Мейірбикенің жұмыс ерекшеліктері. Ас қорыту ағзаларының ауруларын тексергенде келесі шағымдарға көңіл бөлу керек: ауырсынудың түрі

 

Ас қорыту ағзаларының ауруларын тексергенде келесі шағымдарға көңіл бөлу керек: ауырсынудың түрі, оның ұзақтығы және тамақпен байланыстылығы, іштің кебуі және өтуі, үлкен дәреттің кідіріп қалуы, тамаққа тәбетінің өзгеруі. Мейірбике науқастың тұрмыс жағдайына, жағымсыз қылықтарына және тұқымына мән беру керек. Науқасты қарағанда төсекте жатқан жағдайына, тілінің шырышты қабатына, терісінің түсіне және бауыр белгілеріне көңіл бөлуі керек, мысалы, іштің көлеміне және оның пішініне, тамыр жұлдызшаларына, көк тамыр суретіне. Мейірбике науқасты әртүрлі тексерістерге дайындай білу керек, асқазанды жуу, клизмаларды жасау, нәжісті әртүрлі лабораториялық тексерістерге жинау, медициналық құжаттарды толтыра білу, керек жағдайда науқасты тексеріс орындарына сүйемелдеп апару керек. Осымен қоса мейірбике асқазаннан және ұлтабардан сөл ала білу, пациентті процедураның мақсатымен және нәтижесімен таныстыра білу керек. Асқазанды рентген сәулесімен аш қарынға тексереді, бұл кезде мейірбике науқасқа су, дәрі ішкізбей, шылым шекпеуін қадағалау керек. Өт қалтасын бояу затпен тексергенде науқасты келесі түрде дайындайды: 2 тәулік бойы жеңіл – желпі тағамдар қабылдап, тексеруден 1 күн бұрын жатар алдында тазарту клизмасын жасау керек. Бояу затты екі бөліп береді: біріншісін тексерістің алдында 12 сағат бұрын, ал екіншісін 4 сағат бұрын береді. Асқазанды сүңгі арқылы тексеру алдында науқасты бір күн бұрын жеңіл – желпі тамақтандырып, одан кейін су, тамақ ішкізбейді. Тоқ ішекті колоноскоп арқылы тексергенде дайындықты 3 күн бұрын бастайды. Науқасқа жеңіл емдәм тағайындайды, 1 күн бұрын 50 мл кастор майын ішкізеді, кешке жақын және таңертең тазарту клизмасын жасайды.

Ас қорыту ағзаларының ауруларында пациентке келесі мәселелер болуы мүмкін: дұрыс тамақтануды білмеу, емдәм тәртібін білмеу, өз бетімен тағамды және сұйықты іше алмау, нәжіспен зәрдің шығып кетуінен қорқу. Колостомасы бар науқастарға әсіресе көп көңіл бөлу керек. Бұл науқастар психологиялық қиындықтарды сезеді, осы себептен мейірбике науқасты нәжіс жинағышпен қалай қолдану керек екенін үйреу керек. Мейірбике науқасты емдәм қағидаларымен таныстыру керек. Тамақ жұмсақ, ұсақталған, науқастың тамақтануы бөлшекті және жиі болу керек. Мейірбике науқасқа өткізетін көмектің мақсаты жайында әңгімелесу керек. Өз бетімен тамақ іше алмайтын науқасты тамақтандыру үшін мейірбике науқастың тамақты қалыпты түрде қалай ішуін біліп, тамақтың ыстықтығын тексеріп отыруы керек. Тамақтан кейін ауыр жағдайдағы науқастардың аузын шайып, гигиенасын сақтауға көмек көрсету керек. Осымен қатар мейірбике педагогикалық аспектіде жұмыс жүргізеді: қай науқасқа қандай тәртіптің ыңғайлы екенін түсіндіру, қандай тамаққа көңіл бөлу керек екенін, қандай асқынулар болуы мүмкін екендігін айту керек. Мейірбике асқазан ауруларындағы дұрыс тамақтанудың ережелерін білу керек, үйден келген тамаққа назар аудару керек.








Дата добавления: 2015-11-26; просмотров: 1997;


Поиск по сайту:

При помощи поиска вы сможете найти нужную вам информацию.

Поделитесь с друзьями:

Если вам перенёс пользу информационный материал, или помог в учебе – поделитесь этим сайтом с друзьями и знакомыми.
helpiks.org - Хелпикс.Орг - 2014-2024 год. Материал сайта представляется для ознакомительного и учебного использования. | Поддержка
Генерация страницы за: 0.003 сек.