалары стандарт бойынша ГОСТ алынады.

Темірбетон арқалықтар көлденең қималары түрлі пішінді болуы мүмкін: тік

бұрышты, тавролы, қос тавролы, траперциялық.

 

14.Сурет. Темірбетон арқалықтар көлденең қималары түрлі пішінді

Арқалықтар биіктері -олардың аралықтары. Арқалықтардың биіктіктері (h) 50мм және 100мм еселі болу керек: 50мм – егер мм; 100мм – егер h биіктігі үлкен шамасында болған кезінде.

Арқалықтардың ені (50мм еселі болу керек

 

 

п

при h≥250

15.Сурет.Арқалықтың өлшемдері

Арқалықтарды әдетте дәнекерленген жазық немесе кеңістіктік қаңқалармен арматуралайды. Кейбір кезде конструкцияға динамикалық күш әсер бергенде арқалықтарды тоқылма қаңқалармен арматуралайды.

Қаңқалар бойлық, көлденең және монтаждық өзектерден жиналады. Бойлық арматура арқалықтардың созылған аймақтарында июші момент эпюрасына сәйкес қойылады. Бойлық созылған арматура бір немесе екі қатар қойылады. Екі қатар қойылған кезінде өзектердің арасында саңылау қалдыру керек - . Арқалықтардың керілмеген бойлық арматуралардың диаметрі мм тең болады.

Тік бұрышты қималардың ені немесе таврлық қималардың қабырғаларының ені мм болса, онда арқалықтар жазықты дәнекерленген қаңқамен бір қатар арматуралайды, егер мм онда жазықты қаңқаны екі қатар қояды.

 

Көлденең өзектер немесе қамыт деп аталынатын өзектер басты созылған кернеуді қабылдайды ( ). Қамыттардың диаметрі және адымы (S) есеп бойынша алынады немесе конструкциялық талаптарына байланысты алынады.

Арқалықтың мм асса, онда қосымша бойлық арматура қойылады, бұл арматура бетонның ширауынан және температуралық деформациядан пайда болған күшті қабылдайды және бұл арматура жақ қырында көлбеу жарықшақтың ашылуына кедергі болады.

Алдын-ала кернелген темірбетон конструкцияларда арқалықтарда керілген арматуралар қаңқаның құрамына кірмейді, бұл арматуралар бөлек тұрады.

Біраралық арқалықты алған кезде онда керілген арматуралар созылған аймақта орналасқан. Қысыпсығылу күші (Р) жоғары аймақтарды созады (б), пайдалану кезінде бір қалыпты таратылған күш әсер еткенде төменгі аймақтар созылады. Эпюраны ( ) қосқанда (г) – эпюра пайда болады, бұл эпюрада тіректің қастарында жоғары аймақтарында созылған кернеулер пайда болады, осы кернеулер арқылы тіректердің қастарында жарықшақтар пайда болуы мүмкін. Созылу кернеуді жою үшін жоғары аймақтарға керілген арматура (д,г) қойылады .

Алдын-ала кернелген темірбетон арқалықтарға ең қолайлы көлденең қималары ретінде – тавролы немесе қос тавролы қима алынады.

Алдын-ала кернелген арқалықтар үшін жобалануда өзгеше маңызы бар. Арқалықтардың үш жағында қысып сығылу күші арматурадан бетонға түседі, осының нәтижесінде жергілікті кернеулер пайда болады.

Сондықтан, арқалықтардың керілген арматураны үш жағында сенімді анкерлеу керек.(Сурет) Ол үшін элементтің үш жағын қосымша арматурамен күшейтеді, көлденең торлар қойылады немесе көлденең қиманың өлшемдері көбейтіледі.

Егер бойлық жұмыстық арматура элементтің тек созылған аймағында ғана орналастырылса, онда мұндай элементтің көлденең қимасы жалғыз арматуралы деп аталады.

Егер элементтің сығылған аймақтары бойлық жұмыстық арматурамен күшейтілген болса, онда қима қос арматуралы деп аталады.

 








Дата добавления: 2015-12-26; просмотров: 3382;


Поиск по сайту:

При помощи поиска вы сможете найти нужную вам информацию.

Поделитесь с друзьями:

Если вам перенёс пользу информационный материал, или помог в учебе – поделитесь этим сайтом с друзьями и знакомыми.
helpiks.org - Хелпикс.Орг - 2014-2024 год. Материал сайта представляется для ознакомительного и учебного использования. | Поддержка
Генерация страницы за: 0.008 сек.