Күшсалмақтар мен әсерлер

 

Конструкцияларды есептегенде оларды ҚНжЕ 2.01.07-85 бойынша қабылдайды. Әсер ету ұзақтығына байланысты күшсалмақтар тұрақты және уақытша болып бөлінеді. Өз кезегінде уақытша күшсалмақтар ұзақ мерзімдік, қысқа мерзімдік және ерекше болып бөлінеді.

Тұрақты күшсалмақтарға конструкцияның немесе ғимараттың меншікті салмағы, топырақтың (жердің) қысымы, конструкциялардың бастапқы кернеу әсерлері жатады.

Ұзақ мерзімдік уақытша күшсалмақтар мен әсерлерге жататын күштер:

- стационар жабдықтардың салмағы (аппараттар, моторлар, станоктар);

- ыдыстардағы сұйықтардың, газдардың және сусымалы денелердің қысымы;

- қойма, архив, кітапхана үйлердің қабатаралық жабын конструкциясына әсер берген күштер;

- жабын конструкциясына әсер берген қардың салмағының бөлігі ІІІ-УІ климат ауданына ;

- кранды күшсалмақтардың бөлігі.

Қысқа мерзімдік уақытша күшсалмақтар мен әсерлерге адамдардың салмағынан пайда болған күшсалмақтар, желдің әсері, элементтерді дайындау, тасымалдау және монтаждау кезінде пайда болатын күштер жатады.

Ерекше күшсалмақтарға сейсмикалық және жарылыстық әсерлер, ірге- тастардың негізінің біркелкі емес шөгуінен пайда болған күштер жатады.

Конструкцияны есептегенде мөлшерлік және есептік күшсалмақ-тардың шамасы қолданады. Нормаларда бекітілген күшсалмақтарды мөлшерлік деп атайды. Оларды белгілейтін әріптердің n-индексі болады, мысалы: - тұрақты мөлшерлік күшсалмақ; - уақытша мөлшерлік күшсалмақ.

Күшсалмақтардың мөлшерлік мәндерінің қолайсыз жаққа қарай ауытқу қауіпі, яғни өзгергіштігі күшсалмақтар бойынша сенімділік коэффициенттер ( ) арқылы ескеріледі. Сондықтан есептік күшсалмақтардың мағынасын тапқанда мөлшерлік күшсалмақтарды коэффициент көбейтеді, мысалы:

 

 

Тұрақты мөлшерлік күшсалмақтар ( ) конструкцияның геометрия өлшеміне және материалдың орта тығыздығы бойынша табады .

Технологиялық және монтаждық уақытша мөлшерлік күшсалмақтарды пайдалану кезіндегі ең үлкен мәніне тең деп алады.

Қар және жел әсердің мөлшерлік күшсалмақтарды ауа райы ауданы бойынша ҚНжЕ алынады.

Тұрақты есептік күшсалмақтарды тапқан кезде алынады.

Уақытша есептік күшсалмақтарды тапқан кезде алынады.

Күшсалмақтардың үйлесімі

 

Конструкцияларға бір мезгілде әр түрлі күшсалмақтар әсер береді, сондықтан олардың есебі ең қолайсыз әсердің үйлесіме жасалыну керек.

Ескерілетін күшсалмақтардың құрамына байланысты үйлесім негізгі және ерекше болып бөлінеді.

Негізгі үйлесім - тұрақты, ұзақ мерзімдік уақытша және қысқа мерзімдік уақытша күшсалмақтардан құралған.

Күшсалмақтардың негізгі үйлесуі екі топқа бөлінеді. Конструк-цияларды күшсалмақтардың негізгі үйлесуінің бірінші тобы бойынша есептегенде олардың мәндері өзгеріссіз қолданады. Ос кезде тең.

1 тобы: [т+ұ×му+қму×gс];

Конструкцияларды екінші тобы бойынша есептегенде тұрақты, ұзақ мерзімдік және бірнеше (екі немесе одан да көп) қысқа мерзімдік күшсалмақтар ескеріледі. Осы кезде тең деп қабылданады.

2 тобы: [т+ұ×му+∑қму×(gс)];

Ерекше үйлесуі тұрақты, ұзақ мерзімдік уақытша және мүмкін болатын қысқа мерзімдік уақытша, сондай-ақ бір ерекше күшсалмақтардан құралған. Осы кезде тең деп қабылданады.

 

[т+ұ×му+∑қму×(gс=0,8)+ ];

 








Дата добавления: 2015-12-26; просмотров: 2089;


Поиск по сайту:

При помощи поиска вы сможете найти нужную вам информацию.

Поделитесь с друзьями:

Если вам перенёс пользу информационный материал, или помог в учебе – поделитесь этим сайтом с друзьями и знакомыми.
helpiks.org - Хелпикс.Орг - 2014-2024 год. Материал сайта представляется для ознакомительного и учебного использования. | Поддержка
Генерация страницы за: 0.007 сек.