Джеймс Куктың Аустралия материгін зерттеуі

XVII ғасырдың 50-ші жылдарында голландық теңіз жүзушілердің арқасында Аустралия материгі айтарлықтай карта бетіне түскен болатын.

1769 жылы Индевор кемесін басқарған лейтенант Джеймс Кук Шолпанның Күн орбитасы бойынша жүру жүрісін анықтау үшін Таитиға сапар шекті. Кук сонымен қатар, Оңтүстік құрлықты іздеу бойынша құрылған Адмиралдық құпия құрылымның қызметін де атқарды.

Джеймс Кук Индевор кемесі арқылы Аустралия материгінің жағалауларын зерттеді. Бұл кеменің көшірмесі 1988 жылы Аустралияның ашылуының 200 – жылдығында құрастырылған болатын.

19-сәуір 1770 жылы Индевор кемесінің жолаушылары Аустралия материгінің шығыс жағалауын көреді және он күннен кейін Ботани қолтығына кемені тоқтатады. Кук материктің шығыс жағалауын, сонан соң кемесін натуралисті Джозеф Бэнкспен Ботани бұғазы колония құруға қолайлы орын екенін басшылыққа хабарлайды.

Джеймс Кук (7 қараша 1728 ж., Мартон, Йоркшир — 14 ақпан 1779 ж., Гавайи аралы) — ХVІІІ ғасырдағы атақты ағылшын әскери теңізшісі, зерттеуші, картограф. Әлемдік мұхитты зерттеу бойынша үш экспедиция басқарған. Ол оңтүстік материк (Аустралия) жағалауын, Үнді мұхитын зерттеп, көптеген аралдар ашты.

Джеймс Кук 1728 жылы Йоркшир ауданында туған. 17 жасында Кук балық аулайтын кемеде шәкірт болып қызмет істейді, онда қожайынымен келісе алмай, тас көмір таситын ағылшындардың кемесіне қызметке орналасады. Екі жылда ол белгілі көмірші болды. Кукке Голландиядан, Норвегиядан шәкірттер келіп, одан білім алатын болған. Бұдан кейін Кук Балтық теңізіне жүзіп, Санкт-Петербургке барады. Оны бұрынғы кеме иесі шақырып алып, кеме командирінің орынбасары етіп тағайындайды.

Жеті жылға созылған ағылшын - француз соғысы кезінде Кук өзі сұранып, бір әскери кемеге матрос болып орналасады, бұл кеме командирі Хью Паллиесер еді. Ол білгір матросқа назар аударып, кейіннен оған офицер шенін береді де, Канаданың Лаврентий өзені бойында француздарға қарсы жүріп жатқан соғыстарға жібереді. Ол өзеннің тереңдігін өлшеп, кеме жүзуге болатындығын дәлелдейді. Бұл соғыста ағылшындар жеңіп шығады да, Кук кемесі 1759-1760 жылдары жағада тұрады.

Бұл кезде Кук геометрия, астрономия ғылымдарын үйренеді. 1762 жылы Куктың Ньюфаундленд аралының оңтүстік-шығысын зерттеуге жібереді. Ол бұл жұмысты ойдағыдай орындайды. Сөйтіп, 1764 жылы Ньюфаундленд аралының бас гидрографы болып, мұнда 1767 жылға дейін жұмыс істеді. 1768 жылы Британия империясы оңтүстік материкті зерттеуге экспедиция ұйымдастырды. Жеті жылдық соғыстан кейін, Англияның Атлант мұхиты мен Үнді мұхитында үстемдігі басым болды. Ал француз кемелері үлкен экспедиция жіберді. Бұл кезде Тынық мұхитында испан кемелері де жүзе бастаған, өйткені олар жеті жылдық соғыста француздар жағында болып, ағылшындарға қарсы соғысқан болатын.

1768 жылы 20 ақпанда Кук тынық мұхитқа шығып, оны зерттей бастайды. Кук экспедициясында – географ, гидрограф, астроном тағы басқа ғалымдар бар еді. Кук Жаңа Зеландия, Аустралия жағалауларын тағы да басқа көптеген аралдарды ғылыми тұрғыдан жан жақты зертттеді. Ол ашқандарын картаға түсіріп отырды. Оның кемесі 1771 жылы 12 шілдеде Англия жағалауына келіп тоқтайды.

1772 жылы Кук жер шарын айналып шығуға екінші рет аттанады.

1773 жылы 17 ақпанда Кук тұңғыш рет 39-35’шығыс бойлықтағы Оңтүстік поляр шеңберінен өтті. Оңтүстік жарты шар суын зерттеп, 58 – 60 градус оңтүстік ендік бойымен 97 – 147 градус шығыс бойлыққа жетті, содан кейін Жаңа Зеландияға келді.

Кук тағы да үшінші рет оңтүстік экспедицияға аттанды. 1773 жылы 18 желтоқсанда Антарктида материгіне қарай екінші рет, Оңтүстік поляр шеңберінен өтті. 67 21′ Оңтүстік ендікте болды. 1774 жылы 26 ақпанда Оңтүстік поляр шеңберінен үшінші рет өтіп барып Антарктидаға жақындады. 30 ақпанда ол Антарктидаға жақындап барды, бірақ Д.Кук оны жер шарының алтыншы материгі екенін білмеді, «бұдан әрі жер жоқ, онда адам тұра алмайды» деген оймен Англияға оралды.

 








Дата добавления: 2015-12-08; просмотров: 2023;


Поиск по сайту:

При помощи поиска вы сможете найти нужную вам информацию.

Поделитесь с друзьями:

Если вам перенёс пользу информационный материал, или помог в учебе – поделитесь этим сайтом с друзьями и знакомыми.
helpiks.org - Хелпикс.Орг - 2014-2024 год. Материал сайта представляется для ознакомительного и учебного использования. | Поддержка
Генерация страницы за: 0.006 сек.