Кернеулік-деформациялық жағдайлардың үшінші кезеңі
ІІІ-кезең элементтің қирау күйін сипаттайды.
Созылған арматураның мөлшеріне қарай қираудың екі жағдайы кездеседі.
1-жағдай. Арматура қимасының ауданы жеткілікті дәрежеде болған кезде арқалықтың қирау созылған арматурада басталып, сығылған аймақтағы бетонның уатылуымен аяқталады.
Жұмсақ болаттан жасалған арматуралардағы кернеулер не физикалық ( ), не шартты ( ) аққыштық шегіне жетеді. Осының салдарынан жарықшақтың ені мен ұзындығы қарқынды түрде үлкейгендіктен бетонның сығылған аймағының биіктігі (х) кішірейеді де кернеулер сығылуға беріктік шегіне ( ) тез жетеді. Мұндай қирау пластикалық сипатта болады.
Егер элементтің арматурасы жоғары беріктік болаттан жасалған болса, онда арматураның бірге үзілуімен сығылған аймақтағы бетон да уатылады. Бұл жағдайда элемент морт қирайды.
2-жағдай. Егер элемент қимасындағы арматураның шамасы тым көп болса, онда қирау сығылған аймақтағы бетоннан басталады. Бұл сәтте созылған арматурадағы кернеулердің шамасы оның беріктік шегінен төмен болады
2 жағдай бойынша қирау морт сипатта болады. Элементтің қирауы 2 жағдай бойынша болғанда арматуралық болаттардың қасиеттері толық пайдаланбайды.
Алдын ала кернелген темірбетон элементі
Алдын-ала кернелген темірбетон элементтерде күшсалмақ әсер бермеген кезінде кернелген арматура барлық қиманы немесе қиманың бөлімін сығады. Күшсалмақ әсер берген соң сығылған кернеу төменгі аймақта азая бастайды. Жүктеме салмақтың нәтижесінде төменгі аймақта сығылу кернеуі жойылады. Одан кейін кернеулік-деформациялық күйдің үш кезеңін байқауға болады.
Алдын-ала кернелген темірбетон элементтердің ерекшелері негізінде І кезеңде байқалынады, бұдан кейін кернеулік-деформациялық күйдің ІІ, ІІІ кезеңі қайталанады. Алдын-ала кернелген темірбетон элементтердің -ұлғаяды. - алдын-ала кернелген элементтердің жарықшақтың пайда болатын кезіндегі июші моменттің шамасы.
Дата добавления: 2015-12-26; просмотров: 1843;