Бақылау сұрақтары. 1. Өт қалтасының қабынуына әкеліп соқтырытын себептерді атап шығыңыз.

1. Өт қалтасының қабынуына әкеліп соқтырытын себептерді атап шығыңыз.

2. Сырқатқа тән белгілеріне қысқаша сипаттама беріңіз.

3. Дерт анықтамасын жүргізгенде қандай зертханалық және құрал – жабдық аппарат арқылы тексеру әдістерін қолданады?

4. Сырқаттың емдеуін өткізгендегі негізгі қағидаларын атаңыз.

5. Сізге таныс спазмолитик дәрілерін атап шығыңыз.

Т - тас ауруы

Өт тас ауруы дегеніміз – ол өт қалтасында, өт өзектерінде тастың пайда болуымен сипатталатын ауру. Бұл ауру кең таралған, көбінесе әйелдер ауырады.

Этиологиясы. Негізгі себептері зат алмасу дәрісінің бұзылуы болып табылады, әсіресе майлы, бояутек алмасулар; өттің құрамындағы өт қышқылдарының мөлшері азайып, холестерин мөлшерінің көбеюі. Әсер ететін мәнбірлерге семіздік, дұрыс тамақтанбау, өт қалтасының жиі қабынуы, өт жолдарының қозғалыс қызметінің бұзылуы, жүктілік, көбінесе Боткин ауруымен ауырып шыққаннан кейінгі себептер жатады. Өт тастарының түрлері билирубиндік, бояутек, холестериндік, аралас болып кездеседі. Тастардың сыртқы түрлері әртүрлі: дөңгелек, сопақша, көпбұрышты, сырты бұжыр немесе тегіс, жылтыр. Тастар сан жағынан жеке, оншақты, тіпті одан да асып ұшырасуы мүмкін. Олар өт жолында, кейде өт қалтасында және екеуінде бірдей кездесуі мүмкін.

Клиникалық бейнесі. Сырқаттың белгілері тастардың орналасу орнына, оның көлемі мен санына, құрамына байланысты және ілеспелі жұқпа, өт жолдарының қызметіне байланысты болып сипатталады. Егер тастар өт қалтасының түбінде жатса (“үнсіз аймақ”) сырқат белгісіз түрде өтеді. Күйзелістен кейін, майлы тамақ ішкеннен кейін, сілкілдеуге ұрынса, тас орнынан жылжып ауырсынуды тудырады. Ауру күрт басаталды. Оң жақ қабырға асты шаншып, тіліп, сұғып, қатты шыдатпай ауырады. Содан соң ауырсыну іштің бәріне таралады. Ауырған оң қолға, оң иыққа, оң бұғанаға, жауырын астына таралады. Ұстама кезінде науқас лоқсып, құсады, іші кебеді. Құсу жеңілдік әкелмейді. Рефлекторлы түрде үлкен және кіші дәреті кідіріп қалады. Ұстама бірнеше минуттан бірнеше сағатқа, бірнеше күнге созылуы мүмкін. Ұстаманың жиілігі әр науқаста әртүрлі түрде өтеді. Кейбіреуінде өмір бойында бір екі рет болуы мүмкін, ал кейбіреуіне жылына, айына бірнеше рет болуы мүмкін. Ұстама кезінде егер тас өт өзегін бекітіп тастаса өт 12 - елі ішектің ішіне түспей қанға таралып, теріні тітіркендіріп, қышыма белгісін тудырады (механикалық сарғаю). Нәжістің түсі түссіз, ал зәрдің түсі қоңыр түсті болады. Өт тұрып қалған жағдайда қабыну дәрісі дамып, дене қызуы көтеріліп, уыттану белгілері байқалады. Ұстама арасында науқастардың жағдайы оңалады, бірақ бауыр аймағында ауырсыну сезімі білінеді, осымен бірге ауыз қуысында ащы дәмнің болуы, лоқсу, іштің кебуі байқалады. Тексеріп беткей сипалау өткізгенде оң жақ қабырға асты ауырсынады, іш бұлшық етінің жирылғандығын және өт қалтасының көлемінің ұлғайғандығын сезуге болады. Ортнер, Френикус белгілері бұл ауруда оң нәтижелі болып табылады.

Асқынулары. Тас өт қалтасының өзегінде тұрып қалған жағдайда өт қалтасының шеменіне әкелуі мүмкін немесе өт қалтасының шіруіне (эмпиемасына) әкеліп соғуы мүмкін.

Дерт анықтамасы. Жалпы қан анализінде ЭТЖ артады, лейкоцитоз білінеді. Ұлтабар сөлін тексергенде құрамында холестерин кристалдарын табуға мүмкіндік береді. Холецистография әдісімен, ультра дыбыспен зерттегенде, рентген сәулесі арқылы тексергенде бауыр, өт өзектерін, өт қалтасының пішінін, олардағы тастың орналасқан жерін көруге болады.

 

 

Сурет 26 сурет

Өт тас ауруының холецистограммалары.

 

Емі. Ұстама кезінде ауруханаға жатқызу. Ұстаманың жеңіл түрінде ыстық ваннаны қолдануға болады. Ондағы судың жылылығы 36 – 400 С болуы керек. Жиырылуды басу үшін спазмолитик дәрілерін қолдану: но – шпа, папаверин, платифилин. Ұстаманың ауыр түрінде жансыздандыратын дәрі – дәрмек түрлерін қолдану: баралгин, новокаин мен бүйрек маңайын бөгеу. Бұл дәрілер әсер етпеген жағдайда наркотик дәрілерін қолданады. Ілеспелі холециститте, холангитте қабынуды басу мақсатымен антибиотиктерді қолданған дұрыс: ципрофлоксацин, доксициклин, цефалоспориндер т.б. Дезинтоксикациялық ем жүргізеді: гемодез көк тамырға 200-400мл, 5% глюкоза ер-ін. Егер осы шаралар нәтижесіз болса хирургиялық ем ретінде ота қолдану қажет. Қазыргі кезде өт қалтасындағы тастарды ота жасамай ақ лазер аппараттың көмегімен майдалап ұсату арқылы емдеу әдісі қолданылады. Бірақ ол кез – келген аурудың тасын майдалап шығара алмайды. Оған тастың үлкендігі, қызметтік қасиеттері белгілі бір тәртіпке жауап беруі керек. Өт жолындағы тастарды эндоскоп аппараты арқылы шығаруға да болады. Ұстама арасындағы ем: №5емдәм тәртібі, жиі, аз мөлшерде тағамдарды қолдану. Емдік дене шынықтырулармен шұғылдану. Өт айдайтын дәрілерін қабылдау: аллахол, холензим, хологон. Сонымен қоса шөпті қайнатпалар мен тұнбаларды қолдану: құмшәй гүлдері. Тастарды ыдырататын дәрілерді қолдану: хенофалк, урсофалк. “Ессентүк”, “Сарыағаш” минералды суларын ішу. Курортты ем ұсынылады. Алдын алу шаралары холецистит тегін дей.

 

 








Дата добавления: 2015-11-26; просмотров: 1983;


Поиск по сайту:

При помощи поиска вы сможете найти нужную вам информацию.

Поделитесь с друзьями:

Если вам перенёс пользу информационный материал, или помог в учебе – поделитесь этим сайтом с друзьями и знакомыми.
helpiks.org - Хелпикс.Орг - 2014-2024 год. Материал сайта представляется для ознакомительного и учебного использования. | Поддержка
Генерация страницы за: 0.004 сек.