Жаңа замандағы Аустралия материгінің зерттелуі
XVIII ғасырдың аяғынан бастап Аустралияны игеру жұмысы басталды. Ағылшын үкіметі әуелі Аустралияға қылмыскерлерді жер аударды. Материктің оңтүстік-шығысында айдалған адамдардың қонысы ретінде Сидней қаласы бой көтерді. Австралияда мал өсіру үшін пайдалануға болатын. Жақсы жайылымдар еуропалықтардың назарын аударды. Сондықтан материктің ішкі аудандарын зерттеу еуропалық қоныс аударушылардың малдары үшін жайылммдар мен су іздестіруден басталды.
Аса бай алтын кен орындарының ашылуына байланысты XIX ғасырдың ортасында Аустралияға көптеген «бақыт іздеушілер» ағылды. Осы кезде Англия Бүкіл материкті өзінің отары деп жариялады.
Еуропалықтар алғаш рет Мұхит аралдарын 1521 жылы Ф. Магеллан Гуам аралына тоқтағанда ғана көрді. Ал Аустралия одан жүз жыл өткеннен соң ғана ашылды. Аустралия мен Мұхит аралдарының ашылуы еуропалықтар үшін аса зор жаңалык болды. Байырғы халықтың тұрмысы тым қарабайыр. Мұны ғалымдар аймақтың өркениеттің орталықтардан аса кашық орналасуымен және табиғат жағдайларының қолайсыздығымен байланыстырды. Алайда бұл орталықтардан окшау орналасқан Америка үндістері өркениеттің аса жоғары деңгейіне көтерілген.
ХVІІІ ғасырдың өзінде-ақ Полинезияда шаруашылықтың ерекше «мұхиттық» түрі калыптасып үлгерген болатын. Олар балық аулаумен айналысып, теңізде жүзуде алдарына жан салмаған. Өте жылдам әрі жеңіл, оңтайлы жүзетін каноэ жасауды шебер меңгерген, полинезиялықтар біздің жыл санауымызға дейінгі 2000 жылдықтың екінші жартысының өзінде – ақ Фиджиден Тонга аралына дейін жүзіп барған деген мәліметтер бар. Сондай – ақ, олар банан, кокос пальмасы, нан ағаштарын өсіріп, жер өңдеумен де айналысқан. Испандықтардың Мариан аралдарын жаулап алған кезінен, яғни ХVІІ ғасырдың екінші жартысынан бұл аймақта отарлау кезеңі басталды. Голландтар бірнеше ірі экспедициялар ұйымдастырып, А.Тасман бастаған топ Аустралия материгі жағалауына да келіп жетті. ХVІІІ ғасырдың екінші жартысынан бастап бұл аймаққа Англия мен Франция көз тіге бастады, ал XIX ғасырда АҚШ пен Германияның аңсары ауды.
АҚШ – тың тәуелсіздік алуы нәтижесінде Англия сотталғандарды айдауға жіберетін жерінен айырылды. Осы қажеттілік ағылшындар назарын Аустралияға аударды, сөйтіп жаңа ашылған материкте айдауға жіберілгендерді ұстайтын арнаулы мекен салу туралы ағылшын парламенті заң шығарды (қазір ол жер Сидней қаласының орны болып табылады). 1788 жылы 850 тұтқынды күзеткен 200 әскері бар алғашкы кеме Аустралия жағасына келіп табан тіреді. Бұл жағдай бір ғасырға жуық созылды, осы уақыт аралығында Англиядан 155 мыңға жуык тұтқын әкелінді.
9 – сурет. Стшелецкий Павел Эдмунд
Стшелецкий Павел Эдмунд польшалық натуралист, геолог және географ. Географ Солтүстік және Оңтүстік Америка, сонымен қатар Мұхиттық аралдарға саяхат жасаған. 1839-1840 жылдары алғаш болып Жаңа Оңтүстік Уэльсті, Аустралия Албпісін зерттеді. Ол Аустралиядағы алтын кен орнын және Астралияның ең биік нүктесі – Косцюшко тауын тапты. 1841-1842 жылдары Тасман аралын зерттеді.
