Географиялық орны
АУСТРАЛИЯ МАТЕРИГІНІҢ АШЫЛУ ТАРИХЫ
Аустралия — Жер бетіндегі ең кіші материк. Ол іргелес аралдарымен қоса түгелдей оңтүстік жарты шарда жатыр. Баскалардан кейін ашылып, қонысталынған бұл материктің аты латыннын оңтұстік деген сөзінен шыққан.
Оңтүстік тропик Аустралияны одан солтүстікте материктің шағын, онтүстікте көпшілік бөлігі жататындай етіп кесіп өтеді. Материктін шеткі бөліктері: солтүстікте - Йорк мүйісі (10°41 о. е.), оңтүстікте - Онтүстік-Шығыс мүйіс (39°11 о. е.), батыста - Стип-Пойнт мұйісі 113°05' ш. 6.), шығыста - Байрон мүйісі (І53° ш. б.). Аустралия солтүстіктен онтүстікке 3200 км-ге, батыстан шығысқа 4100 км шамасында созылып жатады, көлемі - 7631,5 мың км2.
Солтүстікте Аустралияның жағасында Мелвилл, Батерст, Грут-Айленд және басқа үсақ аралдар, оңтүстікте — материктік кайраңның шегінде жатқан Тасмания, Кинг, Флиндерс және Кенгуру аралдары жатыр. Батыстағы ең ірі арал - Дерк-Хартог, шығыста - Фрейзер.
Аустралия Тынық және Үнді мұхиттарының суымен ұласып жатыр. Ол ешбір материкпен құрлық арқылы байланыспайды. Сондықтан Аустралияны, сондай-ақ оның көлемінін шағын екендігін еске ала отырып, кейде материктік арал деп те атайды.
Аустралиядан солтүстікте және шығыста, Тынық мұхиттың оңтүстік-батыс бөлігінде материктік, маржандық және жанар тау текті көптеген ірілі-ұсакты аралдар жатыр. Бүкіл осы аралдардың жиынтығын Мұхиттық аралдар деп атайды.
1 – сурет. Аустралия материгінің физикалық картасы
Мұхиттық аралдардың жалпы көлемі шамамен 1,3 млн. км2. Әдетте, Мұхиттық аралдарды бірнеше бөлікке бөледі. Аустралияға ең таяу жатқан Жана Зеландиядан басқа, батыстағы ең ірі аралды Меланезия деп атайды. Меланезияға Жаңа Гвиңея, Соломон аралдары, Жаңа Каледония т. б. кіреді. Ең оңтүстікте жатқан Жаңа Зеландия ерекше көзге түседі. Мұхиттық аралдарды бірнеше бөліктерге бөледі: Батыстағы ең ірі аралдар тізбегін Меланезия деп атайды. Меланезиядан солтүстікке қарай жатқан аралдар тізбегін Микронезия деп атайды. Тынық мұхиттың орталық және оңтүстік шығыс бөлігінде жатқан аралдарды Полинезия деп атайды.
1.2 Еуропалықтардың материкті ашуына дейінгі Аустралия (1606 жылға дейін)
Аустралиялық аборигендердің арғы тегі Аустралия материгінде 40-60 мың жыл бұрын пайда болған (өзге мәліметтер бойынша шамамен 70 жыл бұрын). Аустралияға алғашқы адамдар Жаңа Гвинея мен Тасман аралдары біртұтас материк құрмында болған кезде келген. Сондықтан мұндағы байырғы халық дүние жүзіндегі ең ертедегі теңіз саяхатшылары екенін дәлелдейді. Материкте адамдардың қоныстануы 42-48 мың жыл бұрын басталған.
Ең ертедегі адам қалдықтары Жаңа Оңтүстік Уэльс штатының оңтүстік-шығысында кеуіп қалған Мунго көлінің орнында табылған. Бұл адам қалдықтары Жер бетінде кремация мысалындағы ең ескі қалдықтар болып, бұл өз кезегінде аустралиялық аборигендердің арасындағы діни жоралғылардың болғандығын көрсетеді.
2 – сурет. Какаду ұлттық саябағындағы аборигендердің салған суреті (шамамен 30000 жыл бұрын)
Аборигендердің кол өнер дүние жүзіндегі әліде сақталып келе жатқан қол өнерлер дәстүрлерінің бірі болып табылады. Аборигендер мәдениетің жасын 30000 жыл тұжырымдалады және бұл мәдениетті Аустралияның барлық территориясында кездестіруге болады (әсіресе, Улур мен Какаду Ұлттық саябағы). Аустралия материгінде кездесетін ескі суреттердің жасы мен оның көптігін ескере отырып, Аустралиядағы тасқа қашалып жазылған жазбалар Еуропадағы Ласко мен Альтамир үңгірлерінде кездесетін тастағы жазбалардың жасымен сәйкес келеді.
