Шектік күйлердің бірінші және екінші тобы
Шектік күйлер екі топқа бөлінеді:
Бірінші топ бойынша күшсалмақтың әсерінен конструкцияның көтергіштік қабілеті анықталады.
Екінші топ бойынша конструкцияның пайдалануға жарамдығы анықталады.
Шектік күйлердің бірінші тобы бойынша есептеудегі мақсат – конструкцияның қирауына немесе элементтің орнықтылығын жоғалтуға жол бермеу. Шектік күйлердің бірінші тобы бойынша келесі есенптер жасалынады: беріктікке, орнықтылыққа, көп мәрте қайталанатын күштердің әсері болған кезде элементті төзімділікке есептейді.
Есептің дәлдігіне бірнеше факторлар әсерін тигізеді, осыны еске алып есептік коэффициенттер қолданылады. Конструкцияның есеп дәлдігіне әр түрлі факторлар әсер береді. Мысалы: күшсалмақтардың өзгергіштігі; материалдың (бетонның, болаттың) беріктік сипаттамалардың өзгергіштігі; материалдың жұмыс жағдайы; конструкцияның арналуына байланысты.
Сондықтан конструкцияның сенімді жұмысын қамтамасыз ету үшін және оны әдеттегі пайдалану үшін, бұл әдіс есептік коэффициенттердің жүйесін енгізеді:
1. - күшсалмақтар бойынша сенімділік коэффициенті;
2. - материалдар бойынша сенімділік коэффициенті;
- бетон бойынша сенімділік коэффициенті ( сығылғанда, -
созылғанда);
3. материалдың жұмыс жағдайы коэффициенттері;
бетонның жұмыс жағдайы коэффициенттері;
арматураның жұмыс жағдайы коэффициенттері.
Құрылыс норма және ереже бойынша ҚНжЕ 2.03.01-84-«Бетон және темірбетон конструкциялары».
15 кестеден алынады;
24- кестеден алынады.
4. арналуы бойынша сенімділік коэффицименті;
Шектік күйлердің бірінші тобының беріктік шарты жалпы түрде былай жазылады:
мұндағы: Т – есептік күш салмақтан пайда болған күш;
- мөлшерлік тұрақты және уақытша салмақтар;
- күшсалмақтар бойынша сенімділік коэффициенттер;
- арналуы бойынша сенімділік коэффициенттер;
С – басқа факторларды еске алған коэффициенті, мысалы
динамикалық коэффициенті немесе есеп схемасын еске алған
коэффициенті;
- күшсалмақтардың үйлесімін еске алатын коэффициент;
- қиманың көтергіштік қабілеті;
b,h – қиманың ені және биіктігі;
- бетонның және арматураның мөлшерлік кедергілері;
- бетон және арматура бойынша сенімділік коэффициенті;
- бетонның және арматураның жұмыс жағдайы коэффициенті.
Шектік күйлердің екінші тобы бойынша есептеудегі мақсат – конструкцияның тым үлкен орын ауыстыруына, жарықшақтардың пайда болуына немесе олардың тым үлкен болып ашылуына жол бермеу.
Темірбетон элементтердің екінші тобы бойынша келесі есептер жасалынады:
1) жарықшақтардың пайда болуы бойынша есеп
Т – күшсалмақтардың әсерінен пайда болған күш;
- сызаттардың пайда болатын кезіндегі күш (М – иілген элементтер, N-
созылған элементтер);
2) сызаттардың ашылуы бойынша
мұндағы: - күшсалмақтардың әсерінен пайда болған жарықшақтың
ашылу ені;
- жарықшақтың ашылу енінің нормаларда келтірілген
шектік мәні.
2) орын ауыстыруы бойынша (f – иіліс, j- бұрыш бұрылысы)
f - күшсалмақтардың әсерінен пайда болған иіліс;
- нормаларда келтірілген шектік иіліс ҚНжЕ 2.03.01-84 4 кесте бойынша (элементтің ұзындығына байланысты).
Конструкцияларда шектік күйлердің бірінші тобы бойынша есептеу есептік жүктеме бойынша жүргізіледі ( ), ал шектік күйлердің екінші тобы бойынша есептеу бұл күйлердің пайда болуы аса қауіптігі болмағандықтан жүктеменің сенімділік коэффициентінің мәні ( ) тең деп алып, табылған күштер бойынша жүргізіледі (яғни мөлшерлік күштер).
Дата добавления: 2015-12-26; просмотров: 4198;