10 – сурет. Эдуард Джон Эйр
Эдуард Джон Эйр Аустралия материгін зерттеген ағылшын саяхатшысы. Эдуард өзінің саяхатында материкті тереңінен зерттеуді 1873 жылдан бастады. Саяхатшы Флиндерс жотасын, Торренс көлін, Эйр көлін ашты; ал 1840-1841 жылдары Аделаидадан Пертке бағытталған маршрутта саяхат жасады.
Чарльз Нэпир Стёрт – ағылшын саяхатшысы және отарлаушы қайраткер, Аустралияны зерттеуші. 1829 жылы Стёрт жаңа саяхатқа шығады. Саяхатшы Маррамбиджи өзенінің төменгі ағысы бойымен кемемен жүзе отырып, аздап уақыттан соң Юм мен Хоуэллдің экспедициясымен кездесіп қалады және осы кездесуден кейін олар бірігіп Аустралияны зерттей бастайды. Олар Муррей өзенін ашып, осы өзеннің төменгі ағысымен жүзе отырып, Дарлинг өзенінің сағасына тап болады. Осылай саяхатшылар Муррей өзенінің алабын толықтай зерттейді.
11 – сурет. Чарльз Нэпир Стёрт
Ал француздар өздерінің тұтқындарына Жаңа Каледония аралынан орын тапты. Мұнда 50 мыңға жуық адам әкелінді. Дәл осы уақытта Англияның тоқыма өнеркәсібін жүнмен қамтамасыз ету қажеттілігі де туындады. Сондықтан ағылшындар Аустралия жерінің онша шұрайлы еместігіне қарамастан, жайылым жеткілікті деп есептеп, онда қой шаруашылығын өркендетуге ден қойды. Климаттык жағдайы біршама ұксас болғандыктан, қойлар Оңтүстік Африкадан әкелінді. Дәл осы кезең аборигендер үшін ең қиын кез болды, өйткені жайылым болады деп есептелген жерлердің барлығы да олардың мекен-түрағы мен аңшылық ареалы еді.
XIX ғасырдың екінші жартысынан бастап, Аустралияда дәнді дақылдарды көбірек өсіріп, ет пен сүтті сыртқа шығару жолға қойылды (оған рефрижератор-кемелердің шығуы да себепші болды). Бұл жұмыстарға икемі жоқ аборигендерді жұмылдыру мүмкін болмады. Әрі дәл осы уақытта Аустралия жерінде алтын кендерінің ашылуы да, бұл аймақка жүйелі түрде «қоныс аудару» саясатын жүргізуге себепші болды. Тек қана 10 жыл ішінде, яғни 1851 мен 1861 жылдар аралығында Аустралияға қоныс аударған адамдар саны 0,4-тен 1,2 млн адамға артты.
XX ғасырдың басында шашыраңқы орналасқан колониялар Аустралия Одағына бірігіп, өзін-өзі басқаратын иелік дәрежесін алды. Осы күннен бастап екінші дүниежүзілік соғысқа дейін, Аустралия индустриялану бағытын басым ұстады. Бұл кезең Аустралия халқының жеке ұлт болып қалыптасуына да өзіндік әсерін тигізді. Олар негізінен Британ аралдарынан шыққанымен, нағыз ағылшындардан ұлкен айырмашылық жасайды. Екінші дүниежүзілік соғыс кезінде АҚШ Аустралияның табиғат жағдайының мүмкіншілігін мейлінше тиімді пайдаланып, оны өзінің аса маңызды азық-түлік пен шикізат көзіне айналдырды. Мұнда дәстүрлі өнеркәсіппен қатар өңдеуші өнеркәсіп және қазіргі заманғы көлік жүйесі де (әсіресе жоғары сапалы тас жолдар) қаркынды дамыды. XX ғасырда шектеу қойылғандықтан Аустралияға қоныс аударушылар тек Еуропадан ғана келетін. Тек 70 – 80 – ші жылдары тау-кен өнеркәсібі мен ауыл шаруашылығы аса қарқынды белең алып дамығандықтан, еңбек ресурстарына деген тапшылық күшейді, сөйтіп, ел тарихында алғаш рет Азия қоныстанушыларына да «есік» ашылды. Өзінің әлеуметтік - экономикалық даму тарихы жөнінен Аустралия Канада, АҚШ сияқты елдерге ұқсас болып келеді. Олардың дамуы Еуропа елдеріндегі «классикалық капитализмнен» үлкен айырмашылык жасайды. Оларды көбінесе «қоныс аударушы капитализм» елдері деп атайды. Бұл елдер феодализм мен оның қалдыктарын бастан кешкен жок. Экономикальқ дамуы ел халқының негізін құрайтын еуропалық иммигранттардың белсенді әрекеті жағдайында жүзеге асады. Өте үлкен аумақты алуы, халқының санының аз болуы шаруашылықтың тек жағалық бөліктерде ғана қарқынды дамуына мүмкіндік береді. Сондықтан да жеке ел болғанына жүз жылдан астам уақыт өткеніне қарамастан, Аустралия әлі де шикізаттық регион дөрежесінде калып отыр.
