Тексеру әдістері. Бауыр және өт жолдарының ауруларының дерт анықтамасын жүргізгенде шағымдардың сипаттамасы маңызды роль

Бауыр және өт жолдарының ауруларының дерт анықтамасын жүргізгенде шағымдардың сипаттамасы маңызды роль атқарады. Науқастың дамуын түсіну үшін аурған адамнан аурудың қалай басталғанын, қалай ауырғанын, денесінің қашан сарғайғанын, зәрінің түсінің қай уақытта өзгергенін, бұрын сары аурумен ауырған – ауырмағанын сұрап білу керек. Науқастың өмір тарихын білген дұрыс. Бұл да бауыр және өт қалтасының ауруына себеп болатын жағдайларды анықтауға бағытталады. Мысалы, ұзақ уақыт ішімдік ішкен адамдар созылмалы гепатит, цирроз ауруларымен жиі ауырады. Майлы етпен тамақтанатын адамдарда өт қабының тасы жиі кездеседі. Өт қалтысының қабынуы толық адамдарда, әсіресе әйелдерде жиі кездеседі. Сонымен қатар аурудың мамандығын, қызмет орнының қандай екенін анықтаудың да үлкен маңызы бар. Өйткені, жұмыс бабымен науқас әртүрлі химиялық заттармен қатысса олда бауырдың қабынуына себепші болады.

Науқасты дұрыс қарау оның ауруын анықтауға көп көмектеседі. Науқастың арықтап, жүдеп кетуі бауыр циррозында, қатерлі ісік ауруларында байқалады. Созылмалы гепатит пен цирроз ауруларымен ауыратын науқастардың денесінде қызыл жұлдызша сияқты ұсақ таңбалар пайда болады, алақаны қызарады, іштегі көк тамырлары кеңейіп, көгеріп шығады да, “теңіз медузасының басы” сияқты өрнек жасайды. Науқас денесін қасығаннан тырнақтың іздері қалып қояды.

Оң жақ қабырғаның астын сипалағанда бауырдың көлемін, қаттылығын, бетіндегі түйіншіктерін, ауырсынуын анықтауға болады. Бауырдың үстін әдеттегідей бармақтың басымен сипай келіп, қолды тереңірек батырып жіберіп, бауырдың шетін сезуге болады. Ол үшін алақанды науқастың ішіне қабырғаның шетінен, бұғананың орта сызығынан қойып, науқас дем шығарғанда саусақтарды тереңдетеді, дем алғанда бауырдың шеті саусақтарға тиеді де, оны анықтауға мүмкіндік туады. Қатерлі ісік ауруында бауыр қатайып қатты ауырады, бауырдың шетін сипағанда үсті тегіс болмай, бұдырланып тұрады. Кейде бауыр кішірейіп, қатайып сипағанда анықталмайды. Асцитте құрсақ қуысында бос сұйық анықталады. Өт қалтасын қолмен сипалап табу өте қиын. Бауыры және өт қалтысы қабынған науқастардың бұғанасының жоғарғы жағын басқан кезде ауырсыну сезіледі (Френикус белгісі). Бұл көк еттің созылуына және жүйкенің қозғалуына байланысты.

Бауыр және өт жолдарының ауруларында

Науқастарды тексеру әдістерінің бейнелемесі

Бейнелеме

Науқастың шағымдары
1.Іштің ауырсынуы (мерзімі, бағыты, тамақпен байланысы) 2.Лоқсу, құсу, қыжылдау, кекіру, 3.Іш өтуі, іш қатпасы, тәбетінің бұзылуы. 4.Іштің кебуі, сары судың жиналуы. 5.Терінің сарғаюы, қышыну. 6.Арықтау, әлсіздену, ұйқышылдық 7.Аузында ащы дәмнің сезінуі

Ауру сыртартқысы
Себебі. Бастамасы. Аурудың ағымы.Жүргізілген ем,оның нәтижесі

Өмір сыртартқысы
1. Тұқым қуалаушылығы 5.Аллергологиялық сыртартқы 2. Жағымсыз қылықтары. 3. Тамақтану тәртібі. Тұрмыс жағдайы. 4.Маманы, ұзақ уақыт дәрі-дәрмектерді ішуі
Науқасты тікелей тексеру

Қарау Сипалау Тықылдату
1дене салмағының азаюы; 2.терінің, шырышты қабаттардың сарғаюы 3.алақанның сарғаюы 4тамыр жұлдызшылары 5.асцит, теріде қасыған іздердің білінуі 6.іштің көк тамырларының білінуі 1.бауыр 2.көк бауыр. 3.асқазан. 4.ішек 5.өт қалтасы   1.іштің екі бүйірі 2.бауыр 3.көк бауыр    
Қосымша тексерістер
Зертханалық Аспаптық
1.Жалпы қан анализі 2.Биохимиялық қан анализі 3.Ұлтабардан сөл алу 4.Нәжіс анализдері   1.Іш қуысының рентгеноскопиясы рентгенографиясы 2.холецистография 3.бауырды сканерлеу 4.іш қуысын ультрадыбыспен зерттеу 5.биоптат алу
       

Бауырдың көлемін перкуссия әдісі арқылы анықтайды. Ол үшін алдымен перкуссияны бұғана қабырғаның ортасымен төмен қарай жасап, бауырдың жоғары шетін тауып (дыбыстың ең тұйық шеті) оны сиямен нүкте қойып белгілейді. Содан кейін, төменнен жоғары қарай (кіндіктің оң жағынан) перкуссия жасап бауырдың төменгі шетін табу керек те, (бұл тұйық дыбыс) бұғанда сиямен нүкте қою керек, бұл бауырдың оң жақ көлемі болады. Сау адамда ол 9 + 2 см болады. Екіншісі шекарасының жоғарғы нүктені төстің ортасына дейін апарып (бұл үшінші нүкте) кейін төменнен жоғары қарай перкуссия жасап анықтаған кезде ол 8 + 2 см болады. Сонан кейін қабырға доғасының төменгі сол жағымен үшінші нүктеге қарай перкуссия жасап, тұйық дыбыс шыққан жерге нүкте қойып анықтайды. Осы екі нүктенің арасы 7 + 2 см, бұл бауырдың сол жақ бөлігінің ұзындығы болып есептелінеді. Перкуссия арқылы бауырдың көлемінің үлкейгенін немесе кішірейгенін анықтайды.

Зертханалық тексерістерде биохимиялық және клиникалық қанды тексерудің (бауыр дақтарымен ферментердің, ұлтабар сөлінің құрамы) маңызы зор. Құрал – жабдық аппараты арқылы тексерістердің ішінде ультрадыбыспен зерттеу ерекше орында. Сканерлау, рентген әдісін қолдана отырып бауырдың көптеген ауруларын ажыратуға болады.

 








Дата добавления: 2015-11-26; просмотров: 13723;


Поиск по сайту:

При помощи поиска вы сможете найти нужную вам информацию.

Поделитесь с друзьями:

Если вам перенёс пользу информационный материал, или помог в учебе – поделитесь этим сайтом с друзьями и знакомыми.
helpiks.org - Хелпикс.Орг - 2014-2024 год. Материал сайта представляется для ознакомительного и учебного использования. | Поддержка
Генерация страницы за: 0.006 сек.