Біздің дәуірімізге дейінгі 10—12 мың жылдықта Тасман аралы Аустралия материгінен оқшауланады. Сондықтан бұл кезде кейбір тас дәуірінің технологияары тасмандық аборигендерге дейін жетпей қалған (мысалы бумерангты қолдану).
Аустралия аборигендері аңшылықпен айналысып, жеуге жарамды өсімдіктерді жинаумен күнелткен. Әсіресе, аңшылық кәсіпті өте жақсы меңгерген. Олар әр түрлі найзалар мен лақтырғыш құралдарды тиімді пайдаланған. Әсіресе, олар ойлап тапкан аңшылық қаруы - бумеранг өте ерекше, лақтырғанда нысанаға дәл тимей қалса аңшының қолына қайтып келеді. Аңшылық ұзақ қашықтықта тоқтаусыз жүруді, аңның жолын торуылдауды қажет ететіндіктен, аңшылар біртіндеп 20 – 30 адамнан тұратын шағын топтарға біріге бастады. Азық ретінде көбінесе жеуге жарамды өсімдіктердің жемістері мен тамырларын, сондай – ақ кейбір жәндіктер мен олардың жұмыртқаларын да пайдаланды.
3 – сурет. Аустралия аборигендері
Аустралиялық аборигендер - Аустралияның байырғы халқы. Аустолоид нәсіліне жатады. Аустралияға 50 000 жыл бұрын Азияның оңтүстік-шығысынан келген. 18 ғасырда Аустралияға келген европалықтар аборигендерді қырғынға ұшыратты. Соның салдарынан қазір Аустралия халқының 2,6 % құрайды.
Бұрын материктің бүкіл халқын байырғы тұрғындар құрайтын. Олар Аустралияның табиғат жағдайлары адамның тіршілігі үшін неғұрлым қолайлы болып табылатын оңтүстік-шығысына орналасқан. Материкке европалықтар келгеннен кейін және қой шаруашылығының дамуына байланысты байырғы тұрғындарды материктің ішкі жағына — құрғақшылықты аудандарға ығыстырып, оларды аштан өлуге душар еткен. Оның үстіне, еуропалықтар аустралиялықтарды аяусыз қырған, оларды өлтірген, ішетін асын, құдықтағы суды уландырған. Осындай айуандықтың нәтижесінде бүкіл тасманиялықтар құрып біткен. Ал материктегі байырғы халықтың саны күрт азайған. Қазір Аустралия аборигендерінің саны бар болғаны 50 мыңға жуық адам болып отыр.
Аборигендер шөлді аудандарда орналасқан р е з е р в а цияларда (байырғы тұрғындарды күштеп қоныстандыруға арналған территориялар) қайыршылық жағдайларда тұрады. Аборигендердің бір бөлігі фермаларда мардымсыз ақы үшін бакташы және жұмысшы ретінде батырақ болып жұмыс істейді. Басқалары әлі де жартылай кезбе аңшылар мен терімшілердің өмір салтын жалғастыруда. Аборигендердің арасында дарынды және білімді адамдар бар. Өздігінен суретші болған Наматжирдің картиналары бүкіл дүние жүзіне белгілі.
Тасмания аралын мекендейтін ежелгі тасманиялықтар да, аборигендер оқшаулануға ұшыраған. Олар материктен аралға бұдан шамамен 9 – 10 мың жыл бұрын қоныс аударған. Негізгі кәсібі теңізшілік болып, көбінесе итбалық, моллюска, кейде балық аулаумен айналысқан. Материктегі де, аралдағы да аборигендер аңшылық жағдайларын жақсарту мақсатында, оттың көмегін пайдаланған. Әрбір аңшылық топ жылына 100 км2 – ге жуық жерді өртеп отырған. Мұхит аралдары тұрғындарының тұрмыс деңгейі аборигендермен салыстырғанда әлдеқайда жоғары болды. Папуастар еуропалықтар келгенге дейін жер өңдеумен айналысқан, мал ұстаған. Папуастар әсіресе ит өсірумен, тауық және шошка өсірумен айналысқан. Папуастар үшін шошқа соңғы кезге дейін байлықтың басты көрсеткіші болып есептелген, оны тіпті ақша есебінде айырбас үшін де пайдаланған. Аймақтағы ең тұрмыс деңгейі жоғары түрғындар - полинезиялыктар.
Дата добавления: 2015-12-08; просмотров: 4066;