Ал Мұхит аралдарының XX ғасырдың 60 – жылдарынан бастап бостандық ала бастаған шағын елдері өздерінің табиғат ресурстары мен табиғат жағдайларына, сондай-ақ көптеген аралдар өздерінің стратегиялық орнына сүйене отырып, өте катал бәсекелестік жағдайында дамуға біртіндеп мүмкіндік алуда. Өте қолайлы климат пен құнарлы топырақ көптеген тропиктік дақылдарды өсіруге мүмкіндік береді. Аралдық елдердің ¾ - інің сыртка шығаратын басты өнімі—кокос жаңғағын өңдеуден алынатын копра болып табылды. Теңіз өнімдерінің де маңызы жоғары. Жылы теңіз сулары, табиғаты өте әсем аралдар мен жағажайлардың туристік-рекреациялық мүмкіндігі шексіз. Екінші дүниежүзілік соғыстан кейін Мүхит аралдарыньң біраз бөлігі АҚШ пен Францияның атом қаруын сынайтын алаңына айналды. Оларда әскери – әуе және әскери – теңіз базалары орналасқан, олардың ішіндегі ең ірісі Гуам аралында(арал халқының 1/6 – ін әскерилер мен олардың отбасылары құрайды). Кейбір ұсак аралдардың өздеріне ғана тән кәсіпшіліктері бар. Мәселен, Кокос аралдары Оңтүстік Африка мен Аустралия арасындағы әуе жолында транзиттік қызмет керсетсе, ал Питкерн аралы санаулы ғана адам тұратынына қарамастан пошта маркаларын шығаруды табыс көзіне айналдырды.
Орытынды
Аустралия — оңтүстік жарты шардағы құрлық. Ол 10°41' оңтүстік ендіктегі Йорк мүйісінен 39°11' оңтүстік ендіктегі оңтүстік-шығыс мүйіске дейін және 113°05' шығыс бойлықтағы Стип-Пойнт мүйісі мен 153°34' шығыс бойлықтағы Байрон мүйісі аралығында орналасқан. Аумағы жағынан Жер шарындағы ең кіші құрлық (7,63 млн км²). Батысы мен оңтүстігін Үнді мұхиты, шығысы мен солтүстігін Тынық мұхиттың Тасман, Маржан, Тимор және Арафур теңіздері қоршаган. Жағалаулары аз тілімделген. Ірі шығанақтары — солтүстігінде — Карпентария, оңтүстігінде — Аустралияның үлкен шығанағы.
Аустралияның солтүстігінде Кейп-Йорк түбегі, шығыс, солтүстік-шығыс жағалауын бойлап (ұзындығы 2300 км) Үлкен тосқауыл рифі жатыр. Оңтүстігінде Тасмания аралынан Аустралияны Басс бұғазы бөлген. Оңтүстігін бойлай Үлкен Аустралия шығанағы орналасқан. Еуропалықтар үшін Аустралия құрлығын 1606 ж. голландиялық теңіз саяхатшысы В.Янсзон ашқан.
Аустралия материгі мен көршілес орналасқан Тасмания аралын бір ғана ел – Аустралия Одағы алып жатыр. Қазіргі кезде халық саны 21млн адамнан асады. Елдегі қала халқының үлесі 86% -дан асады. Мемлекеттің байырғы халқы аборигендер метистермен қосқанда халықтың 1%-ын құрайды. Азиядан қоныс аударған қытайлар мен үнділердің саны көп.
