Аустралияның материгінің ашылуы және материкті отарлау кезеңі
4 – сурет. Аустралияның еуропалық теңіз жүзушілермен зерттелуі (1812 жылға дейін)
1606 — Виллем Янсзон 1606 — Луис Ваэс де Торрес 1616 — Дерк Хартог
1619 — Фредерик де Хаутман 1644 — Абел Тасман 1696 — Виллем де Вламинк
1699 — Уильям Дампир 1770 — Джеймс Кук 1797—1799 — Джордж Басс
1801—1803 — Мэтью Флиндерс
Кейбір авторлар еуропалықтар Аустралияда XVI ғасырдың өзінде болған деп дәлелдемекші болды. Кеннет Макинтайр және өзге де тарихшылар XVI ғасырдың 20- жылдарында португальдықтар Аустралияны жасырын түрде ашты деп тұжырым жасады. Мысалы, Дьептің картасындағы «Жав-ля-Гранд» деген жазудың басым болуы «португальдық ашулар» деген пікір үшін негізгі дәлел деп есептелінген болатын. Алайда Дьептің карталары сол кезеңдегі географиялық білімнің теориялық және дәлелдемелік жағынан әлі дамымаған түрін сипаттайды. Дегенмен XVII ғасырға дейін еуропалықтардың материктегі саяхаты туралы теория Аустралия мен өзге елдердің ғалымдарыныңң әлі де қызығушылығын танытып отыр. Себебі, бұл тұжырым даулы әрі, жеткіліксіз айғақты болып саналады.
Аустралия материгінің ашылуы 1606 жылы басталды, яғни Виллем Янсзон Дайфкен кемесімен Аустралияның жағалауына тоқтаған кезі болып есетелінеді. Алайда Янсзон Дайфкен бұл материкті Жаңа Голландия деп атап, бұл жерді Нидерландықтардың иелігі деп жариялайды (алайда бұл материкті голландықтар ешқашан игермеген). Осы жолдың өзінде испандық Педро Фернандес Киростың экспедициясы Жаңа Гибридтерге кемесін қондырады және бұл құрлықтың – оңтүстік құрлық екенін пайымдап, Қасиетті Аруақтың Оңтүстік Жері деп атайды (испанша Austrialis del Espiritu Santo). Кейінірек осы жылдың өзінде Киростың орынбасары Луис Ваэс де Торрес Торрестер бұғазы арқылы жүзіп, Аустралияның солтүстік жағалуын байқайды.
5 – сурет. 1644 жылдағы Жаңа Голландияның картасы
XVI — ғасырдың екінші жартысы мен XVII ғасырда географиялық ашылымдар ашуда ағылшындар мен голландықтар барған сайын үлкен роль атқара бастады. Өте маңызды ашылымдарды орыс теңізшілері мен «құрлықтағы жиханкездері» де жасады. Ең маңызды жаңалық Аустралияны ашу болды. XVI ғасырдың географтары мен картографтары Солтүстік жарты шардағы орасан құрлықты «теңстіріп тұру» үшін Оңтүстік жарты шарда бір үлкен континент болуға тиіс деп жорамалдады. Бұл континентті тіпті 16 ғасырдың бірінші жартысындағы испан және португал карталарының бетінде таңғажайып сипатта бейнелеп көрсетті.
Осы «Австралиялық» яғни «Оңтүстік» жер әсіресе Оңтүстік Американы отарлаушы испандықтарды қатты еліктірді. Олар бұл аймақтан алтын мен күмістің кендерін және қара түсті халықты – олардың американдық рудниктері мен плантацияларына қажетті жұмыс күшін таппақшы болды. «Оңтүстік» жерді іздеп табу үшін XVI ғасырдың аяғы мен XVII ғасырдың басында Перуден бірнеше экспедиция жабдықталып жөнелтілді. Олар Тынық мұхиттың оңтүстік бөлігінен бірқатар аралдарды тапты да. Нағыз Аустралияны XVII ғасырдың басында голландықтар ашты. Олар 1619 жылы Ява аралында Батавия қаласының негізін қалады. Голланд теңізшілері Зонд аралдарынан оңтүстікке қарай жүзе отырып, Аустралияның бүкіл Батыс жағалауымен және Оңтүстік жағалауының жартымымен танысты. Бірақ жаңылысып оны «Полярлық жердің» бір бөлігі деп санады.