Аборигендер бір-бірінен тілдік айырмашылықтары арқылы бөлінетін 200-ден астам тайпалардан құралған. Аборигендар аңшылық кәсіпті жақсы меңгерген.
Еуропалықтар Аустралияны адам тұратын материктердің бәрінен кейін ашты. Еуропадан шалғай әрі оқшау орналасуы оның ашылуына кедергі келтірді. Ежелден-ақ ғалымдар Оңтүстік тропиктен оңтүстікке таман жатқан жер бар деп жорамалдаған. Бұл жерді голландықтар ашқан. XVII ғасырдың бірінші жартысында оларға материктің бүкіл солтүстік, батыс және оңтүстік-батыс жағалауы түгелдей дерлік белгілі болған. Аустралияны жақсы білу үшін голландиялық теңізде жүзуші А б е л ь Т а с м а н экспедициясының зор маңызы болды. Ол материктің солтүстік және солтүстік-батыс жағасын зерттеп, 1642 ж. кейін өзінің атымен аталған Тасмания аралын ашты.
Аустралияның шығыс жағалауын XVIII ғасырдың екінші жартысында ағылшынның аса көрнекті теңізде жүзушісі және зерттеушісі Джеймс Кук ашқан болатын. Кук зерттеулерінің нәтижесінде оңтүстікте үлкен материктің бар екендігі туралы аңыз біржолата жоққа шығарылды және Аустралияның бұрын жұрттың ойлағанындай белгісіз Антарктикалық материктің бөлігі емес, дербес материк екені дәлелденді.
XVIII ғасырдың аяғынан бастап Аустралияны игеру жұмысы басталды. Ағылшын үкіметі әуелі Австралияға қылмыскерлерді жер аударды. Материктің оңтүстік-шығысында айдалған адамдардың қонысы ретінде Сидней қаласы бой көтерді.
Еуропалықтар алғаш рет Мұхит аралдарын 1521 жылы Ф. Магеллан Гуам аралына тоқтағанда ғана көрді. Ал Аустралия одан жүз жыл өткеннен соң ғана ашылды. Аустралия мен Мұхит аралдарының ашылуы еуропалықтар үшін аса зор жаңалык болды. Байырғы халықтың тұрмысы тым қарабайыр. Мұны ғалымдар аймақтың өркениеттің орталықтардан аса кашық орналасуымен және табиғат жағдайларының қолайсыздығымен байланыстырды. Алайда бұл орталықтардан оқшау орналасқан Америка үндістері өркениеттің аса жоғары деңгейіне көтерілген.
ХVІІІ ғасырдың өзінде-ақ Полинезияда шаруашылықтың ерекше «мұхиттық» түрі қалыптасып үлгерген болатын. Олар балық аулаумен айналысып, теңізде жүзуде алдарына жан салмаған.
Испандықтардың Мариан аралдарын жаулап алған кезінен, яғни ХVІІ ғасырдың екінші жартысынан бұл аймақта отарлау кезеңі басталды. Голландтар бірнеше ірі экспедициялар ұйымдастырып, А.Тасман бастаған топ Аустралия материгі жағалауына да келіп жетті. ХҮІІІ ғасырдың екінші жартысынан бастап бұл аймаққа Англия мен Франция көз тіге бастады, ал
XIX ғасырда АҚШ пен Германияның аңсары ауды.
Еуропадан қоныс аударған ағылшын ұрпақтарынан материктің келімсек халқы – Аустралиялық ағылшындар қалыптасты.
Аустралия Одағы – шаруашылығы дамыған ел. Тау-кен өнеркәсібі дамып, қалыптасқан. Машина жасау, химия және тамақ өнеркәсібі өркендеген. Аустралия меринос қойларының саны жөнінен дүние жүзінде
1-ші орында. Елдің оңтүстік-шығыс және оңтүстік-батыста бидай егіледі. Жағалық жазықтарда ананас, банан, қант қамысы, ірі қалалардың маңындағы суармалы жерлерде бау-бақша өсіріледі.
Дата добавления: 2015-12-08; просмотров: 3520;