Испандық саяхатшы Луиис Вааэс де Тооррестің есімімен Аустралия Одағында бірнеше географиялық нысандар белгілі: Торрес бұғазы (Аустралия мен Жаңа Гвинея аралығындағы бұғаз болып, 1769 жылы теңіз жүзушінің атымен «Торрес бұғазы» деп аталды), Торрестер бұғазының аралдары (осы бұғаздағы аралдардың тобы), Торрес аралы (Жаңа Гибридтер архипелагының солтүстік бөлігінде орналасқан аралдар тобы). Торрес 1605—1606 жылдары ұйымдастырылған экспедицияның мүшесі. Саяхатшы Жаңа Гвинеяның оңтүстік жағалауын, Маржандар теңізін, Папуа шығанағын ашты.
6 – сурет. Луи́с Ва́эс де То́ррес
1627 жылы капитан Франс Тейсен «Гулден Зепард» атты кемемен Аустралияның оңтүстік жағалауынан шығысқа қарай 2000 км жүзіп өтіп, Аустралия материгінің жағалауын картаға түсіріп, Ява аралына қарай бет алады.
1642 жылы Батавиядан саяхатқа шыққан Абель Тасман Аустралияны айналып өтіп бір үлкен аралды ашты да және оны Ван-Димэнаның Жері (қазіргі Тасмания) деп атады. Алайда бұл жаңа континент көп уақытқа дейін ешкімді қызықтырмады: кедей, халқы аз елде байлықтың ешқандай нышаны білінбеді.
Абель Тасман 1644 жылғы өзінің екінші саяхатын жасау барысында Аустралия материгінің шығыс жағалауы бойымен Жаңа Гвинеяның оңтүстік жағалауынан жүзіп өтеді. Саяхатшы Жаңа Гвинея мен Аустралия аралығындағы Торрестер бұғазын байқамай, Аустралия материігінің жағалауының бойымен жүзе отырып, алғаш рет карта бетіне Аустралияның батыс жағалауын түсіреді.
7 – сурет. Абел Янсзон Тасман
Абел Янсзон Тасман (1603, Лютьегаст, Гронинген - 1659 Батавия) - көпес, голланд теңізшісі,Австралия және Мұхиттық аралдарды зерттеуші. 1642-1643 жылдары Тынық мұхиты мен Үнді мұхитында жасалған біріншіэкспедицияда, кейіннен өзінінің атымен аталған аралдың (Тасман аралы) оңтүстік және шығыс жағалауын ашып, Жаңа Зеландияныңбатыс жағалауына жетті; Тонга архипелагын, Фиджи аралдарын және Бисмарк архипелагын ашты.
Абел Янсзон Тасманның құрметіне:
• Аустралия жағалауында өзі ашқан Тасман аралы аталған
• Тынық мұхитының оңтүстік бөлігінде Аустралия мен Жаңа Зеландия аралығында орналасқан Тасман теңізі
• Тынық мұхитының оңтүстік бөлігінде Аустралия мен Жаңа Зеландия аралығында орналасқан Тасман щұңқыры
• Выступ материка на северо-западе Аустралияның солтүстік-батысындағы Тасман жері шоқысы
• Тасманияның әкімшілік орталығы - Хобарт қаласындағы ұзындығы 1,3км көпір
• Тасмания аралындағы жол (Tasman Highway (or A3))
• Жаңа Зеландиядағы ұлттық парк
• Жаңа Зеландиядағы тау шыңы
• Жаңа Зеландиядағы көл
• Жаңа Зеландиядағы шығанақ
• Жаңа Зеландиядағы әкімшілік аудан аталған.
8 - сурет. Абел Тасман саяхатының картасы
Дата добавления: 2015-12-08; просмотров: 5268;